Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік әріптестік туралы Қазақстан
Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы № 129-II Заңы
2007.15.05. № 252-III ҚР Заңымен күші жойылды
1-тарау. Жалпы ережелер (1-2 баптар)
2-тарау. Әлеуметтік әріптестіктің негізгі міндеттері, (3-6 баптар)
принциптері мен жүйесі
3-тарау. Әлеуметтік әріптестікті ұйымдастыру (7-13 баптар)
4-тарау. Әлеуметтік әріптестік тараптары арасында (14-20 баптар)
келісімдер жасасу тәртібі
Осы Заң Қазақстан Республикасындағы әлеуметтiк әрiптестiк (трипартизм) жүйесi жұмыс істеуiнiң құқықтық негiздерiн, мiндеттерi мен тәртібін айқындайды, тараптардың тең құқылы және өзара жауапкершiлiктi принциптерi негiзiнде ортақ әлеуметтiк маңызы бар мақсаттарға қол жеткізуi үшiн Бас, салалық және аймақтық келісімдердi жасасу, өзгерту және бұзу тәртібін белгiлейдi.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) қызметкерлердiң өкiлдерi - кәсiптiк одақтардың, олардың бiрлестiктерiнiң органдары, сондай-ақ заңдарда белгiленген тәртiппен құрылған қызметкерлер уәкiлеттiк берген өзге де адамдар мен ұйымдар;
2) жұмыс берушiлердiң өкiлдерi - заңдарда белгiленген тәртiппен құрылған жұмыс берушiлер органдары уәкiлеттiк берген адамдар;
3) келісім (бас), салалық (тарифтiк), аймақтық - республикалық, салалық және аймақтық деңгейде қызметкерлердiң еңбек жағдайларын, жұмыспен қамтылуын және әлеуметтiк кепiлдiктерiн белгiлеу мазмұнын және тараптардың олар бойынша мiндеттемелерiн анықтайтын, әлеуметтiк әрiптестер арасында жасалатын құқықтық акт;
4) әлеуметтiк әрiптестiк - атқарушы билiк органдары өкiлдерiнiң, жұмыс берушiлер мен қызметкерлер өкiлдерiнiң мүдделерiн келiстiрудi қамтамасыз етуге бағытталған қатынастар мен тетiктер жүйесi;
5) әлеуметтiк әрiптестiк тараптары - атқарушы билiк органдарының өкiлдерi, жұмыс берушiлер мен қызметкерлер өкiлдерi;
6) әлеуметтiк әрiптестiк комиссияларына қатысушы - әлеуметтiк әрiптестiк тараптарының өкiлеттi өкiлi.
2-бап. Заңның қолданылу аясы
Осы Заңның күшi:
1) меншiк нысанына қарамастан Қазақстан Республикасының аумағында қызметiн жүзеге асыратын барлық жұмыс берушiлерге;
2) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың қызметкерлерiне;
3) атқарушы билiк органдарына қолданылады.
2-тарау. ӘЛЕУМЕТТIК ӘРIПТЕСТIКТIҢ НЕГIЗГI МIНДЕТТЕРI,
ПРИНЦИПТЕРI МЕН ЖYЙЕСI
3-бап. Әлеуметтiк әрiптестiктiң мiндеттерi
Қазақстан Республикасындағы әлеуметтiк әрiптестiк мынадай негiзгi мiндеттердi шешуге бағытталған:
1) әлеуметтiк және еңбек қатынастарын және соларға байланысты экономикалық қатынастарды реттеудiң тиiмдi тетiгiн жасау;
2) қоғамдағы барлық жiктердiң мүдделерiн объективтi түрде ескеру негiзiнде әлеуметтiк тұрақтылық пен қоғамдық келісімдi қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
3) қызметкерлердiң еңбек құқықтары кепiлдiктерiн қамтамасыз етуге жәрдемдесу, олардың әлеуметтiк қорғалуын жүзеге асыру;
4) барлық деңгейдегi әлеуметтiк әрiптестер арасындағы консультациялар мен келiссөздер процесiне жәрдемдесу;
5) ұжымдық еңбек даулары мен жанжалдарды шешуге жәрдемдесу.
