Қазақстан Республикасының Ұлттық тiзiлiмдерiн жасау мақсатында Жеке
(заңды) тұлғаның бірыңғай нөмiріне (сәйкестендiру нөмiріне
(бизнес-сәйкестендiру нөмiрiне) көшу бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 11 маусымдағы № 565 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 07.01.04 ж. № 13; 27.08.04 ж. № 902 қаулыларымен
енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 1 наурыздағы № 188 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұр. ред. қара
Қазақстан Республикасының Ұлттық тiзiлiмдерiн жасау және Жеке (заңды) тұлғаның бірыңғай нөмiрiне көшу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Ұлттық тiзiлiмдерiн жасау мақсатында Жеке (заңды) тұлғаның бірыңғай нөмiрiне (сәйкестендiру нөмiрiне (бизнес-сәйкестендiру нөмiрiне) көшу бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекітілсiн.
ҚР Үкіметінің 27.08.04 ж. № 902 қаулысымен 2-тармақ өзгерді (бұр. ред. қара)
2. Мемлекеттік органдар Бағдарламаны iске асыру жөнiндегі жоспарда айқындалған iс-шараларды Iске асыруды қамтамасыз етсiн және Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгiне есептi жарты жылдан кейiнгі айдың 10-күнiнен кешiктiрмей жарты жылдың қорытындылары бойынша олардың орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
ҚР Үкіметінің 27.08.04 ж. № 902 қаулысымен 3-тармақ өзгерді (бұр. ред. қара)
3. Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгiне Қазақстан Республикасының Үкіметіне есептi жарты жылдан кейiнгі айдың 25-күнiнен кешiктiрмей Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын.
ҚР Үкіметінің 27.08.04 ж. № 902 қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары С.М. Mыңбаевқа жүктелсiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | И.Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 11 маусымдағы
№ 565 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Ұлттық тiзiлiмдерiн жасау мақсатында
Жеке (заңды) тұлғаның бірыңғай нөмiрiне (сәйкестендiру нөмiрiне
(бизнес-сәйкестендіру нөмiрiне)
көшу бағдарламасы
ҚР Үкіметінің 27.08.04 ж. № 902 қаулысымен 1-бөлім өзгерді (бұр. ред. қара)
1. Бағдарламаның паспорты
Атауы
Қазақстан Республикасының Ұлттық тiзiлiмдерiн жасау мақсатында Жеке (заңды) тұлғаның бірыңғай нөмiрiне (сәйкестендiру нөмiрiне (бизнес-сәйкестендiру нөмiрiне) көшу бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама).
Қысқаша мазмұны
Бағдарламада жеке (заңды) тұлғаларды есепке алудың бірыңғай жүйесiн енгізу жөніндегі заң шығару және ұйымдастырушылық iс-шаралардың кешенi және осының негiзiнде Қазақстан Республикасында Жеке және заңды тұлғалардың Ұлттық тiзiлiмдерiн жасау көзделген. Бағдарламада жеке (заңды) тұлғаның бірыңғай нөмiрiнiң құрылымы және жеке тұлғалар үшiн, оның iшiнде қызметiн өзiндiк кәсіпкерлік негiзiнде жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер үшiн сәйкестендiру нөмiрiн (CH), ал заңды тұлғалар мен қызметiн бірлескен кәсiпкерлiк негізiнде жүзеге асыратын жеке кәсiпкерлер үшiн бизнес-сәйкестендiру нөмiрiн (БСН) қолдануға көшу тәртібі жөніндегі тұжырымдамалық ережелер қамтылады. Сонымен бірге Бағдарламада CH және БСН-дi қолдануға көшуге жағдайлар жасау жөнiнде министрлiктер мен ведомстволардың әрекеттерiн үйлестiру мәселесi қамтылған. Бағдарламаны қабылдау Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 16 наурыздағы № 573 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудың және дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 2 шiлдедегi № 713 қаулысымен бекітілген Микропроцессорлық карточкалар негізiнде Төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесiн дамыту бағдарламасын iске асыруға септiгiн тигiзетiн болады.
