Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттiгiнiң
республикалык бюджеттік бағдарламаларының 2002 жылға арналған
паспорттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 ж. 14 желтоқсандағы № 1315 қаулысы
"Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. 1, 2, 3, 4, 5-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттiгiнiң республикалық бюджеттік бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттары бекітілсiн.
2. "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 27 желтоқсандағы № 1715 қаулысына мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулыға қосымшада:
IV "Шығындар" деген бөлiмде:
1 "Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер" деген функционалдық топта: 2 "Қаржылық қызмет" деген iшкi функцияда:
"15581251" деген сан "15588731" деген санмен ауыстырылсын;
610 "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттiгi" әкiмшiсi бойынша:
"75883" деген сан "83363" деген санмен ауыстырылсын;
600 "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттiгiнiң ақпараттық жүйелерiн құру" бағдарламасында:
"15909" деген сан "23389" деген санмен ауыстырылсын;
9 "Жалпы сипаттағы өзге де мемлекеттік қызметтер" деген iшкi функцияда:
"565402" деген сан "557922" деген санмен ауыстырылсын;
220 "Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі" әкiмшiсi бойынша:
"401519" деген сан "394039" деген санмен ауыстырылсын;
600 "Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінiң ақпараттық жүйелерiн құру" бағдарламасында:
"184511" деген сан "177031" деген санмен ауыстырылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 ж. 14 желтоқсандағы
№ 1315 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттiгi
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
001 "Әкiмшiлiк шығындар" республикалық бюджеттік
бағдарламасының 2002 жылға арналған
ПАСПОРТЫ
1. Бюджеттік бағдарламаның құны: 21 402 000 (жиырма бiр миллион төрт жүз екi мың) теңге.
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Заңы; "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңының 1-30-баптары; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет есебiнен қамтылған органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi туралы" 2001 жылғы 25 наурыздағы № 575 Жарлығы; Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттiгiнiң мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 18 қыркүйек № 1031 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: оларға жүктелген функциялардың барынша тиiмдi орындалуына қол жеткізу үшiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттiгi аппаратының қызметiн қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттiгiнiң аппараттарын ұстау.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
┬───┬────┬────┬─────────────┬─────────────────┬─────────┬─────────────┐
│Р/с│Бағ-│Кiшi│ Бағдарлама- │ Бағдарламаны │Iске │ Жауапты │
│ N │дар-│бағ-│ ның атауы │ іске асыру │асыру │орындаушылар │
│ │лама│дар-│ │ жөніндегі │мерзімі │ │
│ │коды│лама│ │ iс-шаралар │ │ │
│ │ │ның │ │ ! │ │ │
│ │ │коды│ │ │ │ │
├───┼────┼────┼─────────────┼─────────────────┼─────────┼─────────────┤
│ 1 │ 2 │ 3 │ 4 │ 5 │ 6 │ 7 │
┼───┼────┼────┼─────────────┼─────────────────┼─────────┼─────────────┤
│ 1 │001 │001 │Орталық │41 бiрлiк штаттық│ жыл │ Қазақстан │
│ │ │ │органның │санының лимитi │барысында│ Республика.│
│ │ │ │аппараты │шегiнде Қазақстан│ │ сының │
│ │ │ │ │Республикасының │ │ Мемлекеттік│
│ │ │ │ │Мемлекеттік сатып│ │ сатып алу │
│ │ │ │ │алу жөніндегі │ │ жөніндегі │
│ │ │ │ │агенттiгiнiң │ │ агенттiгi │
│ │ │ │ │аппаратын ұстау │ │ │
└───┴────┴────┴─────────────┴─────────────────┴─────────┴─────────────┘
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттiгiне жүктелген функциялардың сапалы және уақытылы орындалуы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 1315 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттiгi
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
010 "Республикалық деңгейде кадрлардың біліктiлiгiн
арттыру және қайта даярлау" республикалық бюджеттік
бағдарламасының 2002 жылға арналған
ПАСПОРТЫ
1. Бюджеттік бағдарламаның құны: 7 983 000 (жетi миллион тоғыз жүз сексен үш мың) теңге.
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Заңы; "Қазақстан Республикасында мемлекеттік сатып алу жүйесiн дамытудың 2001-2004 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 10 желтоқсандағы № 1605 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырумен тiкелей айналысатын мемлекеттік қызметшiлердiң біліктiлiк деңгейiн арттыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргiзу мәселелерiмен айналысатын мемлекеттік органдардың қызметкерлерiн, мемлекеттік сатып алу рәсiмдерiнiң дұрыс орындауын қамтамасыз ету, сатып алу тәсiлiн таңдау және конкурстарды өткізу жөніндегі iс-шараларды уақытылы ұйымдастыру, сенiмдi статистикалық ақпаратты беру; мемлекеттік сатып алудың мониторингi мен оны талдаудың электронды жүйесiн пайдалана отырып, жұмыс iстей бiлуге оқыту.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
Р/с N | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама ның коды | Бағдарлама- ның атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі iс-шаралар | Iске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 010 | 005 | Республикалық деңгейде кадрлардың біліктiлiгiн арттыру және қайта даярлау (мемлекеттік қызметшілер- iнiң біліктiлiгiн арттыру) | 1. Республикалық деңгейде мемлекет- тiк қызметшiлердiң біліктiлiгiн арт- тыру жөнiнде курстар жүргiзу және қайта даярлау (600 кiсiден кем емес) | 2002 жылдың 2-шi 4-шi тоқсан- дары | |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер:
мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырумен тiкелей айналысатын мемлекеттік
қызметшiлердiң біліктiлiгiн арттыру, олардың жаңа білім алуы және оларды
практикалық қызметте қолдану мүмкiндiгi.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 1315 қаулысына
3-қосымша
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттiгi
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
033 "Мемлекеттік сатып алудың мониторингiн жүргiзу
және ақпараттық қамтамасыз ету" республикалық
бюджеттік бағдарламасының 2002 жылға арналған
ПАСПОРТЫ
1. Бюджеттік бағдарламаның құны: 17 792 000 (он жеті миллион жетi жүз тоқсан екi мың) теңге.
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Заңы; "Қазақстан Республикасында мемлекеттік сатып алу жүйесiн дамытудың 2001-2004 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 10 желтоқсандағы № 1605 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттік сатып алудың мониторингі, оны талдау және ақпараттық қамтамасыз ету үшiн мемлекеттік сатып алу саласында қазiргi заманғы ақпараттық технологияларды енгізу; мемлекеттік сатып алу процесiне қатысу үшiн ықтимал берушiлердi бiрдей мүмкiндiктермен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: мемлекеттік сатып алу саласындағы сауданың электронды жүйесiн құруға және енгізуге әзiрлену мемлекеттік сатып алу мәселелерi жөнiнде бюллетень және әдiстемелiк құралдар шығару, электрондық байланыс құралдарын пайдалану және жұмыс орындарын тиiсiнше жарақтандыру, мемлекеттік сатып алу мониторингi есептелiгiн автоматтандырылған жүйенi құру және енгізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
N | Бағ. дар. лама ның коды | Бағдарламаның атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі iс-шаралар | Iске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1 | 033 | Мемлекеттік сатып алудың мониторингiн жүргiзу және ақпараттық қамтамасыз ету | 1. "Мемлекеттік сатып алудың мониторингi" ақпараттық жүйенi 55 пайдаланушылар үшін жетiлдiру, кейiнгi инсталляциялау | 2002 жылдың 1-шi жарты жылдығы | |
2. Мемлекеттік сатып алу мәселелер бойынша әдiстемелiк құралдарды әзiрлеу және жариялау | жыл барысында | Қазақстан Республика. сының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігі |
3. "Мемлекеттік сатып алу жөніндегі бюллетень" шығаруды ұйымдастыру (4-шi нөмірiн) | Жыл барысында | |
4. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік сатып алу туралы бейне роликтер жасау және оларды теледидарда орналастыру (5 минуттық 12 бейне ролик) | 2002 жылдың 2-ші жарты жылдығы | |
5. "Мемлекеттік сатып алудың мониторингі" ақпараттық жүйенiң пайдаланушыларын оқыту және жұмыс орындарды жабдықтау | 2002 жылдың 4-ші тоқсаны | |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: осы
бюджеттік бағдарламаны қабылдау мемлекеттік сатып алу процесiнiң барлық
кезеңдерiнiң айқындылығы, барлық ықтимал берушiлерi үшiн мемлекеттік
сатып алу жүйесiнiң ашықтығы және қол жетімдiлiгi деңгейiн көтеруге,
сондай-ақ мемлекеттік органдар мен мекемелердiң мұқтаждары үшiн сатып
алынатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң 5-10%-ы
мөлшеріндегі мемлекеттiң ақша қаражатын үнемдеудi қамтамасыз етуге
мүмкiндiк бередi.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 1315 қаулысына
4-қосымша
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттiгi
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
500 "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу
жөніндегі агенттiгiнiң ақпараттық жүйелерiн
қамтамасыз ету және электрондық поштаны пайдаланғаны
үшiн ақы төлеу" республикалық бюджеттік
бағдарламасының 2002 жылға арналған
ПАСПОРТЫ
1. Бюджеттік бағдарламаның құны: 20 780 000 (жиырма миллион жетi жүз сексен мың) теңге.
