238. Әуе кемесiн күндiз және түнде тiркеп сүйреу белгiленген ережеге сәйкес, аэронавигациялық және жарқылдаған шамдарды жағу арқылы жүргiзiледi.
Тiркеп сүйреуге жетекшiлiк ететiн инженерлiк-авиациялық қызмет (бұдан әрi - ИАҚ) адамы тiркеп сүйреу қауiпсiздiгi үшiн жауап бередi.
239. Қозғалтқыштарды iске қосу РДП (Мұнара) рұқсатымен тұрақтарда, рөлдеу жолдарының учаскелерiнде (бұдан әрi - РЖ) немесе осы әуеайлақта Ұшуды жүргiзу жөніндегі нұсқаулықта анықталған арнайы жабдықталған алаңдарда жүргiзiледi.
240. Әуе кемесiнiң тұрақтағы орнынан шығуы және тұрақтағы орнына келуi ИАҚ жауапты адамының немесе әуеайлақтағы ӘҚҚ пункт диспетчерiнiң рұқсатымен әуе кемесiнiң қозғалысына басшылық ететiн кезекшiнiң белгi беруi бойынша атқарылады.
Аталған тұлғалар әуе кемесiнiң тұрақтағы орнына келу және одан шығу кезіндегі қозғалыс қауiпсiздiгi үшiн жауап бередi.
241. Әуе кемесi тұрақтағы орнына дәл таңбаланған белгiлер бойынша орналастырылуы тиiс. Егер әуе кемесi тұрақтағы орнына көрсетiлген белгiлерге сәйкес қойылмаған жағдайда оның командирi бұл туралы РДП диспетчерiне (ӘӘҚ Мұнараға) хабарлауға мiндеттi.
242. РПД диспетчерi (Мұнара), әуе кемесiнiң әуеайлақтағы қозғалысын басқарушы мыналарға жауап бередi:
1) рөлдеу бағыттарында шектеулер туралы берiлетiн ақпараттың дұрыстығына;
2) рөлдеу жағдайларына және белгiленген немесе көрсетiлген қозғалыс схемасы бойынша қозғалуға рұқсат беруге;
3) әуе кемелерiнiң өзара орналасуы туралы, оның iшiнде көру мүмкiндiгi шектелген жағдайларда (400 м-ден кем) бiр бағытпен жүретiн әуе кемелерiнiң орналасуы туралы ақпаратқа. ӘҚҚ диспетчерлiк органы жоқ әуеайлақтар мен алаңдарда рөлдеу бағытын таңдау және қозғалу қауiпсiздiгi үшiн әуе кемесiнiң командирi жауап бередi.
243. Рөлдеу басталған кезде әуе кемесiнiң командирi (ұшқыш) тежеуiштердiң ақаусыздығын тексеруге мiндеттi.
Рөлдеудi әуе кемесiнiң командирi немесе оның нұсқауы бойынша екiншi ұшқыш орындайды.
Экипаж мүшелерi рөлдеу кезiнде айналадағы жағдайды қадағалап отыруға және байқалатын кедергiлер туралы командирге ескертуге мiндеттi.
Рөлдеу бағытында қозғалысқа қиындық туғызатын кедергi байқалғанда әуе кемесiнiң командирi (ұшқыш) тоқтатуға, егер соқтығысудың алдын-алу жөнiнде шаралар қабылдауға мүмкiндiгi болмаса, кедергiлердiң бар екенi туралы РДП диспетчерiне (Мұнараға) баяндауға мiндеттi.
244. Әуе кемесiнiң командирi (ұшқыш) РЖ (ҰҚЖ топырақтың) жай-күйiне, кедергiлердiң бар-жоқтығына және көру мүмкiндiгiне қатысты рөлдеу жылдамдығын таңдайды.
245. Көрiну 2000 м және одан кем болатын жағдайларда әуе кемесiн түнде, сондай-ақ күндiз рөлдеу аэронавигациялық шамдар мен фараларды жағу арқылы жүзеге асырылады.