Iске асыру мерзiмi
2003-2007 жылдар.
ҚР Үкіметінің 27.08.04 ж. № 902 қаулысымен 2-бөлім өзгерді (бұр. ред. қара)
2. Кiрiспе
Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 16 наурыздағы № 573 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудың және дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында "Жеке тұлғалар" және "Заңды тұлғалар" деген мемлекеттік дерекқорларын жасау көзделген.
Осы тапсырманы iске асыру барысында Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 31 желтоқсандағы № 1384 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамыту жөніндегі жұмыстарды және ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң негiзгi бағыттары бойынша қызметтi үйлестiру жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Ақпараттандыру жөніндегі комиссия) жұмысының шеңберiнде бірыңғай нөмiрдiң құрылымына, сондай-ақ оларды қолдануға көшу жөніндегі шаралар кешенiне қатысты тұжырымдамалық ережелер әзiрлеу қажеттiгі туралы шешiм қабылданған болатын.
Осыған байланысты Ақпараттандыру жөніндегі комиссияның шеңберiнде әзiрленген оны iске асыру жөніндегі Iс-шаралар жоспарын қамтитын ұлттық тiзiлiмдердi жасау және жүргiзу мақсатында Жеке (заңды) тұлғаның бірыңғай нөмiрiн (CH (БСН) беру жөніндегі тұжырымдама Ақпараттандыру жөніндегі комиссияның 2003 жылғы 20 қаңтардағы, Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 25 ақпандағы отырысында қаралған және мақұлданған болатын.
3. Мәселенiң қазiргi жай-күйiн талдау
Қазiргi таңда Қазақстан Республикасында жеке тұлғаларды есепке алудың бірнеше жүйесi пайдаланылады. Атап айтқанда:
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетiнiң органдары салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi алу мақсатында жеке, сондай-ақ заңды тұлғаларға 12 сандық разрядтан тұратын салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн (СТН) бередi;
зейнетақылар мен әлеуметтiк жәрдемақыларды есептеу және төлеу үшiн Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі 16 разрядтан тұратын әлеуметтiк жеке код (ӘЖК) пайдаланады, мұнда разрядтарда сандармен қатар әрiптiк мәндер де пайдаланылады;
паспорттық бақылау үшiн Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігінде 12 сандық разрядтан тұратын азаматтың сәйкестендiру коды (ID-код) пайдаланылады. Бұл код азаматтың жеке куәлiгiнде және (немесе) паспортында көрсетiледi.
Соның салдарынан әрқайсысы өзiнiң нөмiрiнде (кодында) құрылатын ведомстволық автоматтандырылған дерекқор жүйесiн жасау мәселесiне атқарушы билiк органдарының iс-әрекетiнде келісілмеген әрекеттер бар. Мысалға, салық органдары салық төлеушiлердiң тiзiлiмiн жүргiзедi; Iшкi iстер министрлігі жеке басты куәландыратын берiлген құжаттар туралы дерекқорды қолдауда; көлiк полициясы органдары тiркелген көлiк құралдарының электронды дерекқорын қалыптастыруда; әлеуметтiк қорғау органдары әлеуметтiк жәрдемақыларды беру тiзiлiмiнiң жүргiзiлуiне жауап бередi және басқалары.
Қолда бар ведомстволық автоматтандырылған жүйелер, көбiнесе, әр орган жасап шығарған әдiстемелiк қағидаттар, персоналды ақпаратты жинаудың және пайдаланудың тұйықталған технологиялары, бір iзге салынбаған ақпараттық-лингвистикалық құралдар негiзiнде қалыптасады; аса маңызды емес мәлiметтерден (тек азаматтардың тиiстi мемлекеттік органға жүгінуi сәтiнде ғана көкейкестi болады) тұрады және оларды қалыптастыру мен жүргiзудiң ортақ алгоритмдерi, сондай-ақ ведомстволық автоматтандырылған жүйелермен жұмыс iстеу кезiнде байланыстырушы "кiлт" ретiнде пайдалануға болатындай бірыңғай нөмiр жоқ болуы себептi өзара байланыса алмайды.
