ҚР Үкіметінің 2005.01.03. № 188 Қаулысымен 6-кіші бөлім өзгертілді (бұр. ред. қара)
6. CH (БСН) қолдану тетiгi мен аясы
СН Қазақстан Республикасының азаматтары - жеке тұлғаларына адам туылған кезде (туу туралы куәлiктi бергенде) берiледi, содан соң онымен өмiр бойы "бiрге жүредi":
жеке куәлiктi немесе төлқұжатты алғанда;
салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлегенде;
мiндеттi зейнетақы жарналарын ұстағанда және аударғанда;
жылжымайтын мүлiк объектiлерiн және көлiк құралдарын тiркегенде;
банк мекемелерiнде шот ашқанда;
рұқсат беру сипатындағы құжаттарды (лицензиялар, патенттер, жүргiзушiнiң куәлiгi, ластауға, су пайдалануға рұқсаттар және тағы басқа) алғанда;
тiркеу сипатындағы құжаттарды (жеке кәсiпкер куәлiгi, сыртқы экономикалық қызметке қатысушы ретiнде тiркеу және тағы басқа) алғанда;
әскери билет, офицер (прапорщик) жеке куәлiгiн алғанда;
кедендiк-ресiмдеу кезiнде;
басқа.
Қазақстан Республикасына келетiн және көшi-қон қызметiнде тiркелуге тиiс резидент емес жеке тұлғаларға СН беру жүргiзiлетiн болады.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасында iс жүзiнде жоқ, алайда Қазақстан Республикасында салық салу объектiсi бар резидент емес жеке тұлғаларға СН беру талап етiледi.
Заңды тұлғаларға БСН беру мемлекеттік тiркеу кезiнде жүргiзiлетiн болады. Бұл ретте осы рәсiм заңды тұлғаның филиалдары мен өкiлдiктерiн есептiк тiркеу кезiнде де жүргiзiледi.
БСН беру рәсiмi қызметiн бiрлескен кәсiпкерлiк негiзiнде жүзеге асыратын жеке кәсiпкерлерге қатысты да жүргiзiлетiн болады.
Бұдан басқа, бизнес - сәйкестендiру нөмiрiнiң құрылымына кiретiн мәлiметтер өзгерген жағдайда, жаңа БСН-дi берумен қайта тiркеу рәсiмi жүргiзiледi. Бұл ретте Сәйкестендіру нөмірлері ұлттық тізілімдерге СН бойынша да, БСН бойынша да соның iшiнде СН (БСН) беру, БСН құрылымына кiретiн мәлiметтердi өзгерту, сондай-ақ CH (БСН) жою бөлiгiнде барлық өзгерістердiң тарихы жүргiзiледi.
CH (БСН) берудiң нақты тетiктерiн, сондай-ақ CH (БСН) тiркеу және беру рәсiмдерiн жүргiзуге жауапты мемлекеттік органдарды айқындауды мемлекеттік шығыстарды мейлiнше азайту мен жеке және заңды тұлғаларға барынша қолайлы жағдай туғызу тұрғысынан қарау қажет.
CH (БСН) орталықтандырылған дерекқорына жүгiну жолымен CH-дi (БСН-дi) мiндеттi түрде "оn-line" режимiнде беру CH (БСН) қайталануын болдырмау мақсатында сақталуға тиiс негiзгi талап болып табылады. Сондықтан, тiркеу жүйесiнiң жұмыс iстеу мүмкiндiгiн аудандық деңгейде iске асыру талап етiледi.
СН жеке тұлғаның суретi мен CH-i бар smart-карточка түрiнде болатын жеке бас куәлiгiне микропроцессорлық технологияны қолдану арқылы микропроцессорлық карточкалар негiзiнде төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесiн дамыту бағдарламасын iске асыру кезiнде сәттi пайдаланыла алады. Мұндай куәлiк-карточка тiркеу мәлiметтерiн сақтау үшiн ғана пайдаланылып қоймай, сонымен қатар ағымдағы банктiк шоттағы қалдықтар туралы, зейнетақы жинақтары, әлеуметтiк, мiндеттi медициналық сақтандыру деректерi туралы, салықтық мiндеттемелердi орындау туралы және тағы да басқа ақпараттарды жадында сақтайтын электрондық әмиян ретiнде қолданылуы мүмкiн.
