жергiлiктi еңбек рыногындағы қажеттiлiктi ескере отырып,
жұмыссыздарды кәсiби даярлау және қайта даярлау жүйесiн жетiлдiру;
бастауыш кәсiптiк білім беретiн мемлекеттік мекемелерiнiң
материалдық-техникалық базасын сақтау және дамыту жөнiнде шаралар
қабылдау;
жергiлiктi деңгейде жұмыссыздарды даярлау және қайта даярлау
қажеттiлiгiн айқындауға, әзiрлеуге және өткізуге ықпал ету мақсатында
ұйымдардың, кәсiби одақтардың, YЕҰ-дың, жергiлiктi атқарушы органдардың,
оқу орындарының ынтымақтастығын ынталандыру;
жұмысшылар мен мамандар даярлауды реттеу мақсатында еңбек
рыногындағы сұраныс құрылымының өзгеру үрдiстерiнiң орта және ұзақ
мерзiмдi болжамдау әдiстемесiн әзiрлеу;
еңбек құқығына мiндеттi түрде оқыта отырып, шаруашылықты нарықтық
сипатта жүргiзуге оқытудың неғұрлым тиiмдi білім беру бағдарламаларын
қамтитын оқудың жаңа нысандары мен әдiстерiн қалыптастыру;
мүгедектердi оқыту жөнiнде арнайы шаралар әзiрлеу;
ауыл қызметкерлерiнiң біліктiлiгiн арттыру және олардың жаңа
мамандықтар алуы үшiн жағдайлар жасау;
еңбек рыногының қажеттiлiктерiне сәйкес шағын қалаларда
оқу-өндiрiстiк курстар ұйымдастыру қажет.
3.3.1.6. Микрокредит беруді кеңейту жөніндегі шаралар
Елде микрокредит берудiң пәрмендi жүйесiн құру мақсатында:
"Микрокредиттiк ұйымдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын
қабылдау;
микрокредиттеу схемаларын барынша орталықсыздандыруды қамтамасыз
ету;
елде микрокредиттiк ұйымдардың (банк операцияларының жекелеген
түрлерiн жүргiзуге құқығы бар банктiк емес құрылымдар) қызметi үшiн
қолайлы жағдайлар жасау;
микрокредит ресурстарын беру рыногындағы сұраныс пен ұсыныстың
теңдестiгiне талдау жүргiзу;
микрокредиттеудiң негiзгi мақсатты топтарын айқындау;
халықтың әлеуметтiк осал топтарына, әсiресе әйелдерге - жалғызiлiктi
және көп балалы аналарға гранттар мен кредиттердi басым түрде берудi
қамтамасыз ету;
өз бизнесiн ұйымдастыруда ауыл әйелдерiне (оқыту, микрокредиттеу),
әйелдер басқаратын шағын кәсiпорындарға қолдау көрсету жөнiнде шаралар
қолдану;
микрокредит берудiң табысты практикасының мысалдарын белсендi түрде
насихаттау қажет.
3.3.2. Әлеуметтiк саланы дамыту
3.3.2.1. Демографиялық және көші-қон факторларының кедейлiкке әсерiн бәсеңдету жөніндегі шаралар
Демографиялық факторлардың кедейлiкке әсерiн бәсеңдету мақсатында мынадай шараларды қолдану:
Әзiрленiп жатқан Қазақстан Республикасының демографиялық және көшi-қон саясатының 2004-2010 жылдарға арналған бағдарламасында көп балалы отбасыларын қолдау жөнiнде шаралар көздеу;
аналардың репродукциялық денсаулығын нығайту жөніндегі шараларды көздеу;
әсiресе көп балалы отбасылар саны көп аудандарда халықтың отбасын жоспарлау жөніндегі ақпаратқа қол жетiмдiлiгiн жақсарту;
халықтың репродукциялық жүйесiне қатысты ауруларды алдын ала анықтауды және емдеудi қамтамасыз ету қажет.
