ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 18 қазандағы № 1070 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 30 қаңтардағы
№ 106 қаулысымен
бекiтілген
Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларды және олар көрсететін қызметтерді сертификаттау
ЕРЕЖЕСI
ҚР Үкіметінің 2007.12.10 № 934 Қаулысымен мәтіндегі « Қазақстан Республикасы Президентінің»Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 1995 жылғы 20 желтоқсандағы № 2697 заң күші бар Жарлығының» және»»Қазақстан Республикасы Президентінің»Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 1995 жылғы 20 желтоқсандағы № 2697 заң күші бар Жарлығында» деген сөздер тиісінше «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 желтоқсандағы Заңының», «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 желтоқсандағы Заңында» деген сөздермен ауыстырылды (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) ( бұр. ред. қара )
1. Жалпы ережелер
1. Осы Азаматтық әуе кемелерiн пайдаланушыларды және олар көрсететiн қызметтердi сертификаттау ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 желтоқсандағы Заңының , "Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының талаптарына және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын тиiстi халықаралық шарттарды ескере отырып, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес әзiрленген.
2. Осы Ереже Қазақстан Республикасының аумағында тiркелген азаматтық әуе кемелерiн пайдаланушыларға, сондай-ақ жолаушылар, теңдеме жүк, жүк және почтаның әуе тасымалын ұйымдастыру мен қамтамасыз ету және авиациялық жұмыстарды орындау жөнiнде аталған пайдаланушылар көрсететiн қызметтерге сертификаттар беру тәртібiн белгiлейдi.
Осы Ереже аса жеңiл авиацияның әуе кемелерiн пайдаланушыларға қолданылмайды.
3. Осы Ережеде қолданылатын терминдер мен анықтамалар:
1) өтiнiм - өтiнiш берушiнiң сертификаттық тексеру рәсiмдерiнен өту үшiн уәкілетті органға жазбаша өтiнiшi;
2) өтiнiш берушi - Азаматтық әуе кемесiн пайдаланушының сертификатын алу үшiн уәкiлетті органға өтінiш жасаған жеке немесе заңды тұлға;
3) сертификаттық талаптар - азаматтық авиацияны сертификаттау саласында нормативтiк құқықтық кесiмдермен белгіленген талаптар;
4) сертификаттық тексеру - уәкiлеттi орган жүзеге асыратын авиациялық қызмет көрсету жөніндегі құралдардың, жабдықтардың, пайдалану рәсiмдерiнiң, технологиялық процестердің, құжаттамалардың, ұйымдық құрылымдардың, сондай-ақ өтініш берушінің әкімшілік, ұшу және жердегi персоналы құзыреттiлiгiнiң сертификаттық талаптарға сай екендiгiн тексеру.
4. Сертификаттаудың мақсаты адамдардың өмiрi мен денсаулығы үшiн авиациялық қызметтердiң қауіпсiздігін қамтамасыз ету болып табылады.
5. Авиациялық қызметтер сертификаттаудың объектiлерi болып табылады.
6. Азаматтық әуе кемесiн пайдаланушының сертификаты (бұдан әрі Пайдаланушы сертификаты) иелiктен шығарылмайтын болып табылады және басқа заңды тұлғаға берiлмейдi.
7. Пайдаланушы сертификаты қолданылу саласын және мерзiмiн көрсете отырып, 2 жылдан аспайтын мерзiмге берiледi (1-қосымша).
8. Пайдаланушы сертификатын берудi, есепке алуды, сондай-ақ сертификаттық талаптардың сақталуын бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
2. Сертификаттауды жүргізу тәртібі
9. Сертификаттауды жүргiзудiң мынадай тәртібі белгiленедi:
1) уәкiлеттi органға өтiнiш берушiнiң сертификаттық талаптарға сәйкестiгiн растайтын құжаттармен бiрге өтінiмдi беруi;
2) уәкiлетті органның алдын ала бағалауы және өтiнiм жөнiнде шешiм қабылдауы;
3) уәкiлеттi органның сертификаттық тексеру жүргiзуi;
4) шешім қабылдау және Пайдаланушы сертификатын беру (беруден бас тарту).
10. Сертификаттаудың жалпы мерзiмi 3 (үш) айдан аспауы тиiс.