Ведомстволық жүйелер арасындағы ақпараттық өзара iс-қимылдың мұндай бытыраңқылық, бәрiнен бұрын, халықты сәйкестендiруге мүмкiндiк беретiн мәлiметтердi жинауға және деректердi есепке алудың мемлекеттік жүйесiне бірнеше мәрте енгізуге ақталмайтын шығындарды тудырады. Бұл орайда қолмен енгізуде қателер туындамай қоймайтындығы сияқты жалпыға белгiлi проблемамен қатар, әрбір мемлекеттік орган ақпарат тiзiлiмiнiң өз пiшiмдерiн пайдаланады, сайып келгенде, дұрыс және кешендi ақпарат алудың мүмкiн еместiгiне әкелiп тiрейдi.
Қолда бар және әзiрленiп жатқан ведомстволық есепке алу жүйесiнiң салыстырылмауын жою проблемасын шешу жеке (заңды) тұлғаларды есепке алудың бірыңғай жүйесiн: сәйкестендiру нөмiрлерi мен бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiн енгiзген кезде мүмкiн болады, оны пайдалану олардың негiзiнде Қазақстан Республикасы Ұлттық тiзiлiмдерiнiң бірыңғай ақпараттық жүйесiн құруға мүмкiндiк бередi.
4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
Бағдарламаның мақсаттары мен мiндеттерi:
сәйкестендiру және бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiн енгізудiң негiзiнде жеке (заңды) тұлғаларды есепке алудың бірыңғай жүйесiне көшу;
сәйкестендiру және бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң құрылымы жөніндегі тұжырымдамалық ережелердi бекіту;
қолда бар және әзiрленiп жатқан ведомстволық есепке алу жүйелерiнiң салыстырылмауын жою проблемасын шешу, Қазақстан Республикасының Ұлттық тiзiлiмдерiн қалыптастыру үшiн алғышарттар жасау;
мемлекеттік органдардың ақпараттық дерекқорын көкейкестi етудi iске асыру және ақпаратты қайталауды болдырмау;
ақпараттық ресурстарды басқару және пайдалану тетiктерiн жетiлдiру;
азаматтардың және заңды тұлғалардың шағымдары кезiнде мемлекеттік рәсiмдердi жүргiзудi жеделдету мен жеңiлдету негiзiнде жеке тұлғалар мен шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынастарын жетiлдiру;
қажеттi нормативтiк құқықтық базаны жасау, сондай-ақ Қазақстан Республикасында сәйкестендiру және бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiн қолдануға көшу жөніндегі iс-шараларды жүргiзу болып табылады.
5. Бағдарламаны iске асырудың негiзгi бағыттары мен тетiктерi
1. Жалпы ережелер
Қазақстан Республикасында Ұлттық тiзiлiмдердiң бірыңғай ақпараттық жүйесiн жасау мақсатында жеке (заңды) тұлғаның бірыңғай нөмiрiн енгізудi Ұлттық тiзiлiмдердi құруға және жүргiзуге қатысты негiз құраушы қағидаттар мен нормаларды, халық пен мемлекеттің бірыңғай нөмiрдi гендеу жөніндегі өзара қарым-қатынастары рәсiмдерiн, ведомстволық автоматтандырылған есепке алу жүйесiн жүргiзу мақсатында мемлекеттік органдар арасындағы деректер алмасу регламентiн белгiлейтiн, жеке тұлғалар үшiн бірыңғай нөмiрлердi қолдану аясын шектейтiн, персоналды дерекқорды қалыптастыру кезiнде мемлекеттік органдар алған ақпараттардың құпиялылығын сақтау жөніндегі ережелерден тұратын заңнамалық кесiмдердi қабылдау, сондай-ақ бірыңғай нөмiрге өту жөніндегі iс-шараларды ұйымдастыру мен өткізу жолымен жүргізу қажет. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтiк құқықтық кесiмдерiн көрсетiлген заңнамалық кесiмдерге сәйкес келтiру талап етiледi.
