Шетелде шоттар ашуды уәкiлеттi банктерде ашылған шоттар арқылы не тiркеу тәртібімен ("б" санаты) шот ашпай аудару арқылы резидент - жеке тұлға жүзеге асырады.
Бұл ретте шетелдегі шетел банктерінде жеке тұлғалар ашқан шоттар бойынша валюталық заңдарда белгiленген тәртіппен лицензиялауға жататын операциялар жүргiзiлуге тиiс емес.
2. Қазiргi уақытта банктердiң корреспонденттiк және металдық шоттарды ашуы банктердi қадағалау органдарының талаптарын сақтау арқылы лицензиясыз жүзеге асырылады. Пруденциалдық реттеудi жетiлдiру, банктiң тұрақтылығына және iшкi тәуекелдердi басқару жүйелерiн енгізу арқылы банктiң инвестициялық портфелi мен активтерiнiң тәуекелдiгiне байланысты капиталдандырудың жеткiлiктiлiгiне талаптарды арттыру бақылау тиiмдiлiгiнiң қажеттi деңгейiн жасайды, сондықтан екiншi деңгейдегi банктердiң шетел банктерiнде шоттар ашуы лицензиясыз жүргiзiледi. Осы операцияларды жүргiзуге хабарлау ("в" санаты) режимi қолданылатын болады.
Шешiм қабылдауды талап ететiн мәселелер:
Мәселен, шетелде шоттың болуын болжайтын еншiлес компанияның пайда болуына, шетелдегi өкiлдiктердi ұстауға байланысты шығындарды барынша азайту тұрғысынан шетел банктерiнде заңды тұлғалардың шоттар ашудың және жүргiзудiң жеңiлдетiлген тәртібін тарату осы мақсатта экономикалық жағынан ақталуы мүмкiн. Осыны негiздей отырып, бiрiншi кезең шеңберiнде валюта операцияларын жүргiзудi бақылау және ырықтандыру жөніндегі шаралардың экономикалық нәтижелерiне талдау тәртібінiң жетілдiрiлуiне қарай заңды тұлғалардың шетелде шоттар ашу және олар бойынша жекелеген операциялар жүргізудi ырықтандырудың экономикалық дұрыстығын бағалау қажет.
Қазақстан Республикасының банктерiнде шығарылған төлем карточкаларын пайдалану арқылы резидент еместердiң банктерiнде ашылған банктік шоттар бойынша операциялар жүргiзу мүмкiндiктерiн қосымша қарастыру керек.
Пруденциалдық реттеу шеңберiнде ұзақ мерзiмдi рейтингi жоқ немесе ұзақ мерзiмдi рейтингi талап етiлетiн деңгейден төмен Қазақстан Республикасының резидент емес банктерiнiң - корреспонденттiк банктерiнiң айқындылығына (ақпаратты ашып көрсетуге) талаптарды арттыру қажет. Сондай-ақ резидент емес банктерде корреспонденттiк шоттарды ашу кезiнде Қазақстан Республикасының банктерiн капиталдандыруға қойылатын талаптарды арттыру қажет.
5.5. Валюталық режимдi ырықтандырудың ақпараттық аспектiсi
Қазақстан Республикасында валюталық режимді ырықтандыру тұжырымдамасының принципi капитал ағынын бақылаудың қолданылып жүрген әкiмшiлiк шараларын бiртiндеп жою, бiрiншiден, төлем балансының статистикалық базасын жасау, талдау және болжауды жетiлдiрумен, және екiншіден, Ұлттық Банктiң сыртқы экономикалық операциялар туралы ақпарат жинау және оған талаптарды белгілеуi бойынша өкiлеттiктерiн күшейтумен бiрге жүргiзiлетiнiн болжайды.
Бiрқатар басым операцияларды ырықтандыру барысында операцияға қатысушы сыртқы экономикалық мәмiлелердi жүзеге асыру кезiнде айтарлықтай экономикалық еркiндiк ала отырып, операцияны статистикалық есепке алу, операциялардың негіздiлiгiн және резиденттiң валюталық реттеу талаптарына сәйкестiгiн тексеру мақсатында барлық қажеттi ақпаратты ұсыну бойынша мiндеттемелер қабылдайды және жауапкершiлiкте болады.
Сыртқы экономикалық операциялар туралы ақпарат базасы:
1) операциялардың мақсаттары, субъектiлерi, түрлерi және мерзiмдiлiгi жөніндегі ақпаратты егжей-тегжейлi талдау;
2) банк клиенттерiнiң, бағалы қағаздар рыногы кәсiби қатысушыларының операцияларына операциялар бойынша есеп жүргiзу;
3) базалық операцияларды қаржы құралдарымен туынды операциялардан бөлу;
4) басқа көздерден алынған ақпаратпен операцияларды нақты жіктеу және салыстыру мүмкіндігі;
5) сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыратын кәсіпорындардың маңызын арттыру және тізілімін толықтыру талаптарын қанағаттандыруы тиіс. Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін мынадай іс-шараларды орындау қажет:
1) қолданылып жүрген есеп беру нысандарын толық қамтылуға, ұсынылған ақпараттың қайталануын барынша болдырмауға және ақпарат базасына қойылатын талаптарды қанағаттандыруға жан-жақты талдау жүргізу;
2) резиденттердің лицензиялау/тіркеу/хабарлау рәсімдері шеңберінде ақпарат беру нысандарын және тәртібін жетілдіру.
Статистикалық ақпарат жинау жүйесiн жетілдіру барысында алдын ала тiркеу талабынан капитал қозғалысына байланысты бiрқатар операцияларға қатысты кейінгі хабарлау және есеп беру мiндеттемесiне бiртіндеп өтуi болады.
Бастапқы кезеңнің өзінде-ақ резидент еместердің резиденттік брокер компаниялары арқылы жүзеге асыратын резиденттердің мемлекеттік емес бағалы қағаздарын сатып алуға қатысты тiркеуi күшін жоятын болады. Бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушылары ("в" санаты) осы операциялардың иелері, эмитенттері және сипаты туралы ақпаратты белгіленген есеп беру нысандарына сәйкес бередi. Резидент еместердің резиденттердің мемлекеттік емес бағалы қағаздарын резиденттік брокер компанияларын тартпай сатып алуына қатысты Ұлттық Банкте операцияларды тіркеудің қолданыстағы режимі қолданылатын болады.
5.6. Валюталық режимдi ырықтандырудың құқықтық аспектісі
Осы бағдарламада көзделген валюталық режимді ырықтандыру жөніндегі шараларға сәйкес валюталық реттеу тәсілдерінің 1995 жылғы 17 сәуiрдегі "Лицензиялау туралы" , 1996 жылғы 24 желтоқсандағы "Валюталық реттеу туралы", 1995 жылғы 31 тамыздағы "Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына; сондай-ақ Ұлттық Банктің Басқармасы бекiткен Валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметті лицензиялау ережесiне, Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа, Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргізу ережесіне өзгерістер енгізуді талап етедi.
Валюталық реттеу режимдерін тәртіпке келтіру және валюталық қатынастар мен бiрiздi ырықтандыруды дамытудың осы кезеңінің талаптарына жауап беретiн тиісті құқықтық базаны құру қажеттілігі негізгі нормалар мен ережелердi жүйеге келтiретiн "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" жаңа заңның және күрделi валюта операцияларының барлық санаттарын валюталық реттеудiң тәртібі мен рәсiмдерiн - олардың бiрыңғай түсiндiрiлуi мен қолданылуын қамтамасыз ететiн лицензиялау, тiркеу, хабарлау режимдерiн реттейтiн бiрыңғай нормативтiк құқықтық актiнiң әзiрленуiн талап етедi.
Шешудi талап ететiн мәселелер:
1) ұсынылатын экономикалық негiздемеге және өтiнiш берушiге валюта операцияларын жүргiзуге лицензия берген кезде қаралатын ақпаратқа қойылатын талаптарды кеңейту қажет.
2) валюталық режимдi ырықтандыру операциялар жүргiзудiң, мәлiметтер мен есеп берудiң белгiленген режимiн сақтамағаны үшiн жауапкершiлiктi күшейтумен қатар жүруi тиiс. Сонымен қатар, ЭЫДҰ елдерiнiң банктерiнде ашылған жеке тұлғалардың шоттары бойынша лицензиялауға жататын операциялар жүргiзу кезiнде тәртiп бұзушылықтардың ықтимал объективтi кешiктiрiлуiне, Ұлттық Банктiң валюта операцияларын жүргiзу туралы хабарламауына және басқаларына байланысты тәртiп бұзушыларды жауапкершiлiкке тартудың өтiп кеткен мерзiмiн ұлғайту туралы мәселе шешiлуі тиiс. Осы мiндеттердi iске асыру үшiн Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасының Кодексiне тиiстi өзгерістер енгізу қажет.
5.7. Шетел капиталы ағындарына байланысты тәуекелдердi төмендету
Қазiргi уақытта Қазақстанда операциялардың мерзiмнен тыс әр түрiнiң кең қатары бойынша шетелдiк инвестицияларға байланысты шетелдiк капитал ағынына және кiрiстердi қайтып алуға iс жүзiнде шектеулер жоқ.
Сонымен қатар, елге капиталдың жаппай ағыны тәуелсiз экономикалық саясат жүргiзуге арналған белгiлi бiр тәуекелдерге ұшыратуы мүмкiн, оған мыналар жатады:
республиканың макроэкономикалық көрсеткiштерi шамалы ғана төмендеген, инвесторлардың күтулерi өзгерген, не олардың өз тәуекелдi қағаздар портфелiн қайта қараған жағдайларда, тәуекел деңгейi ұқсас елдерде экономикалық ахуалы нашарлаған жағдайда, көбiнесе алып-сатарлық сипаттағы жинақталған қысқа мерзiмдi капиталдың кенеттен тыс әкетiлу тәуекелi;
сыртқы берешектiң қауiптi деңгейге дейiн өсуi және экономиканың шетелдiк кредиторларға тәуелдiлiгiнiң ұлғаюы ұзақ мерзiмдi перспективада, әсiресе экономика сыртқы күйреу әсерiне елеулi дәрежеде осал болатын болса, төлем қабiлетсiздiгiнiң тәуекелiн құрайды.
Тәуекелдердi төмендету әсiресе валюталық режимдi ырықтандыру және капиталдың жинақтылығын арттыру жағдайларында көкейкестi. Экономикалық еркiндiктi кеңейтумен қатар капиталдың әкетiлуiне қатысты шектеулердi жұмсарту, сондай-ақ резиденттер үшiн белгiлi бiр тәуекелдермен қатар жүредi. Сондықтан тәуекелдердi, атап айтқанда: тәуелсiз елдiк тәуекелдi; қарсы әрiптестердiң елдiк тәуекелдерiн; рыноктық тәуекелдердi (валюталық тәуекелдердi, пайыздық ставкалардың өзгеру тәуекелдерiн, туынды қаржы құралдарымен операциялардың тәуекелiн) тексеру мен басқарудың тиiмдi жүйесiнiң болуы Қазақстан Республикасында валюталық режимдi ырықтандыру тұжырымдамасының бұдан былайғы қажеттi шарты болып табылады.
Валюталық режимдi ырықтандыру жөніндегі iс-шаралардың бiрiздiлiгi және уақытша шеңберi:
1) қаржы институттарында тәуекелдердi басқарудың iшкi жүйелерiн ендiру жөніндегі шараларды iске асырумен;
2) банктердi шоғырландырылған негiзде пруденциалдық реттеу және қадағалау рәсiмдерiн күшейтумен;
3) iшкi қаржы рыногын дамытумен;
4) қаржылық емес ұйымдар - iшкi валюта рыногының iрi қатысушылары тарапынан алып-сатарлықты бақылау және тоқтату тетiгiн әзiрлеумен (iшкi валюта рыногында шетел валютасын сатып алу/сату операцияларына ықтимал кейiнгi шектеулердiң күшiн жою);
5) заңсыз жолмен алынған кiрiстердiң жария болуына қарсы iс-әрекеттер жүргiзу мақсатында күмәндi мәмiлелердi тексеру мен бақылаудың халықаралық принциптерiн енгізумен;
6) елдiң экономикалық өсiмi мен төлем балансының тұрақтылығын белгiлейтiн сыртқы факторлармен келісілетiн болады.
Айрықшалық принципiне сүйене отырып, сыртқы экономикалық операцияларды және елдiң қысқа мерзiмi, не ұзақ мерзiмдi экономикалық қауiпсiздiгiнiң объективтi алғышарттарын және/немесе қауiп-қатер болған кезде жекелеген операцияларды жүзеге асыратын резиденттер мен резидент еместерге қатысты валюталық және әкiмшiлiк реттеу шараларын пайдалану жөніндегі заңды түрде бекітілген құқығы сақталады.
6. Бағдарламаны iске асырудан күтілетiн нәтиже
Валюта қаражатын пайдаланудың едәуiр тиiмдiлiгіне ықпал ететiн, қаржылық жағынан тұрақты кәсiпорындар мен қаржы институттары өткiзетiн, транспаренттi және iшкi валюта рыногындағы ахуалды айтарлықтай тұрақсыздандыруға қабiлетi жоқ операциялар осы Бағдарламада белгiленген ырықтандырудың бiрiншi кезеңi шеңберiнде валюталық реттеудiң талаптары жұмсартылатын операциялар санатына жатқызылады.
Резидент еместердiң бағалы қағаздарын сатып алуға қатысты лицензиялаудың күшiн жою және оларды iшкi рынокқа еркiн жiберу резидент еместердiң бағалы қағаздарына инвестициялауға әкiмшiлiк шығасыны елеулi азайтады. Жоғары өтiмдiлігімен және тәуекел деңгейiнiң төмендiгімен ерекшеленетiн бағалы қағаздарға қаражат салу мүмкiндiгі резиденттер үшiн аз шығын жұмсаған кезде оңтайлы кiрiске қол жеткiзу мақсатында инвесторлардың тәуекелдерiн барынша тиiмдi түрлендiруге мүмкiндiк бередi. Сонымен қатар ҚДҚ арқылы шет елге инвестицияларды валюталық реттеудiң тәртібін жеңiлдету iшкi рынокты дамыту, ТМД елдеріндегі қаржы рыноктарын интеграциялау және ұлттық валютамен көрсетiлген құралдарды неғұрлым кеңiнен қолдану үшiн қажеттi жағдайлар жасайды.
Лицензияны алуға байланысты әкiмшiлiк шығасыларының төмендеуi экономикалық дұрыстығы ақталған, яғни операциялық шығындарды төмендететiн, өндiрiстiк қуаттарды кеңiтетiн шетелдегi еншiлес кәсiпорындары бар резиденттер үшiн жаңа рыноктарға шығуға және ресурстарды барынша тиiмдi бөлуге мүмкiндiк туғызады. Қазiргi уақытта Қазақстан Инвестицияларды өзара ынталандыру және қорғау туралы келісімдi республика тауар айналымында 80%-дан асатын үлесi бар ЭЫДҰ елдерiн қоса алғанда, 30-дан астам елмен жасады. Сонымен, инвестициялау объектiсi тиесiлi ел бойынша талаптар қазақстандық инвесторларға салынған қаражаттарды қорғаудың қажеттi деңгейiн ұсына отырып, елдiң өзара сыртқы сауда қатынасы тұрғысынан неғұрлым перспективалы және мақсатқа сай тiкелей инвестицияларын жүзеге асыру бойынша резиденттердiң мүмкiндiктерiн шектемейтiн болады.
Экспорт-импорт мәмiлелерi бойынша есеп айырысуларды реттеуге қатысты:
1) лицензиялаудың төменгi шегiн көтеру капиталдың әкетiлуi тұрғысынан шын мәнiнде маңызды экспорт-импорт операциялары бойынша дебиторлық берешек сомаларына бақылауды жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi, сонымен бiрге кәсiпорындардың шаруашылық қызметiнiң экономикалық ақталған шарттарын тудыруы мүмкiн қаржы ағындарын шектемейдi;
2) экспорт-импорт операцияларын жүргiзуге валюталық бақылауды жүзеге асырудың тиiмдiлiгi жоғарылайды;
3) резидент лицензиялау талабынан кету мақсатында бiр келісім-шартты бiрнеше неғұрлым ұсақ сомалар бойынша бөлшектеген жағдайда барлық сыртқы сауда келісім-шарттары бойынша резиденттiң жиынтық берешегiн бақылау үшiн жағдай жасалады;
4) валюталық реттеу рәсiмi сыртқы сауда қызметiн жүзеге асыратын кәсiпорындар мен ұйымдар үшiн неғұрлым транспаренттi және түсiнiктi болады;
5) шаруашылық қызметтiң қолданылып жүрген талаптарымен және салалық ерекшелiктерiмен берешек экономикалық ақталған жағдайда экспорт кезiнде қаржылық есеп айырысуларды жүзеге асыру үшiн, сондай-ақ жоғары қосымша құны бар өнiм экспорты кезiнде әкiмшiлiк шығындарды төмендету мақсатында жекелеген салаларға мейлiнше қолайлы жағдайлар жасалады.
Жекелеген шектеулердi бiртiндеп жою, валюталық бақылау жүйесiн жүйелендiру және жеңiлдету валюта операцияларын валюта заңдарының талаптарынан тыс жүргiзуге қажеттiлiктi төмендетедi, бұл валюта операцияларының едәуiр айқындығына және жариялылығына әкеледi. Сонымен қатар, шетелдiк инвесторлар валюта операцияларын әкiмшiлiк бақылау шараларын қысқартуды және экономикалық қызмет еркiндiгiн кеңейтудi елдiң инвестициялық климатын жақсартатын факторлар ретiнде дәстүрлi түрде қарастырады, бұл ұзақ мерзiмдi перспективада экономиканың шикiзат секторына ғана емес, Қазақстанға шетел капиталы ағынының келуiн көбейтуге мүмкiндiк бередi.