3. Өтiнiмдi беру және алдын-ала бағалау
11. Өтiнiш берушi уәкiлеттi органға сертификаттық талаптарға сәйкестiгiн уәкілеттi орган бекiткен тiзбе бойынша растайтын құжаттармен бiрге белгiленген нысандағы (2-қосымша) өтінiмдi жiбередi.
ҚР Үкіметінің 03.12.04 ж. № 1265 қаулысымен 12-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
12. Уәкілетті орган ұсынылған құжаттарды қарайды және 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімде ол туралы өтініш берушіге хабарланатын олар бойынша тиісті шешім (3-қосымша) қабылдайды.
13. Өтінiмдi алдын ала бағалау рәсiмдермен, өтiнiш берушiнiң құжаттарында берiлген тәжiрибемен және әдiстермен жалпы танысуды және олардың сертификаттық талаптарға сәйкестiгiн тексерудi қамтиды.
Бұл ретте мынадай мәселелер қаралады:
1) басқарудың ұйымдық құрылымы, практикасы және негiзгi қағидаттары;
2) ұшуды ұйымдастыру мен қамтамасыз етудегi басшы құрамның тәжiрибесi, сондай-ақ ұшу қауіпсiздігін қамтамасыз етумен тiкелей байланысты басшы құрам мен мамандар бойынша деректердiң болуы (6-қосымша);
3) авиациялық персонал штатының жинақталуы және даярлау жүйесi;
4) өтінiш берушiнiң өзге ұйымдармен техникалық қызмет көрсетуге және әуе кемелерiн жөндеуге, сондай-ақ авиациялық персоналды оқытуға жасасқан келісімдерiнiң болуы;
5) әуе кемелерiн пайдалану құқықтарына келісімдердiң болуы және олардың мазмұны (ондайлар болған жағдайда);
6) авиациялық техникаға қызмет көрсетуге және әуе тасымалын жүзеге асыруға арналған үй-жайдың болуы;
7) ұшуларды жүргiзу жөніндегі (4-қосымша) және әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсету жөніндегі (5-қосымша) басшылықтардың болуы.
14. Егер өтiнiш беруші мынадай талаптарға сәйкес болса уәкiлетті орган өтініш бойынша Пайдаланушының сертификатын беру туралы шешiм қабылдай алады:
1) міндетті сақтандыруды жүзеге асырса;
2) әуе кемелерінің ұшуы, техникалық пайдаланылуы мен ұшу қауіпсiздігiн қамтамасыз ету үшiн қажеттi персоналы, жабдықтары, құрылыстары, құжаттамасы, ғимараттары, сертификатталған бөлiмшелері болса;
3) сертификатталған әуе кемелері болса.
15. Уәкiлеттi орган өтінiштi қарау барысында мынадай рәсiмдердi жүзеге асырады:
1) ұсынылған әуе тасымалдарының және (немесе) авиациялық жұмыстардың көлемiн, әуе кемелерiнiң үлгiлерiн, басқару және басшылық ету әдістерiн, өтiнiш берушiнiң басшы орындарды алып отырған мамандарының құқықтарын және міндеттерiн бағалау;
2) авиациялық персоналдың даярлық дәрежесін анықтау;
3) ұшу, инженерлік-техникалық құрамның және басқа да мамандардың біліктілігін арттыру және жаттықтыру (тағылымдамадан өткізу) бағдарламаларының авиациялық талаптарға және азаматтық авиация кадрларын даярлау әрі қайта даярлау жөніндегі ережелерге сәйкестiгiне алдын-ала бағалау жүргiзу;
4) өтiнiш беруші ұсынған әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсету және ұшу пайдаланымын инспекциялау (бақылау), әуе қозғалысын ұйымдастыру, әуе кемелерiнiң және өзге жабдықтардың техникалық жағдайын, сондай-ақ ұшуды қамтамасыз ететiн қызметтердің жүйесiн және бағдарламасын алдын-ала талқылауды жүргiзу;
5) өтiнiш беруші орындауы қажет көрсетілiмділік және (немесе) дәлелдi (техникалық) ұшуларды анықтау;
6) өтінім бойынша шешiм қабылдау.
16. Егер өтiнiм осы Ереженiң талаптарына сәйкес келмесе немесе сертификаттық талаптарға сәйкестiгiн растайтын құжаттар толық көлемде бермесе, өтiнiм жөніндегі шешiмде қайтарылу себептерi көрсетiлiп мұндай өтiнiм қайтаруға жатады.
