Пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдік және фумигациялық әдістермен
қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға
қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2003 жылғы 20 тамыздағы № 833 қаулысы
(2007.19.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 7 маусымдағы № 753 Қаулысымен күші жойылды
«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңына және "Өсімдіктерді қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. ҚР Үкіметінің 2005.22.06 № 613 Қаулысымен алып тасталды (ресми жарияланғаннан кейiн он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізiледi) (бұр. ред. қара)
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
1) ҚР Үкіметінің 2007.19.07 № 610 Қаулысымен күші жойылды (2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген лицензиялауға жататын қызметтің түрлеріне лицензия беруге өкілеттік берілген мемлекеттік органдардың (лицензиярлардың) тізбесінде:
реттік нөмірі 26-жол, 3-баған мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын;
"пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдік және фумигациялық әдістермен қолдану жөніндегі қызмет";
көрсетілген қаулымен бекітілген санитарлық, экологиялық және тау-кен техникалық қадағалау органдарының, сондай-ақ мемэнергияқадағалау органының қорытындысы қажет лицензияланатын жұмыстар мен қызметтер түрлерінің тізімінде:
"Санитарлық қадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензияланатын жұмыстар мен қызметтер түрлерінің тізімі" деген І бөлім мынадай мазмұндағы 25-2-тармақпен толықтырылсын:
"25-2. Пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдік және фумигациялық әдістермен қолдану жөніндегі қызмет";
"Экологиялық қадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензиялайтын жұмыстар мен қызмет түрлерінің тізімі" деген ІІ бөлім мынадай мазмұндағы 21-2-тармақпен толықтырылсын:
"21-2. Пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдік және фумигациялық әдістермен қолдану жөніндегі қызмет".
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
ҚР Үкіметінің 2005.22.06 № 613 Қаулысымен біліктілік талаптары алып тасталды (ресми жарияланғаннан кейiн он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізiледi) (бұр. ред. қара)