6) осы Шарт бойынша құқықты тармақ иеленушінің келісімінсіз үшінші тұлғаларға бермеуге;
7) есепті айдан кейінгі әрбір айдың бесінші күніне дейін есепті кезең ішіндегі өзара есеп айырысуға салыстыру жүргізуге міндетті.
5. Тараптардың жауапкершілігі және дауларды шешу
19. Тараптар осы Шарттың талаптарын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.
20. Осы Шарттан туындайтын даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер арқылы шешіледі. Егер тараптар келіссөздер жолымен өзара келісімге қол жеткізе алмаса, онда даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен шешіледі.
21. Осы Шартта көзделген төлемдердің мерзімі өткен жағдайда, тармақ пайдаланушы тармақ иеленушіге төлем күнін қоса алғанда, мерзімі өткен әрбір күн үшін берешектің сомасынан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландыру ставкасының мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлейді.
22. Белгіленген мерзімде қызметтер ұсынылмаған жағдайда, тармақ иеленуші тармақ пайдаланушыға шарт бойынша қызмет жүзеге асырылуға тиіс уақыттан бастап қызметтер көрсету іс жүзінде басталған уақытқа дейін алдын ала төленген сомадан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландыру ставкасының мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлейді.
6. Форс-мажорлық мән-жайлар
23. Осы Шарттан туындайтын міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін, егер бұл еңсерілмес күш ( дүлей зілзала, әскери қимылдар, ереуілдер немесе болжау немесе алдын алу мүмкін болмайтын өзге мән-жайлар) салдарынан болып табылса, Тараптар жауапкершіліктен босатылады.
24. Еңсерілмес күштің мән-жайларына сілтеме жасайтын тарап екінші тарапты 48 (қырық сегіз) сағаттың ішінде құзыретті орган берген растайтын құжатты екінші тараптың талабы бойынша ұсына отырып, осындай мән-жайлардың басталғаны туралы да, аяқталғаны туралы да хабардар етуге міндетті.
25. Егер тараптардың бірі Шарт бойынша өз міндеттемелерін еңсерілмес күш мән-жайлары туындаған сәттен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде орындауға жағдайы болмаса, екінші тарапты болжанып отырған шартты бұзу күніне дейін кемінде он күнтізбелік күн бұрын алдын ала жазбаша хабардар етуі шартымен, екінші тараптың Шартты бұзуға құқығы бар. Бұл ретте тараптар отыз күнтізбелік күн ішінде Шарт бойынша барлық өзара есеп айырысуларды жүргізуге міндеттенеді.
7. Жалпы ережелер
26. Шарттың талаптарын орындаудан біржақты бас тартылған жағдайда, тарап бұл туралы екінші тарапты отыз күнтізбелік күннен кешіктірмей жазбаша түрде ескертуге тиіс.
27. Почта және банктік деректемелері өзгерген жағдайда тарап бұл туралы екінші тарапқа көрсетілген өзгерістер қолданысқа енгізілген сәттен бастап бес жұмыс күннің ішінде жазбаша хабарлауға міндетті.
28. Шарт тараптарда сақталатын және бірдей заң күші бар екі данада жасалады.
29. Тараптардың Шарттан туындайтын және онымен реттелмеген қатынастары Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
8. Шарттың қолданылу мерзімі және қолданылуын тоқтату
тәртібі
30. Шарт 200__ жылғы «__»_______00-00 сағаттан бастап күшіне енеді және 200__ жылғы «__»________24-00 сағатты қоса, ал өзара есеп айырысулар бөлігінде - олар толық орындалғанға дейін қолданылады.
31. Шарт Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген жағдайларда мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін.
32. Шарттың қолданылуы тараптардың келісімі бойынша Шарттың ажырамас қосымшасы ретінде қосымша келісім жасасу не жаңа шарт жасасу жолымен ұзартылуы мүмкін.
33. Тараптардың келісімі бойынша Шарт осы Шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да талаптармен толықтырылуы мүмкін.
34. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы өзгерген, жылжымалы құрамның жүруі үшін бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда кірме жолдарды ұсынудың тәртібі мен талаптарын өзгертетін нормативтік құқықтық кесімдер қабылданған жағдайда, тараптар отыз күнтізбелік күн ішінде осы Шартты Шарттың мәтініне қажетті толықтырулар мен өзгерістер енгізу жолымен аталған кесімдердің талаптарына сәйкес келтіруге міндетті.
