қалаларды, өнеркәсiптiк объектiлердi, гидротехникалық құрылғыларды сейсмикалық ықшам аудандарға бөлу кезiнде пайдаланылатын 1:500000 көлеміндегі жер қыртысының қазiргi заманғы қозғалысының картасын әзiрлеу; ғарыштан ақпарат қабылдайтын аппарат кешендерiмен, қазiргi заманғы байланыс құралдарымен және есептеу техникаларымен жарақтандыра отырып, "Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгiнiң төтенше жағдайлардың ғарыштық мониторинг орталығы" мемлекеттік мекемесiн құру;
Алматы қаласының және Қазақстанның сейсмикалық қауiптi аймақтарының сейсмикалық қауiптiлiгiн және сейсмикалық қауiп-қатерiн болжау әдiстемесiн әзiрлеу үшiн ғарыштық мониторингтi пайдалану;
Алматы, Жамбыл, Оңтүстiк Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары үшiн 1:1000000 көлемдегi егжей-тегжейлi сейсмикалық аудандарға бөлу картасын әзiрлеу;
Алматы, Жамбыл, Оңтүстiк Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары мен Алматы қаласы үшiн 30 мыңнан астам адам саны бар қалалар мен қала үлгісіндегі поселкелердi шағын сейсмикалық аудандарға бөлу және сейсмикалық қауiп-қатер карталарын әзiрлеу;
радиациялық, химиялық, бактериологиялық қауiптiлiк мониторингiн ұйымдастыру және аса қауiптi табиғи құбылыстардың және өнеркәсiптiк объектiлердiң мәлiметтер банкiн құру; радиоактивтi материалдарды жинауға, қабылдауға, сақтауға, тасымалдауға және пайдаға асыруға бақылауды күшейту.
ТЖМЖ материалдық-техникалық қамтамасыз ету және
елiмiздiң авариялық-құтқару қызметiн жетiлдiру
Бұл бағытқа мына жұмыстар кiредi:
ТЖМЖ құрылымдары үшiн материалдық-техникалық құралдардың тиiстiк нормасын әзiрлеу;
TЖМЖ-ны материалдық-техникалық ресурстармен оңтайлы қамтамасыз ету бойынша қажеттi есептеулер жүргiзу;
республикалық және жергiлiктi бюджеттерден қаражат бөлу үшiн қажеттi негiздеме дайындау;
республиканың авариялық-құтқару қызметiнiң күштерiн өткiштiгi жоғары көлiкпен, ұшақтармен, тiкұшақтармен, катерлермен, арнайы құтқару жабдықтарымен, техникамен және керек-жарақтармен жарақтандыру;
өрт сөндiру бөлiмдерiн өрт сөндiру, авариялық-құтқару техникасымен, байланыс құралдарының жабдықтарымен толықтыра жарақтандыру;
ТЖА Республикалық дағдарыс орталығын және "051 қызметiн" толықтыра жарақтандыру және дамыту. Бiрiншi сатысында бұл қызметтi 50 мың және одан артық адам тұратын барлық қалаларда құру керек;
жер сiлкiнiсiнiң зардаптарын жоюға арналған ТЖА күштерiнiң топтарын қосымша құралымдар мен бөлiмшелер құру арқылы күшейту;
сейсмикалық қауiптi аймақтарға орналасқан саны 5 мың және одан артық адам тұратын елдi мекендерде Мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiн құру;
"Республикалық апат медицина орталығы" ММ жанынан ТЖ кезiнде медициналық көмек көрсету үшiн тәулiгiне 500 зардап шеккендерге - жинақы госпиталь және тәулiгiне 300 зардап шеккендерге - темір жол госпиталін құру;
TЖ алдын алу және оларды жою жөніндегі iс-шараларға қатысушы ТЖА қызметкерлерi, әскери қызметшiлерi және азаматтар үшiн "ТЖА Республикалық медициналық және оңалту орталығы" ММ құру;
патрульдеудi ұйымдастыру, авариялық-құтқару құралымдарын, инженерлiк техниканы, iзгiлiк жүктерді апат және табиғи өрттердi сөндiру аймағына жеткізу үшiн "Қазавиақұтқару" ММ авиациялық кәсiпорнын құру;
TЖМЖ-ны толығымен материалдық-техникалық қамтамасыз ету үшiн қаржыны тиiмдi және ұтымды пайдалану.
