Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға инвестициялық бағдарламалардың
конкурстарын өткізу жөніндегі комиссия құру туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 8 қыркүйектегі № 909 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005.19.08. № 849 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Президентiнің "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 1996 жылғы 27 қаңтардағы № 2828 заң күшi бар Жарлығының 41-5-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Мынадай құрамда жер қойнауын пайдалану құқығын алуға инвестициялық бағдарламалардың конкурстарын өткізу жөніндегі комиссия құрылсын:
Школьник - Қазақстан Республикасының Энергетика
Владимир Сергеевич және минералдық ресурстар министрi,
төраға
Өжкенов - Қазақстан Республикасының Энергетика
Болат Сұлтанұлы және минералдық ресурстар министрлігі
Геология және жер қойнауын қорғау
комитетiнiң төрағасы, төрағаның
орынбасары
Қонақаев - Қазақстан Республикасының Энергетика
Саяхат Алпысұлы және минералдық ресурстар министрлігі
Жер қойнауын пайдалану департаментiнің
директоры, хатшы
Шыналиев - Қазақстан Республикасы Премьер-
Ғазиз Қоршабекұлы Министрінің Кеңсесi Өндiрiстік сала және
инфрақұрылым бөлімi меңгерушiсiнiң
орынбасары
Әбдiреев - Қазақстан Республикасының Индустрия
Батырбек Сейтенұлы және сауда министрлігі Өнеркәсiп салалары
департаментiнің директоры
Исаев - Қазақстан Республикасының Энергетика
Мұсабек Исаұлы және минералдық ресурстар министрлігі
Мұнай өнеркәсiбi департаментiнiң
директоры
Мақанов - Қазақстан Республикасының Қаржы
Hұржан Зарлықұлы министрлігінің Кiрiстер және келісім-
шарттар департаментiнің директоры
Тiлеулесов - Қазақстан Республикасының Қаржы
Биғали Жақсылықұлы министрлігі Салық комитетi № 1
Аймақаралық салық комитетi төрағасының
қызметiн атқарушы
Ыдырысов - Қазақстан Республикасының Экономика
Марат Мәкеұлы және бюджеттік жоспарлау министрлігі
Салалық саясат және бағдарламалар
департаменті салааралық үйлестіру және
лицензиялау басқармасының бастығы
Бекеев - Қазақстан Республикасының Қоршаған
Әдiлетбек Төлендiұлы органы қорғау министрлігі Сараптау және
лицензиялау департаментi мемлекет
экологиялық сараптама басқармасы
бастығының орынбасары
Есқараев - Қазақстан Республикасының Әділет
Азамат Несiпбайұлы министрлігі Заңнама департаментi заңи
кесімдердi сараптау басқармасы өндiрiстiк
саладағы заңи кесімдердi сараптау
бөлiмiнің бастығы
Жергiлiктi атқарушы
органның өкiлi (объектінің
аумақтық тиесiлiгiне қарай
шақырылады)
2. Комиссия Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға инвестициялық бағдарламалардың конкурстарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен өткiзедi.
3. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) "Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға инвестициялық бағдарламалардың конкурсын өткізу жөнінде комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 19 сәуірдегі № 451 қаулысы;
2) "Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2002 жылғы 19 сәуірдегі № 451 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 13 қыркүйектегi № 997 қаулысы;
3) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 сәуірдегі № 451 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 наурыздағы № 309 қаулысы.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |