"Инвестициялар туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заң
актілеріне инвестициялар мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарын iске асыру туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
2003 ж. 28 наурыздағы № 43-ө өкімі
ҚР Премьер-Министрінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы № 383-ө Өкімімен күші жойылды
"Инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы Заңын және "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне инвестициялар мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы Заңын (бұдан әрi - Заңдар) iске асыру мақсатында:
1. Қоса берiлiп отырған "Инвестициялар туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне инвестициялар мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары (бұдан әрi - Жоспар) бекітілсiн.
2. Жоспар тармақтарын орындауға жауапты мемлекеттік органдар белгiленген тәртiппен Жоспарға сәйкес тиiстi қаулылар жобаларын дайындасын және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгiзсiн.
3. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігінiң Инвестициялар жөніндегі комитетi белгiленген тәртiппен бұрын қабылданған ведомстволық нормативтiк құқықтық актiлердi Заңдарға сәйкес келтiрсiн және осы актiлерден туындайтын өзге де iс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етсiн.
4. Осы өкiмнiң орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары К.Қ.Мәсiмовке жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2003 жылғы 28 наурыздағы
№ 43 өкiмімен
бекітілген
"Инвестициялар туралы" және "Қазақстан Республикасының
кейбір заң актілеріне инвестициялар мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан
Республикасының Заңдарын iске асыру жөніндегі
iс-шаралар жоспары
Р/с N | Актiнiң атауы | Жауапты орындаушылар | Орындау мерзiмi |
1. | | Индустрия және сауда министрлігі Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Әдiлет министрлігі Қаржы министрлігі Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі Қоршаған ортаны қорғау министрлігі | 2003 жылғы 31 наурызға дейiн |
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 12 қыркүйекте- гi N 996 және 2002 жылғы 18 қарашадағы N 1220 қаулыларына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы | Индустрия және сауда министрлігі Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Әдiлет министрлігі | 2003 жылғы 31 наурызға дейiн |
3) Қазақстан Республи- касының Индустрия және сауда министрлігі Инвестициялар жөніндегі комитетiнiң мемлекеттік органдардың мамандарын, консультанттар мен сарапшыларды тарту ережесін бекіту туралы | Индустрия және сауда министрлігі Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Әдiлет министрлігі Қаржы министрлігі Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Кедендiк бақылау агенттiгi | 2003 жылғы 31 наурызға дейiн |
4) Қызметтiң кiшi түрлерiнiң жiктеушiсi деңгейiнде қызметтiң басым түрлерiнiң тiзбесiн бекіту туралы | Индустрия және сауда министрлігі Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Әдiлет министрлігі Қаржы министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігі Көлiк және коммуникациялар министрлігі Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Білім және ғылым министрлігі Денсаулық сақтау министрлігі Туризм және спорт жөніндегі агенттiгi | 2003 жылғы 31 наурызға дейiн |
5) Инвестициялардың ең жоғары көлемдерiн және инвестициялық преференцияларды ұсынатын уәкiлеттi орган инвестициялық салық преференцияларының қолданылу мерзiмiн бекіту туралы | Индустрия және сауда министрлігі Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Әдiлет министрлігі Қаржы министрлігі | 2003 жылғы 31 наурызға дейiн |
2. | Мынадай бұйрықтарды әзiрлеу және қабылдау: 1) Инвестициялық жобаның бизнес-жоспарына қойылатын талаптар туралы; 2) Инвесторлардың қызметiн бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру тәртібі мен мерзiмдерi туралы | Индустрия және сауда министрлігінiң Инвестициялар жөніндегі комитетi Әдiлет министрлігі | 2003 жылғы 5 сәуiрге дейiн |