Жеке (заңды) тұлғаның бірыңғай нөмiрiнiң атаулары ретiнде мыналарды пайдалану ұсынылады:
сәйкестендiру нөмiрi (СН) - жеке тұлғалар, оның iшiнде қызметiн өзiндiк кәсiпкерлiк негiзiнде жүзеге асыратын жеке кәсiпкерлер үшiн;
бизнес-сәйкестендiру нөмiрi (БСН) - заңды тұлғалар және қызметiн бірлескен кәсiпкерлiк негiзiнде жүзеге асыратын жеке кәсiпкерлер үшiн.
СН (БСН) жеке (заңды) тұлғаны Халық пен заңды тұлғалардың ұлттық тiзiлiмдерiнде (CH және БСН Ұлттық тiзiлiмдерiнде) бір мағыналы тiркеуге мүмкiндiк беретiн символдар кезектiлiгiн бiлдiруi тиiс.
СН (БСН) берiлген генерациялау алгоритмiне сәйкес берiледi. Бұл орайда CH (БСН) генерациялау деп бірыңғай нөмiрдi қалыптастыру және оны тиiстi құжаттарға қою рәсiмi түсiндiрiледi.
CH бір рет берiледi, CH құрылымына енетiн мәлiметтер өзгерген кезде сәйкестендiру нөмiрi өзгерiссiз қалады. Ұлттық тiзiлiмдерде СН (БСН) құрылымына енетiн мәлiметтердiң өзгеру тарихы жүргiзiледi, сондай-ақ жүргiзiлген қайта тiркеулер мен бұрын берiлген CH (БСН) жоюлар туралы ақпарат жинақталады.
СН (БСН) бірегей болуы тиiс, CH (БСН) қайталауға жол берiлмейдi. CH-дi қолдану аясы заңнамамен қатаң шектеледi. СН (БСН) мемлекеттік органдардың мамандандырылған дерекқорын СН (БСН) "байлау" жолымен орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының ақпараттық жүйелерiн жасау және жүргiзу үшiн "кiлт" ретiнде пайдаланылады.
СН (БСН) берудiң тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады.
Орталық атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен СН және БСН Ұлттық тiзiлiмдерiнiң бірыңғай жүйесi бойынша ақпараттардың құпиялылығын қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдауға мiндеттi.
2. СН (БСН) құрылымы
СН құрылымының негiзiне қазiргi таңда Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгі пайдаланып жүрген азаматтың он екi таңбалы сәйкестендiру кодын алу ұсынылады. Iшкi iстер министрлігінiң ақпараты бойынша кодтың осыған ұқсас құрылымы Данияда, Финляндияда, Жапонияда, Германияда, АҚШ-та, Францияда, Кувейтте, Малайзияда, Мальтада, Ботсванада, Кипрде, Египетте, Латвияда, Литвада, Эстонияда, Белоруссияда және басқа елдерде қолданылады. Қазақстанда бұл код 1997 жылдан бастап пайдаланылады.
Бұл кодтың артықшылығы оның есте жақсы сақталатындығы мен жеке тұлғалар үшiн ақпараттылығында болып отыр, өйткенi азаматтың қолданыстағы сәйкестендiру кодының құрылымында белгiлi бір комбинацияда азаматқа белгiлi туған күнi, айы және жылы, сондай-ақ жеке тұлғаның жынысы мен ғасыры бар.
БСН құрылымын әзiрлеу кезiнде бақылау разряды СН-нiң бақылау разрядына ұқсас есептелетiн он екi разрядты кодты пайдалану ұсынылады.
СН (БСН) құрылымында тек сандық мәндердi ғана пайдалану ұсынылады. Құрылым сандардың солдан оңға қарай кезектiлігінiң сипаттамасы түрiнде болады. Ыңғайлы болу үшiн ұқсас және (немесе) бірдей сипаттамасы бар бірнеше разрядтарды сипаттау үшiн бір фасетқа бірiктiрiлуi мүмкiн.