9. Тараптардың заңды мекен-жайлары, банктік деректемелерi
мен қолтаңбалары
Тармақ иеленуші: Тармақ пайдаланушы:
______________________ __________________________
______________________ __________________________
ҚР Үкіметінің 2006.08.08. № 748 қаулысымен қосымшамен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2008.19.02. № 156 (бұр.ред.қара); 2009.03.03. № 237 (бұр.ред.қара) қаулыларымен үлгі шарт өзгертілді
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 28 қарашадағы
№ 1194 қаулысымен
бекітілген
Тасымалдау процесінің маневрлік жұмыстары,
тиеу-түсіру, басқа да технологиялық операциялары үшін,
сондай-ақ тасымалдау процесінің технологиялық
операцияларында көзделмеген жылжымалы құрамның тұрағы үшін бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда
кірме жолды ұсыну жөніндегі қызметтер көрсетуге арналған
үлгі шарт
_______________________ 200 жылғы «__»________
(шарттың жасалған орны)
Бұдан әрі тармақ иеленуші деп аталатын, тасымалдау процесінің маневрлік жұмыстары, тиеу-түсіру, басқа да технологиялық операциялары үшін, сондай-ақ тасымалдау процесінің технологиялық операцияларында көзделмеген жылжымалы құрамның тұрағы үшін бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда кірме
жолды ұсыну жөнінде қызметтер көрсететін__________________________
__________________________________________________________________
(қызмет ұсынатын субъектінің атауы, құрылтай құжаттары,
__________________________________________________________________
мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, күні мен берген орган)
___________________________________________негізінде әрекет ететін
__________________________________________________________________
(лауазымы, Т.А.Ә.)
тұлғасында бір тараптан және бұдан әрі тармақ пайдаланушы деп аталатын__________________________________негізінде
__________________________________________________________________
(тұтынушының деректемелері, құрылтай құжаттары, мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, күні мен берген орган)
әрекет ететін_____________________________________________________
(лауазымы, Т.А.Ә.)
тұлғасында екінші тараптан, мына төмендегілер туралы осы Шартты (бұдан әрі - Шарт) жасасты.
1. Шарттың мәнi
1. Тармақ иеленуші Шартқа сәйкес жылжымалы құрамның жүруі үшін, кірме жолдардың қызметтерін ұсынады, тармақ пайдаланушы оларға Шартта белгіленген тәртіппен және мерзімдерде ақы төлейді.
2. Жылжымалы құрамның жүруі үшін кірме жолдың қызметтерін, ұсынуға арналған Шарт тармақ пайдаланушымен жеке тәртіппен жасалады.
2. Қызметтер көрсетудің тәртібі мен шарттары
3. «Кірме жолдың шекарасы» деген белгi______________________
_______________________________________________________жаққа қарай
(кірме жолдың тұйығына қарай немесе станциялық жолдың № және жанасу станциясының немесе басқа да кірме жолдың немесе қосатын жолдың немесе жанасудың басқа жолының атауын көрсету)
__________ұзақтықтағы жанасу бағыттағышынан______ м. қашықтықта орнатылады.
4. Кірме жолдың ұзына бойы жайылған ұзындығы______м. құрайды.
5. Жолақты бөлу шекарасында кірме жол мен құрылыстар алаңы,
________шаршы метр жер учаскесін алады.
6. Кірме жол арқылы поездардың қозғалысы Қазақстан Республикасының темір жол көлігі саласындағы заңнамасын және осы мәселелерді регламенттейтін өзге де нормативтік құқықтық кесімдерді сақтай отырып жүргізіледі.
7. Тасымалдау процесінің маневрлік жұмыстары, тиеу-түсіру, басқа да технологиялық операциялары үшін, сондай-ақ тасымалдау процесінің технологиялық операцияларында көзделмеген жылжымалы құрамның тұрағы үшін бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда кірме жолды ұсыну тармақ иеленушінің алдын ала хабарламасы бойынша жүргізіледі.
Хабарлама_________________________________________________беріледі.
(хабарлама беру тәртібі)
8. Кірме жолға берілетін вагондарды_________________________
(локомотивтің маркасы, үлгісі)
локомотиві береді. Одан арғы қозғалысты_____________________________
(тиеу, түсіру орындары бойынша орналастырылуын немесе жоқтығын көрсету қажет)
_______________________________________________локомотиві жүргізеді.
9. Жүктер мен вагондарды өткізу мен қабылдау__________________
______________________________________________негізінде жүргізіледі.
(құжаттың түрі)
10.________________________үшін__________________________кірме
(ай, тоқсан, жыл)
жолға (дан) келген және кеткен вагондардың мәлімделген саны.
