Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 қаңтардағы № 106 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 желтоқсандағы № 1265 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 18 қазандағы № 1070 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Азаматтық авиация саласындағы кейбір нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 қаңтардағы № 106 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 4, 53-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларды және олар көрсететін қызметтерді сертификаттау ережесінде:
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Уәкілетті орган ұсынылған құжаттарды қарайды және 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімде ол туралы өтініш берушіге хабарланатын олар бойынша тиісті шешім (3-қосымша) қабылдайды.»;
41-тармақтағы «басқа да өзгерістер болған» деген сөздер алынып тасталсын;
мемлекеттік тілдегі мәтінде 1-қосымшаның мәтіні бойынша «Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушылардың қызметтерін» деген сөздер «Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларды және олар көрсететін қызметтерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-қосымшада:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Пайдаланушының сертификатын алуға арналған өтінім бойынша шешім»;
4-қосымшада:
15-тараудың 3-тармағындағы «г)»деген аббревиатура «8)»деген санмен ауыстырылсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Аса жеңіл авиация саласындағы сертификаттау ережесінде:
12-тармақтың екінші абзацы «үлгісі» деген сөзден кейін «немесе данасы» деген сөздермен толықтырылсын;
18-тармақтағы «16» деген сандар «17,»деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | Д. Ахметов |