ҚР Үкіметінің 2006.14.04. № 282 қаулысымен 7-бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. СН (БСН) көшу
CH және БСН енгізудi бiрқатар даярлық iс-шараларын iске асыру қажет болатын СН мен БСН-ге өту алдындағы уақытша кешеуiлдеудi анықтай отырып, белгiлi бiр күннен бастап жүргiзу орынды.
Атап айтқанда, «Сәйкестендіру нөмірлері ұлттық тізілімдері туралы», «Қазақстан Республикасының Сәйкестендіру нөмірлерінің Сәйкестендіру нөмірлері ұлттық тізілімдерінің мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарды әзірлеу мен қабылдауды, сол сияқты Қазақстан Республикасы Үкіметінің осы заң жобаларын іске асыру жөніндегі қаулыларын әзірлеу мен қабылдауды және ведомстволық кесімдерді қабылданған заң жобаларына сәйкес келтіруді қамтитын нормативтік базаны қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жүргізу талап етіледі.
Сондай-ақ белгiлi бiр күннен бастап "өтпелi" деп аталатын кезең iшiнде мынадай процестердi қатар жүргiзу ұсынылады:
туу туралы куәлiктердi, жеке басын куәландыратын құжаттарды, салық төлеушiнiң куәлiктерiн, заңды тұлғаны мемлекеттік (есептiк) тiркеу туралы куәлiктердi және жеке кәсiпкер ретiнде мемлекеттік тiркеу туралы куәлiктердi тiркеу органдарына осындай құжаттарды бiрiншi рет алуға жүгiнген жеке және заңды тұлғаларға СН (БСН) көрсетумен (бұдан әрi - CH (БСН) көрсетiлген құжаттар) беру;
тiркеу органдарына қайта тiркеу үшін жүгiнген жеке және заңды тұлғаларға "ескi" құжаттардың орнына СН (БСН) көрсетiлген "жаңа" құжаттар беру.
"Өтпелi" кезеңге дейiн СН мен БСН-нің Сәйкестендіру нөмірлері ұлттық тізілімдерін жасау мен енгізудi қамтамасыз ететiн бағдарламалық өнiмдердi әзiрлеу мен пилоттық енгізудi жүргiзу, сондай-ақ Сәйкестендіру нөмірлері ұлттық тізілімдерді жүргiзуге жауапты уәкiлеттi органды айқындау керек.
Мемлекеттік органдарға ведомстволық ақпараттық жүйелердiң бағдарламалық қамтамасыз етiлуiн пысықтауға бiршама уақыт қажет. Атап айтқанда, салық органдары мен Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң бөлiмшелерi даярлық кезеңi iшiнде берiлген СН-дi бұрын берiлген СТН-мен және ӘЖК-пен "байлау" бойынша жұмыс жүргiзуi тиiс.
Бiрлескен кәсiпкерлiк негiзiнде қызметiн жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен жеке кәсiпкерлер бойынша БСН беру және оларды бұрын берiлген CTH-мен "байлау" жөнiнде осыған ұқсас жұмыс жүргiзу қажет болады.
Банк жүйесiнде де белгiлi бiр жұмыстар жүргiзу қажет болады. Мысалы, төлем құжаттарының нысанына және тиiсiнше, төлемдерге қызмет көрсету бойынша, оның iшiнде CH және БСН дәлдiгiн тексеру бойынша бағдарламалық қамтамасыз етуге өзгерістер енгізу қажет болады.
Ақпараттандыру саласында жұмыстар жүргізу бөлiгіндегі iс-шаралар Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберiнде жүзеге асырылатын болады.
Сонымен, ақпараттық iс-шараларды жүргiзу туралы мәселеге мұқият болған жөн. Жұртшылық мемлекеттік органдардың қолданғалы отырған даярлық iс-әрекеттерi туралы кең құлақтандырылуы үшiн бар күштi салу қажет. Жүргiзiлетiн шешiмдердiң мерзiмдерi, жүйелiлiгi, СН-ге көшу мүмкiндiгiнше қалыпты өтетiндей және халыққа аса ыңғайсыздық туғызбайтындай етiп жоспарлануы тиiс.