ҰПБ сәйкес жарқылдаған шамшырақтар әуе кемесiн рөлдеу алдында қозғалтқыштар iске қосылғаннан бастап, олар тұраққа келiп тоқтағанға дейiн күндiзде және түнде жанып тұруға тиiс.
246. РДП, СДП пункттiң (Мұнара) рұқсатынсыз рөлдеу кезiнде ҰҚЖ мен РЖ қиып өтуге немесе онда тұруға тыйым салынады.
247. Әуе кемелерi бiрiне бiрi қарсы рөлдеген кезде олардың командирлерi (ұшқыштары) рөлдеу жылдамдығын барынша азайтып, оң жаққа ұстануға, қауiпсiз аралықты сақтай отырып, сол жақ бүйiрiмен ажырасуға мiндеттi.
Қиылысатын бағытқа жақындағанда оң жағынан басқа әуе кемесiн көрген ұшқыш рөлдеудi тоқтатып, аялдауы және әуе кемесiн өткiзiп жiберген соң өз бағыты бойынша рөлдеудi жалғастыруы тиiс. Әуеайлақтың маневр жасау алаңында әуе кемелерiн басып озуға тыйым салынады.
248. Әуе кемесi ҰҚЖ атқару стартына тұрғанға дейiн ұшқыш ААТЖ арнасы бойынша немесе РДП диспетчерiне (Мұнара) ұшып-көтерiлу, әуеайлақ ауданынан шығу жағдайлары туралы ақпараттар және басқа мәлiметтер (сұрау бойынша) алуы тиiс.
249. Әуе кемесi, әдетте, ҰҚЖ басынан ұшып-көтерiледi. Егер бұл жағдай осы әуеайлақта Ұшуды жүргiзу жөніндегі нұсқаулықта көзделген болса, экипаж бұл жағдайда ҰҚЖ басқа тұсынан қауiпсiз ұшып-көтерiлуге қажеттi барлық есептеулердi жүргiзiп және ӘҚҚ тиiстi диспетчерлiк пункттен диспетчерлiк рұқсат алған болса, ұшуды ҰҚЖ басқа тұсынан бастауға рұқсат етiледi.
250. СДП диспетчерiнiң (Мұнара) ҰҚЖ кедергiнiң жоқтығы туралы анық ақпараты болғанда көру мүмкiндiгi шектеулi жағдайларда ғана (түнде немесе күндiз күрделi метеорологиялық жағдайларда) ҰҚЖ басқа тұсынан ұшуға диспетчерлiк рұқсат берiледi.
251. Әуе кемесiнiң ұшуы алдында ҰҚЖ тексеруi және ҰҚЖ кедергiлердiң жоқтығы туралы ақпарат алу тәртібі осы әуеайлақта Ұшуды жүргiзу жөніндегі нұсқаулықта және ӘҚҚ диспетчерлерiнiң жұмыс технологияларында көрсетiледi.
252. Әуе кемесiнiң экипажы ұшу дайындығы жөнiнде баяндап, СДП диспетчерiнен (Мұнара) ұшуға рұқсат алған соң әуе кемесiнiң ұшуы жүзеге асырылады. ӘҚҚ диспетчерлiк органы жоқ әуеайлақтан (қону алаңынан) ұшу әуе кемесi командирiнiң (ұшқышының) шешiмiмен жүргiзiледi.
253. Ұшуды әуе кемесiнiң командирi немесе ұшу тапсырмасында бұл мiндет көзделген болса, екiншi ұшқыш орындайды.
254. Қозғалтқыш iстен шыққанда немесе ұшу қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн басқа ақаулар пайда болып, егер ұшуды жалғастыра беру жөнiнде шешiм қабылданбаса, ұшу дереу тоқтатылуы тиiс.
255. Әуе кемесi түнде әдетте фараларын жаққан күйде ұшады. Егер фарларды жаққанда көру мүмкiндiгiн нашарлататын жарық экраны пайда болса, әуе кемесi командирiнiң (ұшқыш) шешiмiмен фарларды өшiрген күйде ұшуға болады.
256. Осы әуеайлақта ұшуды жүргiзу жөніндегі нұсқаулықта және әуе кемесiнiң ҰПН нұсқауында көзделген болса, жел қолайлы дәрежеде арттан соғатын кезде ұшуға рұқсат етiледi.
257. Ауысу биiктiгiн қиып өтерде экипаж барометрлiк биiктiк өлшеуiштердiң қысым шкалаларын 760 мм, сын. бағ. бойынша (1013,2 мб) есептеуге көшiрiп, түзетулердi ескеру арқылы биiктiк өлшеуiштердiң көрсетулерiн тексеруге мiндеттi.
258. Осы әуе кемесiнiң ҰПБ белгiлеген режимдерiнде ұшу бағытына шығудың белгiленген схемасына сәйкес ӘҚҚ қызметi диспетчерiнiң нұсқауы бойынша берiлген ұшу (эшалоны) алынады.
Белгiленген немесе берiлген шепте берiлген эшалонға (биiктiкке) жету мүмкiн болмаса, ұшқыш бұл туралы ӘҚҚ қызметiнiң диспетчерiне дер кезiнде хабарлауға мiндеттi.
259. Берiлген эшалон аяқталған соң экипаж белгiленген ережелерге сәйкес биiктiк өлшеуiштердiң көрсетуiн салыстырып, ӘҚҚ диспетчерлiк органға эшалонға шыққаны жөнiнде баяндауы тиiс.
260. Бағыт бойынша ұшу кезiнде экипаж (ұшқыш) әуе жолының белгiленген енi шегiнде ұшу бағытын сақтауға, ұшу трассасының берiлген эшелонын ұстануға және өз әуе кемесiнiң әуедегi орнын ұдайы біліп отыруға мiндеттi.
261. Бағытты, ұшу эшелонын (биiктiгiн) және бақылау бағдарларын ұшып өту уақытын өзгерту осы ұшуды басқаратын ӘҚҚ диспетчерiнiң тiкелей рұқсатымен жүргiзiледi.
Авиация техникасы iстеп шыққан немесе қонуға мәжбүр болатын жағдайларда қауiптi метеорологиялық құбылыстар аймағын айналып өтетiн ғана ӘҚҚ қызметiнiң диспетчерiмен келiсе отырып, берiлген бағыттан ауытқуға және ұшу эшелонын (биiктiгiн) өзгертуге рұқсат етiледi.
262. Ұшу эшелонынан (биiктiктен) төмендеу басталар алдында әуеайлақ ауданына жақындау кезiнде немесе әуе кемесi әуеайлақ ауданында қонуға дейiн төменгi эшелоннан төмен ұшу жағдайында әуе кемесiнің экипажы (ұшқыш) қону алдындағы дайындықты жүргiзедi. Қону алдындағы дайындықтың көлемi алдағы қонудың нақты жағдайларына сүйене отырып анықталады, сондай-ақ әуеайлақ ауданына бет алған әуе кемесiнiң командирi ӘҚҚ диспетчерiне өзiнiң тұрған жерiн, ұшу биiктiгiн хабарлауға және одан ұшу және қону аймағына бет алу үшiн төмендеу жағдайларын алуға мiндеттi.
263. Жұмыс iстеп тұрған ҰЖБ бағыты (қону бағыты) өзгерген немесе бұрынғы қабылданған шешiмдердi өзгертудi қажет ететiн жағдайлар туған кезде экипаж (ұшқыш) қосымша даярлық жүргiзiп, бақылау тексеруi картасы бойынша жүйелi операциялардың орындалуын қайталап тексеруге мiндеттi.
264. Әуе кемесiнiң берiлген ұшу эшелоннан (биiктiктен) төмендеуi экипаждың (ұшқыш) белгiленген (көрсетiлген) шепке дейiн төмендей бастауы туралы баяндауынан кейiн ӘҚҚ қызметiнiң диспетчерiнiң рұқсатымен жүргiзiледi. ӘҚҚ диспетчерi белгiленген немесе көрсеткен шепке дейiн берiлген ұшу эшелонына (биiктiгiне) шығу мүмкiн болмаған жағдайда, экипаж бұл туралы ӘҚҚ қызметiнiң диспетчерiне дер кезiнде хабарлауға мiндеттi.
265. Бiр үлгiдегi екi әуе кемесi бiр мезгiлде көзбен шола қонуға бет алу кезiнде, сол жағында немесе төменгi жағында ұшып келе жатқан әуе кемесiне бiрiншi болып қону артықшылығы берiледi.
266. Әуе кемесiнiң экипажы қонуға бет алу кезiнде ҰПБ талаптарына сәйкес операцияларды орындауға мiндеттi.
267. ӘҚҚ диспетчерлiк органдары жоқ қону аландарына ұшып өткен кезде әуе кемесiнiң командирi (ұшқыш):
1) алаңды тексеру, оның жай-күйi мен қонуға жарамдылығын анықтау үшiн бақылау ұшуын орындау;
2) өзi ұшып келе жатқан аудандағы ӘҚҚ диспетчерлiк пунктiнiң байланыс жиiлiгiнде қону орны мен магниттiк бағытын беруге; жерге қонған соң таяу маңдағы әуеайлақтың (онымен байланыс болса) ӘҚҚ органына қонғаны және болжамды ұшып шығу уақыты жөнiнде хабарлауға мiндеттi. Егер қонғаны жөнiнде баяндай алмаса, экипаж ӘҚҚ жақындау диспетчерлiк пунктiнiң жиiлiгiн пайдаланып, биiк әуе кемелерi арқылы қонған уақытын көрсетуi немесе телефон арқылы мүмкiндiгiнше тезiрек тиiстi органға ақпаратты жеткізу үшiн ӘҚҚ ең жақын органға хабарлауы тиiс.
268. Экипаж (ұшқыш) МАЖР ұшып өткенге дейiн ӘҚҚ әуе аймағы пунктiнiң диспетчерiне қонуға дайындығы туралы баяндауға мiндетті, бiрақ ҰҚЖ шегiнен кемiнде 1000 м қашықтықта қонуға рұқсат алуы тиiс.
269. ҰҚЖ кедергiлердiң жоқтығы туралы анық мәлiмет алынған жағдайда ғана әуе кемесiнiң экипажына қону туралы ӘҚҚ тиiстi әуеайлақ пунктiнiң диспетчерлiк рұқсаты берiледi.
Әуе кемелерi қонар алдында ҰҚЖ қарап көру және ҰҚЖ кедергiлердiң жоқтығы туралы мәлiмет алу тәртібі осы әуеайлақта Ұшуды жүргiзу жөніндегі нұсқаулықта және ӘҚҚ диспетчерлердiң жұмыс технологияларында көрсетiледi.
270. Қону алдындағы түзуде ұшу кезiнде қону қауiпсiздiгiн қамтамасыз ете алмайтын жағдайлар (қауiптi метеорологиялық жағдай, ұшу жолағында кедергiлердiң пайда болуы, қонуға болмайтын конфигурация, бағыттан немесе глиссадан айтарлықтай ауытқу) туса, әуе кемесiнiң командирi (ұшқыш) төмендеудi тоқтатып, екiншi шеңберге шығуға мiндеттi.
271. Минимумдарды бұзбастан қона алатын жағдайлар туғанға дейiн және қайталап қонуға бет алудан кейiн жанармайдың аэронавигациялық қоры қосалқы әуеайлаққа ШҚБ-мен жетудi қамтамасыз ететiн болса, әуе кемесiнiң командирiне (ұшқыш) қонуға қайталап бет алу құқығы берiледi.
272. Әуе кемелерiнiң қонуы түнде, әдетте, фараларын жаққан боса отырып орындалады. Жарық экраны түзiлетiн тұманда және басқа метеорологиялық құбылыстарда қону кезiнде фараларды жағу биiктiгi мен оларды пайдалану тәртібін әуе кемесiнiң командирi (ұшқыш) анықтайды.
273. Егер бұл осы әуеайлақта Ұшуды жүргiзу жөніндегі нұсқаулықта және әуе кемесiнiң ҰПБ көзделген болса, әуе кемелерiн шектi жылдамдықтағы қуалай соққан жел кезiнде қондыруға рұқсат етiледi.
274. Экипаж әуе кемесiн белгiленген нормативтер шегiнде жерге қону аймағына қондыруға мiндеттi.
275. Күннiң батуы мен шығуы аралығындағы кезеңде немесе ӘҚҚ тиiстi өкiлеттi органы белгiлей алатын кез келген басқа кезеңде ұшудағы барлық әуе кемелерiнде мынадай шамдар жанады:
1) әуе кемесiне назар аударуға арналған, соқтығысуға жол бермейтiн шамдар;
2) бақылаушыға әуе кемесiнiң салыстырмалы ұшу траекториясын көрсетуге арналған аэронавигациялық шамдар, егер басқа шамдар қателiкпен көрсетiлген шамдар ретiнде қабылданатын болса, басқа шамдарды жақпайды.
276. Күннiң батуы мен шығуы арасындағы кезеңде немесе тиiстi өкiлеттi орган белгiлеген кез келген басқа кезеңде:
1) әуеайлақтың жұмыс алаңында қозғалатын барлық әуе кемелерiнде аэронавигациялық шамдар жағылады, олар бақылаушыға әуе кемесi қозғалысының салыстырмалы траекториясын көрсетуге арналған және егер олар қателiкпен көрсетiлген шамдар ретiнде қабылданатын болса, басқа шамдар жағылмайды;
2) тұрақты немесе әлде бiр басқа тиiстi жарықтан басқа әуеайлақтың жұмыс алаңындағы барлық әуе кемелерiнде олардың құрылғыларының габариттерiн көрсетуге арналған шамдар жағылады;
3) әуеайлақтың жұмыс алаңында пайдаланылатын барлық әуе кемелерiнде әуе кемелерiне назар аудартуға арналған шамдар жағылады;
4) әуеайлақтың жұмыс алаңындағы жұмыс iстеп тұрған қозғалтқыштарымен барлық әуе кемелерiнде олардың қозғалтқыштарының жұмыс істеп тұрғанын көрсетуге арналған шамдар жағылады.
277. Ұшқышқа 276, 277-тармақтардың талаптарын қанағаттандыру үшiн орнатылған кез келген жарқылдақ шамды өшiруге немесе олардың жарығын азайтуға, егер олар:
1) оның мiндеттерiн ойдағыдай орындауға терiс әсер ететiн болса немесе терiс әсер ете алатын;
2) сыртқы бақылаушының көзiн шағылыстыратын немесе шағылыстыру қаупi болса, рұқсат етiледi.
ҚР Үкіметінің 2010.02.02. № 61 қаулысымен 21-1-тараумен толықтырылды
21-1-тарау. Әуеайлақтарда адамдар және көлік құралдарының қозғалысын басқару тәртібі
277-1. Әуеайлақтың маневр жасау алаңындағы, тіркеп сүйрелетін әуе кемелерін қоса алғанда, адамдардың немесе көлік құралдарының қозғалысы олар үшін немесе қонуды, рөлдеуді немесе ұшуды орындайтын әуе кемелері үшін туындайтын қауіпті болдырмау үшін әуеайлақтың диспетчерлік пунктімен басқарылады. Барлық жағдайларда рөлдеу жолдары мен ұшу-қону жолағында адамдар мен көлік құралдарының әуеайлақ диспетчерлік пунктінің рұқсатынсыз жүруіне рұқсат етілмейді.
277-2. Көру мүмкіндігі шектеулі жағдайда көзделген ережелердің қолданылу шарттарында:
1) әуеайлақтың маневр жасау алаңындағы жұмыс істеуші адамдар мен көлік құралдарының саны қажетті минимуммен шектеледі және II санатты немесе III санатты аспаптар бойынша қонуға дәл бет алған кезде ILS Сезімтал аймағын (аймақтарын) қорғауға қойылатын талаптарға ерекше назар аударылады;
2) 277-3-тармақтағы ережелерді сақтауды ескере отырып, әуеайлақ диспетчерлік пунктінің тиісті диспетчері қолда бар техникалық құралдарды назарға ала отырып белгілеген көлік құралдары мен рөлдейтін әуе кемелері арасындағы ең аз қашықтық сақталады;
3) сол бір ҰҚЖ-ға қонуға нақты бет алу тұрақты орындалған кезде II санатты немесе III санатты аспаптар бойынша ILS-пен бірлесіп, ILS-тің неғұрлым шектейтін сыни және сезімтал аймақтарын қорғау қамтамасыз етіледі.
Көру мүмкіндігі шектеулі жағдайда көзделген ережелердің қолданылу мерзімі көру мүмкіндігі шектеулі жағдайда әуеайлақта операцияларды орындауға қатысты нұсқаулық материалына сәйкес белгіленеді, Жер үстіндегі қозғалысты басқару және оны бақылау жүйелері жөніндегі басшылықта көрсетіледі (Халықаралық азаматтық авиация ұйымы, doc 9476) және әуеайлақтың аэронавигациялық паспортында жазылады.
277-3. Зардап шеккен әуе кемесіне көмек көрсету үшін жүретін авариялық-құтқару көлік құралдары жер үстіндегі барлық басқа қозғалыс түрлерінің алдында басымдыққа ие болады.
277-4. 277-3-тармақ ережелерінің сақталуы шартымен маневр жасау алаңында орналасқан көлік құралдары мынадай ережелерді сақтайды:
1) көлік құралдары және әуе кемелерін тіркеп сүйрейтін көлік құралдары қонатын, ұшатын және рөлдейтін әуе кемелеріне жол береді;
2) көлік құралдары әуе кемелерін тіркеп сүйрейтін басқа көлік құралдарына жол береді;
3) әуеайлақ диспетчерлік пункті диспетчерінің нұсқауларына сәйкес көлік құралдары басқа көлік құралдарына жол береді;
4) көлік құралдары мен әуе кемелерін тіркеп сүйрейтін көлік құралдары әуеайлақ диспетчерлік пункті диспетчерінің нұсқауларын орындайды.
22-тарау. Аспаптар бойынша ұшу ережелерi
278. Аспаптар бойынша ұшу ережесi мыналарды көздейдi:
1) әуе кемелерiнiң бақыланатын А, С сыныптарының әуе кеңiстiгi шегiнде және одан тысқары жерлерде, бақыланбайтын G сыныптың әуе кеңiстiгiнде ұшу-навигациялық аспаптар бойынша ұшу;
2) бақыланатын әуе кеңiстiгiнде АҰЕ (бұдан әрi - АҰЕ) ұшуға диспетчерлiк қызмет көрсетудi қамтамасыз ету, бақыланбайтын G сыныпты әуе кеңiстiгiнде әуе қозғалысына ұшу-ақпараттық консультациялық қызмет көрсету.
279. AҰE бойынша ұшулар:
1) бақыланатын А, С сыныпты әуе кеңiстiгiнде - аспаптық жылдамдық шектелмей;
2) бақыланбайтын G сыныпты әуе кеңiстiгiнде 3000 м эшелоннан төмен ұшқан жағдайда, егер КҰЕ ережесi қолданбайтын болса, аспаптық жылдамдықты (500 км/сағ астам) шектей отырып;
3) перделердi қолданып ұшу кезiнде орындалады.
