Азаматтық және эксперименттiк авиацияның авиациялық персоналын аттестаттау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 28 желтоқсандағы № 1402 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 25 сәуірдегі № 442 Қаулысымен күші жойылды
«Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Заңын және Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы» 1995 жылғы 20 желтоқсандағы № 2697 заң күшi бар Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Азаматтық және эксперименттiк авиацияның авиациялық персоналын аттестаттау ережесi бекітілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 1402 қаулысымен
бекітілген
Азаматтық және эксперименттік авиацияның авиациялық персоналын аттестаттау
ережесi
Осы Азаматтық және эксперименттiк авиацияның авиациялық персоналын аттестаттау ережесi (бұдан әрi - Ереже) ИКАО халықаралық азаматтық авиация ұйымы стандарттары мен ұсыныстарын (Халықаралық азаматтық авиация туралы 1944 жылғы 7 желтоқсандағы Чикаго конвенциясына 1-қосымша мен DOC 9379-AN/916) ескере отырып, «Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы» 1995 жылғы 20 желтоқсандағы заң күшi бар № 2697 Жарлығына сәйкес әзiрлендi.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже авиациялық персоналды аттестациядан өткізу тәртібін, шарттары мен мерзiмдiлiгiн, сондай-ақ авиациялық персоналға қойылатын талаптарды анықтайды.
2. Осы Ережеде қолданылатын негiзгi ұғымдар мен терминдер:
1) аттестаттау - уәкiлеттi органның аттестациялық комиссиясы өткiзетiн авиациялық персоналдың кәсiби білімi мен практикалық дағдыларын тексеру рәсiмi;
2) борттық электронды жабдықтар - электрлiк бөлiгiн қоса алғанда, әуе кемесiнiң бортында пайдалануға арналған кез келген электронды құрылғы, оның iшiнде радиожабдық, ұшуды автоматты басқару жүйесi және аспаптық жабдық;
3) тiкұшақ - ұшуда негiзiнен шамамен тiгiнен орналасқан ось айналасындағы күш қондырғыларының әсерiмен айналатын бiр немесе бiрнеше жеткiзгiш бұрамалары бар, ауаның қарсы әсерi есебiнен қалықтайтын ауадан ауырлау әуе кемесi;
4) бір ұшқышпен ұшу үшiн сертификатталған әуе кемесi - сертификаттау кезiнде қабылданған тiркеу мемлекетiнiң шешiмi бойынша ең аз құрамдағы ұшу экипажы, атап айтқанда бiр ұшқыш қауiпсiз пайдалана алатын әуе кемесiнiң түрi;
5) аспаптар бойынша ұшу уақыты - ұшқыштың әуе кемесiн сыртқы бағдарларды пайдаланбай, тек қана аспаптар бойынша басқарып ұшатын уақыты;
6) планердiң ұшу уақыты - планердiң ұшу кезiнде қозғала бастаған сәтiнен бастап және ұшу аяқтағаннан кейiн оның тоқтаған сәтiне дейiнгi тiркеп сүйретумен немесе тiркеп сүйретусiз ұшуда болуының жалпы уақыты;
7) екiншi ұшқыш - әуе кемесi командирiнiң функциясынан басқа, ұшқыштың кез келген функциясын орындайтын желiлiк ұшудың қолданыстағы куәлiгi (сертификаты) бар ұшқыш; бұған әуе кемесiнiң бортында ұшуға даярлықтан өту мақсатында ғана болған ұшқыш қосылмайды;
8) біліктілік белгiсi - куәлiкте жасалған немесе соған қатысы бар және соның бiр бөлiгi болып табылатын жазба, онда осы куәлiкке қатысты ерекше шарттар, құқықтар немесе шектеулер көрсетiледi;
9) әуе кемесiнiң командирi (бұдан әрi - ӘКК) - ұшқыштың қолданыстағы куәлігі (сертификаты), сондай-ақ әуе кемесiн өз бетiмен басқару үшiн қажеттi даярлығы мен тәжiрибесi бар адам;
10) экипаждың ұшу құрамы - осы үлгiдегi әуе кемесiн және (немесе) оның жабдықтарын ұшуда пайдалану құқығына арнайы даярлығы мен куәлiгi (сертификаты) бар экипаж мүшелерi;
11) медициналық анықтама - авиациялық персонал куәлiгi (сертификаты) иесiнiң денсаулығының жай-күйi бойынша жарамдылығына қойылатын талаптарға сәйкестiгiн растайтын және медициналық куәландырудың нәтижелерi бойынша берiлетiн белгiленген нысандағы құжат;
12) нұсқаушымен ұшу - қандай да бiр тұлғаның тиiстi куәлiгi бар ұшқыш - нұсқаушымен бірге әуе кемесінің бортында ұшу даярлығынан өтетін ұшу уақыты.