6. Қажеттi ресурстар мен қаржыландыру көздерi
Бағдарламада көзделген iс-шараларды iске асыру мемлекеттік бюджет қаражаттарынан қаржыландыруды талап етпейдi.
7. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер
Бағдарламаны iске асыру жеке (заңды) тұлғаның бiрыңғай нөмiрiн қолдануға көшудi жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi, бұл сайып келгенде, есепке алудың жалпы мемлекеттік жүйесi ретiнде Қазақстан Республикасында жеке және заңды тұлғалардың Сәйкестендіру нөмірлері ұлттық тізілімдерін жасау мiндетiн iске асыруға септiгiн тигiзедi.
Жеке (заңды) тұлғаның бiрыңғай нөмiрi негiзiнде Сәйкестендіру нөмірлері ұлттық тізілімдеріді жасау мен жүргiзудiң; бiрыңғай нөмiрдi берудiң, тиiстi растаушы құжаттарды берудiң тәртібі мен мерзiмдерiнiң; бiрыңғай нөмiрi көрсетiлмеген құжаттары бар жеке (заңды) тұлғаларға "қайта тiркеу" рәсiмiн жүргiзу мен тәртібін регламенттеу мен мерзiмдерiн белгiлеудiң тұжырымдамалық негiздерi; қолданыстағы нормативтiк құқықтық кесiмдердi қабылданатын заң жобаларына сәйкес келтiру қажеттi құқықтық негiздемеге ие болады.
Мемлекет ақпараттық ресурстарды басқару және пайдалану тетiгiн жетiлдiру мүмкiндiгiне ие болады. Мемлекеттік атқарушы органдар Сәйкестендіру нөмірлері ұлттық тізілімдерінің бiрыңғай жалпы мемлекеттік бағасына жүгiне отырып, өздерiнiң ведомстволық есепке алу жүйесiн қалыптастыра алады және мемлекеттік органдардың ақпараттық дерекқорын жандандыру және ақпараттың қосарланушылығын болдырмау мiндеттерiн шеше алады, бұл сайып келгенде, әлеуметтiк-экономикалық жағдайды нығайтуға және мемлекеттiң ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге ықпал етедi.
Бағдарламаны iске асыру азаматтардың және заңды тұлғалардың жүгiнуi кезiнде мемлекеттік рәсiмдердi жүргізудi жеделдету мен жеңiлдету негiзiнде жеке тұлғалар мен шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң мемлекеттік органдармен қарым-қатынастарын жетiлдiруге ықпал етедi, бұл соның iшiнде кәсiпкерлердiң iскерлiк белсендiлiгiнiң дамуында да оң көрiнiс табады.
СН (БСН) байланыстырушы буын ретiнде пайдалану негiзiнде Сәйкестендіру нөмірлері ұлттық тізілімдерінің бiрыңғай ақпараттық жүйелерiн жасау халықтан алынған ақпаратты бiрнеше мәрте енгізудi болдырмау есебiнен ақпаратты енгізуге мемлекеттік қызметкерлердiң еңбек шығындарын төмендетуге ықпал ететiн болады, қолда бар және әзiрленiп жатқан ведомстволық есепке алу жүйелерiнiң салыстырылмауы проблемасын шешедi.
ҚР Үкіметінің 07.01.04 ж. № 13 (бұр. ред. қара); 27.08.04 ж. № 902 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 8-бөлім өзгерді
8. Бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары
а1а2 а3а4 а5а6 | а7 | а8а9а10а11 | а12 |
Жеке тұлғаның туған жылының соңғы екi саны, айы, күні | Жеке тұлғаның жынысы және оның туған ғасыры: ер жыныстылар үшiн: 1 - 19 ғасыр, 3 - 20 ғасыр, 5 - 21 ғасыр; әйел жыныстылар үшiн: 2 - 19 ғасыр, 4 - 20 ғасыр, 6 - 21 ғасыр. 7, 8, 9 және 0 резервтік мәндер. | Тiркеудiң реттiк нөмірі | Бақылау разряды. |
Қызметтерiн өзiндiк кәсiпкерлiк нысанында жүзеге асыратын жеке кәсiпкерлер (бұдан әрi - ЖК (Ө) жеке тұлғаға туылған кезде берiлген CH-дi пайдаланатын болады.
4. БСН-дi генерациялау алгоритмi
БСН-дi генерациялаудың мынадай алгоритмi ұсынылады:
1) бiрiншi фасет - 4 разрядтан (а1 - a4 дейiн) тұрады және заңды тұлғаны немесе қызметiн бiрлескен кәсiпкерлiк негiзiнде жүзеге асыратын жеке кәсiпкерлердi (бұдан әрi - ЗТ немесе ЖК (Б) тiркеудiң жылын (соңғы екi саны) және айын сипаттайды;
2) екiншi фасет - 1 разрядтан (а5) тұрады және ЗТ немесе ЖК(Б) түрiн сипаттайды. Бұдан басқа, осы разрядтың алгоритм есептерiнiң мәнi БСН-нiң СН-мен сәйкес келу мүмкiндiгін болдырмау үшiн пайдаланылады.
CH құрылымында a5 (бесiншi разряд) туған күнiнiң бiрiншi санын бiлдiретiн болғандықтан, ал туған күнi тек 0, 1, 2 немесе 3 (мысалы, 01, 11, 21, 31) санынан басталуы мүмкiн екендiгiн ескере отырып, БСН құрылымында а5 (бесiншi разрядта) генерациялаудың мiндеттi шарты 0, 1, 2 және 3 сандарын пайдалануды болдырмау болады.
Бұл разрядтың мынадай нақты мәндерiн пайдалану ұсынылады:
4 - резидент заңды тұлғалар үшiн;
5 - резидент емес заңды тұлғалар үшін;
6 - қызметiн бiрлескен кәсiпкерлiк негiзiнде жүзеге асыратын жеке кәсiпкерлер үшiн.
Демек, бұл разрядта 7, 8 және 9 резервтiк мәндер бар;
3) үшiншi фасет - 1 разрядтан (а6) тұрады және а5 разрядын қосымша тәптiштеу болып табылатын арнайы белгiнi сипаттайды:
0 - ЗТ немесе ЖК(Б) бас бөлiмшесiнiң белгiсi;
1 - ЗТ немесе ЖК(Б) филиалының белгiсi;
2 - ЗТ немесе ЖК(Б) өкiлдiгiнiң белгiсi;
3 - ЗТ немесе ЖК(Б) өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмшесiнiң белгiсi;
4 - қызметiн бiрлескен кәсiпкерлiк негiзiнде жүзеге асыратын шаруа (фермер) қожалығының белгiсi;
4) төртiншi фасет - 5 разрядтан (а7 - а11 дейiн) тұрады және жүйеде ЗТ немесе ЖК(Б), сондай-ақ олардың құрылымдық бөлiмшелерiн тiркеудiң реттiк нөмiрiн сипаттайды;
5) бесiншi фасет - 1 разрядтан (а12) тұрады және БСН-нiң бақылау разряды болып табылады. БСН бақылау разряды есебiнiң алгоритмi Бағдарламаның 5-тарауының 5-параграфында келтiрiлген және СН бақылау разрядының есебiне ұқсас.
Осылайша, БСН құрылымы мынадай түрде болады:
а1а2 а3а4 | а5 | а6 | а7а8а9а10а11 | а12 |
ЗТ немесе ЖК(С) тiркеу жылының, соңғы екi саны, айы. | Салық төлеушiнiң түрi: 4 - резидент заңды тұлғалар; 5 - резидент емес заңды тұлғалар; 6 - бiрлескен кәсiпкерлiк негiзіндегі жеке кәсiпкерлер. CH-мен сәйкестiктi болдырмау мақсатында 0, 1, 2, 3 сандарын пайдаланбаңыз. 7, 8 және 9 резервтiк мәндер | Арнайы белгi (а5 разрядын қосымша тәптiштеу): 0 - бас бөлiмше; 1 - филиал; 2 - өкiлдiк; 3 - өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмше; 4 - бiрлескен кәсiпкерлiк негiзіндегі шаруа (фермер) қожалығы. | ЗТ немесе ЖК(Б), сондай-ақ құрылымдық бөлiмшелерді тiркеудiң реттiк нөмiрi. | Бақылау разряды. |
5. Бақылау разрядының мәнiн есептеу алгоритмi
CH (БСН) құрамына бақылауды жүзеге асыру және клавиатуралық енгізу қателiктерiн кемiту мақсатында, 12 бақылау разрядының болуы көзделедi, оны есептегенде бiр циклда мынадай алгоритм пайдаланылады:
а12 = (1*а1+3*а2+7*а3+9*а4+3*а5+1*а6+9*а7+7*а8+3*а9+9*а10+1*а11) mod 10,
мұнда аі - i-разрядтың мәнi.
10-модуль бойынша есептеп шығаруды жүргiзу СН (БСН) бiрыңғай нөмiрiнiң жол берiлмейтiн мәнiн бақылау сапасын елеулi дәрежеге жоғарылатады.
Қате үлгісi | Нәтиже |
Бір разрядтағы қате Екі разрядтағы қате Екі көршiлес разрядтар мәндерiнiң ауысуы Екi разряд мәндерiнiң ауысуы Разрядтардың екi жұбы мәндерiнiң ауысуы | 100% 91% 90% 81,8% 81% |
Жеке басты куәландыратын, бұрын берiлген құжаттарды қайта тiркегенге және жаңа үлгiдегi құжаттарға (smart-карточкалар) ауыстыруға дейiн, Жеке (заңды) тұлғалардың мемлекеттік дерекқорын құру кезiнде екi циклда 11 модуль бойынша 12 бақылау разрядын есептеу алгоритмiмен, азаматтың жеке басын куәландыратын құжаттарда басылған ID-коды пайдаланылады.
6. CH (БСН) қолдану тетiгi мен аясы
СН Қазақстан Республикасының азаматтары - жеке тұлғаларына адам туылған кезде (туу туралы куәлiктi бергенде) берiледi, содан соң онымен өмiр бойы "бiрге жүредi":
жеке куәлiктi немесе төлқұжатты алғанда;
салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлегенде;
мiндеттi зейнетақы жарналарын ұстағанда және аударғанда;
жылжымайтын мүлiк объектiлерiн және көлiк құралдарын тiркегенде;
банк мекемелерiнде шот ашқанда;
рұқсат беру сипатындағы құжаттарды (лицензиялар, патенттер, жүргiзушiнiң куәлiгi, ластауға, су пайдалануға рұқсаттар және тағы басқа) алғанда;
тiркеу сипатындағы құжаттарды (жеке кәсiпкер куәлiгi, сыртқы экономикалық қызметке қатысушы ретiнде тiркеу және тағы басқа) алғанда;
әскери билет, офицер (прапорщик) жеке куәлiгiн алғанда;
кедендiк-ресiмдеу кезiнде;
басқа.
Қазақстан Республикасына келетiн және көшi-қон қызметiнде тiркелуге тиiс резидент емес жеке тұлғаларға СН беру жүргiзiлетiн болады.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасында iс жүзiнде жоқ, алайда Қазақстан Республикасында салық салу объектiсi бар резидент емес жеке тұлғаларға СН беру талап етiледi.
Заңды тұлғаларға БСН беру мемлекеттік тiркеу кезiнде жүргiзiлетiн болады. Бұл ретте осы рәсiм заңды тұлғаның филиалдары мен өкiлдiктерiн есептiк тiркеу және басқа да оқшауланған құрылымдық бөлiмшесiн салық органдарында тiркеу кезiнде де жүргiзiледi.
БСН беру рәсiмi қызметiн бiрлескен кәсiпкерлiк негiзiнде жүзеге асыратын жеке кәсiпкерлерге қатысты да жүргiзiлетiн болады.