4-бап. Әлеуметтiк әрiптестiктiң негiзгi принциптерi
Әлеуметтiк әрiптестiктiң негiзгi принциптерi:
1) тараптар өкiлдерiнiң өкiлеттiгi;
2) тараптардың тең құқықтығы;
3) талқылау үшiн енгiзiлетiн мәселелер тiзбесiн таңдау еркiндiгi;
4) мiндеттемелер қабылдаудың ерiктiлiгi және тараптардың оларды орындауға мiндеттiлiгi;
5) тараптардың мүдделерiн құрметтеу;
6) әлеуметтiк әрiптестердiң Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мен мiндеттемелерiн сақтауы;
7) тараптардың, олардың өкiлдерiнiң келісім бойынша қабылданған мiндеттемелердi өздерiнiң кiнәсiнен орындамағаны үшiн жауаптылығы болып табылады.
5-бап. Әлеуметтiк әрiптестiк жүйесi
Әлеуметтік әрiптестiк тараптардың өзара iс-қимылы нысанында әлеуметтiк әрiптестiктiң:
1) республикалық деңгейдегi;
2) салалық деңгейдегi;
3) аймақтық (облыстық, қалалық, аудандық) деңгейдегi органдары арқылы қамтамасыз етiледi.
Әлеуметтік әрiптестiктiң ұйымдар деңгейіндегі мәселелерi Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледi.
6-бап. Әлеуметтiк әрiптестiк саласындағы Қазақстан Республикасының
заңдары
Әлеуметтiк әрiптестiк саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.
3-тарау. ӘЛЕУМЕТТIК ӘРIПТЕСТIКТI ҰЙЫМДАСТЫРУ
7-бап. Әлеуметтiк әрiптестiктi республикалық деңгейде ұйымдастыру
1. Әлеуметтiк әрiптестiкті республикалық деңгейде Әлеуметтiк әрiптестiк пен әлеуметтiк және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссия (бұдан әрi - республикалық комиссия) қамтамасыз етедi.
2. Республикалық комиссия әлеуметтiк әрiптестердiң мүдделерiн үйлестiруді тиістi шешiмдермен ресiмделетiн консультациялар мен келiссөздер жүргiзу жолымен қамтамасыз ету жөнiнде тұрақты жұмыс iстейтiн орган болып табылады.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң, қызметкерлердiң республикалық бiрлестiктерiнiң және жұмыс берушiлердiң республикалық бiрлестiктерiнiң өкiлеттi өкiлдерi республикалық комиссияның қатысушылары болып табылады.
8-бап. Әлеуметтік әрiптестiктi салалық деңгейде ұйымдастыру
1. Әлеуметтiк әрiптестiктi салалық деңгейде әлеуметтiк әрiптестiк пен әлеуметтiк және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссиялар (бұдан әрi - салалық комиссия) қамтамасыз етедi.
2. Салалық комиссия әлеуметтiк әрiптестер мүдделерiн үйлестiрудi тиiстi шешiмдермен ресiмделетiн консультациялар мен келiссөздер жүргiзу жолымен қамтамасыз ету жөнiнде тұрақты жұмыс істейтiн орган болып табылады.
3. Тиiстi атқарушы органдардың өкiлеттi өкiлдерi, жұмыс берушiлер мен қызметкерлердiң өкiлдерi салалық комиссиялардың қатысушылары болып табылады.
9-бап. Әлеуметтiк әрiптестiктi аймақтық деңгейде ұйымдастыру
1. Әлеуметтiк әрiптестiктi аймақтық деңгейде әлеуметтiк әрiптестiк пен әлеуметтiк және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық, қалалық және аудандық комиссиялар (бұдан әрi - аймақтық комиссия) қамтамасыз етедi.
2. Аймақтық комиссия әлеуметтiк әрiптестер мүдделерiн үйлестiрудi тиiстi келісімдермен және шешiмдермен ресiмделетiн консультациялар және келiссөздер жүргiзу жолымен қамтамасыз ету жөнiнде тұрақты жұмыс істейтiн орган болып табылады.
3. Жергiлiктi атқарушы органдардың тиiстi өкiлеттi өкiлдерi, жұмыс берушiлер мен қызметкерлердiң өкiлдерi аймақтық комиссиялардың қатысушылары болып табылады.