11. Тармақ иеленушінің кірме жолына бір мезгілде берілетін вагондар саны________________вагоннан (осьтің) аспайтын болып белгіленеді.
12.______________вагонның тиеу-түсіру орындарының сыйымдылығы.
13.__________________________________________вагонның (осьтің)
маневрлік жылжулары мен тиеу-түсіру жөніндегі жұмыстарын жүргізу мүмкіндігі ескерілген жылжымалы құрамның тұрағына кірме жолдың сыйымдылығы.
14. Кірме жолға келетін және одан кететін вагондардың санын тармақ иеленуші тармақ пайдаланушының қатысуымен тіркейді және есепке алады, ол үшін екі данада акт (немесе ведомость) жасалады, оның біреуі тармақ иеленушіде қалады, екіншісі тармақ пайдаланушыға беріледі. Бір ай ішіндегі жұмыстың қорытындылары бойынша, ол тармақ пайдаланушыға (уақытты есепке алу карточкасын міндетті түрде ресімдей отырып) шот беру үшін негіз болып табылатын орындалған жұмыстардың актісі жасалады.
Кірме жолға жылжымалы құрамды беру және кірме жолдан вагондарды әкету нормативтік құқықтық кесімдерге сәйкес айқындалатын уақыт аралығы арқылы жүргізіледі.
15. Тасымалдау процесінің маневрлік жұмыстары, тиеу-түсіру, басқа да технологиялық операциялары үшін, сондай-ақ тасымалдау процесінің технологиялық операцияларында көзделмеген жылжымалы құрамның тұрағы үшін бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда кірме жолды оның құрылысы кезеңінде, табиғи-климаттық жағдайлар күрт өзгерген жағдайда ұсыну кірме жол жұмысының қысқа мерзімді шартының талаптарында жүзеге асырылуы мүмкін.
3. Есеп айырысулар тәртібi
16. Қызметтерге ақы төлеу табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган бекіткен тарифтер (бағалар, алым ставкалары) бойынша жүргізіледі.
17. Қызметтерге ақы төлеуді тармақ пайдаланушы жұмыстардың мәлімделген (келісілген) көлемі құнының 50% алдын ала ақы төлеу шарттарында жүргізеді.
18. Тасымалдау процесінің маневрлік жұмыстары, тиеу-түсіру, басқа да технологиялық операциялары үшін, сондай-ақ тасымалдау процесінің технологиялық операцияларында көзделмеген жылжымалы құрамның тұрағы үшін кірме бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда жолды ұсыну жөніндегі қызметтерді көрсеткені үшін түпкілікті есеп айырысу ай сайын көрсетілген қызметтердің іс жүзіндегі көлемі жөніндегі актілерге және берілген шот-фактураларға тараптар қол қойғаннан кейін 10 күнтізбелік күннен кешіктірмей жүргізіледі.
4. Тараптардың құқықтары мен міндеттерi
19. Тармақ иеленуші:
1) тармақ пайдаланушы осы шартта көзделген талаптарды бұзған жағдайда, тармақ пайдаланушының осы қызметтер көрсетуді іс жүзінде тоқтатқанға дейін кемінде бес күн бұрын жазбаша хабардар етілуі шартымен, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтер көрсетуді тоқтатуға;
2) Ұсынылатын қызметтер үшін уақтылы ақы алуға;
3) тармақ пайдаланушының кінәсінен келтірілген залалдың орнын толтыруды талап етуге;
4) темір жол көлігі саласындағы уәкілетті органның актісімен расталған оның қанағаттанғысыз жай-күйі болған жағдайда, жоспарлы жұмыстар енгізілгенге дейін кемінде бес күн бұрын тармақ пайдаланушыны жазбаша хабардар ете отырып, кірме жолды жөндеуге жабуға;
5) тармақ пайдаланушы жиырма күннен асатын мерзімге төлемдерді кешіктірген жағдайда, осы шартты бұзуға бастамашылық етуге;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды иеленуге құқылы.