Материалдық-техникалық резервтерiн құру
Мыналар бойынша:
күнделiктi пайдаланудағы және жұмылдыру қорындағы жеке қорғану құралдарының, радиациялық және химиялық барлау аспаптарының, азаматтық қорғаныстың басқа да мүлiктерiнiң орнын толтыру және кезең-кезеңiмен жаңарту, кейiн АҚ жедел қорларын және мүлiктер резервiн құру;
ТЖ мұқтаждығы үшiн елiмiздiң мемлекеттік резервiне материалдық-техникалық құралдарды, жабдықтарды, азық-түлiк өнiмдерiн, дәрi-дәрмектер мен тiршiлiктi қамтамасыз ету құралдарын салу;
ТЖА құрылымдық бөлiмшелерiне дереу ТЖ аймағындағы халықтың алғашқы тiршілiгiн қамтамасыз етудi ұйымдастыру үшiн 8000 зардап шеккенге есебiмен тiршiлiктi қамтамасыз ету құралдары мен жүйесiнiң жедел резервiн салу;
Алматы қаласы, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Оңтүстiк Қазақстан облыстары әкiмдерiнiң 2007 жылға 30 мың зардап шеккенге есебiмен материалдық-техникалық құралдардың, тiршiлiктi қамтамасыз ету құралдары мен жүйелерiнiң резервiн салуы;
Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Батыс-Қазақстан және Қызылорда облыстары әкiмдерiнiң 2010 жылға 10 мың зардап шеккенге есебiмен тiршiлiктi қамтамасыз ету құралдары мен жүйелерiнiң резервiн салуы;
Алматы қаласы мен басқа да сейсмикалық қауiптi облыстардың зардап шеккен халқының алғашқы тiршiлiгiн қамтамасыз ету үшін тiршiлiктi қамтамасыз ету құралдарын сала отырып, Алматы қаласы үшiн 200 мың зардап шеккенге және басқа облыстар үшiн 50-100 мың зардап шеккенге есебiмен коммуналдық-энергетикалық жүйелермен жабдықталған алаңдар құру;
50 мың зардап шеккендi тiршiлiкпен қамтамасыз ету және кең ауқымды ТЖ кезiнде дер кезiнде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзу мақсатында мемлекеттік материалдық резервтегi материалдық құралдардың нормасы мен номенклатурасын қайта қарау; оларды белгiленген нормаға дейiн толтыру;
ТЖ болған жағдайларға дәрi-дәрмек пен медициналық мүлiктiң резервiне тексеру жүргiзу және оның тиiстi нормативтерге сәйкес көлемде облыстарда және "Республикалық апат медицина орталығы" MM-e салынуын қамтамасыз ету; ТЖА құрылымдық бөлiмшелерiнде ұзақ сақталудағы мүлiктердi белгіленген нормативтерге дейiн жеткізу және жаңартып отыру бойынша жұмыстар орындалады.
Үйлер мен ғимараттарды сейсмикалық берiктендiру,
жаңа құрылыстың сапасына және пайдаланылатын объектiлердiң
жай-күйiне бақылауды күшейту.
Мынадай:
республиканың сейсмикалық қауiптi аймақтарына орналасқан үйлер мен ғимараттар объектілерінiң жай-күйiн зерттеу және олардың сейсмикалық орнықтылық деңгейiн айқындау;
облыстардың және Алматы қаласының үйлер мен ғимараттарды сейсмикалық берiктендiру жөніндегі 2004-2010 жылдарға арналған бағдарламаларын әзiрлеу;
үйлер мен ғимараттарға, ең алдымен білім беру мекемелерiне, медицина мекемелерiне, тiршiлiктi қамтамасыз ету объектілеріне сейсмикалық берiктендiру жүргiзу;
сейсмикалық қауiптi аймақтардағы Индустрия және сауда министрлігінiң Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау аумақтық органдарын нығайту жөнiнде ұсыныс енгізу жұмыстарын жүргiзу болжанылады.