10-бап. Тұрақты жұмыс істейтiн республикалық, салалық, аймақтық
комиссияларды құрудың принциптерi мен тәртібі
1. Комиссиялар мынадай принциптер:
1) атқарушы билiк органдары өкiлдерiнiң, жұмыс берушiлер мен қызметкерлер өкiлдерiнiң комиссиялар қызметiне қатысуының міндеттiлiгi;
2) тараптардың өкiлеттiлiгi;
3) өкiлдiктiң теңбе-теңдiгi;
4) тең құқықтығы;
5) тараптардың өзара жауапкершiлiгi негiзiнде құрылады.
2. Комиссияларға қатысушылардың дербес құрамын әлеуметтiк әрiптестiктiң әр тарабы өз бетiнше жасақтайды. Әлеуметтiк әрiптестiкке қатысушы тараптардың бәрiне тең өкiлеттiлiк берiледi.
11-бап. Тұрақты жұмыс істейтiн республикалық, салалық, аймақтық
комиссиялардың негiзгi мақсаттары мен мiндеттерi
1. Комиссиялардың негiзгi мақсаттары әлеуметтiк және еңбек қатынастарын реттеу мен тараптардың мүдделерiн үйлестiру болып табылады.
2. Комиссиялардың негiзгi мiндеттерi:
1) әлеуметтiк және экономикалық саясаттың негiзгi бағыттары бойынша тараптардың көзқарастарын үйлестiру;
2) келісімдердi жүзеге асыру жөніндегі шараларды әзiрлеу, келiсу және бекіту;
3) келісімдердi әзiрлеу мен жасасу;
4) республикалық комиссия шеңберiнде халықаралық еңбек нормаларын бекіту мен қолдануға байланысты мәселелер бойынша консультациялар өткізу және ұсыныстар әзiрлеу болып табылады.
3. Комиссиялар өздерi бекiткен ережелер мен жұмыс жоспарларына сәйкес жұмыс істейдi. Комиссиялардың отырыстары жылына кемiнде екi рет өткiзiледi.
12-бап. Республикалық комиссияның негiзгi құқықтары
Республикалық комиссия:
1) өз отырыстарында әлеуметтiк және еңбек қатынастары саласындағы келісілген саясатты жүргiзу проблемаларын қарауға;
2) келісім жобасын әзiрлеу, аталған келісімдi жүзеге асыру, комиссияның шешiмдерiн орындау кезiнде атқарушы органдардың, жұмыс берушiлер мен қызметкерлер бірлестiктерiнiң мүдделерiн үйлестiруге;
3) атқарушы органдардан, жұмыс берушiлерден және (немесе) қызметкерлер өкiлдерiнен әлеуметтiк және еңбек қатынастарын реттеу үшiн жасалатын және жасалған келісімдер туралы ақпарат сұратып алуға;
4) өз шешiмдерiнiң орындалуын бақылауды жүзеге асыруға, ал жауапты адамдар оларды орындамаған жағдайда анықталған жолсыздықтарды жою және келісім шарттарының орындалмауына кiнәлi адамдарды жауапқа тарту туралы ұсыныстар жасап, әрiптестiктiң тиiстi тарабына ақпарат жiберуге;
5) атқарушы органдардан ұжымдық келiссөздер жүргiзуге және келісім жобасын әзiрлеуге, аталған келісімнiң орындалуын бақылауды ұйымдастыруға қажет Қазақстан Республикасындағы әлеуметтiк жағдай туралы ақпаратты, Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерін сұратуға және алуға;
6) нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу жөнiнде ұсыныс енгiзуге немесе Қазақстан Республикасының әлеуметтiк және еңбек қатынастары саласындағы заңдары мен өзге де нормативтiк құқықтық актілерінiң бастамашылық жобаларын уәкiлеттi органдардың қарауына беруге;
7) ғалымдар мен мамандарды тарта отырып жұмыс тобын құруға;
8) республикалық комиссияның отырысына орталық атқарушы органдардың, қоғамдық бiрлестiктердiң қызметкерлерiн, сондай-ақ тәуелсiз сарапшыларды шақыруға;
9) атқарушы органдар, жұмыс берушiлер мен қызметкерлердiң бiрлестiктерi комиссия белгiлеген мерзiмде қарауға және орындауға мiндеттi болатын бiрлескен келісімдер мен шешiмдер қабылдауға;
10) әлеуметтiк және еңбек қатынастары мен әлеуметтiк әрiптестiк мәселелерi бойынша халықаралық, республикалық, аймақаралық кеңестер, конференциялар, конгрестер, семинарлар өткізуге осы аталған шараларды ұйымдастырушылармен келісілген тәртiпте қатысуға құқылы.