17. Өтінім бойынша ескертулер болмаған кезде (ескертулер жойылғаннан кейiн), өтінім жөніндегі шешiмнiң негiзiнде уәкілетті орган сертификаттық тексерудi жүргізу үшiн комиссия құрады.
4. Сертификаттық тексеру
18. Осы тексеру барысында өтiнiш берушi ол мәлiмдеген авиациялық қызметтердің сертификаттық талаптарға сай екендігін растауы тиіс.
19. Сертификаттық тексеру уәкілетті орган бекiтетiн сертификаттық тексерудiң үлгi бағдарламасына сәйкес жүргiзiледi.
20. Өтiнiш берушіні сертификаттық тексеру оның қызметiнің, ең алдымен, ұшу қауіпсiздiгін қамтамасыз ететiн мәселелермен байланысты аспектілерiн қамтиды.
21. Өтiнiш беруші өзiнiң қызметiн ұшуларды қамтамасыз етудiң барлық түрлері бойынша сертификаттық талаптарды ескере отырып ұйымдастырады, оларға мыналар жатады:
1) құқықтық қамтамасыз ету;
2) қаржылық-экономикалық қамтамасыз ету;
3) ұшуда пайдаланылуын қамтамасыз ету;
4) инженерлiк-авиациялық қамтамасыз ету;
5) әуе қозғалысын қызмет көрсетумен қамтамасыз ету;
6) штурмандық қамтамасыз ету;
7) аэронавигациялық қамтамасыз ету;
8) метеорологиялық қамтамасыз ету;
9) әуеайлақтық және әуежайлық қамтамасыз ету;
10) медициналық қамтамасыз ету.
Қамтамасыз етудiң көрсетiлген түрлері бойынша (құқықтық қамтамасыз етудi, ұшуда пайдаланылуын қамтамасыз етудi, инженерлiк-авиациялық қамтамасыз етудi қоспағанда) сертификаттық талаптарды iске асыруда өтiнiш берушi қызметін дербес жүзеге асырады және заңнамаға сәйкес осы қызметтік жүзеге асыру үшін басқа тұлғаларды тарта алады.
22. Ұшу, жердегi қызметтер мен құралдардың жұмысын тексеру қойылған мiндеттерді шешу үшiн жеке құрамның дайындық деңгейiнiң, жердегi құралдардың және жабдықтардың сәйкестiгiн анықтау мақсатында жүргiзіледі.
23. Бұл ретте ғимараттар мен құрылыстардың тиiстi түрде жабдықталғаны, күзет дабылы, хабардар eту құралдары бар екендiгi және олардың тiкелей арналымы бойынша пайдаланылатындығы тексерiледi және расталады.
Ангар құрылыстарының, зертханалардың, авиатехниканы жөндеу және оларға қызмет көрсету жөніндегі цехтардың, әкiмшiлiк ғимараттардың, жолаушы кешендерiнiң, қоймалардың және басқа да құрылыстардың белгiленген талаптарға сәйкестiгi тексерiледi.
24. Ұшу жұмыстарын ұйымдастыру, ұшу құрамының дайындығы және біліктiлiк ұшуларды жүзеге асыруды реттейтiн нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес болуы тиiс. Экипаж мүшелерiнiң азаматтық авиация саласында тиiстi кәсiби қызметтi жүзеге асыру құқығын куәландыратын күшi бар куәлiктерi тиiс.
25. Өтінiш берушінiң мынадай құжаттамасы тексеруге жатады:
1) ұшуларды ұйымдастыру және орындау жөніндегі;
2) ұшуларды қамтамасыз ету жөнiндегі;
3) экипаж мүшелерiнiң жеке iстерi;
4) экипаждың ұшу және жұмыс уақытын есепке алу;
5) пайдаланымдық және борттық жазулар.
26. Өтініш берушiнiң өз құрылымында авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөнiнде сертификатталған қызметінің болуы немесе сертификатталған ұйымдармен техникалық қызмет көрсетуге және авиациялық техниканы жөндеуге тиiсті шарттар жасасуы тиiс.