Орталық және жергілiктi атқарушы органдардың
ТЖ саласындағы қызметiн жандандыру және жетiлдiру
Республиканың орталық және жергiлiктi атқарушы органдары бұл салада мынадай нақты шаралар қабылдайтын болады:
төтенше жағдайлардың туындау қатерiн мүмкіндігiнше азайту, адамдардың өмiрi мен денсаулығын сақтау, зиянның көлемi мен материалдық шығынды азайту;
тұрғын үйлер мен коммуналдық шаруашылық объектілерiнде газды қауiпсiз пайдалану жөніндегі аумақтық техникалық инспекциялар құру;
мемлекеттік және қорғаныс маңызы бар объектiлердiң сондай-ақ коммуникацияларды және тiршiлiктi қамтамасыз ету жүйелерiнiң сенiмдi күзетiн ұйымдастыру және қамтамасыз ету, биотерроризмді қоса алғанда терроршылдыққа қарсы iс-қимылды күшейту iзгілiк акцияларына әзiрлiктi қамтамасыз ету;
қалалық, қала сыртындағы басқару пункттерiн, азаматтық қорғаныстың қорғану құрылыстарын салу, жетілдiру және әзiрлiкте ұстау; күнделiктi пайдаланудағы, жұмсалмайтын қордағы және жұмылдыру резервіндегі жеке қорғану құралдарын және басқа да АҚ мүлкiн толықтыруды және кезең-кезеңiмен жаңғыртуды жоспарлау және жүзеге асыру;
051-қызметiн, суда-құтқару қызметiн, сүңгуiр авариялық-құтқару жасақтарын құру және жетілдiру жөніндегі жұмыстарды жандандыру;
халықтың эпидемиологиялық саулығын қамтамасыз ету; санитарлық, ветеринарлық қадағалау мен бақылауды күшейту, алдын алу шараларын уақытында жүргiзу; жұқпалы аурулардың таралуына жол бермеу, санитарлық-карантин пункттерiн дамыту, оларды барлық қажеттi мүлiкпен жарақтандыру.
ТЖМЖ қызметiн жоспарлау, ғылыми-техникалық зерттеулер жүргiзу
ТЖМЖ қызметiн жоспарлау:
ТЖМЖ және оның бағынысты жүйелерi қызметiн жоспарлаудың жалпы әдiстемелiгiн жасауды;
басқарудың түрлi иерархиялық деңгейi және қызмет бағыты бойынша ағымдағы және ұзақ мерзiмдi нақты жұмыс жоспарларын, ТЖ жою кезіндегі мемлекеттік басқару органдарының, шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң, күштер мен құралдардың өзара iс-қимылы жөніндегі iс-шараларды әзiрлеудi;
қиратушы жер сiлкiнiсi болған жағдайда мемлекеттік басқару органдарының iс-қимыл жоспарларын, министрлiктер мен ведомстволардың, облыстардың бөлетiн күштерi мен құралдарының құрамы мен санын қайта қарау және түзетулер енгізудi;
көршiлес мемлекеттердің шекаралас облыстарымен өзара iс-қимыл жасай отырып, трансшекаралық ТЖ жою жоспарларын әзiрлеудi қарастырады.
Ғылыми-техникалық зерттеулер жүргiзу:
ТЖА жүйесiне, сондай-ақ мүдделi ұйымдарда iстеп тұрған және жаңадан құрылған ғылыми-зерттеу құрылымдарының өзектi ғылыми-техникалық жұмыстар орындауын;
қызметтiң бекітілген басымдықтарының негiзiнде ұзақ мерзiмдi стратегиялық ғылыми-техникалық жоспарлар әзiрлеудi;
алынған жұмыс нәтижесiн қолданысқа енгізудi;
шетел мемлекеттерiнiң ғылыми-техникалық ұйымдарымен тәжiрибе алмасуды қамтиды.