280. Аспаптар бойынша ұшуды орындау үшiн әуе кемелерiнде бағыт бойынша «соқыр сипаттағы» ұшуды орындау және күрделi метеорологиялық жағдайларда қону үшiн қажеттi тиiстi аспаптар мен навигациялық жабдықтар орнатылады, олар стандартты жабдықтар деп аталады.
281. Бақыланатын әуе кеңiстiгiнде AҰE бойынша ұшу берiлген эшелондарда (биiктiктер) тiк, бойлай және бүйiрлiк эшелондау ережелерiне сәйкес, ұшудың берiлген режимiн және белгiленген бағытты қатаң ұстана отырып орындалады.
АҰЕ бойынша ұшуды орындау кезiнде экипаж көзбен шолып және борттағы радиотехникалық құралдарды пайдаланып әуедегi және метеорологиялық ахуалды тұрақты қадағалап отырады.
ҚР Үкіметінің 2010.02.02. № 61 қаулысымен 282-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
282. 414-тармақта көзделген жағдайларды қоспағанда, ұшу эшелонының өзгеруi ӘҚҚ диспетчерлiк органның рұқсатымен және нұсқауымен болады.
283. АҰЕ бойынша ұшу АҰЕ бойынша ұшу үшiн қауiпсiз эшелон белгiленгеннен төмен емес деңгейде немесе аумағы үстiнен ұшу орындалатын осы аудан үшiн ӘҚҚ органы белгiлеген ұшудың ең аз абсолюттiк биiктiгiнен төмен емес деңгейде немесе мұндай ең аз биiктiк белгiленбеген жерде:
1) қыратты немесе таулы жерлерде, әуе кемесiнiң есептi орнынан 8 км шегiнде орналасқан ең биiк кедергi нүктесiнен бастап санағанда 600 метрден төмен емес биiктiкте;
2) 1-тармақшада көрсетiлгеннен басқа барлық жағдайларда - әуе кемесiнiң есептiк орналасқан орнынан 8 км шегiнде орналасқан ең биiк кедергi нүктесiнен бастап санағанда 300 метрден төмен емес биiктiкте, сондай-ақ ұшқанда немесе қонғанда, қажет болатыннан басқа жағдайларды қоспағанда немесе бұған әуе қозғалысына қызмет көрсететiн диспетчерлiк орган арнайы рұқсат беретiнiнен басқа жағдайларды қоспағанда, орындалады.
284. AҰE бойынша ұшуды орындайтын әуе кемесiнiң командирi:
1) әуеайлақ аумағынан шығу схемасын, берiлген эшелонда (биiктiк) ұшу бағытын, төмендеу және қонуға бет алу сызбасын, берiлген траекториялар мен ұшу параметрiн сақтауға;
2) әуе кемесiнiң нақты қай жерде екендiгi, биiктiгi және ұшу жағдайлары туралы ақпараттың дұрыстығына және уақтылығына;
3) ӘҚҚ диспетчерлiк органның нұсқауларын дәл және уақтылы орындауға жауап бередi.
285. Басқаруымен ПҰЕ бойынша әуе кемелерiнiң ұшуы орындалатын ӘҚҚ тиiстi органның диспетчерi:
1) ұшу эшелондарын (биiктiктер) дұрыс тағайындауға;
2) тiк, бойлай және бүйiрге қарай эшелондаудың белгiленген арақашықтығын қамтамасыз етуге;
3) радиолокациялық бақылау бар болғанда әуе кемесiнiң ұшу бағытын, әуеайлақ аумағынан шығу, төмендеу және қонуға бет алу схемасын ұстануына бақылау жасауға;
4) экипажға метеорологиялық ахуал туралы, радиолокациялық бақылау бар болса берiлген траекториядан ауытқу туралы және қажет жағдайда, әуе жағдайы және орнитологиялық жағдай туралы берiлетiн ақпараттың дұрыстығына және уақтылығына;
5) әуе кемесiнiң экипаждарына берiлетiн нұсқаулар мен ұсыныстардың негiздiлiгiне;
6) iздестiру-құтқару жұмыстарын жүргiзген кезде iздестiру-құтқару қызметтерiне көмек көрсетуге жауап бередi.
