Қазақстан Республикасы кеден органының лауазымды адамы қызметтік
міндеттерін атқаруына байланысты қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда
қаза тапқан (қайтыс болған) адамның отбасына немесе оның асырауындағы
адамдарға (мұрагерлеріне) біржолғы өтемақы төлеу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 2 шілдедегі № 644 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005.27.10. № 1079 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 526-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы кеден органының лауазымды адамы қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты қаза тапқан (қайтыс болған) адамның отбасына немесе оның асырауындағы адамдарға (мұрагерлеріне) біржолғы өтемақы төлеу ережесі бекітілсін.
2. Осы құжат ресми түрде жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 2 шілдедегі
№ 644 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы кеден органының
лауазымды адамы қызметтік міндеттерін атқаруына
байланысты қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда қаза
тапқан (қайтыс болған) адамның отбасына немесе оның
асырауындағы адамдарға (мұрагерлеріне) біржолғы
өтемақы төлеу ережесі
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Кеден кодексінiң 526-бабының 3-тармағына сәйкес әзiрлендi және кеден органының лауазымды адамы қызметтiк мiндеттерiн атқаруына байланысты қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда қаза тапқан (қайтыс болған) адамның отбасына немесе оның асырауындағы адамдарға (мұрагерлерiне) бiржолғы өтемақы (бұдан әрi бiржолғы өтемақы) төлеудiң тәртібін айқындайды.
2. Бiржолғы өтемақы кеден органының лауазымды адамы қызметтiк мiндеттерiн атқаруына байланысты қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, қаза тапқан (қайтыс болған) адамның отбасына немесе оның асырауындағы адамдарға (мұрагерлерiне) төленедi.
3. Лауазымды адамның жұмыс орны бойынша кеден органы бiржолғы өтемақы алуға құқығы бар адамдарға бiржолғы өтемақы төлеу туралы өтiнiш беру қажеттiгi туралы мiндеттi түрде жазбаша хабардар етедi.
4. Бiржолғы өтемақы алуға құқығы бар адамдар лауазымды адамның жұмыс орны бойынша кеден органының бастығына мынадай құжаттарды ұсына отырып, 1-қосымшаға сәйкес бiржолғы өтемақы төлеуге өтiнiш бередi:
алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
азаматтық хал актілерін жазу органдарының (АХАЖ) қайтыс болғандығы туралы куәлiгiнiң нотариалды расталған көшiрмесi;
кәмелетке толмаған алушының туу туралы куәлiгінің көшiрмесi;
неке туралы куәлiк, не сот органдарының алименттер туралы атқару парағы (қамқоршылық туралы құжат), не мұраға құқығы туралы куәлiк;
қаза тапқан (қайтыс болған) адамның соңғы атқарған қызметi бойынша ақшалай үлесi туралы анықтама.
5. Лауазымды адамның жұмыс орны бойынша кеден органы 2-қосымшаға сәйкес бiржолғы өтемақы төлеуге арналған өтiнiштердi тiркеу журналында тiркелген күннен бастап 30 күннен аспайтын мерзiмде ұсынылған құжаттарды қарайды және бiржолғы өтемақыны алушыға арналған iс қағазын жүргiзедi.
Лауазымды адамның жұмыс орны бойынша кеден органы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 3 наурыздағы № 326 қаулысымен бекітілген Еңбек қызметiмен байланысты жазатайым оқиғалар мен қызметкерлер денсаулығының өзге де зақымдануларын тексеру және есепке алу ережесiнде белгіленген тәртіппен кеден органы лауазымды адамының қаза табуы (қайтыс болу) жағдайлары туралы тексеру жүргізіледі.
Біржолғы өтемақы aлушының іс-қағазы деректерінің негізінде біржолғы өтемақы төлеу туралы қорытынды, тағайындау туралы рапорт дайындалады, одан кейін іс қағаз төлеу туралы не бас тарту туралы шешім қабылдау үшін кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
6. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кеден органы лауазымды адамының қаза табуы (қайтыс болуы) қызметтік міндеттерін атқаруға қатысы жоқ жағдайларға байланысты болғандығы дәлелденсе, біржолғы өтемақы төленбейді.