Информатикалау, байланыс және хабарлау жүйесiн жетiлдiру
Бұл бағыт:
ТЖА корпоративтi есептеу желiлерiн құру, қазiргi заманғы есептеу техникасын, телекоммуникация және байланыс құралдарын сатып алу;
халықты және республикалық, облыстық, қалалық, аудандық деңгейдегi мемлекеттік басқару органдарын, хабарландыру жүйелерiн, сондай-ақ барлық аса қауiптi объектiлердегi жергiлiктi жүйелердi жаңғырту;
халыққа селдiң қауiп-қатерi туралы аймақтық хабарлау жүйелерiн және сел тасқыны мен сел қауiптi объектiлердi қадағалайтын автоматтандырылған спутниктi жүйелер құру;
бірiншi кезекте жылжымалы басқару және байланыс желiлерiн, радио мен спутниктiк байланыс құралдарын сатып алуды қоса отырып, ТЖА байланыс жүйесiн жаңғырту жұмыстарын қамтитын болады.
Мемлекеттік басқару органдарын даярлау, ТЖМЖ
мамандарын қайта даярлау, халықты оқытып-үйрету
Бұл жұмысқа:
Көкшетау техникалық институтын, базасында бұрынғысынша АҚ және ТЖ мамандарын даярланатын Құтқарушылар академиясы етiп қайтадан құру;
мамандарды жоғары және арнайы орта оқу орындарында тиiстi мамандықтар бойынша жаңадан ашылған немесе жаңғыртылған оқу курстарында даярлау; саланы біліктi кадрлармен тұрақты негiзде толықтыру;
даярлау және оқыту, жұмыс iстейтiн мамандардың біліктiлiгiн арттыру орталықтарының материалдық-техникалық базасын нығайту;
Республикалық құтқарушылар дайындау орталығын құру;
ТЖ кезінде басқару органдарымен және халықпен іс-қимыл жасау бойынша оқу-жаттығу және жаттығулар жүргiзу;
халықты ТЖ-ға даярлау жөнiнде жадынамалар шығару, үгiт-насихатты күшейту, табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ кезiндегі iс-қимылға басқару органдары мен ұйымдардың персоналдарын, халықты оқытып-үйрету, оның iшiнде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, кiретiн болады.
ТЖ саласындағы халықаралық ынтымақтастық
Бағдарламада:
Қазақстан Республикасының басқа елдермен, Еуроодақпен, НАТО, БҰҰДБ, ҚКжҚЖАХҚ, Азаматтық қорғаныстың Халықаралық ұйымымен, Шанхай ынтымақтастық ұйымымен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы екiжақты және көпжақты ынтымақтастығы;
Агенттiктiң төтенше жағдайлар жөнiндегі құрылымын дамыту мен жетілдiруде әлемдiк тәжiрибенi, ең алдымен неғұрлым прогресшіл және ТЖ алдын алу және жою саласындағы барлық іс-қимыл саласын толығымен қамтитын Ресей Федерациясының Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайларды және дүлей зiлзалалардың зардаптарын жою істерi жөніндегi министрлігінiң тәжiрибесiн (РФ ТЖМ) кеңінен қолдану, осыған байланысты ТЖА материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша осы министрлiкпен тығыз байланыста болуды жүзеге асыру; ТЖА мамандарын РФ ТЖМ Азаматтық Қорғаныс академиясына оқуға жiберу практикасын кеңейту;
ТМД және Балтық елдерiнiң мемлекеттік қадағалау және бақылау органдарымен өнеркәсіптiк және өрт қауіпсіздiгi саласындағы ынтымақтастықты жалғастыру;
Ресей Федерациясымен, ҚХР, Жапония, AҚШ және басқа да алдыңғы қатарлы елдермен, халықаралық ұйымдармен сейсмология саласындағы ынтымақтастықты нығайту және дамыту;
ғылыми-зерттеу бағдарламаларына қатысу, ақпарат және жаңа технологиялармен өзара алмасуды жүзеге асыру; сейсмологиялық бағдарламаларды iске асыру үшiн әдiстемелiктiк көмек тарту;
ТЖ алдын алу және оларды жою саласында оқулар, семинарлар мен конференциялар өткізудi дағдыға айналдыру;
мамандар мен құтқарушыларды шетелде оқыту мен тағылымдамаға жiберу көзделген.