13-бап. Салалық және аймақтық комиссиялардың негiзгi құқықтары
Салалық және аймақтық комиссиялар:
1) өз отырыстарында әлеуметтiк және еңбек қатынастары саласында келісілген саясатты жүргiзу проблемаларын қарауға;
2) келісім жобасын әзiрлеу аталған келісімдi жүзеге асыру, комиссияның шешiмдерiн орындау кезiнде атқарушы билiк органдарының, жұмыс берушiлер мен қызметкерлер бірлестiктерiнiң мүдделерiн келiстiруге;
3) атқарушы билiк органдарынан, жұмыс берушiлерден және (немесе) қызметкерлер өкiлдерiнен әлеуметтiк және еңбек қатынастарын реттеу үшін жасалатын және жасалған келісімдер туралы ақпарат сұратып алуға;
4) өз шешiмдерiнiң орындалуын бақылауды жүзеге асыруға, ал жауапты адамдар оларды орындамаған жағдайда анықталған жолсыздықтарды жою және келісім шарттарының орындалмауына кiнәлi адамдарды жауапқа тарту туралы ұсыныстар жасап, әрiптестiктiң тиiстi тарабына ақпарат жiберуге;
5) ғалымдар мен мамандарды тарта отырып жұмыс тобын құруға;
6) салалық және аймақтық комиссиялардың отырыстарына тиiсiнше орталық және жергiлiктi атқарушы билiк органдарының, қоғамдық бiрлестiктердiң қызметкерлерiн, сондай-ақ тәуелсiз сарапшыларды шақыруға;
7) атқарушы билiк органдары, жұмыс берушiлер мен қызметкерлер өкiлдерi салалық және аймақтық комиссиялар белгiлеген мерзiмде қарауға және орындауға мiндеттi болатын бiрлескен келісімдер мен шешiмдер қабылдауға;
8) әлеуметтiк және еңбек қатынастары мен әлеуметтiк әрiптестiк мәселелерi бойынша халықаралық, республикалық, аймақаралық кеңестер, конференциялар, конгрестер, семинарлар өткізуге осы аталған шараларды ұйымдастырушылармен келісілген тәртiпте қатысуға құқылы.
4-тарау. ӘЛЕУМЕТТIК ӘРIПТЕСТIК ТАРАПТАРЫ АРАСЫНДА
КЕЛIСIМДЕР ЖАСАСУ ТӘРТIБI
14-бап. Республикалық, салалық, аймақтық комиссиялардың шешiмдер
қабылдау тәртібі
1. Комиссиялардың шешiмдерi барлық тараптардың келiссөздерде келісімге қол жеткізуi негiзiнде ғана қабылданады және тиiстi келісімдермен ресiмделедi.
2. Келiссөздер жүргiзу барысында, егер тараптар келісімге келе алмаса, хаттама жасалып, оған тараптардың келiспеушiлiктердi жою жөніндегі және келiссөздердi қайта жүргiзу мерзiмдерi туралы түпкiлiктi тұжырымдалған ұсыныстары енгiзiледi.
3. Шешiмдер қабылдау мен жұмысты ұйымдастырудың тәртібін комиссиялар әзiрлейдi және бекiтедi.
15-бап. Келісімдердiң тараптары, түрлерi және қолданылуы
1. Республикалық деңгейде Қазақстан Республикасының ?кіметi, жұмыс берушiлердiң республикалық бiрлестiктерi және қызметкерлердiң республикалық бiрлестiктерi арасында Бас келісім жасалады.
Бас келісім - Қазақстан Республикасының ?кіметi, жұмыс берушiлердiң республикалық бiрлестiктерi және қызметкерлердiң республикалық бірлестiктерi өздерiнiң құзыретi шегiнде жасасатын, аймақтық және салалық келісімдер мен ұжымдық шарттар жасасу кезiнде ескерiлетiн, республикадағы әлеуметтiк-еңбек қатынастарын және солармен байланысты экономикалық қатынастарды реттеудiң жалпы принциптерiн белгiлейтiн құқықтық акт.
2. Салалық деңгейде тиiстi атқарушы органдар және жұмыс берушiлер мен қызметкерлердiң уәкiлеттi өкiлдерi арасында салалық келісімдер жасалады.
Салалық келісім - ақы төлеу нормалары мен еңбекке байланысты басқа да мәселелердi, өзара мiндеттемелердi, сондай-ақ нақты сала қызметкерлерi үшiн әлеуметтiк кепiлдiктер мен жеңiлдiктердi айқындайтын, барлық тараптар (әрiптестер) үшiн мiндеттi болатын және аймақтық келісімдер мен ұжымдық шарттарды жасасу кезiнде ескерiлетiн, әрiптестiк тараптары жасап, жазбаша шарт түрiнде ресiмдейтiн құқықтық акт.
3. Аймақтық деңгейде жергiлiктi атқарушы органдар, жұмыс берушiлер, қызметкерлер бiрлестiктерi арасында аймақтық (облыстық, қалалық, аудандық) келісімдер жасалады.
Аймақтық келісім - аумақтық ерекшелiктерге байланысты еңбек жағдайларын, әлеуметтiк кепiлдіктер мен жеңiлдiктердi белгiлейтiн, келісім тараптары әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстер деңгейiнде жасайтын, барлық тараптар (әрiптестер) үшiн мiндеттi болатын және ұжымдық шарттарды жасасу кезiнде ескерiлетiн, жазбаша шарт түрiнде ресiмделетiн құқықтық акт.
4. Келісімдердiң күшi келiссөздерде өздерiнiң атынан осы келісімдi әзiрлеуге және жасасуға тараптардың тиiстi өкiлдерiне уәкiлдiк берген тиiстi атқарушы органдарға, жұмыс берушiлер мен қызметкерлерге, сондай-ақ келісім жасалғаннан кейiн оған қосылған атқарушы органдарға, жұмыс берушiлер мен қызметкерлерге қолданылады.
16-бап. Келісімдердi әзiрлеу жөнiнде келiссөздер жүргiзу құқығы
1. Тараптардың кез келгенi келісімнiң әзiрленуi, мазмұны, жасалуы, өзгертiлуi, толықтырылуы жөніндегі келiссөздердiң бастамашысы болуға құқылы.
2. Республикалық, салалық, аймақтық деңгейлерде қызметкерлер мен жұмыс берушiлер уәкiлдiк берген бiрнеше өкiлдер бар болған жағдайда олардың әрқайсысына өздерi өкiл болып отырған қызметкерлер мен жұмыс берушiлер атынан келiссөздер жүргiзуге құқық берiледi.
17-бап. Келісімдердiң мазмұны
1. Келісімдерде:
қолданылу мерзiмi туралы;
орындалуына бақылау жасау тәртібі туралы;
келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгiзудiң тәртібі туралы;
тараптардың өздерiне алған мiндеттемелердi орындамаған жағдайдағы жауапкершiлiктерi туралы ережелер қамтылуға тиiс.
2. Бас келісімнiң мазмұнын Әлеуметтiк әрiптестік пен әлеуметтiк және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі тұрақты жұмыс iстейтiн республикалық үш жақты комиссия әлеуметтiк әрiптестiктiң барлық тараптары немесе олардың бiреуi ұсынған Бас келісімнiң жобаларын негiзге ала отырып айқындайды.
3. Салалық және аймақтық келісімнiң мазмұнын әлеуметтiк әрiптестiк пен әлеуметтiк және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі тұрақты жұмыс істейтiн салалық және аймақтық комиссиялар әлеуметтiк әрiптестiктiң барлық тараптары немесе олардың бiреуi ұсынған келісімдердiң жобалары негiзiнде айқындайды.
