Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 сәуірдегі № 451
қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 31 наурыздағы № 309 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 08.09.03 ж. № 909 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға инвестициялық бағдарламалар конкурстарын өткізу жөнiндегі комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасының Yкіметінiң 2002 жылғы 19 сәуірдегі № 451 қаулысына мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
1-тармақта:
1) жер қойнауын пайдалану құқығын алуға инвестициялық бағдарламалар конкурстарын өткізу жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгiзілсiн:
Шамсутдинов - Қазақстан Республикасының
Ринат Шарафутдинұлы Әділет вице-министрi
Рахметов - Қазақстан Республикасының
Нұрлан Құсайынұлы Қаржы вице-министрi
Орынбаев - Қазақстан Республикасының
Ербол Тұрмаханұлы Экономика және бюджеттік
жоспарлау вице-министрi
2) көрсетiлген құрамнан Георгий Владимирович Ким, Болат Бидахметұлы Жәмішев, Арман Ғалиасқарұлы Дунаев шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |