Мемлекет меншiгіндегі геологиялық ақпарат және оны оқу, ғылыми, коммерциялық және өзге де
мақсаттарда пайдалану тәртібі туралы ереженi бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 ж. 7 қарашадағы № 1357 қаулысы
(2003.04.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 11 наурыздағы № 251 Қаулысымен күші жойылды
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 27 қаңтардағы № 2828 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
Мемлекет меншiгіндегі геологиялық ақпарат және оны оқу, ғылыми, коммерциялық және өзге де мақсаттарда пайдалану тәртібі туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекітілсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1996 жылғы 7 қарашадағы
№ 1357 қаулысымен
юекiтiлген
Мемлекет меншiгіндегі геологиялық ақпарат және оны оқу, ғылыми, коммерциялық және өзге де
мақсаттарда пайдалану тәртібі туралы
ереже
Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 04.08.03 ж. № 779 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұрынғы ред. қара)
1. Бұл Ереже үшiн Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдары, Қазақстан Республикасының аумағында жер қойнауын пайдалануды жүзеге асыратын барлық заңды және жеке тұлғалар үшiн орындауға мiндеттi болып табылады.
ҚР Үкіметінің 04.08.03 ж. № 779 қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұрынғы ред. қара)
2. Жер қойнауының геологиялық құрылысы, ондағы пайдалы қазбалар, кен орындарының геологиялық параметрлерi, қорлардың ауқымы, игеру шарттары, сондай-ақ геологиялық есептердегi, карталардағы және өзге де материалдардағы Жер қойнауының кез келген ерекшелiктерi туралы ақпарат, егер ол республиканың бюджет қаржысы есебiнен алынса, мемлекеттік меншiкте болады және егер ол Жер қойнауын пайдаланушының өз қаражаты есебiнен алынса, Жер қойнауын пайдаланушының меншiгiнде болады.
ҚР Үкіметінің 22.06.98 ж. № 578 қаулысымен 3-тармақ өзгертiлдi; ҚР Үкіметінің 04.08.03 ж. № 779 қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұрынғы ред. қара)
3. Жер қойнауы туралы геологиялық және өзге де ақпарат қаржыландыру көзiне қарамастан мiндеттi түрде белгіленген стандарт бойынша сақтауға, жүйелеуге және қорытуға жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік органға өтеусiз берiледi.
ҚР Үкіметінің 04.08.03 ж. № 779 қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұрынғы ред. қара)
4. Келісім-шарттың қолданылуы тоқтатылған кезде бүкiл геологиялық ақпарат мемлекет меншiгiне көшедi. Жер қойнауын пайдаланушы барлық құжаттар мен геологиялық ақпараттың өзге де материалдық тасымалдаушыларын жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкiлеттi органға (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) өтеусiз беруге мiндеттi.
5. Жер қойнауы туралы мемлекет меншiгіндегі ақпарат жекешелендiруге жатпайды.
6. Осы Ереженiң 7-тармағында көрсетiлген ақпаратты қоспағанда, жер қойнауы туралы ақпаратты жинаудың және сақтаудың тәртібін Қазақстан Республикасында жер қойнауы туралы ақпаратты сақтаушы болып табылатын уәкiлеттi орган белгiлейдi.
7. Жер қойнауы туралы мемлекеттік және коммерциялық құпиясы бар ақпаратты жинаудың, сақтаудың және берудiң тәртібі Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес айқындалады.
Бұл Ереже жер қойнауы туралы мемлекеттік құпиясы бар ақпаратқа қолданылмайды.
ҚР Үкіметінің 04.08.03 ж. № 779 қаулысымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұрынғы ред. қара)
8. Жер қойнауын пайдаланушының қаражаты есебiнен алынған және ол осы Ереженiң 3-тармағына сәйкес уәкілеттi органға берген ақпаратты оқу, ғылыми, коммерциялық және өзге де мақсаттарда пайдаланудың тәртібі ақпаратты меншiктенушi мен уәкілеттi орган арасындағы келісімде айқындалады. Сондай-ақ бүкіл геологиялық ақпараттың немесе оның бiр бөлiгiнiң құпиялылық мерзiмi, сондай-ақ Келісім-шарттың қолданылуы кезеңiнде геологиялық ақпаратты Жер қойнауын пайдаланушының меншiгiнен Қазақстан Республикасының меншiгiне беру мүмкiндiгi мен оның шарттары да осы келісімде айқындалады.
Жер қойнауы туралы ақпараттың түрлерi мен деңгейлерi
9. Жер қойнауы туралы ақпараттың негiзгi екi түрi бар: бастапқы және екiншi.
Жер қойнауы туралы бастапқы ақпаратқа:
бұрғылау ұңғымаларының бағанасы, мұнай, су, газ сынамалары, тас материалдардың үлгiлерi, әртүрлi мақсаттағы коллекциялар, шлифтар және т.б. арқылы бiлдiрiлген табиғи таратушылардағы ақпарат (заттай ақпарат);
далалық байқау журналдары және басқа құжаттамалар, оның iшiнде сынап көру журналдарымен, сынамаларды саралау нәтижелерi, геофизикалық байқау жазбалары және т.б. арқылы бiлдiрiлген жасанды таратушылардағы (қағаз, магнит таспасы және т.б.) ақпарат жатады.
Жер қойнауы туралы екiншi ақпаратқа бiрiншi ақпаратты өңдеу, мағынасын ашу, талдау және қорыту нәтижесiнде алынған ақпарат жатады.
ҚР Үкіметінің 04.08.03 ж. № 779 қаулысымен 10-тармақ өзгертілді (бұрынғы ред. қара)
10. Жер қойнауын пайдаланушыларға берiлетiн жер қойнауы туралы барлық ақпарат өзiнiң көлемi мен тағайындалған мақсатына қарай үш деңгейге бөлiнедi:
бiрiншi деңгейдегi жер қойнауы туралы ақпарат - жалпы геологиялық сипаттаманы, техникалық-экономикалық көрсеткiштердi қамтыған ғылыми, коммерциялық және басқа да мақсаттарда пайдалануға арналған жалпы (таныстыру) ақпарат (проспектiлер);
екiншi деңгейдегi жер қойнауы туралы ақпарат (конкурстық пакеттер) - конкурстық ұсыныс (бизнес-жоспар) дайындауға арналған алдын-ала геологиялық ақпарат;
үшiншi деңгейдегi жер қойнауы туралы ақпарат - жер қойнауын пайдалану құқығын алған жер қойнауын пайдаланушыға арналған контрактiлiк аумақ бойынша жер қойнауы туралы ақпараттың толық пакетi.
Жер қойнауы туралы ақпаратты пайдалануға беру шарттары
11. Жер қойнауы туралы ақпарат Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес қазақстандық және шетелдiк жер қойнауын пайдаланушыларға, сондай-ақ басқа да тұлғаларға оқу, ғылыми, коммерциялық және өзге де мақсаттарда пайдалануға берiлуi мүмкiн.
12. Жер қойнауы туралы ақпарат (бастапқы да, екiншi де) пайдалануға толығымен немесе iшiнара:
оның мазмұнымен қысқаша танысу (алып қою және көшiрмесiн алу құқығынсыз);
ақпарат көшiрмесiн беру;
екiншi данасы болған кезде табиғи таратушылардағы ақпаратты ұсыну арқылы берiлуi мүмкiн.
13. Екiншi даналары жоқ тас материалдар, коллекциялар, сынамалар және т.с.с. пайдалануға берiлмейдi. Бұл Ақпараттың Тiзбесiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
ҚР Үкіметінің 04.08.03 ж. № 779 қаулысымен 14-тармақ өзгертілді (бұрынғы ред. қара)
14. Жер қойнауы туралы мемлекет меншiгіндегі ақпарат заңды және жеке тұлғалардың пайдалануына;
жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған конкурсқа қатысушыларға - конкурстық пакет түрiнде;
жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған конкурстың жеңiмпазына - жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған конкурстың шарттарында айтылған жер қойнауы учаскесi бойынша - келісім-шарт аумағы бойынша толық пакет түрiнде;
республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік геологиялық зерделеуге немесе ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзуге уәкiлеттi органмен контракт жасағандарға;
өзге тұлғаларға - осы Ережемен көзделген шарттар бойынша уәкiлеттi органның шешiмiмен берiледi.