4. Келісімдерде:
1) еңбекке ақы төлеу, еңбек жағдайлары және еңбектi қорғау, еңбек және демалыс режимi туралы;
2) келісіммен айқындалған, баға мен инфляцияның деңгейiн, күнкөрiстiң ең төменгi деңгейi мен көрсеткiштердiң орындалуын негiзге ала отырып, еңбекке ақы төлеудi реттеу тетiгi туралы;
3) өтем сипатындағы қосымша ақылар туралы;
4) қызметкерлердi жұмыспен қамтуға, кәсiби әзiрлеуге және қайта әзiрлеуге жәрдемдесу туралы;
5) жұмыс істеу және демалыс үшiн қолайлы жағдайлар жасау жолымен өндiрiстегi қызметкерлердiң денсаулығын қорғауды ұйымдастыру және тиiстi қоршаған ортаны қамтамасыз ету туралы;
6) салауатты өмiр салтын насихаттау жөніндегі шаралар туралы;
7) қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерiн әлеуметтiк қорғау жөніндегі арнаулы шаралар туралы;
8) өндiрiс уақытша тоқтап қалған жағдайда қызметкерлердi қорғау шаралары туралы;
9) жанжалдар мен ереуiлдердi болғызбау, еңбек тәртібін нығайту туралы;
10) әлеуметтiк-еңбек мәселелерi жөнiнде заңдарға қайшы келмейтiн басқа да ережелер;
11) әлеуметтiк инфрақұрылымды дамытуға жәрдемдесу туралы ережелер көзделуi мүмкiн.
18-бап. Келiссөздер жүргiзу, келісімдердi әзiрлеу мен жасасу тәртібі
1. Келiссөздiң басталуы туралы екiншi тараптан жазбаша ұсыныс алған тараптар күнтiзбелiк он күн ішiнде оларды қарауға және келiссөздерге кiрiсуге мiндеттi.
2. Келiссөздер жүргiзу тәртібін, келісімдердi әзiрлеу мен жасасу мерзiмдерiн, сондай-ақ оларға өзгерістер мен толықтырулар енгiзудi, оларға қосылуды комиссиялар бекiтедi.
3. Келісімдер оларға тараптар қол қойған сәттен не келісімдерде белгiленген күннен бастап күшiне енедi.
Келісімге жасалған барлық қосымшалар оның ажырағысыз бөлiгi болып табылады және олармен бiрдей заңдық күшi болады.
4. Келісімнiң қолданылу мерзiмi тараптардың келісімi бойынша не жаңа келісім қабылданғанға дейiн белгiленедi, бірақ ол үш жылдан аспауға тиiс.
5. Қызметкерлерге бір мезгiлде бірнеше келісімнiң күшi қолданылатын жағдайда қызметкерлер үшiн келісімнiң ең қолайлы шарттары қолданылады.
6. Бас, салалық, аймақтық келісімдер әлеуметтiк әрiптестiк тараптары өкiлдерiнiң қол қоюымен бекітіледi.
7. Тараптар қол қойған салалық, аймақтық келісімдер қосымшаларымен бiрге жетi күн мерзiмде хабарламалық тiркеу үшiн республикалық комиссияға жiберiледi.
19-бап. Келісімдердiң орындалуына бақылау жасау
Келісімдердiң орындалуына бақылау жасауды әлеуметтiк әрiптестiк пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі тиiстi комиссиялар жүзеге асырады.
20-бап. Комиссиялардың үйлестiрушiлерi
Республикалық, салалық және аймақтық комиссиялардың үйлестiрушiлерi тараптардың бiрлескен шешiмiмен тағайындалады.
Комиссия үйлестiрушiсi:
тараптардың қызметiне араласпайды;
комиссияның жұмысына қатысу үшiн комиссия мүшесi болып табылмайтын, жұмыс берушiлер мен қызметкерлер бірлестiктерiнiң өкiлдерiн, атқарушы билiк органдары өкiлдерiн, сондай-ақ ғалымдар мен мамандарды, басқа ұйымдардың өкiлдерiн шақырады;
комиссия мен жұмыс топтарының жұмысын, хаттамалардың жүргiзiлуiн, шешiмдердiң жобасын әзiрлеудi және қабылданған шешiмдердiң орындалуына бақылау жасауды қамтамасыз етедi.
Қазақстан Республикасының