2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың
паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Парламенті
Шаруашылық басқармасы) Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 ж. 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 01.07.03 ж. № 150г; 04.12.03 ж. № 150аа қаулыларымен
енгізілген өзгерістерімен)
"Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. 10, 11, 12, 13, 14, 14-1, 15-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасының Парламентi Шаруашылық басқармасының 2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына
10-қосымша
Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Шаруашылық басқармасы
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
001 "Әкiмшiлiк шығыстар"
республикалық бюджеттік бағдарламасының
2003 жылға арналған
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1 339 500 мың теңге (бiр миллиард үш жүз отыз тоғыз миллион бес жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Заңының 1-бабы; "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңының 21, 22, 23, 24 және 25-баптары; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы" 1995 жылғы 16 қазандағы № 2529 Конституциялық Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет есебiнен қамтылған органдары қызметкерлерiне еңбек ақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi туралы" 2001 жылғы 25 наурыздағы № 575 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесiн одан әрi оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы" 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы бекiткен "Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Шаруашылық басқармасы туралы" 2000 жылғы 29 қарашадағы N IБ 01/42 ереже.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Жүктелген функцияларды барынша тиiмдi орындауға қол жеткізу үшiн Қазақстан Республикасы Парламентiнiң қызметiн қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасының Парламентiн ұстау.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
Рет са- ны N | Бағ- дар- лама- ның коды | Кiшi бағ- дар- лама- ның коды | Бағдарлама- ның (кіші бағдарлама- ның) атауы | Бағдарламаны (кіші бағдарламаны) іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Жүзеге асыру мерзім- дері | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 001 Әкімшілік шығыстар 001 Орталық Қазақстан Жыл Қазақстан органның Республикасы бойы Республикасы аппараты Парламентінің 116 Парламентінің депутатын, Сенат Шаруашылық пен Мәжілістiң басқармасы 357 қызметкерiн, Шаруашылық басқармасының 29 қызметкерін ұстау |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан
Республикасы Парламентiнiң Шаруашылық басқармасына жүктелген функцияларды
сапалы және уақтылы орындау.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына
11-қосымша
Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Шаруашылық басқармасы
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
010 "Кадрлардың біліктiгiн арттыру және оларды қайта даярлау"
республикалық бюджет бағдарламасының
2003 жылға арналған
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 2 177 мың теңге (екi миллион жетi жүз жетпiс жетi мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңының 3-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы бекiткен "Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Шаруашылық басқармасы туралы" 2000 жылғы 29 қарашадағы N IБ 01/42 ереже.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: өз лауазымдық мiндеттерiн тиiмдi орындау және кәсiби шеберлiктi жетiлдiру үшiн қойылатын біліктiлiк талаптарына сәйкес кәсiби қызмет саласындағы білім беру бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық білімдi, шеберлiк мен дағдыларды жаңарту.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: мемлекеттік қызметшiлердiң кәсiби біліктiлiгiн арттыру.
6. Бюджеттік бағдарламаларды iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
Рет са- ны N | Бағ- дар- лама- ның коды | Кiшi бағ- дар- лама- ның коды | Бағдарлама- лардың (кіші бағ- дарламалар- дың) атауы | Бағдарламаны (кіші бағдарламаны) іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзім- дері | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 010 Кадрлардың біліктiлiгiн арттыру және оларды қайта даярлау- 005 Мемлекеттік Бiлiктiлiктi Жыл Қазақстан қызметшi- арттырудың бойы Республикасы лердiң бекітілген Парламентінің біліктiлi- жоспарына сәйкес Шаруашылық гiн арттыру мемлекеттік басқармасы қызметшiлердiң біліктiлiгiн арттыру бойынша көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу, соның iшiнде мемлекеттік тiлдi оқыту- Тыңдаушылардың саны 386. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетін нәтижелер:
аппараттардың мемлекеттік қызметшілерінің біліктiлiгiн арттыру; оқытудың
және біліктiлiктi арттырудың жүйесiн жетiлдiру нәтижесiнде мемлекеттік
аппараттар жұмысының тиiмдiлiгi, мемлекеттік қызметшiлердiң кәсiбилiгi мен
құзырлығы артады. Іс-шаралар оқытуды аппараттардың нақты қажеттiлiктерiне
және әртүрлi лауазым санаттарының біліктiлiк талаптарынa сәйкес жаңа
сапалы деңгейге көтеруге мүмкiндiк бередi.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына
12-қосымша
Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Шаруашылық басқармасы
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
034 "Литерлiк рейстердi қамтамасыз ету"
республикалық бюджет бағдарламасының
2003 жылға арналған
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 57 100 мың теңге (елу жетi миллион бiр жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы; "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасының кейбір мәселелерi туралы" 2000 жылғы 21 сәуiрдегі № 378 Жарлығы, "Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 16 қазандағы № 2529 Конституциялық заңы, Қазақстан Республикасының Парламентi Палаталарының 1996 жылғы 20 мамырдағы бiрлескен отырысында қабылданған Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Регламентi.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Парламент Палаталарының төрағалары басқарған Қазақстан Республикасының Парламентi делегацияларының үздiксiз жүрiп тұруы үшiн жағдайлар жасау.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Парламент Палаталарының төрағалары басқарған Қазақстан Республикасы Парламентiнiң делегацияларын әуе көлiгiмен қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаларды iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
Рет са- ны N | Бағ- дар- лама- ның коды | Кiшi бағ- дар- лама- ның коды | Бағдарлама- лардың (кіші бағ- дарламалар- дың) атауы | Бағдарламаны (кіші бағдарламаны) іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзім- дері | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 034 000 Литерлiк Шартқа сәйкес он Жыл Қазақстан рейстердi чартерлiк рейс бойы Республикасы қамтамасыз ұйымдастырғаны Парламентiнiң ету үшiн көлiктiк Шаруашылық қызметтерге ақы басқармасы төлеудi жүргiзу. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: чартерлiк
рейстердi орындау.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына
13-қосымша
ҚР Үкіметінің 04.12.03 ж. № 150аа қаулысымен 13-қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Шаруашылық басқармасы
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
035 "Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары
бастамашылық жасайтын заң жобаларын әзiрлеу және
оларға сараптама жүргiзу" республикалық бюджет
бағдарламасының 2003 жылға арналған
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 50 000 мың теңге (елу миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы; "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасының кейбір мәселелерi туралы" 2000 жылғы 21 сәуірдегі № 378 Жарлығы, "Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 16 қазандағы № 2529 Конституциялық заңының 15-бабы, Қазақстан Республикасының Парламентi Палаталарының 1996 жылғы 20 мамырдағы бiрлескен отырысында қабылданған Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Регламентi.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының заңдарын жетiлдiру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасының депутаттары бастамашылық жасайтын заң жобаларын әзiрлеу, заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу, заң шығарушылық қызмет саласында, зерттеулер жүргiзу, халықаралық қатынастар мәселелерi бойынша халықаралық форумдар өткізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
Рет са- ны N | Бағ- дар- лама- ның коды | Кiшi бағ- дар- лама- ның коды | Бағдарлама- лардың (кіші бағ- дарламалар- дың) атауы | Бағдарламаны (кіші бағдарламаны) іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзім- дері | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер Қазақстан
Республикасы Парламентiнiң депутаттары бастамашылық жасайтын заң
жобаларын әзiрлеудi қамтамасыз ету, заң шығарушылық қызмет саласында
