7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетiн нәтижелер: қазiргi
заманғы деңгейде жаңартылған компьютерлер мен ұйымдастыру техникасының
паркi (2003 жылы қажеттi мөлшерде), Парламенттiң заң шығармашылығы мен
ұйымдастырушылық қызметi үшiн қажеттi ақпаратқа қолжетiмдiлiк, "Қазақстан
Республикасы Парламентiнiң мониторингi" автоматтандырылған жүйесiн жобалау
үшiн техникалық мiндет, желiнiң орнықты, сенімдi жұмысы. Осының бәрi
Қазақстан Республикасы Парламентi қызметiнiң сапасы мен тиiмдiлiгiн
арттыру үшiн жасалған жағдайлардың бiрi болмақ.