6. Қажеттi ресурстар және қаржыландыру көздерi
Бюджеттік қаржыландырудың жыл сайынғы көлемiн тиiстi жылға республикалық және жергiлiктi бюджеттердi жасау кезiнде Республикалық бюджеттік комиссия анықтайтын болады.
Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мемлекеттік жүйесiн дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған бағдарламасын қаржыландыру көздерi Бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарында келтiрiлген.
Бұдан басқа, көзделген кредиттер және меншiктiң барлық нысанындағы ұйымдардың жеке қаржылары қаржыландыру көздерi ретiнде жүруi мүмкiн.
7. Бағдарламаны iске асырудан күтілетiн нәтиже
Бағдарламаны iске асыру, тiзбесi олардың басымдылығына қарай жасалған нақты iс-шаралар жоспарының негiзiнде жүзеге асырылатын болады.
Бағдарламада көзделген iс-шараларды орындау:
төтенше жағдайлар және ТЖ, оның iшiнде кең ауқымды жер сiлкiнiстерiнен халықты, объектiлердi және аумақтарды қорғау саласында бірыңғай мемлекеттік саясат жүргiзудiң тиiмдiлiгiн арттыруға;
бақылау-қадағалау функцияларын және болжау қызметiн реттеуге, олардың ТЖ болдырмау жөніндегі мүмкiндiктерiн кеңейтуге;
өнеркәсiптiк және өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, мұнай операцияларын қауiпсiз жүргiзуге бақылау мен қадағалауды күшейтуге, болуы мүмкiн ТЖ және қоршаған ортаның мониторингiн жақсартуға;
жер сiлкiнiсiнiң ошағын алдын ала анықтауға және аса қауiптi аумақтарда шаруашылық қызметтерiн ұтымды жоспарлауды жүзеге асыруға;
басқару органдарының, ТЖМЖ авариялық-құтқару күштерi мен құралдарының жедел дайындығын арттыруға, мiндеттердi кешендi түрде және қысқа мерзiм iшiнде қосымша келiсусiз және анықтаусыз шешуге, қабылданатын шешімдердің сапасын жақсартуға;
ТЖМЖ қызметтерiнің информатикалау, байланыс және халыққа, басқару органдарына хабарлау жүйелерiн осы заманның деңгейiне көтеруге;
зардап шеккен халықтың тiршiлiгiн қамтамасыз eту жөніндегі материалдық-техникалық және медициналық резервтердiң қажеттi қорын құруға;
жыл сайын төтенше жағдайлардан күтiлетiн материалдық шығынды 2-3 пайызға, зардап шеккендер мен қаза тапқандардың санын 3-4 пайызға азайтуға, құтқарылғандардың санын 5-6 пайызға арттыруға мүмкiндiк бередi.
8. Бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары
р/с N | Іс-шаралар | Аяқталған түрі | Орындалуына (іске асырылуына) жауапты | Орындау (іске асыру) мерзімі | Болжам шығыс- тар (млн. теңге) | |
1 2 3 4 5 | 6 | 7 |
1. Нормативтiк құқықтық базаны жетілдiру |
1.1 ТЖ, оның iшiнде Үкiмет қау- ТЖА, ДСМ, Жыл қажет емес техникалық қау- лыларының ККМ және сайын iпсiздiк, елi- жобалары, басқа да мiздiң сани- орталық ат- орталық тарлық-эпиде- қарушы ор- атқарушы миологиялық гандардың органдар саулығы және актілері көлiктегi қауiпсiздiк саласындағы нормативтiк құқықтық ба- заны дамыту және жетiл- дiру |
1.2 Қазақстан Нормативтік ТЖА, 2004ж. қажет емес Республикасының құқықтық СІМ, АШМ, ІІІ- құтқарушы бөлiм-актілердің ККМ, ДСМ, тоқсан шелерiнiң iз- жобалары (ҰҚК гiлiк жүктердi және АТК жеткізуде келісім Қазақстан бойынша) Республикасы Мемлекеттік және шетелдер шека. расынан өтуi кезiнде кеден- дiк рәсiмдердi, шекаралық және визалық бақы- лауды жеңiлдету және тездетiп жасау мәселе- лерiн пысықтау |
2. ТЖМЖ институционалдық, дамуы, ТЖ, оның iшiнде жер сiлкiнiстерiнiң мониторингiн жетілдiру |
2.1 ТЖ алдын алу Нормативтiк ТЖА, ҚОҚМ,2004 ж. қажет емес және оларды жою құқықтық ЕХҚМ, AШM,ІІІ саласындағы мем-актiлердiң ККМ, ДСМ, тоқсан лекеттiк орган- жобалары ЭМРМ, ҚМ, дардың бақылау ИСМ -қадағалау функцияларын реттеу және нығайту және олардың қыз- метiн үйлестi- рудi қамтама- сыз ету |
3. ТЖМЖ материалдық-техникалық қамтамасыз ету, елiмiздiң авариялық-құтқару қызметiн дамыту және жетілдiру |
3.1 ТЖ туындай қал- Үкiмет ТЖА жыл 2004- республи- ған жағдайда қаулысының сайын 286,3 калық қазiргі заманғы жобасы 2005- бюджет техникамен, 287,3 авариялық-құт- 2006- қару жабдық- 287,3 тарымен және мүлкiмен, резервтермен нормативтерге сәйкес: республикалық және аймақтық аэромобильдi жедел-құтқару жасақтарын; азаматтық қор- ғаныстың әскери бөлiмдерi; "Қазселденқор- ғау" ММ жарақ- тандыруды қамта- масыз ету |
3.2 Республикалық, Нормативтiк ТЖА жыл 2004- республи- облыстық, қала- құқықтық сайын 13,5 калық лық даярлау актiлердiң 2005- бюджет және оқыту жобалары 13,5 орталықтарын 2006- техникалық оқы- 13,5 ту құралдарымен, бағдарламалық- методологиялық материалдармен жарақтандыруды қамтамасыз eту |
3.3 Радиоактивтiк Нормативтiк ТЖА 2004ж. 2004- республи- материалдарды құқықтық 1,0 калық көму актiлердiң бюджет жобалары |
4. Материалдық-техникалық және қаржылық резервтердi құру |
4.1 Қазақстан Рес- ?кімет ТЖА жыл 2004- республи- публикасының қаулысының сайын 150,0 калық ТЖА құрылымдық жобасы 2005- бюджет бөлiмшелерiне 150,0 ТЖ-дан қорғау 2006- құралдары мен 150,0 тiршілiктi қамтамасыз ету жүйелерiнiң жедел резервiн салуды қамтама- сыз ету |
5. Yйлер мен ғимараттарды сейсмикалық берiктендiру, жаңа құрылыстың сапасына және пайдаланымдағы объектiлердiң жай-күйiне тиiстi бақылауды қамтамасыз ету |