Бұдан басқа, бизнес - сәйкестендiру нөмiрiнiң құрылымына кiретiн мәлiметтер өзгерген жағдайда, жаңа БСН-дi берумен қайта тiркеу рәсiмi жүргiзiледi. Бұл ретте Сәйкестендіру нөмірлері ұлттық тізілімдерге СН бойынша да, БСН бойынша да соның iшiнде СН (БСН) беру, БСН құрылымына кiретiн мәлiметтердi өзгерту, сондай-ақ CH (БСН) жою бөлiгiнде барлық өзгерістердiң тарихы жүргiзiледi. CH (БСН) берудiң нақты тетiктерiн, сондай-ақ CH (БСН) тiркеу және беру рәсiмдерiн жүргiзуге жауапты мемлекеттік органдарды айқындауды мемлекеттік шығыстарды мейлiнше азайту мен жеке және заңды тұлғаларға барынша қолайлы жағдай туғызу тұрғысынан қарау қажет.
CH (БСН) орталықтандырылған дерекқорына жүгiну жолымен CH-дi (БСН-дi) мiндеттi түрде "оn-line" режимiнде беру CH (БСН) қайталануын болдырмау мақсатында сақталуға тиiс негiзгi талап болып табылады. Сондықтан, тiркеу жүйесiнiң жұмыс iстеу мүмкiндiгiн аудандық деңгейде iске асыру талап етiледi.
СН жеке тұлғаның суретi мен CH-i бар smart-карточка түрiнде болатын жеке бас куәлiгiне микропроцессорлық технологияны қолдану арқылы микропроцессорлық карточкалар негiзiнде төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесiн дамыту бағдарламасын iске асыру кезiнде сәттi пайдаланыла алады. Мұндай куәлiк-карточка тiркеу мәлiметтерiн сақтау үшiн ғана пайдаланылып қоймай, сонымен қатар ағымдағы банктiк шоттағы қалдықтар туралы, зейнетақы жинақтары, әлеуметтiк, мiндеттi медициналық сақтандыру деректерi туралы, салықтық мiндеттемелердi орындау туралы және тағы да басқа ақпараттарды жадында сақтайтын электрондық әмиян ретiнде қолданылуы мүмкiн.
7. СН (БСН) көшу
CH және БСН енгізудi бiрқатар даярлық iс-шараларын iске асыру қажет болатын СН мен БСН-ге өту алдындағы уақытша кешеуiлдеудi анықтай отырып, белгiлi бiр күннен бастап жүргiзу орынды.
Оның iшiнде, "Сәйкестендіру нөмірлері ұлттық тізілімдер туралы", " Сәйкестендіру нөмірлері ұлттық тізілімдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңын қолданысқа енгізу туралы", "Кейбір заң актілеріне Сәйкестендіру нөмірлері ұлттық тізілімдер туралы Қазақстан Республикасының Заңын қолданысқа енгізуге байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңдарды әзiрлеу мен қабылдауды да, осы заң жобаларын iске асыру жөнiндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулыларын әзiрлеу мен қабылдау және ведомстволық актiлердi қабылданған заң жобаларына сәйкес келтiруді де қамтитын нормативтiк базаны қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды жүргiзу талап етiледi.
Сондай-ақ белгiлi бiр күннен бастап "өтпелi" деп аталатын кезең iшiнде мынадай процестердi қатар жүргiзу ұсынылады:
туу туралы куәлiктердi, жеке басын куәландыратын құжаттарды, салық төлеушiнiң куәлiктерiн, заңды тұлғаны мемлекеттік (есептiк) тiркеу туралы куәлiктердi және жеке кәсiпкер ретiнде мемлекеттік тiркеу туралы куәлiктердi тiркеу органдарына осындай құжаттарды бiрiншi рет алуға жүгiнген жеке және заңды тұлғаларға СН (БСН) көрсетумен (бұдан әрi - CH (БСН) көрсетiлген құжаттар) беру;
тiркеу органдарына қайта тiркеу үшін жүгiнген жеке және заңды тұлғаларға "ескi" құжаттардың орнына СН (БСН) көрсетiлген "жаңа" құжаттар беру.
"Өтпелi" кезеңге дейiн СН мен БСН-нің Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасау мен енгізудi қамтамасыз ететiн бағдарламалық өнiмдердi әзiрлеу мен пилоттық енгізудi жүргiзу, сондай-ақ Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерді жүргiзуге жауапты уәкiлеттi органды айқындау керек.