зерттеулер жүргiзудi қамтамасыз ету, халықаралық қатынастар мәселелерi
бойынша халықаралық форумдар өткізудi қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына
14-қосымша
ҚР Үкіметінің 01.07.03 ж. № 150г қаулысымен 14-қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Шаруашылық басқармасы
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
036 "Парламенттiк Ассамблеяның Трансазиаттық форумын өткізу"
республикалық бюджет бағдарламасының
2003 жылға арналған
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 47000 мың теңге (қырық жетi миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы, Қазақстан Республикасы басшылығының шешiмi.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Азиядағы өзара iс-қимыл және сенім шаралары бойынша кеңес идеяларын Парламентаралық диалог тетiктерiмен толықтыру бөлiгiнде дамыту, дүние жүзiлiк қоғамдастыққа Қазақстанның рөлi мен мәндiлігiн көрсету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Еуразия кеңiстiгiнде диалогты қалыптастыру, аймақтағы қауiпсiздiк пен тұрақтылықты қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
Рет са- ны N | Бағ- дар- лама- ның коды | Кiшi бағ- дар- лама- ның коды | Бағдарлама- лардың (кіші бағ- дарламалар- дың) атауы | Бағдарламаны (кіші бағдарламаны) іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзім- дері | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 036 Парламенттiк Парламенттiк Жыл Қазақстан Ассамблеяның ассамблеяның бойы Республикасы Трансазиаттық Трансазиялық Парламентiнiң форумын форумын өткізуге Шаруашылық өткізу байланысты басқармасы қызметтер көрсету мен iссапар шығыстарын төлеу |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер:
Қазақстанның әлемдiк сахнадағы беделi мен рөлiн арттыру.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына
14-1-қосымша
ҚР Үкіметінің 01.07.03 ж. № 150г қаулысымен 14-1-қосымшамен толықтырылды
ҚР Үкіметінің 04.12.03 ж. № 150аа қаулысымен 14-1-қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Шаруашылық басқармасы
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
200 "Депутаттардың қызметтiк тұрғын үйлерiне жиhаз
сатып алу" республикалық бюджет бағдарламасының
2003 жылға арналған
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 18 250 мың теңге (он сегiз миллион екi жүз елу мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы; "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңы; "Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 16 қазандағы № 2529 Конституциялық Заңының 30-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы бекiткен "Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Шаруашылық басқармасы туралы" 2000 жылғы 29 қарашадағы N IБ 01/42 ереже.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Депутаттардың қызметтiк пәтерлеріндегі жиhаз бен тұрмыстық техниканы iшiнара жаңарту.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Депутаттардың қызметтiк пәтерлеріндегі жиhаз бен тұрмыстық техниканы iшiнара жаңарту.
6. Бюджеттік бағдарламаларды iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
Рет саны N | Бағдар- ламаның коды | Кіші бағ- дар- лама- ның коды | Бағдарла- маның (кіші бағдарла- малардың) атауы | Бағдарламаны (кіші бағдарламаны) іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру- дың мер- зім- дері | Жауапты атқарушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 200 "Депутат- 20 тоңазытқыш, 40 Жыл Қазақстан тардың кiр жуу машина, 81 бойы Республикасы қызметтiк шаң сорғыш, 10 Парламент- тұрғын электр плитасы, 60 iнiң Шаруа- үйлерiне микротолқынды пеш, шылық жиhаз 25 керует, 100 ас басқармасы сатып үй үстелi, 150 алу" орындық, 20 телевизор, 20 компьютер қоятын үстел, 80 киім iлетiн шкаф, 20 кiтап шкафы, 10 жұмсақ жиһаз жиынтығы, 33 диван, 114 телевизор қоятын тумба, 20 жиналмалы үстел, 89 жартылай жұмсақ орындық, 114 комод сатып алу |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер:
Депутаттардың қызметтiк пәтерлерi үшiн жарамсыз күйге келген тұрмыстық
техникамен жиhаздарды iшiнара жаңарту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына
15-қосымша
ҚР Үкіметінің 04.12.03 ж. № 150аа қаулысымен 15-қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Шаруашылық басқармасы
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
600 "Қазақстан Республикасы Парламентiн есептеу және
ұйымдастыру техникасымен қамтамасыз ету"
республикалық бюджеттік бағдарламасының
2003 жылға арналған