286. AҰE ұшуы бойынша ұшудан КҰЕ бойынша ұшуға ауысқан кезде ӘҚҚ органын хабардар етедi. ӘҚҚ орган АҰЕ бойынша ұшуды өзгерткендiгi туралы ӘК экипажына растауға тиiс.
23-тарау. Көзбен шолып ұшу ережесi
287. Көзбен шолып ұшу ережелерi (бұдан әрi - КҰЕ):
1) экипаждың басқа әуе кемелерiнiң ұшуын көзбен шолып бақылау арқылы әуе кемелерiнiң белгiленген арақашықтығын ұстануды;
2) төменгi қауiпсiз эшелоннан төмен биiктiкте ұшқан кезде, сонымен қатар, нағыз қауiпсiз биiктiктi ұстану және алдыңғы жақты көзбен шолып бақылай отырып жасанды кедергiлердi айналып өтудi;
3) көзбен шолу бағдары көмегiмен және қолдағы бар пилотаждық-навигациялық құралдарды пайдалана отырып белгiленген бағытта ұшу схемасын ұстануды көздейдi.
288. КҰЕ бойынша ұшу ережелерi:
1) бақыланатын С сыныбы әуе кеңiстiгiнiң шегiнде және одан тысқары шеңберде, бақыланбайтын G сыныбы әуе кеңiстiгiнде ұшқан кезде;
2) күндiз;
3) iңiрде - жарық техникасы құралдарымен жабдықталған әуеайлақтарда (қону алаңында) немесе әуеден қону алаңын таңдағанда және жарық техникасы құралдарымен жабдықталмаған әуеайлақтарда, таң атқан соң 30 минуттен ерте емес және қараңғылық түскен соң 30 минуттен кеш емес уақытта ұшқан кезде қолданылады.
289. КҰЕ бойынша түнде ұшуға тыйым салынады, бiрақ көзбен шолып түнде қонуға рұқсат берiледi.
290. KҰE бойынша ұшу төменгi әуе кеңiстiгiнде орындалады. КҰЕ бойынша бақыланатын ұшу диспетчер рұқсат еткен жолдың ұзына бойына көзбен шолынатын метеорологиялық жағдайда (бұдан әрi - КМЖ) орындалуға тиiс. КҰЕ бойынша бақыланатын ұшуды орындауға ұшқышқа рұқсат беру ӘҚҚ орган тарапынан эшелондау қамтамасыз етiлмеуiн көздейдi.
291. KҰE бойынша ұшу (КҰЕ бойынша арнайы ұшуды қоспағанда) көзге көрiнетiн және бұлттарға дейiнгi аралықта 3-кестеде және осы Ереженiң 5-қосымшасын көрсетiлген қашықтыққа тең немесе одан асатын жағдайда бақыланбайтын G сыныбы әуе кеңiстiгiнде, аспаптық жылдамдықты 500 км/сағ-тан асырмай шектей отырып, ұшу эшелоны 3000 метрден төмен ұшқан кезде орындалады.
3-кесте
Сыныбы | Ұшулардың биiктiгi | Ұшудағы көру мүмкiндiгi | Бұлттарға дейiнгi аралық |
G | Бұл шамалардың қайсысы көп екендiгiне қарай, теңiз деңгейiнен 900 м биiктiктен жоғары немесе сол жердiң үстiнде 300 м биiктiктен жоғары Бұл шамалардың қайсысы көп екендiгiне қарай, теңiз деңгейiнен 900 м биiктiкте және одан төмен немесе сол жердiң үстiнде 300 м биiктiкте | Теңiз деңгейiнен 3000 м биiктiкте - 8 км-ден кем емес немесе теңiз деңгейiнен - 3000 м-ден төменгi биiктiкте - 5 км- ден кем емес 5 км. | Көлденеңiнен 1500 м Тiгiнен 300 м Бұлттар болмаған және жер бетi мен су бетi көрiнген жағдайда |