27. Егер өтiнiш беруші басқа мемлекетте тiркелген әуе кемелерiн пайдаланса, онда әуе кемелерiнiң иесiмен әуе кемелерiнiң ұшу жарамдылығын сақтау үшiн жауапкершiлiктi белгiлейтiн тиiстi келісімдер (шарттар) жасасуы тиiс.
28. Өтiнiш берушіде барлық пайдаланылатын әуе кемелерiне ұшуға жарамдылық сертификаты немесе Қазақстан Республикасында жарамды деп танылған шетел мемлекетінің ұшуға жарамдылық сертификаты болуы тиiс.
29. Халықаралық ұшуларды орындау кезiнде өтiнiш бeруші басқа елдердiң әуежайларында өз өкілдерiнiң немесе басқа елдердiң әуежайларында өкілдіктерi бар азаматтық авиация ұйымымен шарт жасасу арқылы техникалық қызмет көрсетудi көздеуі тиiс. Басқа елдердiң әуежайларында техникалық қызмет көрсету тиiстi мемлекеттiң әуежайларында техникалық қызметтi ұйымдастырудың белгiленген тәртібiне сәйкес жүзеге асырылуы тиiс.
30. Сертификаттық тексеру нәтижелерi бойынша өтiнiш берушінiң объектiлерiнің нақты жағдайын, пайдаланушы сертификатын беру мүмкіндігі (мүмкiн еместiгi) туралы тұжырымдарды, ұсынымдарды көрсетiп, 2 данада сертификаттық тексеру актiсiн (7-қосымша) жасайды. Актiге комиссияның барлық мүшелерi қол қояды және танысу үшiн өтiнiш берушігe беріледі.
31. Комиссияның сертификаттық тексеру мерзiмi 30 (отыз) күнтiзбелiк күннен аспайтын болуы тиiс.
5. Пайдаланушы сертификатын беру, беруден бас тарту,
қолданылуын тоқтата тұру, қайтарып алу және жарамсыз деп тану
32. Пайдаланушы сертификатын беру үшiн Пайдаланушы сертификатын беру мүмкiндiгi туралы қорытындысы бар сертификаттық тексеру актiсi негiз болып табылады.
Пайдаланушы сертификатын беру мүмкiндiгі туралы қорытындысы бар сертификаттық тексеру актiсi жасалғаннан кейiн уәкiлеттi орган он күндiк мерзiмде Пайдаланушы сертификатын ресiмдейдi және бередi.
33. Пайдаланушы сертификатын беруден бас тарту мынадай жағдайларда жүргiзiледі:
1) заңнамалық кесiмдермен осы санаттағы тұлғалар үшін азаматтық әуе кемелерiн пайдалану жөнiнде қызметтер көрсетуге тыйым салынғанда;
2) өтiнiш берушi ұсынатын қызметтер көрсету сертификаттық талаптары сәйкес келмегенде;
3) өтiніш берушiге қатысты қызметтердiң осы түрлерiн көрсетуге тыйым салатын соттың шешiмi болғанда.
34. Пайдаланушы сертификатын беруден бас тартқан кезде өтiнiш берушігe бас тарту себептерi көрсетiлген дәлелдi жауап берiледi.
35. Пайдаланушы сертификатының қолданылуы мынадай негiздер бойынша тоқтатылады:
1) пайдаланушы ұсынатын қызметтеp көрсету сертификаттық талаптарға сәйкес болмағанда;
2) пайдаланушының өтiнiшi бойынша;
3) авиациялық қызметтер көрсету саласындағы сертификаттық талаптар өзгерген кезде;
4) авиациялық қызметтер көрсетудiң технологиялық процесi өзгерген кезде.
36. Уәкілетті орган тоқтата тұру себептерiн көрсетiп, Пайдаланушы сертификатының қолданылуын алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтата алады.
Пайдаланушы сертификаты олардың негiзiнде тоқтатыла тұрған себептер жойылмаған жағдайда, ол қайтарып алынады.
37. Пайдаланушы сертификатының қолданылуын қайта қалпына келтiрудi (оны тоқтата тұру жағдайында) уәкiлеттi орган пайдаланушы анықталған кемшiлiктердi жойғаннан кейiн, сондай-ақ ол уәкiлеттi органға растайтын құжаттарды бергеннен және уәкiлеттi орган қажеттi тексерулерді жүргiзгеннен кейiн ғана жүзеге асырады.
38. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 желтоқсандағы Заңында көзделген жағдайларда Пайдаланушы сертификаты жарамсыз деп танылады.
39. Пайдаланушы сертификатының қолданылуын тоқтата тұру, қайтарып алу немесе жарамсыз деп тану жағдайында уәкiлеттi орган қабылданған шешiм туралы пайдаланушыға және аэронавигациялық ақпарат қызметiне дереу хабарлайды.
40. Пайдаланушының сертификатын қайтарып алу, жарамсыз деп тану кезiнде пайдаланушы уәкiлетті органға Пайдаланушы сертификатын дереу қайтаруға тиiс.
6. Пайдаланушы сертификатына өзгерістер енгізу және
телнұсқасын беру
ҚР Үкіметінің 03.12.04 ж. № 1265 қаулысымен 41-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
41. Пайдаланушының атауы, оның мәртебесi, ведомстволық тиесiлiлiгi өзгергенде және егер сертификаттық талаптарға сәйкессiздiктерге әкеп соқтырмайтын жағдайларда Пайдаланушы сертификатына және Пайдаланушы сертификатын пайдалану жөніндегі арнайы ережелерге тиiстi өзгерістер енгiзiледi.
42. Пайдаланушы сертификаты бүлiнген немесе жоғалған (ұрланған) жағдайда уәкiлеттi орган оның өтiнiшi негiзiнде пайдаланушыға телнұсқасын бередi.
43. Пайдаланушы сертификатына өзгерістер енгізу немесе телнұсқасын алу үшiн пайдаланушы қажеттi негіздемелерiмен және бұрын берiлген Пайдаланушы сертификатын қоса бере отырып, уәкiлеттi органға еркiн нысандағы өтініш бередi (жоғалғаннан (ұрланғаннан) басқа жағдайларда).
7. Бақылау
44. Пайдаланушылардың сертификаттық талаптарды сақтауына бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 30 қаңтардағы
№ 106 қаулысымен бекітiлген
Азаматтық әуе кемелерiн
пайдаланушыларды және олар
көрсететiн қызметтердi
сертификаттау ережесiне
1-қосымша
ҚР Үкіметінің 03.12.04 ж. № 1265 қаулысымен (бұр. ред. қара) ; ҚР Үкіметінің 2007.12.10 № 934 Қаулысымен (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) ( бұр. ред. қара ) 1-қосымша өзгертілді
-----Елтаңба-----
_____________________________________________________________
Уәкілетті орган
Пайдаланушының сертификаты
№ _____
Осымен пайдаланушы
____________________________________________________________
____________________________________________________________
(пайдаланушының атауы)
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң ____№____ қаулысымен бекітілген
Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларды және олар көрсететін қызметтерді
сертификаттау ережелерінің талаптарын қанағаттандыратындығын және
Қазақстан Республикасының азаматтық авиация қызметiн реттейтiн
нормативтік құқықтық кесiмдерiнің талаптарын қанағаттандыратындығын
куәландырады.
Пайдаланушы ___________________________________________
_____________________________________________________________
(авиациялық қызметтердің түрлерi, халықаралық ұшулар және т.б.)
Қазақстан Республикасының заңнамасына, Халықаралық азаматтық авиация
туралы конвенцияның (Чикаго қ., 1944 ж.) Қосымшаларына, сондай-ақ қоса
берiлiп отырған Пайдалану жөніндегі арнайы ережелерде қамтылған пайдалану
талаптары мен шектеулерге сәйкес жүзеге асыруға қабiлеттi.
Осы Сертификат табыстауға жатпайды және ол қашан қайтарып алынғанға
немесе оның қолданылуы тоқтатылғанға дейiн күшiн жоймайды.
Инспекциялық бақылауды
__________________________________ жүзеге асырады.
(уәкiлеттi органның атауы)
МО Уәкілеттi
органның басшысы
__________ __________
(қолы) (Т.А.Ә.)
Күшiне енген күнi: ___ж. "_____"_______
Қолданылу мерзiмi: ___ж. "_____"_______ дейін
Уәкiлеттi орган
_______________________________________________________________
(пайдаланушының атауы № ____ сертификат)
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ АРНАЙЫ ЕРЕЖЕЛЕР
(пайдалану талаптары мен шектеулерi)
А бөлiгi - Жалпы ережелер
1. Қолданылуы. Осы Пайдалану жөніндегі арнайы ережелер (шектеулер) Азаматтық әуе кемелерiн пайдаланушыларды және олар көрсететін қызметтердi сертификаттау ережесiне және әуе кеңiстiгiнде ұшулар орындалатын шетел мемлекетiнiң нормативтiк құжаттарына сәйкес берiледі.