5.1 Облыстардың Нормативтiк Алматы 2004ж. жергілікті және Алматы қ. құқықтық қаласы, бюджеттер- үйлер мен ғима- актілердің Алматы, дегі раттарды сейсми-жобалары ШҚО,ОҚО, қарастыры- калық берiктен- және Жам- лған дiру жөніндегі был облыс- қаржы 2004-2010 жыл- тарының шеңберінде дарға арналған әкiмдерi, бағдарламаларын ИСМ әзiрлеу |
6. ТЖ саласындағы орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың қызметiн жандандыру және жетiлдiру |
6.1 Өнеркәсiптiк жә-Нормативтiк ТЖА, ЕХҚМ,жыл 2004- республи- не өрт қауiп- құқықтық ЭМРМ, ИСМ,сайын 11,2 калық сiздiгi сала- актiлердiң АШМ 2005- бюджет сындағы норма- жобалары 11,2 тивтiк-техни- 2006- калық құжат- 11,2 тарды әзiрлеу және пысықтау |
7. ТЖМЖ қызметiн жоспарлау, ғылыми-техникалық зерттеулер жүргiзу |
7.1 Болуы ықтимал ТЖА, орталық ТЖА,ҚОҚМ жыл қажет емес табиғи және тех-және жергі- орталық сайын ногендiк сипат- лікті атқа- және жер- тағы ТЖ ескере рушы орган- гілікті отырып, ТЖМЖ не-дардың атқарушы гізгi iс-шара- актілері органдар ларының кешендi жоспарын әзiрлеу |
7.2 Болуы мүмкін Үкіметке ТЖА, СІМ, жыл -//- трансшекаралық ақпарат ДСМ, КОКМ,сайын ТЖ кезiндегі ҚОҚМ, ИСМ, Қазақстан АШМ, БҒМ, Республикасының ІІМ, (ҰҚК, басқару орган- АТК келі- дары мен шекара- сім бойын- лас мемлекет- ша) жергі- тердiң ТЖ жөнiн- лікті атқа- деу органдары рушы орган- арасындағы өзара дар iс-қимыл жоспар. ларын әзiрлеу |
7.3 Қазақстан Рес- Нормативтік ТЖА, орта.2004ж. қажет емес публикасының құқықтық лық және аумағында актілердің жергілікті қиратушы жобалары атқарушы жер сiлкiнiсi органдар туындаған жағдай- дағы мемлекеттік басқару органда- рының iс-қимылы жоспарларын қайта қарау |
7.4 Іс жүзіндегі Нормативтік ТЖА жыл 2004- республи- әдiстемелiктер- құқықтық сайын 10,0 калық дi талдау және актілердің 2005- бюджет жаңасын енгізу жобалары 10,0 негізiнде қатты 2006- жер сілкiнiсiн 10,0 қысқа мерзiмдi болжау әдiсте- мелiгiн әзiрлеу |
8. Информатикалау, байланыс және хабарлау жүйесiн дамыту мен жетiлдiру |
8.1 Төтенше жағдай- Нормативтiк ТЖА, ККМ, жыл 2004- республи- ларда Қазақстан құқықтық АМ сайын 5,0 калық Республикасының актілердің 2005- бюджет халқына және жобалары 5,0 мемлекеттік бас- 2006- қару органдарына 5,0 хабарлау жүйеле- рiне жаңғырту жүргiзу |
8.2 ТЖМЖ-ң корпо- Үкіметке ТЖА жыл 2004- республи- ративтi есептеу ақпарат сайын 19,4 калық жүйесiн құру, 2005- бюджет ГАЖ мен WEB- 19,4 технологиясының 2006- базасында жоғары 19,4 сейсмикалық қау- іпті объектiлер- дiң мәлiметтер базасын құрауды енгiзе отырып, ТЖ жөніндегі республикалық автоматтанды- рылған ақпарат- тық-басқару жүйесiнiң аумақтық және ведомстволық звеноларын әзiрлеудi жүргізу |
9. Мемлекеттік басқару органдарын даярлау, TЖМЖ мамандарын қайта даярлау, халықты оқытып-үйрету |
9.1 ТЖ саласындағы ТЖА шешiмi ТЖА жыл 2004- республи- мерзiмдi жур- сайын 3,6 калық налдар, ақпа- 2005- бюджет раттық жинақ- 3,6 тар, суреттi 2006- материалдар 3,6 мен буклеттер, бейне-матери- алдар шығаруды ұйымдастыру |