Көшi-қонның кедейлiкке ықпалын төмендету мақсатында мынадай шаралар қолдану:
ауыл халқын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөнiнде арнайы шаралар дайындау және жүзеге асыру, ауылдың әлеуметтiк инфрақұрылымын нығайту жолымен көшi-қон орын алып отырған жерлерде жұмыспен қамтудың нәтижелi болуын қамтамасыз ету;
еңбек көшi-қонын реттеу тетiгiн жетiлдiру;
оралмандарды жайғастыруға және жұмысқа орналастыруға, олардың келiп қоныстанған жерлерде олардың жергiлiктi әлеуметтiк ортаға бейiмделуiне барынша көмек көрсету;
көшiп келу квотасы бойынша қоныс аударған оралмандарды қабылдау, орналастыру, жайғастыру және тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз ету;
босқын ретiнде танылған адамдардың әлеуметтiк ортаға кiрiгуi және олардың шыққан мемлекеттерiне өз еркiмен қайтып оралуы үшiн жағдайлар жасалуын қамтамасыз ету қажет.
3.3.2.2. Халықтың денсаулық сақтау қызметтерiне қол жетiмділiгiн жақсарту жөніндегi шаралар
Халықтың денсаулық сақтау қызметтерiне қол жетiмдiлiгiн жақсарту үшiн:
халыққа тегiн көрсетiлетiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiнiң орындалуын қамтамасыз ету;
медицина қызметкерлерін ауылдық жерде жұмыс істеуге тарту жөнінде шаралар қолдану;
әсiресе ауылдық жерде аурулардың алдын алуға бағдарланған бастапқы медициналық-санитариялық көмектi, сондай-ақ бірiншi кезекте - халықтың әлеуметтiк осал топтары үшін медициналық көмектiң жаңа ұйымдық нысандарын (мысалы, күндiзгi стационарлар, үйдегi стационарлар, ауылдық жердегi медициналық көмектiң, оның ішiнде дәрі-дәрмекпен көмектесудiң ұтқыр нысандары) басым дамыту;
қалалық және ауылдық жерлер бөлiнiсiнде әйелдердiң акушергинекологтармен, акушеркалармен және балалардың бала дәрiгерлерiмен қамтамасыз етілу нормативтерiн әзiрлеу;
өмiрлiк маңызы зор дәрiлiк заттардың айналымына мемлекеттік бақылауды күшейту және дәрiлiк заттардың құнын арзандату мақсатымен отандық фармацевтика өнеркәсiбiн дамыту;
туберкулезбен, қаны аздықпен және басқа да әлеуметтiк маңызы бар аурулармен күрес жүргiзу тиiмдiлiгiн арттыру;
бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып салауатты өмiр салтын насихаттауды күшейту;
әсiресе жастар арасында ЖҚТБ/АҚТҚ-ның алдын алу жөнiнде түсiндiру жұмысын жүргiзу;
омыраумен тамақтандырудың кеңейтiлген бағдарламаларын iске асыру, сондай-ақ тыныс жолдарының вирустық және iшек инфекцияларының, балалар тамағы рационындағы йод және темір тапшылығының алдын алу және басқа да шаралар есебiнен сәбилер мен балалар өлiмiнiң алдын алуды қамтамасыз ету; аналар өлiмiн азайту жөнiнде шаралар қабылдау;
отбасын жоспарлау жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiнде шаралар әзiрлеу;
денсаулық сақтаудың мемлекеттік емес секторын одан әрi дамыту жөнiнде шаралар қабылдау қажет.
