Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429
қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2003 ж. 4 желтоқсандағы № 150аа қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулыға 13-қосымшада:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасының депутаттары бастамашылық жасайтын заң жобаларын әзiрлеу, заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу, заң шығарушылық қызмет саласында, зерттеулер жүргiзу, халықаралық қатынастар мәселелерi бойынша халықаралық форумдар өткізу";
"Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
"Заң жобаларын әзiрлеу жөніндегі қызметтерге ақы төлеу; заң шығару қызметi практикасы бойынша зерттеу материалдарын дайындау; заң жобаларын әзiрлеу мәселелерi бойынша ғылыми конференциялау, семинарлар, дөңгелек үстелдер және тұрақты комитеттердiң көшпелi отырыстары мен парламенттiк тыңдаулар өткізу; заңнамалық ретте проблемалары бойынша әлеуметтiк және сараптамалық сауалнамада жүргiзу; заңдарды үйлестiру бойынша халықаралық форумдар өткізу";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары бастамашылық жасайтын заң жобаларын әзiрлеудi қамтамасыз ету, заң шығарушылық қызмет саласында зерттеулер жүргiзудi қамтамасыз ету, халықаралық қатынастар мәселелерi бойынша халықаралық форумдар өткізудi қамтамасыз ету";
көрсетілген қаулыға 14-1-қосымшада:
"Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
"20 тоңазытқыш, 40 кiр жуу машина, 81 шаң сорғыш, 10 электр плитасы, 60 микротолқынды пеш, 25 керует, 100 ас үй үстелi, 150 орындық, 20 телевизор, 20 компьютер қоятын үстел, 80 киім iлетiн шкаф, 20 кiтап шкафы, 10 жұмсақ жиһаз жиынтығы, 33 диван, 114 телевизор қоятын тумба, 20 жиналмалы үстел, 89 жартылай жұмсақ орындық, 114 комод сатып алу";
көрсетiлген қаулыға 15-қосымшада:
"Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында:
1-тармақта: "100 компьютер, 100 принтер" деген сөздер "150 компьютер, 150 принтер" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
мiндетiн атқарушы