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 70 000 мың теңге (жетпiс миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы; "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік аппарат жұмысын жақсарту бюрократизмге қарсы күрес және құжат айналымын қысқарту жөніндегі шаралар туралы" 2000 жылғы 31 шiлдедегi № 427 Жарлығы; "Мемлекеттік органдарды ақпараттандыру мәселелерi туралы" ҚР Yкіметінiң 2000 жылғы 10 қазандағы № 1501 қаулысы; "Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудың және дамытудың 2001-2003 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" ҚР Yкіметінiң 2001 жылғы 21 мамырдағы № 674 қаулысы; Қазақстан Республикасы Президентінің Iс Басқармасы бекiткен "Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Шаруашылық басқармасы туралы" 2000 жылғы 29 қарашадағы N IБ 01/42 ереже.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қазiргi заманғы ақпараттық технологиялар негізiнде Қазақстан Республикасы Парламентiнiң заң шығару және ұйымдастыру қызметiнiң тиiмдiлiгi мен сапасын арттыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: техникалық және моральдық жағынан ескiрген компьютерлiк техниканы жаңғырту, қосымша ұйымдастыру техникасын сатып алу; заңдық, ұйымдастырушылық, статистикалық, талдаушылық және басқа да қажеттi ақпаратқа қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету, сондай-ақ жоғарыда ақпарат түрлерi бойынша ақпараттық ресурстардың қорын жасау үшiн ақпараттық қызметтер мен жабдықтарды сатып алу; қазiргi заманғы ақпараттық технологияларды (бағдарламалық-ақпараттық) сатып алу негiзiнде Парламенттiң ақпараттық-есептеу желiсiн дамыту және қорғау; "Қазақстан Республикасы Парламентiнiң мониторингi" автоматтандырылған жүйесiн құру бойынша жобалау жұмыстарын жүргiзу үшiн қызметтердi сатып алу (техникалық мiндеттi зерттеу мен беру) 2001 жылы Парламент санының ұлғаюына байланысты аппарат қызметкерлерiн байланыспен, компьютерлермен және басқа да ұйымдастыру техникасымен жете жабдықтау, сондай-ақ Парламенттiң ақпараттық жүйелерiн дамыту үшiн қосымша жабдықтар сатып алу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
Рет са- ны N | Бағ- дар- лама- ның коды | Кiшi бағ- дар- лама- ның коды | Бағдарлама- лардың (кіші бағ- дарламалар- дың) атауы | Бағдарламаны (кіші бағдарламаны) іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзім- дері | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 600 Қазақстан 1- Қазақстан Жыл Қазақстан Республика- Республикасының бойы Республикасы сының Парламентiн Парламентінің Парламентiн компьютерлік және Шаруашылық есептеу және ұйымдастырушылық басқармасы ұйымдастыру техникамен техникасымен жарақтандыру: қамтамасыз 150 компьютер, ету 150 принтер, сканерлеуге арналған 9 құрылғы, 40 теледидар мониторын сатып алу- 2- Қазақстан Республикасы Парламентi ақпараттық ресурстарының қорын жаңғырту: 1 жинақталымнан жаңғырту жөніндегі арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету жөніндегі қызмет көрсетулердi сатып алу: қызметтiк шығыс хат-хабарлар мен арнаулы құжаттар бойынша, заң шығармашылығы қызметi бойынша; ақпараттық-талдау қызметi бойынша- Ақпараттық қалыптастыру үшiн конгресс-жүйелер жабдығының бiр жинақталымымен деректер базасының бiр серверiн сатып алу- 3- "Қазақстан Республикасы Парламентiнiң мониторингi" автоматтандырылған жүйесiн құру: жобалау жұмыстарын (техникалық мiндеттi зерттеу мен әзiрлеу) орындау бойынша көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу- 4- Қазақстан Республикасы Парламентiнiң ақпараттық-есептеу желiсiн дамыту: үздiксiз қоректендiру көздерiмен және жарақтармен қоса 2 сервер жиынтығын сатып алу NetWare 6 (6 компонент құрамында) бағдарламалық өнiмiне әр компонент бойынша 93 мөлшерiнде лицензия сатып алу және 2 маманды олармен жұмыс icтeу үшiн оқыту; WINDOWS NT 2000 advanced server (WINDOWS NT) лицензиялық бағдарламалық өнiмiн, Delphi ver- 6-0- with соmроnеnts және visual studio ver- 6-0. interprise еdition құрал- саймандық бағдарламалық қамтамасыз ету жиынтығын сатып алу; желiлердi ақпараттық қорғау үшiн RealSecurе Network Sensor 1 сегмент, Webshield E250 Аррliаnсе Perp'I licenct No Support 51-100 бағдарламалық өнiмдерiн сатып алу және олармен жұмыс iстеу үшiн 1 маманды оқыту; желiлердi вирустан қорғау үшін (493 лицензия) вирустан қорғау дербес бағдарламалық құралдарын сатып алу, желiнi монтаждау мен ретке келтiру үшiн құрал- саймандардың 1 жиынтығын сатып алу. |