3.3.2.3. Халықтың білім беру қызметтерiне қол жетiмдiлiгiн жақсарту
Халықтың білім беру қызметтерiне қол жетiмдiлiгiн жақсарту үшiн:
бірiншi кезекте ауылдық жерде жалпы білім беру мектептерi желісін дамыту;
мектепке дейiнгi және мектептен тыс білім беру ұйымдары, бастауыш және орта кәсiптiк білім беру оқу орындары желісін дамыту;
барлық үлгiдегi интернат мекемелерi желісін кешкi мектептер, оқу-консультациялық пункттер желісін дамыту;
ауылдық жердегi шалғай аудандардың бастауыш және орта кәсiптiк білім беру оқу орындарының оқушыларын жатақханаларға орналастыру мәселесiн шешу;
балаларды мектептерге кiдiрiссiз жеткізудi және оларды сабақтан кейiн үйлерiне алып келудi қамтамасыз ету;
біліммен қамтылмаған мектеп жасындағы балаларды анықтау және оларды мектепке қайтару үшiн жұртшылықтың кеңiнен тартылуын қамтамасыз ету;
оқу орындарына бармай жүрген мектеп жасындағы балаларды есепке алу тетiгiн жетiлдiру;
әлеуметтiк жағынан осал отбасыларының балалары үшiн жалпыға бірдей мiндеттi орта білім беру қорларының қаражаты есебiнен жалпы білім беретiн мектептерде ыстық тамақ берiлуiн кеңейту;
әлеуметтiк осал отбасыларының балаларына киім-кешек, оқу құралдарын сатып алуда көмек көрсету;
әлеуметтiк осал отбасыларының балаларына жергiлiктi бюджеттер есебiнен жазғы демалыс ұйымдастыру;
жалпыға бірдей мiндеттi орта білім беру қорларына бюджет қаражатының дер кезiнде және толық аударылуын қамтамасыз ету;
қараусыз балаларға арналған уақытша ұстайтын баспана-үйлерiнiң жұмыс iстеп тұрған желісін жетiлдiру қажет.
3.3.2.4. Халықтың әлеуметтік осал топтарына мемлекеттік әлеуметтiк көмек көрсету жүйесiн жетiлдiру
Халықты әлеуметтiк қорғаудың қазiргi жүйесiн талдау негiзiнде мынадай шаралар қолдану:
отбасының әлеуметтiк-демографиялық көрсеткiштерiн барынша нақты талдау негiзiнде мұқтаждықты, кiрiс, мүлiк деңгейiн және мемлекеттік атаулы әлеуметтiк көмек көрсетудiң басқа да өлшемдерiн бағалау әдiстерiн жетiлдiру;
ең төменгi жалақы мөлшерiн ең төменгi күнкөрiс деңгейiне дейiн кезең-кезеңмен жеткізу;
халықты әлеуметтiк қорғаумен айналысатын мемлекеттік органдар арасында функцияларды үйлестiрудi күшейту және айқын бөлу есебiнен әлеуметтiк көмек бағдарламаларын әкiмшiлiк басқару тиiмдiлiгiн арттыру;
әлеуметтiк төлемдер алушыларды сәйкестендiрудiң бірыңғай жүйесiн әзiрлеу және олардың тiркелiмiн практикаға енгізу;
халықтың тұрмыс деңгейiн арттыруға бағытталған әлеуметтiк бағдарламалардың тиiмдiлiгiн бағалау әдiстемесiн жетiлдiру;
жинақтаушы зейнетақы жүйесiн дамытудың нормативтiк құқықтық базасын жетiлдiру;
көмек алушыларды тұрмыстық проблемаларды шешуде бастамашылық пен тапқырлық танытуға ынталандыратын, әлеуметтiк масылдық пиғылды болдырмауға бағытталған тетiктер әзiрлеу;
тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдер мен балалар үшiн дағдарыс орталықтарын құру қажет.
3.3.3. Инфрақұрылымды дамыту
3.3.3.1. Халықтың тұрғын үймен және коммунальдық қызметтермен қамтамасыз етiлуiн жақсарту жөніндегi шаралар
Халықтың тұрғын үймен және коммунальдық қызметтермен қамтамасыз етiлуi үшiн:
халықтың тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшiн ұзақ мерзiмдi несие беру жүйесiн жетiлдiру;
тұрғын үйлердi және әлеуметтiк сала объектілерін қайта жаңарту және салу жобаларын әзiрлеу мен iске асыру кезiнде дене мүмкiндiктерi шектеулi азаматтар үшiн жағдайлар көздеу;
ауылдық жерде электр энергиясын тұрақты берудi қамтамасыз ету, сондай-ақ электр тұтынуды есепке алу жүйелерiн енгізу жөнiнде шаралар әзiрлеу;
ауылдық елдi мекендердi газдандыру жөнiнде шаралар қолдану;
табиғи монополиялар субъектiлерiнiң ұсынылатын қызметтерге бағалар мен тарифтер белгiлеуiнiң ашықтығы мен негiздiлiгiн қамтамасыз ететiн олардың қызметiне мониторинг жүргiзу жүйесiн жетiлдiру қажет.
3.3.3.2. Халықты сумен қамтамасыз етудi жақсарту жөніндегі шаралар
Халықты сумен, соның iшiнде таза ауыз сумен қамтамасыз етудi жақсарту жөніндегі шаралар Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 93 қаулысымен бекітілген 2002-2010 жылдарға арналған "Ауыз су" салалық бағдарламасы шеңберiнде жүзеге асырылатын болады.
Аталған Бағдарламаға сәйкес ел халқының кедейлiгiн азайту мәселелерi мынадай шараларды iске асыру арқылы шешiмiн табатын болады, олар:
мейлiнше мұқтаж елдi мекендерді сумен қамтамасыз ету және ауыз сумен, коммунальдық-тұрмыстық және шаруашылық сумен жабдықтауды жақсарту жөнiнде бірiншi кезектегi шараларды әзiрлеу;
республикалық және жергiлiктi инвестициялық жобалар шеңберiнде iске асырылатын ауыз сумен жабдықтау объектілерін оңалту және салу жобаларын, су шаруашылығы бойынша жобаларды басым қаржыландыруды қамтамасыз ету;
табиғи су тоғандары мен су көздерiнен шалғай республиканың ауылдық елдi мекендері мен өңiрлерiн сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшiн магистральдық топтама су құбырлары мен сумен жабдықтау объектілерін жөндеу және қайта жаңарту;
ауыл шаруашылығын орнықты жүргiзу және су ресурстарын тиiмдi пайдалану жөнiнде халыққа көмек көрсетуге бағытталған Қызылорда облысының су пайдаланушылар қауымдастығының тәжiрибесiн қолдану жөнiнде шаралар қабылдау;
ауыз су көздерi қатты ластанған аудандарда (Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстары, Алматы және Оңтүстiк Қазақстан облыстарының жекелеген аудандары) халықтың қолы жететiндей бағамен бөтелкеге құйылған су өндiрiсiн ұйымдастыру мәселелерiн пысықтау;
су шаруашылығы объектілерін қайта жаңартуға және пайдалануға бағытталған қаражаттың мақсатты пайдаланылуына бақылауды күшейту;
қайталанбалы және айналмалы сумен жабдықтауды барынша пайдаланып ресурстар үнемдейтiн технологиялар енгізу кәсiпорындарда айналмалы және қайта пайдаланылатын су көлемiн ұлғайту.
3.3.3.3. Халықты жолмен, көлікпен, байланыс қызметтерiмен қамтамасыз етуді жақсарту жөніндегі шаралар
Халықты жолмен, көлiкпен және байланыс қызметтерiмен қамтамасыз етудi жақсарту үшін:
ауылдық елдi мекендермен байланыстырылатын автомобиль жолдарын оңалтудың және салудың өңiрлiк бағдарламаларын қабылдау;
республика өңiрлерiнде денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт салаларының мемлекет кепiлдiк берген қызметтерiн алатын орындарға көлiкпен баруға тұрғындардың барынша аз уақыт жұмсауын қамтамасыз ететiн нормативтер әзiрлеу;
елдi мекендердiң тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету объектілерін қолдауға, жергiлiктi маңызы бар автомобиль жолдарын қайта жаңартуға, инфрақұрылымды дамытудың әлеуметтiк маңызы бар жобаларын iске асыруға бағытталған жергiлiктi инвестициялық жобаларды басыңқы жобалар ретiнде айқындау;
телекоммуникация қызметтерiнiң ең төменгi жиынтығын айқындау және оларды халқының адам саны 200 және одан да көп ауылдық елдi мекендер тұрғындарына ұсынуды қамтамасыз ету;
почта байланысы қызметтерiнiң ең төменгi жиынтығын айқындау және олардың шалғайдағы ауылдық және халқы аз елдi мекендер тұрғындарына сапалы берiлуiн қамтамасыз ету;
ауылдық емдеу-сауықтыру ұйымдарын (фельдшерлiк-акушерлiк пункттер, ауылдық дәрiгерлiк амбулаториялар, ауылдық учаскелiк ауруханалар) телефондандыру қажет.
3.3.4. Өңiрлiк деңгейдегi кедейлiктi азайту және қолайсыз
экологиялық факторлардың кедейлiкке әсерi
3.3.4.1. Өңірлiк деңгейдегi кедейлiкті азайту жөніндегі шаралар
Облыстардың әлеуметтiк және экономикалық даму деңгейлеріндегі айырмашылықтарды қысқарту арқылы тұрмыс деңгейіндегі өңiраралық теңсiздiктi кемiту кедейлiктi азайтудың маңызды факторы болып табылады, ол үшiн:
жаңа жұмыс орындарын құру және халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында экономикасы шикiзат бағытындағы өңiрлерде өңдеушi өндiрiстердi дамыту жөнiнде шаралар қолдану;
даму келешегi бар экономикасы тоқыраудан өңiрлерде отандық және шетелдiк инвестицияларды тарту жөнiнде шаралар әзiрлеу;
Қазақстан аумағында тұратын жерiне қарамастан әлеуметтiк көмектiң заңнамамен белгiленген түрлерiне халықтың бірдей қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ету;
адамдардың тиiмсiз өндiрiс аймақтарынан тұруға және жұмысқа қолайлы өңiрлерге көшуiне ықпал ететiн шаралар әзiрлеу;
кедейлiктi азайту жөніндегі өңiрлiк бағдарламалар шегiнде кедейлiк шегiнен төмен деңгейде тұратын азаматтардың санын азайтуды қамтамасыз ету қажет.
Өңiрлiк деңгейдегi кедейлiктi азайту жөніндегі мақсаттарға қол жеткізу үшiн жергiлiктi атқарушы органдарға мынадай индикаторлар белгiленедi:
адам саны
N N | Өңiрдiң атауы | Кедейлiк шегiнен төмен деңгейде тұратын азаматтар саны (жылдың соңына) |
2002 ж. | 2003 ж. | 2004 ж. | 2005 ж. |
1 | Ақмола | 44376 | 35501 | 28401 | 22721 |
2 | Ақтөбе | 92518 | 74014 | 59212 | 47369 |
3 | Алматы | 160000 | 128000 | 102400 | 81920 |
4 | Атырау | 67056 | 53645 | 42916 | 34333 |
5 | Шығыс Қазақстан | 166937 | 133550 | 106840 | 85472 |
6 | Жамбыл | 136645 | 109316 | 87453 | 69962 |
7 | Батыс Қазақстан | 60511 | 48409 | 38727 | 30982 |
8 | Қарағанды | 72961 | 58369 | 46695 | 37356 |
9 | Қызылорда | 145853 | 116682 | 93346 | 74677 |
10 | Қостанай | 52794 | 42235 | 33788 | 27031 |
11 | Маңғыстау | 26118 | 20894 | 16716 | 13372 |
12 | Павлодар | 61687 | 49350 | 39480 | 31584 |
13 | Солтүстiк Қазақстан облысы | 56637 | 45310 | 36248 | 28998 |
14 | Оңтүстiк Қазақстан облысы | 117195 | 93756 | 75005 | 60004 |
15 | Алматы қаласы | 18806 | 15045 | 12036 | 9629 |
16 | Астана қаласы | 15400 | 12320 | 9856 | 7885 |
17 | Қазақстан Республикасы | 1295494 | 1036395 | 829116 | 663293 |
Кедендік шегінен төмен деңгейде тұратын азаматтардың санын 2003
жылдан 2005 жылға дейiнгі, кезеңдер 632201 азаматқа азайту жоспарланып
отыр.
Кедейлiк шегінен төмен деңгейде тұратын еңбек жасындағы азаматтар санын шағын несие беру, жұмыс орындарын құру, кәсiби оқу, әлеуметтiк жұмыс орындарын құру арқылы жұмыспен қамту саласында белсендi iс-шаралар жүргiзу есебiнен азайту көзделiп отыр.
Сонымен бірге өңiрлерде кедейлiк шегiнен төмен деңгейде тұратын табысы аз азаматтардың санын сондай-ақ зейнетақылар, жәрдемақылар және ең төменгi еңбекақы мөлшерiн ұлғайту есебiнен азайту көзделiп отыр.
3.3.4.2. Шағын қалалардағы кедейлiктi азайту
Шағын қалалардағы кедейлiктi азайту үшiн мынадай шаралар қолдану:
әр қаланың ерекшелiктерi мен мүмкiндiктерiн басшылыққа ала отырып, шағын қалаларды дамыту бағдарламасын әзiрлеу;
экономикалық тиiмдiлiк өлшемiн басшылыққа ала отырып, экономикасы тоқыраған шағын қалаларға инвестициялық көмек көрсетудi қамтамасыз ету;
тиiмсiз кәсiпорындарды қайта құрылымдап, олардың негiзiнде қажеттi ресурстары бар жаңа перспективалы өндiрiстер ашу;
өндiрiстi әртараптандыруды қамтамасыз ету;
таратылған кәсiпорындар негiзiнде шағын кәсiпкерлiктi дамытуды қамтамасыз ету;
шағын қалаларға біліктiлiгi жоғары кадрларды тарту үшiн жағдайлар жасау және ынта туғызу;
YEҰ тарапынан бизнес-орталықтар мен бизнес-инкубаторлар ұйымдастыруда көмек көрсету қажет.
3.3.4.3. Ауылдық жерлердегi кедейліктi азайту
Жалпы алғанда аграрлық саясатты және атап айтқанда, кiрiстердi қалыптастыру саясатын жетiлдiру ауылдағы кедейлiктi азайтудың басым бағыттары болуға тиiс, ол үшiн:
несие саясаты арқылы ауылшаруашылық тауар өндiрушiлерiн мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету;
ауылшаруашылық техникасының лизингiн дамыту;
ауылшаруашылық өнiмдерiн сатып алу орындарының желісін дамытуға жәрдемдесу;
келешегi жоқ өңiрлерден дамып келе жатқан өңiрлерге, аудан орталықтарына және шағын қалаларға iшкi көшi-қонды ынталандыру жөнiнде шаралар қолдану;
ауылшаруашылық өндiрiсi мамандарын даярлау үшiн кәсiби мектептер (лицейлер) желісін сақтау және дамыту жөнiнде шаралар қолдану;
ауылдық несие серiктестiктерiнiң дамуы үшiн жағдайлар жасау;
өзiн өзi жұмыспен қамту саласы ретiнде жеке қосалқы шаруашылықты дамыту үшiн жағдайлар жасау;
қол жетiмдi жергiлiктi шикiзат пен табиғи материалдарды пайдаланып, дәстүрлi қол өнepi мен ұсақ кәсiпшiліктерді дамыту үшiн жағдайлар жасау;
ауыл тұрғындарына бөлiнген егiстiк жерлердi пайдалану тиiмдiлiгiне талдау жасау және жердi өңдеуде, тұқым, тыңайтқыштар, жанар-жағар май материалдарын сатып алуда көмек көрсету;
ауылдық аудандарда сатып алу-дайындау орындарын ұйымдастыруда көмек көрсету қажет.
3.3.4.4. Халық кедейлiгiне экологиялық факторлардың қолайсыз әсерiн төмендету жөніндегі шаралар
Халық кедейлiгiне экологиялық факторлардың әсерiн төмендету мақсатында:
экологиялық ахуал және халық денсаулығына қатердiң болуы туралы шынайы және толық ақпаратқа халықтың кеңiнен қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ету;
халық арасында табиғи ресурстарға, соның iшiнде жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiне ұқыпты қарау қажеттiлiгi туралы түсiндiру жұмыстарын жүргiзу;
меншiк нысандарына қарамастан табиғат пайдаланушылардың - заңды және жеке тұлғалардың экологиялық талаптарды орындауына бақылауды күшейту;
табиғи ресурстарды кешендi пайдаланудың ғылыми негiзделген схемаларын қолдану қажет.