3. CH генерациялау алгоритмі
СН-дi генерациялаудың мынадай алгоритмi ұсынылады:
1) бірiншi фасет - 6 разрядтан (а1 - а6) тұрады және жеке тұлғаның туған жылын (соңғы екi сан), айы мен күнiн сипаттайды;
2) екiнші фасет - 1 разрядтан (а7) тұрады және жеке тұлғаның жынысы мен оның туған ғасырын сипаттайды. Разрядтың мәнiн айқындау кезiнде ерлер үшiн тақ сандар, ал әйелдер үшiн - жұп сандар пайдаланылады.
Бұл разряд үшiн нақты мәндер мынадай түрде болады:
1 - 19 ғасырда туған ерлер үшiн;
2 - 19 ғасырда туған әйелдер үшiн;
3 - 20 ғасырда туған ерлер үшiн;
4 - 20 ғасырда туған әйелдер үшiн;
5 - 21 ғасырда туған ерлер үшiн;
6 - 21 ғасырда туған әйелдер үшiн;
Демек, бұл разрядта 7, 8, 9 және 0 резервтiк мәндерi бар;
3) үшiншi фасет - 4 разрядтан (а8 - а11) тұрады және жүйедегi тiркеудiң реттiк нөмiрiн сипаттайды. Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттiгiнiң деректерi бойынша бір күнде туылғандардың ең жоғарғы саны (1999 жылдан бастап) - 1229 адам, сондықтан тiркеудiң реттiк нөмiрi үшiн 4 таңба толықтай жеткiлiктi. Тiркеудiң реттiк нөмiрi бір топтың шеңберiнде (туған жылы) жаппай нөмiрлеумен қойылады;
4) төртiншi фасет - 1 разрядтан (а12) тұрады және CH-нiң бақылау разряды болып табылады. CH-нiң бақылау разряды есебiнiң алгоритмi Бағдарламаның 5-тарауының 5-параграфында келтiрiлген.
Осылайша, CH құрылымы мына түрде болады (мұнда және бұдан әрi - аі i-разрядының мәнi):
а1а2 а3а4 а5а6 | а7 | а8а9а10а11 | а12 |
Жеке тұлғаның туған жылының соңғы екi саны, айы, күні | Жеке тұлғаның жынысы және оның туған ғасыры: ер жыныстылар үшiн: 1 - 19 ғасыр, 3 - 20 ғасыр, 5 - 21 ғасыр; әйел жыныстылар үшiн: 2 - 19 ғасыр, 4 - 20 ғасыр, 6 - 21 ғасыр. 7, 8, 9 және 0 резервтік мәндер. | Тiркеудiң реттiк нөмірі | Бақылау разряды. |
Қызметтерiн өзiндiк кәсiпкерлiк нысанында жүзеге асыратын жеке
кәсiпкерлер (бұдан әрi - ЖК (Ө) жеке тұлғаға туылған кезде берiлген CH-дi
пайдаланатын болады.
4. БСН-дi генерациялау алгоритмi
БСН-дi генерациялаудың мынадай алгоритмi ұсынылады:
1) бірiншi фасет - 4 разрядтан (а1 - a4 дейiн) тұрады және заңды тұлғаны немесе қызметiн бірлескен кәсiпкерлiк негiзiнде жүзеге асыратын жеке кәсiпкерлердi (бұдан әрi - ЗТ немесе ЖК (Б) тiркеудiң жылын (соңғы екi саны) және айын сипаттайды;
2) екiншi фасет - 1 разрядтан (а5) тұрады және ЗТ немесе ЖК(Б) түрiн сипаттайды. Бұдан басқа, осы разрядтың алгоритм есептерiнiң мәнi БСН-нiң СН-мен сәйкес келу мүмкiндiгін болдырмау үшiн пайдаланылады.
CH құрылымында a5 (бесiншi разряд) туған күнiнiң бірiншi санын бiлдiретiн болғандықтан, ал туған күнi тек 0, 1, 2 немесе 3 (мысалы, 01, 11, 21, 31) санынан басталуы мүмкiн екендiгiн ескере отырып, БСН құрылымында а5 (бесiншi разрядта) генерациялаудың мiндеттi шарты 0, 1, 2 және 3 сандарын пайдалануды болдырмау болады.
Бұл разрядтың мынадай нақты мәндерiн пайдалану ұсынылады:
4 - резидент заңды тұлғалар үшiн;
5 - резидент емес заңды тұлғалар үшін;
6 - қызметiн бірлескен кәсiпкерлiк негiзiнде жүзеге асыратын жеке кәсiпкерлер үшiн.
Демек, бұл разрядта 7, 8 және 9 резервтiк мәндер бар;
3) үшiншi фасет - 1 разрядтан (а6) тұрады және а5 разрядын қосымша тәптiштеу болып табылатын арнайы белгiнi сипаттайды:
0 - ЗТ немесе ЖК(Б) бас бөлiмшесiнiң белгiсi;
1 - ЗТ немесе ЖК(Б) филиалының белгiсi;
2 - ЗТ немесе ЖК(Б) өкiлдiгiнiң белгiсi;
3 - ЗТ немесе ЖК(Б) өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмшесiнiң белгiсi;
4 - қызметiн бірлескен кәсiпкерлiк негiзiнде жүзеге асыратын шаруа (фермер) қожалығының белгiсi;
4) төртiншi фасет - 5 разрядтан (а7 - а11 дейiн) тұрады және жүйеде ЗТ немесе ЖК(Б), сондай-ақ олардың құрылымдық бөлiмшелерiн тiркеудiң реттiк нөмiрiн сипаттайды;
5) бесiншi фасет - 1 разрядтан (а12) тұрады және БСН-нiң бақылау разряды болып табылады. БСН бақылау разряды есебiнiң алгоритмi Бағдарламаның 5-тарауының 5-параграфында келтiрiлген және СН бақылау разрядының есебiне ұқсас.
Осылайша, БСН құрылымы мынадай түрде болады:
а1а2 а3а4 | а5 | а6 | а7а8а9а10а11 | а12 |
ЗТ немесе ЖК(С) тiркеу жылының, соңғы екi саны, айы. | Салық төлеушiнiң түрi: 4 - резидент заңды тұлғалар; 5 - резидент емес заңды тұлғалар; 6 - бірлескен кәсiпкерлiк негiзіндегі жеке кәсiпкерлер. CH-мен сәйкестiктi болдырмау мақсатында 0, 1, 2, 3 сандарын пайдаланбаңыз. 7, 8 және 9 резервтiк мәндер | Арнайы белгi (а5 разрядын қосымша тәптiштеу): 0 - бас бөлiмше; 1 - филиал; 2 - өкiлдiк; 3 - өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмше; 4 - бірлескен кәсiпкерлiк негiзіндегі шаруа (фермер) қожалығы. | ЗТ немесе ЖК(Б), сондай-ақ құрылымдық бөлiмшелерді тiркеудiң реттiк нөмiрi. | Бақылау разряды. |
5. Бақылау разрядының мәнiн есептеу алгоритмi
CH (БСН) құрамына бақылауды жүзеге асыру және клавиатуралық енгізу қателiктерiн кемiту мақсатында, 12 бақылау разрядының болуы көзделедi, оны есептегенде бір циклда мынадай алгоритм пайдаланылады:
а12 = (1*а1+3*а2+7*а3+9*а4+3*а5+1*а6+9*а7+7*а8+3*а9+9*а10+1*а11) mod 10,
мұнда аі - i-разрядтың мәнi.
10-модуль бойынша есептеп шығаруды жүргiзу СН (БСН) бірыңғай нөмiрiнiң жол берiлмейтiн мәнiн бақылау сапасын елеулi дәрежеге жоғарылатады.
Қате үлгісi | Нәтиже |
Бір разрядтағы қате Екі разрядтағы қате Екі көршiлес разрядтар мәндерiнiң ауысуы Екi разряд мәндерiнiң ауысуы Разрядтардың екi жұбы мәндерiнiң ауысуы | 100% 91% 90% 81,8% 81% |