20. Тармақ иеленуші:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жеңілдіктер мен артықшылықтарды ескере отырып, тасымалдау процесінің маневрлік жұмыстары, тиеу-түсіру, басқа да технологиялық операциялары үшін, сондай-ақ тасымалдау процесінің технологиялық операцияларында көзделмеген, жылжымалы құрамның тұрағы үшін бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда кірме жолдың қызметтерін ұсыну жағдайларын қоспағанда тармақ пайдаланушыларға тасымалдау процесінің маневрлік жұмыстары, тиеу-түсіру, басқа да технологиялық операциялары үшін, сондай-ақ тасымалдау процесінің технологиялық операцияларында көзделмеген жылжымалы құрамның тұрағы үшін бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда кірме жолдың қызметтері ұсыну бойынша қол жеткізудің тең жағдайларын, оның ішінде Қазақстан
Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тасымалдау процесінің маневрлік жұмыстары, тиеу-түсіру, басқа да технологиялық операциялары үшін, сондай-ақ тасымалдау процесінің технологиялық операцияларында көзделмеген жылжымалы құрамның тұрағы үшін бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда кірме жолды ұсыну жөніндегі қызметтерге қол жеткізудің тең жағдайларын ұсынуға;
2) қызметтер көрсетуді қауіпсіздік және технологиялық нормалардың талаптарына, сондай-ақ белгіленген тәртіппен бекітілген ұсынылатын қызметтердің сапасына қойылатын талаптарға сәйкес қамтамасыз етуге;
3) қызметтер көрсетудің техникалық және технологиялық мүмкіндіктері болмаған жағдайларды және кірме жолда жүру қауіпсіздігіне қауіп төнген жағдайларды қоспағанда, тармақ пайдаланушы қызметтердің мәлімделген көлемдерінің орындалуын қамтамасыз етуге міндетті. Тармақ пайдаланушы кірме жолды ұсыну жөніндегі қызметтердің мәлімделген көлемдерін іс жүзіндегі мүмкіндіктерден арттырған жағдайда, тармақ иеленуші Қазақстан
Республикасының темір жол көлігі саласындағы заңнамасына және өзге де нормативтік құқықтық кесімдерге сәйкес қызметтердің орындалуын қамтамасыз етеді;
4) ұсынылатын қызметтердің сапасы мен санына есеп және бақылау жүргізуге, қызметтер көрсетудің бұзушылықтарын алдын алу және жою жөнінде уақтылы шаралар қабылдауға;
5) кірме жолды, бағыттамалық бұрмалар мен өтпелерді, оның құрылыстарды мен құрылғыларын ағымдағы ұстауды, оларға күрделі, орташа және көтеру жөндеулерін жүргізуге;
6) кірме жолды қардан, шөптен және ластанулардан темір жол көлігі саласындағы уәкілетті орган белгілеген нормативтік құқықтық кесімдерінің шегінде тазалауды жүргізуге;
7) кірме жолдардың Техникалық пайдалану ережесінің және санитарлық нормалар мен өзге де нормативтік құқықтық кесімдердің талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуге;
8) тармақ пайдаланушыны қызметтерге тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) өзгергені туралы олар қолданысқа енгізілгенге дейін отыз күннен кешіктірмей хабардар етуге;
9) тармақ пайдаланушыны себептерін көрсете отырып, кірме жолдарға вагондарды қабылдауды уақытша тоқтатуға немесе шектеуге қабылданған шешімдер туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде хабардар етуге;
10) өзіне тиесілі кірме жолдарды күзетуді қамтамасыз етуге;
11) кірме жолдарға темір жол көлігі саласындағы уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкес келмейтін жылжымалы құрамды жібермеуге;
12) тармақ пайдаланушымен өзара қатынастарда Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға;
13) тармақ пайдаланушыға тасымалдау процесінің маневрлік жұмыстары, тиеу-түсіру, басқа да технологиялық операциялары үшін, сондай-ақ технологиялық операцияларда көзделмеген жылжымалы құрамның тұрағы үшін бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда кірме жолды ұсыну жөнінде қызметтер көрсетуге байланысты емес қызметтерді, сондай-ақ үшінші тұлғалармен міндеттемелердің туындауына алып келетін қосымша шарттарды таңбауға;
14) кірме жолды жылжымалы құрамның тұрағы үшін бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда ұсыну жағдайында, тармақ пайдаланушыға Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес тежегіш башмактарды ұсынуға;
15) кірме жолды жылжымалы құрамның тұрағы үшін бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда ұсыну жағдайында тармақ пайдаланушының жылжымалы құрамын күзетуді қамтамасыз етуге міндетті.