15. Жер қойнауы туралы мемлекет меншiгіндегі ақпарат тұрақты немесе уақытша пайдалануға берiлуi мүмкiн. Жер қойнауы туралы ақпарат уақытша пайдалануға тек әкiмшiлiк акт және/немесе уәкiлеттi органмен жасалған контракт негiзiнде мемлекет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын жер қойнауына мемлекеттік геологиялық зерделеу жүргiзiп отырған ұйымдарға ғана берiледi. Барлық басқа жағдайларда жер қойнауы туралы ақпарат тұрақты пайдалануға берiледi.
ҚР Үкіметінің 22.06.98 ж. № 578; 04.08.03 ж. № 779 қаулыларымен 16-тармақ өзгертілді (бұрынғы ред. қара)
16. Жер қойнауы туралы мемлекет меншiгіндегі ақпаратты пайдалануға беру қайтарымды (сату) және қайтарусыз негiзде жүзеге асырылады.
Қайтарусыз негiзде жер қойнауы туралы ақпарат:
бюджет қаражатынан қаржыландырылатын жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеудi орындайтын ұйымдарға және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң Жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттарды жасасу және орындау жөніндегі құзыретті органы;
осы тармақта көрсетiлген жағдайларда жер қойнауы туралы ақпарат қайтарымды негiзде берiледi, ал оны сатудан түскен кiрiс республикалық бюджетке есептеледi.
17. Жер қойнауы туралы мемлекет меншiгіндегі ақпарат пайдалануға оны үшiншi тұлғаларға беру, сылау және қайталап сату құқығынсыз берiледi.
18. Жер қойнауы туралы ақпаратты өз бетiнше меншiктенген (уәкiлеттi органды айнала өтiп), жасырып қалған және бүлдiрген жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершiлiкте болады.
Жер қойнауы туралы ақпаратты берудiң және оның құнын белгiлеу тәртібі
19. Жер қойнауы туралы мемлекет меншiгіндегі бiрiншi деңгейдегi ақпаратты берудiң тәртібі мен құнын (ол қайтарымды негiзде берiлген жағдайда) уәкiлеттi орган белгiлейдi.
ҚР Үкіметінің 22.06.98 ж. № 578; 04.08.03 ж. № 779 қаулыларымен 20-тармақ өзгертілді (бұрынғы ред. қара)
20. Жер қойнауы туралы мемлекет меншiгіндегі екiншi деңгейдегi ақпаратты (конкурстық пакеттердi) берудiң шарттары мен тәртібін Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын беру ережесiне сәйкес конкурстық комиссия белгiлейдi.
21. Жер қойнауы туралы мемлекет меншiгіндегі үшiншi деңгейдегi ақпараттың (толық пакеттiң) бағасын уәкiлеттi орган белгiлейдi.
22. Иесi жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын жер қойнауы туралы ақпарат оқу, ғылыми, коммерциялық және өзге де мақсаттарда пайдалануға контрактi күшiнде болған кезде уәкiлеттi органмен келiсе отырып берiледi.
Жер қойнауын пайдаланушының қаражаты есебiнен алынған және уәкiлеттi органға берiлген жер қойнауы туралы ақпаратты пайдалану басқа тұлғаларға ақпарат берудiң тәртібі мен оның құпиялылық мерзiмi көзделген уәкiлеттi орган мен жер қойнауын пайдаланушы арасындағы келісімге сәйкес жүзеге асырылады.
23. Жер қойнауы туралы ақпараттың пайдалануға берiлген фактiсiн және оны мақсатқа сай пайдалану шарттарын растайтын құжат шарт болып табылады.