3.3.5. Қоғам институттарының халықтың кедейлiк деңгейiн
төмендету жөнiндегі қызметiн жақсарту шаралары
3.3.5.1. Мемлекеттік органдардың кедейлік деңгейiн төмендету жөніндегі қызметiн жетiлдiру шаралары
Кедейліктi азайтуда мемлекеттік басқарудың тиiмдiлiгiн арттыру үшiн: халықты әлеуметтiк қорғаудың нормативтiк құқықтық базасын одан әрi жетiлдiру жөнiнде шаралар қолдану;
халықтың тұрмыс деңгейiне пәрмендi мониторинг жүргiзудi қамтамасыз ету және оны арттыру жөнiнде барабар шараларды дер кезiнде қолдану;
әлеуметтiк нормативтер негiзiнде ел халқын әлеуметтiк сала қызметтерiмен (білім, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт) қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қолдану;
әлеуметтiк бағдарламаларды iске асыруға бағытталған бюджет қаражатының дер кезiнде және толық аударылуын қамтамасыз ету;
алғашқы медициналық көмек, негізгі білім беру қызметтерiн, атаулы әлеуметтiк көмек көрсетуге бағытталатын қаражаттың мақсатты жұмсалуына бақылауды күшейту, бағалаудың нақты рәсiмдерi мен өлшемдерін пайдалана отырып, мониторинг жүйесiн енгізу;
табиғи монополиялар субъектiлерi шығындарының құрамын қалыптастыру кезінде ең алдымен олардың негіздiлiгiн, тұтынушылар үшiн тарифтердiң ашықтығы мен әдiлдiгiн ескеретiн амалдарды жетiлдiру;
экономикалық қызметтiң рұқсаттық жүйесiн одан әрi ырықтандыру жөнiнде шаралар қолдану, есептеме беру жүйесi мен рәсiмiн оңайлату;
кедейлiктi азайту мәселелерi бойынша мемлекеттік органдар мен мүдделi қоғамдық бірлестiктер арасында диалог жүргiзу практикасын енгізу; қоғамдық бірлестiктердi тарта отырып, кедейлiктi азайту мәселелерi жөнiнде тұрақты жұмыс iстейтiн консультативтiк-кеңесшi комиссиялар құру;
қалаларда және басқа да елдi мекендерде коммерциялық емес ұйымдар түрiнде кедейлiк проблемалары бойынша үйлестiру орталықтарын құруды ынталандыру;
бұқаралық ақпарат құралдарын, соның iшiнде жеке бұқаралық ақпарат құралдарын кедейлiктi азайту мәселелерi бойынша оң тәжiрибенi насихаттауға тарту;
мемлекет, YЕҰ және жеке құрылымдар тарапынан халықтың әлеуметтiк осал топтарын әлеуметтiк қолдаудың қазiргi нысандары туралы ақпарат тарату жөнiнде белсендi ақпараттық-насихат жұмысын жүргiзу қажет.