21. Тармақ пайдаланушы:
1) кірме жолдардың қызметтерін пайдалануға тең құқық алуға;
2) осы Шарттың талаптарына сәйкес тасымалдау процесінің маневрлік жұмыстары, тиеу-түсіру, басқа да тасымалдау процесінің технологиялық операциялары үшін, сондай-ақ тасымалдау процесінің технологиялық операцияларында көзделмеген жылжымалы құрамның тұрағы үшін бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда кірме жолды ұсыну жөніндегі қызметтерді қауіпсіздік және технологиялық нормалардың талаптарына сәйкес белгіленген сапада алуға;
3) тармақ иеленушіден қызметтерге арналған тарифтердің (бағалардың, алым ставкаларының) өзгергені туралы олар қолданысқа енгізілгенге дейін отыз күнтізбелік күннен кешіктірмей ақпарат алуға;
4) тармақ иеленушінің кінәсінен келтірілген залалдардың орнын толтыруды талап етуге;
5) тармақ пайдаланушыны қабылданған кірме жолдарға вагондарды қабылдауды уақытша тоқтату немесе шектеу шешімдері туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде себептерін көрсете отырып, хабардар етуге;
6) тармақ иеленушімен өзара қатынастарда Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға;
7) тармақ иеленушінің осы Шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін іс-әрекетіне сот тәртібімен шағымдануға;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды иеленуге құқылы.
22. Тармақ пайдаланушы:
1) осы Шарттың талаптарына сәйкес тармақ иеленушінің қызметтеріне уақтылы және толық көлемде ақы төлеуге;
2) темір жол көлігі саласындағы уәкілетті органның кірме жолдарды пайдалану бөлігіндегі талаптарын сақтауға;
3) тасымалдау процесінің маневрлік жұмыстары, тиеу-түсіру, басқа да технологиялық операциялары үшін, сондай-ақ тасымалдау процесінің технологиялық операцияларында көзделмеген жылжымалы құрамның тұрағы үшін бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда кірме жолды ұсыну жөніндегі қызметтерді алудың техникалық және технологиялық мүмкіндіктерінің болмауы жағдайларын және тармақ иеленушінің кірме жолда қауіпсіз емес қозғалысы жағдайын қоспағанда, мәлімделген көлемдердің орындалуын қамтамасыз етуге;
4) осы Шарт бойынша тармақ иеленушінің келісімінсіз үшінші тұлғаларға құқықтар бермеуге және табыс етпеуге;
5) есеп айырысу айынан кейінгі әрбір айдың бесінші күніне дейін есепті кезең үшін өзара есеп айырысуларға салыстыру жүргізуге;
6) бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда тасымалдау процесінің технологиялық операцияларында көзделмеген жылжымалы құрамы тұрағының қызметтерін алу кезінде тежегіш башмактарының сақталуын және жылжымалы құрамның бекітілуінің дұрыстығын қамтамасыз етуге міндетті.
5. Тараптардың жауапкершілігі және дауларды шешу
23. Тараптар осы Шарттың талаптарын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.
24. Осы Шарттан туындайтын даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер арқылы шешіледі. Егер тараптар келіссөздер жолымен өзара келісімге қол жеткізе алмаса, онда даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен шешіледі.
25. Осы Шартта көзделген төлемдердің мерзімі өткен жағдайда, тармақ пайдаланушы тармақ иеленушіге төлем күнін қоса алғанда, мерзімі өткен әрбір күн үшін берешектің сомасынан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландыру ставкасының мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлейді.
26. Белгіленген мерзімде қызметтер ұсынылмаған жағдайда, тармақ иеленуші тармақ пайдаланушыға шарт бойынша қызмет жүзеге асырылуға тиіс уақыттан бастап қызмет іс жүзінде басталған уақытқа дейін алдын ала төленген сомадан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландыру ставкасының мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлейді.
6. Форс-мажорлық мән-жайлар
27. Осы Шарттан туындайтын міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін, егер бұл еңсерілмес күш мән-жайларының (дүлей зілзала, әскери қимылдар, ереуілдер немесе алдын ала көздеу немесе алдын алу мүмкін болмайтын өзге мән-жайлар) салдарынан болып табылса, Тараптар жауапкершіліктен босатылады.