Қаржы институттарында тәуекелдердi басқарудың iшкi жүйелерiнiң тиiмдiлiгiн арттыру; бағалы қағаздар рыногын және рыноктық тәуекелдердi хеджирлеу құралдарын дамыту; қаржылық қадағалауды және мемлекеттік органдардың өзара iс-әрекеттерiн күшейту; капиталдың трансшекаралық ағындары және iшкi валюта рыногындағы сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы туралы объективтi, уақтылы және сапалы ақпарат беретiн операцияларды жинау және есепке алу жүйесiн жетiлдiру валюталық режимдi ырықтандырудың келесi кезеңiне өту үшiн сапалы экономикалық алғышарттар жасайды.
ҚР Үкіметінің 08.09.03 ж. № 911 қаулысымен жоспар өзгертілді
7. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
P/c N | Іс-шара | Аяқтау нысаны | Орындауға жауаптылар | Орындау мерзiмi |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1- Валюталық реттеу және бақылау рәсiмдерiн жетiлдiру |
1-1- 1.2. 1.3. 1.4. 1.5. | Валюта операцияларын реттеу тәртібі мен рәсiмдерiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлерге өзгерістер енгізу Резиденттiң валюта операциясын жүргiзудiң мақсатқа сәйкестiгiне қара- латын, валюталық реттеу және бақылау шеңберiнде ұсыныла- тын ақпаратына қойылатын талаптар тiзбесiн кеңейту жөнiнде ұсыныстар енгізу Лицензияланатын экспорт-импорт мәмiлелерi бойынша дебиторлық берешек- тiң төмен шегiн белгiлеу жөнiнде ұсыныстар енгізу "Валюталық реттеу мен бақылау туралы" Қазақстан Республика- сының кейбір заңының жобасын әзiрлеу Валюталық реттеу мен бақылау тәртібін және рәсiмдерiн реттейтiн бiрыңғай нормативтiк құқықтық кесiмнiң жобасын әзiрлеу | Нормативтiк құқықтық кесiмнiң жобасы Үкiметке ақпарат Үкiметке ақпарат Заңның жобасы Нормативтiк құқықтық кесiмнiң жобасы | ҚҰБ (келi- сiм бойынша) КБА ҚҰБ (келi- сiм бойынша) ЭжБЖМ, ӘдМ, ҚМ, ИСМ ҚҰБ (келi. сiм бойынша) ЭжБЖМ, КБА, ИСМ ҚҰБ (келi. сiм бойынша) ҚҰБ (келi. сiм бойынша) | "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне банк қызметi, валю- талық реттеу және валюталық бақылау мәселелерi бойынша өзге- рiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы күшiне енгiзiлген күннен бастап 2-тоқсан бойы 2003 жылғы 3-тоқсан 2003 жылғы 3-тоқсан 2004 жылғы 2-тоқсан "Валюталық реттеу мен бақылау туралы" Қазақстан Республикасы жаңа заңы күшiне енгiзiл- ген күннен бастап 2-тоқсан бойы |
2. Капитал ағынына байланысты тәуекелдердi төмендету |
2.1. 2-2. 2.3. 2-4. | Қаржылық емес ұйымдар - валюта рыногының iрi қатысушыларының iшкi валюта рыногын- да валюталық опера- цияларды жүзеге асыруын бақылау тетiгiн әзiрлеу Сыртқы елдiк тәуекел- дердi тексеру және Қазақстан экономика- сының сыртқы күйреуге осалдығын төмендету жөнiнде ұсыныстар енгізу "Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi жария етуге (ақтауға) қарсы iс-әрекеттер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзiрлеу Қаржы институтта- рында шоғырландырыл- ған қадағалауды және тәуекелдердi басқару жүйелерiн жетiлдiру | Үкiметке ұсыныс Үкiметке ақпарат Заңның жобасы Үкiметке ақпарат | ҚҰБ (келi- сiм бойынша) ҚҰБ (келi- сiм бойынша ҚПА ҚҰБ (келісім бойынша) ҚҰБ (келi- сiм бойынша) | 2004 жылғы 1-тоқсан Тұрақты 2004 жылғы 3-тоқсан Тұрақты |
3. Ақпараттық базаны жетiлдiру |
3.1. 3.2. | Валюта операциялары бойынша есеп беру нысанын жетiлдiру Экспорт-импорт валюта бақылауы жөніндегі бағдарла- малық қамтамасыз етуге өзгерістер енгізу | Есеп беру нысандары ҚҰБ-ның валюталық бақылау жөніндегі бағдарла- малық қамтамасыз етуi | ҚҰБ (келi- сiм бойынша) ҚҰБ (келi- сiм бойынша) КБА | 2004 жылғы 1-тоқсан 2004 жылғы 4-тоқсан |