«Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға конкурстар өткізу жөніндегі
комиссияны құру туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 тамыздағы № 849 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2006.02.02. № 145 Қаулысымен күші жойылды
"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 27 қаңтардағы Заңының 41-7-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Мынадай құрамда жер қойнауын пайдалану құқығын алуға конкурстар өткізу жөніндегі комиссия құрылсын:
Школьник - Қазақстан Республикасының Энергетика және
Владимир Сергеевич минералдық ресурстар министрi, төраға
Iзмұхамбетов - Қазақстан Республикасының Энергетика және
Бақтықожа Салахатдинұлы минералдық ресурстар бiрiншi
вице-министрi, төрағаның орынбасары
Өжкенов - Қазақстан Республикасы Энергетика және
Болат Сұлтанұлы минералдық ресурстар министрлігі Геология
және жер қойнауын пайдалану комитетiнiң
төрағасы, төрағаның орынбасары
Қонақаев - Қазақстан Республикасы Энергетика және
Саяхат Алпысұлы минералдық ресурстар министрлігі Жep
қойнауын пайдаланудағы тiкелей
инвестициялар департаментiнiң директоры,
хатшы
Шыналиев - Қазақстан Республикасының Премьер-
Ғазиз Қоршабекұлы Министрi Кеңсесiнiң Өндiрiстiк сала және
инфрақұрылым бөлiмi меңгерушiсiнiң
орынбасары
Әбдiреев - Қазақстан Республикасы Индустрия және
Батырбек Сейтенұлы сауда министрлігінің Өнеркәсiп және
ғылыми-техникалық дамыту комитетi
төрағасының орынбасары
Исаев - Қазақстан Республикасы Энергетика және
Мұсабек Исаұлы минералдық ресурстар министрлігі Мұнай
өнеркәсiбi департаментiнiң директоры
Тілеулесов - Қазақстан Республикасы Қаржы
Биғали Жақсылықұлы министрлігінiң Салық комитетi № 1
өңiраралық салық комитетінiң төрағасы
Омарова - Қазақстан Республикасы Экономика және
Бақытжамал Жәкенқызы бюджеттік жоспарлау министрлігінiң Салық
саясаты және болжамдар департаментi жер
қойнауын пайдаланушыларға салық салу
басқармасының бастығы
Әбiшева - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны
Алиса Біләлқызы қорғау министрлігі Стратегиялық
экологиялық бағалау бөлiмiнiң бастығы
Сейтiмбетов - Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі
Дәулетияр Сахидоллаұлы Заңға тәуелдi кесiмдер департаментiнiң
бөлiм бастығы
Жергiлiктi атқарушы
органның өкiлi
(объектiнің аумақтық
тиесiлілігіне қарай
шақырылады).
2. "Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға инвестициялық бағдарламалардың конкурстарын өткізу жөніндегі комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 8 қыркүйектегi № 909 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзіледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | Д. Ахметов |