28. Еңсерілмес күштің мән-жайларына сілтеме жасайтын тарап екінші тарапты 48 (қырық сегіз) сағаттың ішінде құзыретті орган берген растайтын құжатты екінші тараптың талабы бойынша ұсына отырып, осындай мән-жайлардың басталғаны туралы да, аяқталғаны туралы да хабардар етуге міндетті.
29. Егер тараптардың бірі Шарт бойынша өз міндеттемелерін еңсерілмес күш мән-жайлары туындаған сәттен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде орындауға жағдайы болмаса, екінші тарапты болжанып отырған шартты бұзу күніне дейін кемінде он күнтізбелік күн ішінде алдын ала жазбаша хабардар етуі шартымен, екінші тараптың Шартты бұзуға құқығы бар. Бұл ретте тараптар отыз күнтізбелік күн ішінде Шарт бойынша барлық өзара есеп айырысуларды жүргізуге міндеттенеді.
7. Жалпы ережелер
30. Шарттың талаптарын орындаудан біржақты бас тартқан жағдайда, тарап бұл туралы екінші тарапты отыз күнтізбелік күннен кешіктірмей жазбаша түрде ескертуге тиіс.
31. Почта және банктік деректемелері өзгерген жағдайда тарап бұл туралы екінші тарапқа көрсетілген өзгерістер қолданысқа енгізілген сәттен бастап бес жұмыс күннің ішінде жазбаша хабарлауға міндетті.
32. Шарт тараптарда сақталатын және бірдей заң күші бар екі данада жасалады.
33. Тараптардың Шарттан туындайтын және онымен реттелмеген қатынастары Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
8. Шарттың қолданылу мерзімі және қолданысын тоқтату
тәртібi
34. Шарт 200__ жылғы «__»________ 00-00 сағаттан бастап күшіне енеді және 200__ жылғы «__»_______ 24-00 сағатты қоса, ал өзара есеп айырысулар бөлігінде - олар толық орындалғанға дейін қолданылады.
35. Шарт Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген жағдайларда мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін.
36. Шарттың қолданылуы тараптардың келісімі бойынша Шарттың ажырамас қосымшасы ретінде қосымша келісім жасасу не жаңа шарт жасасу жолымен ұзартылуы мүмкін.
37. Тараптардың келісімі бойынша Шарт осы Шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да талаптармен толықтырылуы мүмкін.
38. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы өзгерген, жылжымалы құрамның жүруі үшін кірме жолдарды ұсынудың тәртібі мен шарттарын өзгертетін нормативтік құқықтық кесімдер қабылданған жағдайда, тараптар осы Шартты осындай кесімдер заңдық күшіне енген сәттен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде Шарттың мәтініне қажетті толықтырулар мен өзгерістер енгізу жолымен аталған кесімдердің талаптарына сәйкес келтіруге міндетті.
9. Тараптардың заңды мекен-жайлары, банктік деректемелерi
мен қолтаңбалары
Тармақ иеленуші: Тармақ пайдаланушы:
_________________________ _________________________
_________________________ _________________________
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 22 тамыздағы №727 қаулысымен қосымшамен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2008.18.11 № 1068 қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2009.03.03. № 237 (бұр.ред.қара); 2013.23.07. № 735 (бұр.ред.қара) қаулыларымен үлгі шарт өзгертілді
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылгы 28 қарашадағы №1194
қаулысымен бекітілген
Суды магистральдық құбыр жолдары және (немесе) арналар арқылы беру
жөніндегі қызметтерді ұсынуға арналған үлгі шарт
______________________ 200 жылғы « «
(шарттың жасалған орны)
бұдан әрі, Қызмет беруші деп аталатын___________________
_________________________________________________атынан
(суды магистральдық құбыр жолдары және (немесе) арналар арқылы беру жөніндегі қызметті ұсынатын табиғи монополия субъектісінің атауы)
________________________________негізінде әрекет ететін
____________________________________ бір тараптан және
(лауазымы, Т.А.Ә. )
бұдан әрі тұтынушы деп аталатын________________________
___________________________________________________________
(тұтынушының деректемелері, құрылтай құжаттары, мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, берілген күні мен берген орган)
атынан ____________________________________________
(лауазымы, Т.А.Ә.)
екінші тараптан, бұдан әрі Тараптар деп аталатын мына төмендегілер туралы осы Үлгі шартты (бұдан әрі - Шарт) жасасты.