3.3.5.2. ?кіметтiк емес ұйымдар мен кәсiби одақтар бірлестiктерiнiң кедейлiк деңгейiн төмендету жөніндегі қызметке қатысу шаралары
?кіметтiк емес ұйымдар мен кәсiби одақтардың кедейлiк деңгейiн төмендету жөніндегі қызметiн жетiлдiру мақсатында:
мұқтаж адамдардың нақты санының негiзiнде кедейлердi қолдауға бюджеттік қажеттiлiкттердi қалыптастыру кезiнде YЕҰ-ың қатысуын қамтамасыз ету;
мемлекеттік атаулы әлеуметтiк көмекке қаражатты iске асыру кезiнде YEҰ көмегiмен мониторинг жүйесiн ұйымдастыру;
"Мемлекеттік атаулы әлеуметтiк көмек туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өңiрлер әкiмдерi құратын учаскелiк комиссиялардың құрамына мiндеттi түрде YЕҰ мен кәсiподақтардың өкiлдерiн енгізу;
кедейлiктi азайту мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық кесiмдер әзiрлеу жөніндегі жұмыс топтарына қоғамдық бірлестiктердiң өкiлдерiн тарту;
үкiметтiк емес жастар ұйымдарының қатысуымен білім беру сапасы саласында зерттеулер жүргiзу;
батыс елдерiнiң тәжiрибесi бойынша Қазақстанда әлеуметтiк қызметкерлер институтын құру жөнiнде шаралар жүйесiн әзiрлеу;
бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, қызметкерлердiң еңбек құқықтары және кәсiби одақтардың рөлi жөнiнде пiкiр алысулар ұйымдастыру; мектептерде жаңа нарықтық еңбек қатынастарына оқытудың жаңа бағдарламаларын әзiрлеу, қолданыстағы бағдарламаларға өзгерістер енгізу;
"Әлеуметтiк әрiптестiк туралы" Қазақстан Республикасы Заңының орындалуына бақылауды күшейту, кедейлiктi еңсеру тетiктерiнiң бірi ретiнде әлеуметтiк әрiптестiктiң үш жақты комиссияларын пайдалану;
шағын несие беру саласында жұмыс iстейтiн үкiметтiк емес ұйымдардың шағын несие беру қызметiнiң оң тәжiрибесiн тарату қажет.
3.3.5.3. Жеке сектордың кедейлiктi азайту жөніндегі қызметке қатысу шаралары
Жеке сектордың республикада кедейлiк деңгейiн төмендетудегi қызметiн жақсарту үшiн:
инвестор жұмыс iстейтiн өңiрде әлеуметтiк жауапкершiлiктi неғұрлым айқын бөлу үшiн орталық, жергiлiктi өкiмет органдары мен iрi инвесторлар арасында келісім-шарттар жасасу кезiнде қоғамдық тыңдаулар өткізу;
жұмыс берушiлердi жұмыс орындарын, соның iшiнде халықтың әлеуметтiк осал топтары үшiн жұмыс орындарын құруға ынталандыру мүмкiндiктерiне талдау жасау;
жұмыссыздарды жұмысқа қабылдау және оқыту кезiнде кәсiпорындарды ынталандыру жөнiнде шаралар қолдану;
кәсiптiк даярлау және қайта даярлау курстарын ұйымдастыру кезiнде мамандарға қажеттiлiктi айқындауға жұмыс берушiлердi тарту;
халықтың әлеуметтiк осал топтары үшiн тиiмдi жобаларды қаржыландыру үшiн iрi компаниялардың несие (шағын несие) беруi арқылы олардың әлеуетiн пайдалану;
халықтың әлеуметтiк осал топтарына қайырымдылық iс-шаралары нысанында әлеуметтiк көмек жүйесiн дамыту қажет.
3.3.5.4. Халықтың әлеуметтiк осал топтарын шешiмдер қабылдау процесiне тарту жөнiндегі шаралар
Халықтың әлеуметтiк осал топтарын шешiмдер қабылдау процесiне тарту мақсатында:
жергiлiктi мәнi бар маңызды проблемаларды шешу кезiнде халықтың әлеуметтiк осал топтарымен консультациялар өткізудi дағдыға айналдыру;
аумақтарды дамытудың басым бағыттарын айқындау, сондай-ақ көрсетiлетiн көмектiң мониторингiн ұйымдастыру және тиiмдiлiгiн бағалау кезiнде халықтың әлеуметтiк осал топтарының пiкiрлерiн ескеру қажет.
4. БАҒДАРЛАМАНЫ IСКЕ АСЫРУ ТЕТІКТЕРI
Бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарында белгiленген iс-шараларды кезең-кезеңмен орындау көзделген. Iс-шаралардың кешендiлiгi орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, жұмыс берушілер бірлестiктерi мен кәсiби одақтардың, үкiметтiк емес ұйымдардың қызметiн барынша үйлестiрiп, мүмкiндiктерiн шоғырландыруға мүмкiндiк бередi.