2. Анықтамалар мен қысқартулар. Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларды және олар көрсететін қызметтерді сертификаттау ережесiнде белгіленген барлық сөздер, сөз орамдары мен қысқартулар, осы пайдалану жөніндегі арнайы ережелерде де сондай мәнде қолданылады.
3. _________________________________________________берiлген № ____ пайдаланушы сертификаты бар пайдаланушы "____________" ұшуды орындауға даярланған.
4. Әуе кемелерiн пайдалануға рұқсат.
Пайдаланушыға - "____________" ___________________________ (авиациялық қызметтердiң түрлерi) орындау үшін мынадай жасаушылары мен модельдердің әуе кемелерiн пайдалануға рұқсат етiледi:
_____________________________ желілерде ұшу үшiн:
Жасаушы | Моделі | Ең жоғары жүк көтергiштiгi және жолаушы сыйымдылығы |
1 | 2 | 3 |
1-бағанда әуе кемелерiн жасаушы зауыт көрсетiледі; 2-бағанда әуе
кемесiнiң үлгiсi және мемлекеттік тiркеу нөмiрi, 3-бағанда тоннамен
берiлетiн көрсеткiш және жолаушылар саны көрсетiледі.
_________________ ___________________
(лауазымы) (қолы)
____жылғы "_____"________
Уәкiлеттi орган
___________________________________________________________
(пайдаланушының атауы, №____ сертификат)
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ АРНАЙЫ ЕРЕЖЕЛЕР
(пайдалану талаптары мен шектеулерi)
А бөлiгі - Жалпы ережелер (жалғасы)
_______________ және _______________________ бойынша ұшуды
орындау үшiн экипажды пайдалану жөніндегі шектеулер.
Пайдаланушыға "_________" мәлiмделген әуе кемелерін
___________________ бойынша және _________________________
төмендегідей ұшу құрамымен ұшуларды орындауы үшiн пайдалануына
pұқсат етіледі:
р/с № | Лауазымы | Т.А.Ә. |
1 | | |
2 | | |
3 | | |
(лауазымы) (қолы)
___ жылғы "______"_______
Уәкiлеттi орган
__________________________________________________________
(пайдаланушының атауы, №___ сертификат)
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ АРНАЙЫ ЕРЕЖЕЛЕР
(пайдалану талаптары мен шектеулерi)
В бөлiгi - Бағыттардағы рұқсаттар және шектеулер
"_____________" пайдаланушының әуе кемелерi уағдаласқан
мемлекеттердiң қолданылып жүрген нормативтiк құжаттарына және ұшу
ережелерiне сәйкес желiлерде ____________ және _____________ ұшуларды
орындауға даярлықтан өткен.
____________________________________________________________
Әуе кемесінің үлгісі Навигациялық жабдық
____________________________________________________________
____________________________________________________________
Ұшулар рұқсат етілген:
(Қазақстан Республикасының аумағы шегінде - бағыттар мен аймақтар)
(Қазақстан Республикасының аумағынан тыс - бағыттар мен аймақтар)
(ұшулар түрлерi - BҰE, ВҰЕЕ, АБҰЕ)
(күндiзгi және түнгi уақытта)
____________________________________________________________
Әуеайлақ Орналасқан жері
____________________________________________________________
____________________________________________________________
_____________ ____________________
(лауазымы) (қолы)
___ жылғы "______"_______
Уәкiлеттi орган
__________________________________________________________
(пайдаланушының атауы, №___ сертификат)
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ АРНАЙЫ ЕРЕЖЕЛЕР
(пайдалану талаптары мен шектеулерi)
С бөлiгi - Әуеайлақтардағы рұқсаттар мен шектеулер
1. Жалпы ережелер. "________" - пайдаланушыға Азаматтық әуеайлақтар
тiзiлiмiне және аэронавигациялық ақпараттар жинақтарына енгiзілген
Қазақстан Республикасы аумағындағы азаматтық авиация әуеайлақтарын