әкiмнiң аппаратын бюджеттiң қалыптастырылуы мен атқарылуы жөнiнде кәсiби дайындығы және дағдылары бар біліктi мамандардан жасақтау;
жұмыс көлемiнiң өсуiне - ауылдық, кенттiк, қалалық (аудандық маңызы бap) бюджеттердiң жиынтығына, төменгi тұрған бюджеттерге бөлiнетiн субвенцияларды беруге әкiмшiлiк етуге байланысты аудандық-қалалық қаржы бөлiмдерiнiң штат санын кеңейту;
осы деңгейдегi бюджеттерге әкiмшiлiк ету мәселелерiн шешу, сондай-ақ олардың қаражатының қозғалысын бақылауды қамтамасыз ету мәселелерiн шешу нәтижелерi бойынша қабылданатын болады.
Мемлекеттік басқарудың ауылдық, кенттiк, қалалық (аудандық маңызы бар) деңгейлерiне дербес бюджеттер беру туралы мәселенi қараған кезде 195 аудандық және қалалық бюджеттердiң 153-i немесе 78%-i субвенциялық бюджеттер екенi ескерiлетiн болады, мұның өзi басқарудың төменгi деңгейiнде шиеленiсетiнi сөзсiз. Сондықтан, басқарудың осы деңгейлерiне салықтық және салықтық емес түсiмдердi бекітіп беру олардың қаржымен өзiн өзi жеткiлiктi түрде қамтамасыз етуіне мүмкіндік бермейді.
Осыған байланысты басқарудың осы деңгейлерiне дербес бюджет берудiң мүмкiн нұсқаларының бiрi ретiнде аудандық (қалалық) бюджеттерде олардың шығыстарын қаржыландыру үшiн көзделетін трансферттердiң есебiнен ауылдық, кенттiк, қалалық (аудандық маңызы бap) бюджеттердiң кiрiс бөлiгiн қалыптастыру болады.
Мемлекеттік басқару негiздерiн одан әрi демократияландыру бағытын негiзге ала отырып орта мерзiмдi кезеңде елде жергiлiктi өзiн-өзi басқару негiздерiн қалыптастыру көзделуде.
Қазiргi уақытта бұл институттарды құруды жергiлiктi өзiн-өзi басқару жүзеге асырылуы тиiс ұйымдастыру нысаны мен басқару деңгейiне деген бiрмәндi көзқарастардың болмауы тежеп отыр.
Алайда, бүгiнгi таңда ауылдық, кенттiк, қалалық (аудандық маңызы бap) деңгейлердегi билiкте басқарудың нақты тетiктерi қалыптаспаған, жеке кiрiс көздерi жоқ және меншiк мәселелерi шешiлмеген, оларсыз нақты жергiлiктi өзiн-өзi басқару туралы сөз ету ертерек.
Осыған байланысты, бiрнеше жыл iшiнде ауылдық, кенттiк, қалалық (аудандық маңызы бар) билiк деңгейлерiнде басқару мен қаржыландыру тетiктерiн iс жүзiнде пысықтау кейiннен елiмiзде жергiлiктi өзiн-өзi басқару институттарын енгізу үшiн негiзгi алғышарт болады.
Қорытынды
Осы Тұжырымдамада көзделген шараларды iске асыру мемлекеттік басқарудың жұмыс iстеу негiздерiн, бюджет саласын қамтиды, заңнамаға елеулi өзгерістер енгізудi, барлық мемлекеттік басқару деңгейлерiнiң арасындағы құқықтық және қаржылық өзара қатынастарды дәйектi әрi жүйелi түрде нақтылауды талап етедi.
Бұл бағыттағы әрекеттердiң кешендiлiгi мен дәйектiлiгiн қамтамасыз ету үшiн жұмыстарды кезең-кезеңiмен жүргiзу көзделiп отыр.
Осы мақсатта ?кімет орташа мерзiмдi кезеңге арналған iс-шаралар жоспарын бекiтетiн болады, ал Мемлекеттік комиссияның жұмысы тұрақты негiзге көшiрiледi.
Қажет болған кезде функциясына әкiмшiлiк реформаны жүргiзу мәселелерi кiретiн дербес мемлекеттік орган бөлiнуi мүмкiн.
Мемлекеттік комиссия жұмысы шеңберiнде барлық мүдделi мемлекеттік органдардың қатысуымен жаңа заңнамалық кесiмдердiң жобалары және/немесе мемлекеттік басқарудың жекелеген секторларының қызметiн, салық-бюджет саласының мәселелерiн реттейтiн қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнiнде заң жобалары дайындалатын болады.
2003 жыл iшiнде бюджетаралық қатынастар жүйесiн құрудың жаңа қағидаттарына бiртiндеп көшу үшiн базалық жағдайлар жасау мақсатында басымды заң жобалары қабылдануы тиiс.
Тұтас алғанда, жоспарланған шараларды iске асыру мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiруге, мемлекеттік функциялар тiзбесiн оңтайландыруға, оларды мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерi арасында тиiмдi бөлуге, мемлекеттік билiктiң барлық деңгейлерiнiң тұрақты және тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн бюджетаралық қатынастар моделiн жасауға жәрдемдеседi.