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының ақпараттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң 2000-2003 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2000 жылғы 14 наурыздағы № 359 Жарлығы; "Қазақстан Республикасында мемлекеттік сатып алу жүйесiн дамытудың 2001-2004 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 10 желтоқсандағы № 1605 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттiгiн телекоммуникациялық қамтамасыз ету "Мемлекеттік сатып алудың мониторингi" ақпараттық жүйелерiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету, техникалық қолдау мен сүйемелдеу және байланыс арналарын ұйымдастыру, сондай-ақ компьютер жабдықтарын қосалқы бөлшектермен, шығыс материалдарымен қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының сатып алу жөніндегі агенттiгiнiң ақпараттық ресурстарына қашықтан реттелген және көпшiлiк қатынауды ұйымдастыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: ақпараттық жүйенi сүйемелдеу, әкiмшiлендiру және қолдау, есептеу және ұйымдастыру техникасы құралдарының, телекоммуникациялық желiнiң, агенттiк жүйесiнiң жергiлiктi есептеу желiлерiнiң жүйелiк-техникалық қызмет көрсетуiн жүзеге асыру, есептеу желiсiнiң ақпараттық қауiпсiздiгiн және ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету, оның iшiнде жабық ақпаратты өңдеу кезiнде, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттiгiнiң Web-серверiн сүйемелдеу, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттiгiнiң есептеу құралдарын және жабдықтарын қосалқы бөлшектермен және шығыс материалдарымен қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттiгi үшiн ақпаратты берудiң телекоммуникациялық қызмет көрсетудi, электрондық поштаны, Интернет желiсi мен телекоммуникациялық жабдықтаудың сатып алуды сапалы және уақытылы алу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
N | Бағ- дар- лама ның коды | Бағдарламаның атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі iс-шаралар | Iске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1 | 500 | | 1. Интернет желiсiнде Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттiгiнiң Web- серверiн сүйемел- деу жөніндегі қызметтердi сатып алу | жыл барысында | |
2. Агенттiгiнiң ақпараттық жүйелерiн сүйемелдеу жөніндегі ақпараттық-есеп- теу қызметтер дi сатып алу | жыл барысында | |
3. Ақпараттық жүйелерiн комп- лекстiк енгізу үшiн консультация лық қызметтер дi сатып алу | жыл барысында | |
4. Агенттiктiң ақпараттық жүйелерін ақпараттық қауiпсiздігiн қамтамасыз ету | жыл барысында | Қазақстан Республика. сының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігі |
5. "Мемлекеттік сатып алудың мониторингi" ақпараттық жүйесiнiң локальдық-есептеу және телекоммуни. кациялық желiсте- рiн жетiлдiру | 2002 жылдың 4-ші тоқсан | |
6. Есеп құралда- рын және жабдық- тарын қосалқы бөлшектермен, шығыс материал дармен қамта- масыз ету | жыл барысында | |
7. Интернет желi- сi мен VPDN желi- сiнiң қызметтен сатып алу | 2002 жылдың 4-шi тоқсан | |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттiгiнiң ақпараттық
жүйелерiн қолданбалы және жүйелi қамтамасыз етудiң тиiмдi жұмысы,
агенттiк Web-сайттың жұмыс iстеуiн, мемлекеттік сатып алу мониторингi
жүйесiнде ақпаратты берудiң сапалы қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 1315 қаулысына
5-қосымша
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттiгi
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
600 "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу
жөніндегі агенттiгiнiң ақпараттық жүйелерiн құру"
республикалық бюджеттік бағдарламасының
2002 жылға арналған
ПАСПОРТЫ
1. Бюджеттік бағдарламаның құны: 23 389 000 (жиырма үш миллион үш жүз сексен тоғыз мың) теңге.
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Ақпараттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң 2000-2003 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2000 жылғы 14 наурыздағы № 359 Жарлығы; "Қазақстан Республикасында мемлекеттік сатып алу жүйесiн дамытудың 2001-2004 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 10 желтоқсандағы № 1605 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттік сатып алу мониторингiнiң қазiргi заманғы деңгейiне қол жеткізуге бағытталған ақпараттандыруды жүргізу; сондай-ақ есептеу, коммуникациялық, желiлiк жабдықтарды және ұйымдастыру техникасын, жүйелiк бағдарламалық қамтамасыз етудi құралдармен уақытылы жаңғыртуды және жарақтандыруды қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттiгiнде ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: мониторингiнiң автоматтандырылған жүйелерiн және мемлекеттік сатып алу есебiн әзiрлеу және дамыту; лицензиялық жүйелiк бағдарламалық қамтамасыз етудi және ақпаратты қорғаудың және оларды техникалық қолдаудың бағдарламалық құралдарын сатып алу, сондай-ақ ақпаратты қорғаудың есептеу, жүйелiк жабдықтарын, ұйымдастыру техникасын және ақпараттық-бағдарламалық құралдарын сатып алу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
N | Бағ. дар. лама ның коды | Бағдарламаның атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі iс-шаралар | Iске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1 | 600 | | 1. "Мемлекеттік сатып алудың мониторингi" ақпараттық жүйесi үшiн есептеу, серверлiк жабдықтарды сатып алу оның iшiнде: мәлiмет базасының серверi - 1 дана, почта серверi - 1 дана, Web серверi - 1 дана, серверлiк шкаф - 2 дана, серверлiк жабдықтар - 1 комплект, маршрутизатор - 1 дана, свитч - 3 дана, прецизиондық кондиционерлер - 2 дана. | 2002 жылдың 4-ші тоқсан | |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: сатып
алудың мониторингiнiң ақпараттандырудың қазiргi заманғы деңгейiн
қамтамасыз ету.