7. Кеден ісі мәселелерi жөніндегі уәкiлетті орган біржолғы өтемақыны тағайындауға арналған құжаттарды алған сәттен бастап 15 күннен аспайтын мерзімде біржолғы өтемақыны тағайындаудың күнін көрсете отырып, біржолғы өтемақыны төлеу туралы шешім қабылдайды.
8. Кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның шешімін алғаннан кейін лауазымды адамның жұмыс орны бойынша кеден органы 15 күннің ішінде біржолғы өтемақыны алуға құқығы бар адамдарды қабылданған шешім туралы хабардар етеді.
Біржолғы өтемақыны лауазымды адамның жұмыс орны бойынша кеден органы республикалық бюджетте аталған ерекшелікке көзделген қаражаттың есебінен төлеу туралы шешім қабылданған сәттен бастап екі айдың ішінде Қазақстан Республикасының шегінде екінші деңгейдегі банкке алушының дербес шотына аудару, сондай-ақ оларды почта арқылы аудару жолымен төлейді.
9. Кәмелетке толмаған алушыларға біржолғы өтемақыны төлеу қамқоршылық және қорғаншылық органына, сондай-ақ оның заңды өкілдеріне өтініш берілген сәттен бастап екі айдың ішінде бір мезгілде хабарлай отырып, оның тұрғылықты жері бойынша екінші деңгейдегі банктегі оның дербес шотына аудару жолымен жүргізіледі.
10. Кеден органы біржолғы өтемақыны төлеуден бас тартқан жағдайда, бас тарту туралы шешім шығарылған сәттен бастап 15 күннің ішінде өтініш беруші бұл туралы жазбаша хабардар етеді. Бұл ретте өтініш берушінің кеден органының шешіміне заңнамада белгіленген тәртіппен шағымдануға құқығы бар.
Қазақстан Республикасы кеден органының
лауазымды адамы қызметтік міндеттерін
атқаруына байланысты қаза тапқан (қайтыс
болған) жағдайда қаза тапқан (қайтыс
болған) адамның отбасына немесе оның
асырауындағы адамдарға (мұрагерлеріне)
біржолғы өтемақы төлеу ережесі
1-қосымша
Кімге ____________________________________________________________
(мекеме (ұйым) басшысының лауазымы),
__________________________________________________________________
(арнайы атағы, Т.А.Ә.)
________________________________________________________мекен-жайы
бойынша тұратын___________________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты)
өтініш иесінің СТН N______________________________________________
Біржолғы өтемақы төлеуге өтініш
Сізден (залалдың орны толтырылуы тиіс оқиғаның сипаты көрсетіледі)
байланысты маған біржолғы өтемақыны төлеуіңізді сұраймын.
Маған тиесілі соманы (банктің атауы, банктің СТН-і, банктің МФО-сы,
алушының дербес есеп шотының N немесе байланыс бөлімшесі арқылы аудару
жағдайында оның мекен-жайы) аударуыңызды сұраймын.
Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беріп отырмын:
1.
2.
3.
4.
5.
өтініш берушінің қолы_________________
Қазақстан Республикасы кеден органының
лауазымды адамы қызметтік міндеттерін
атқаруына байланысты қаза тапқан (қайтыс
болған) жағдайда қаза тапқан (қайтыс
болған) адамның отбасына немесе оның
асырауындағы адамдарға (мұрагерлеріне)
біржолғы өтемақы төлеу ережесі
2-қосымша
Қазақстан Республикасы кеден органының лауазымды
адамы қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты
қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда қаза тапқан
(қайтыс болған) адамның отбасына немесе
оның асырауындағы адамдарға (мұрагерлеріне)
біржолғы өтемақы төлеуге арналған
өтініштерді тіркеу журналы
| Бір- жол- ғы өтем- ақы- ның сома- сы | Төлем құжаты- ның N және күні | Бас тартудың себебі |
1 2 3 4 5 6 7 |
|
|
|