«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 маусымдағы
№ 565 қаулысына өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 сәуірдегі № 282 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық тізілімдерін жасау мақсатында Жеке (заңды) тұлғаның бірыңғай нөміріне (сәйкестендіру нөміріне (бизнес-сәйкестендіру нөміріне)) көшу бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2003 жылғы 11 маусымдағы № 565 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 26, 247-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) атауында, кіріспеде және 1-тармақта «Ұлттық тізілімдерін» деген сөздер «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 2 және 3-тармақтарда «Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігіне» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары К.Қ. Мәсімовке жүктелсін.»;
4) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық тізілімдерін жасау мақсатында Жеке (заңды) тұлғаның бірыңғай нөміріне (сәйкестендіру нөміріне (бизнес-сәйкестендіру нөміріне) көшу бағдарламасында:
атауында және мәтінде «Ұлттық тізілімдерін», «Ұлттық тізілімдерде», «Ұлттық тізілімдерінің» деген сөздер тиісінше «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін», «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінде», «Сәйкестендіру нөмірлері ұлттық тізілімдерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Кіріспе» деген 2-бөлімнің екінші абзацында «және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі бағыттары бойынша қызметті» деген сөздер алынып тасталсын;
«Мәселенің қазіргі жай-күйін талдау» деген 3-бөлімнің төртінші және бесінші абзацтарында «Ішкі істер министрлігінде», «Ішкі істер министрлігі» деген сөздер тиісінше «Әділет министрлігінде», «Әділет министрлігі» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетіктері» деген 5-бөлімде:
2-кіші бөлімнің бірінші абзацында «Ішкі істер министрлігі», «Ішкі істер министрлігінің» деген сөздер тиісінше «Әділет министрлігі», «Әділет министрлігінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-кіші бөлімнің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Атап айтқанда, «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы», «Қазақстан Республикасының Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінің мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарды әзірлеу мен қабылдауды, сол сияқты Қазақстан Республикасы Үкіметінің осы заң жобаларын іске асыру жөніндегі қаулыларын әзірлеу мен қабылдауды және ведомстволық кесімдерді қабылданған заң жобаларына сәйкес келтіруді қамтитын нормативтік базаны қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жүргізу талап етіледі.»;
«Бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 8-бөлімде:
реттік нөмірі 1-жолда:
«Іс-шара» деген бағанда «1) «Ұлттық тізілімдер туралы»; 2) «Ұлттық тізілімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қолданысқа енгізу туралы»; 3) «Ұлттық тізілімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қолданысқа енгізуге байланысты кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» деген сөздер «1) «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» 2) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Сәйкестендіру нөмірлері ұлттық тізілімдерінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Орындалуына (жүзеге асырылуына) жауапты» деген бағанда «Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі, Қаржы министрлігі, Әділет министрлігі» деген сөздер «Әділет министрлігі, Қаржы министрлігі, Ақпараттандыру және байланыс агенттігі» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Көші-қон және демография жөніндегі агенттігі» деген сөздер алынып тасталсын;
«Кедендік бақылау агенттігі» деген сөздер «Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Орындалу (жүзеге асырылу) мерзімі» деген бағанда «2004 жылдың 1 қыркүйекке дейін» деген сөздер «2006 жылғы 1 тамызға дейін» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 2-жолда:
«Іс-шара» деген бағанда «Ұлттық тізілімдер туралы», «Ұлттық тізілімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қолданысқа енгізу туралы», «Ұлттық тізілімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қолданысқа енгізуге байланысты кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» деген сөздер «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық кесімдеріне Сәйкестендіру нөмірлері ұлттық тізілімдерінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Орындалуына (жүзеге асырылуына) жауаптылар» деген бағанда «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Ақпараттандыру және байланыс агенттігі, Әділет министрлігі» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Қаржы министрлігі, Ақпараттандыру және байланыс агенттігі» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Көші-қон және демография жөніндегі агенттігі» деген сөздер алынып тасталсын;
«Кедендік бақылау агенттігі» деген сөздер «Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 3-жолда:
«Іс-шара» деген бағанда «Ұлттық тізілімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Ұлттық тізілімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қолданысқа енгізу туралы» деген сөздер «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы», Қазақстан Республикасының Заңына және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Сәйкестендіру нөмірлері ұлттық тізілімдерінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Орындалуына (жүзеге асырылуына) жауапты» деген бағанда «Қаржы министрлігі, Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі, Әділет министрлігі» деген сөздер «Әділет министрлігі, Қаржы министрлігі, Ақпараттандыру және байланыс агенттігі» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Көші-қон және демография жөніндегі агенттігі,» деген сөздер алынып тасталсын;
«Кедендік бақылау агенттігі» деген сөздер «Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 4-жолда:
«Іс-шара» деген бағанда «Ұлттық тізілімдер» деген сөздер «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Орындалуына (жүзеге асырылуына) жауапты» деген бағанда «Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі» деген сөздер «Әділет министрлігі» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Ақпарат министрлігі» деген сөздер «Мәдениет және ақпарат министрлігі» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Орындалу (жүзеге асырылу) мерзімі» деген бағанда «2005 жыл» деген сөздер «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілген күнінен бастап» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 5-жолда:
«Орындалу (жүзеге асырылу) мерзімі» деген бағанда «Ұлттық тізілімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қолданысқа енгізу туралы» Заңға сәйкес келтірілген күннен бастап» деген сөздер «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген мерзімде» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 6-жолда:
«Орындалуына (жүзеге асырылуына) жауапты» деген бағанда «Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі, Көлік және коммуникациялар министрлігі, Әділет министрлігі» деген сөздер «Әділет министрлігі, Көлік және коммуникация министрлігі, Ақпараттандыру және байланыс агенттігі» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Көші-қон және демография жөніндегі агенттігі» деген сөздер алынып тасталсын;
«Кедендік бақылау агенттігі» деген сөздер «Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Орындалу (жүзеге асырылу) мерзімі» деген бағанда «2007 жылғы 1 қаңтарға дейін» деген сөздер «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | Д. Ахметов |