13) планер - қозғалысқа күш қондырғыларымен келтiрiлмейтiн, көтерiлу күшi негiзiнен ұшудың осы жағдайында қозғалыссыз қалатын жоғары қабаттағы аэродинамикалық қарсы әсер есебiнен құрылатын ауадан ауырлау әуе кемесi;
14) ұшу уақыты - ӘК двигательдерiн iске қосу кезiнен бастап, ұшу аяқталғаннан кейiн оларды өшiруге дейiнгi ұшу уақыты;
Жоғарыда көрсетiлген «ұшатын уақыт, ұшу уақыты» деген термин жалпыға бiрдей «толық ұшатын уақыт» немесе «қалыптарды жинаудан бастап оларды орнатқанға дейiнгi уақыт» деген терминдердiң синонимi болып табылады, ол әуе кемесiнiң тиеу пунктiнен қозғалу сәтiнен бастап оның түсiру пунктiне тоқтағанға дейiн өлшенедi.
15) ұшақ - қозғалысқа күш қондырғыларымен келтiрілетiн, көтерiлу күшi негiзiнен ұшудың осы жағдайында қозғалыссыз қалатын жоғары қабаттағы аэродинамикалық қарсы әсер есебiнен болатын ауадан ауырлау әуе кемесi;
16) авиациялық персоналдың куәлiгi (сертификаты) (бұдан әрi - куәлiк
(сертификат) - авиациялық персоналға жатқызылған тұлғада қажеттi білім мен дағдылардың болуын, сондай-ақ оның денсаулығының белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растайтын кәсiби қызметтi жүзеге асыру құқығына уәкiлеттi орган беретiн куәлiк (сертификат).
3. Аттестаттаудың негiзгi мiндетi авиациялық персоналдың кәсiби даярлық деңгейiн анықтау, авиациялық персоналды олардың біліктілігiне сәйкес ұтымды iрiктеу және бөлу, ұшудың қауiпсiздiгi мен жүйелiлiгiн қамтамасыз ету болып табылады.
4. Аттестаттау:
1) авиациялық персоналдың кәсiби деңгейiн растау (біліктілік сыныбын растау);
2) кезектi біліктілік сыныбын беру мақсатында жүргiзiледi.
5. Авиациялық персоналды жiктеу үш біліктілік сыныптары (бұдан әрi сыныптар): үшiншi, екiншi және бiрiншi сыныптар бойынша анықталады.
Бiрiншi жоғары сынып болып табылады.
Бiлiктілік сыныбын беру кезiнде кезектіліктi сақтау қажет: үшiншi, екiншi және бiрiншi.
6. Аттестаттаудан өткізу үшiн уәкiлеттi органда Аттестаттау комиссиялары (бұдан әрi - АК) және Жоғары біліктілік комиссиясы (бұдан әрi - ЖБК) құрылады. ЖБК мен АК-тың дербес құрамы уәкiлеттi органның бұйрығымен бекітіледi. ЖБК мен АК-тың құрамына уәкiлеттi органның, ғылыми ұйымдар мен азаматтық авиация ұйымдарының мамандары (келісім бойынша) енгiзiледi.
ЖБК мен АК аттестация жүргiзу мерзiмдерiн анықтайды, аттестатталғанның жұмысына талдау жүргiзедi, аттестация қорытындысы бойынша шешiм шығарады.
7. Уәкiлеттi органның бұйрығымен бекітілген аттестаттауға жататын Қазақстан Республикасының азаматтық және эксперименттiк авиациясының авиациялық персонал лауазымдарының (кәсiптерiнiң) тiзбесiнде көзделген қызметтi атқаратын адамдар аттестаттауға жатады.
8. Уәкiлеттi органның AK:
1) 1-сыныпты растау және куәлiктiң (сертификаттың) жарамдылық мерзiмiн ұзарту мақсатында, сондай-ақ осы Ереженiң 30-тармағында көзделген жағдайларда авиациялық персоналды аттестаттауды жүргiзедi;
2) 1-сыныпты беру мақсатында авиациялық персоналды (бортсерiктер мен бортмеханиктерден басқа) аттестаттауды жүргiзедi;
3) ұшудың ерекше жағдайларында көрсеткен жоғары шеберлiгi үшiн авиациялық персоналға мерзiмiнен бұрын 1-сынып бередi;
4) авиациялық персонал ұшудың қауiпсiздiгiне тiкелей қауiп төндiретiн iс-қимыл жасаған немесе кәсiби сапасын жоғалтқан жағдайда сыныбын төмендетедi.
9. Уәкiлеттi органның аттестаттау комиссиялары:
1) 3, 2-сыныптарды растау мақсатында авиациялық персоналды аттестаттауды және 1-сыныпты растау мақсатында бортсерiктер мен бортмеханиктердi аттестаттауды, сондай-ақ тиiсiнше куәлiктердiң (сертификаттардың) жарамдылық мерзiмiн ұзартуды жүргiзедi;
2) 2-сыныпты беру мақсатында авиациялық персоналды аттестаттауды жүргiзедi;
3) кәсiби деңгейiн растау мақсатында аса жеңiл авиацияның авиациялық персоналын аттестаттауды жүргiзедi және аса жеңiл авиация саласындағы тиiстi қауымдастықтар мен федерациялардың ұсынымы бойынша куәлiктер (сертификаттар) бередi.
10. Мемлекеттік авиация маманының біліктілік сыныбы бар авиациялық персонал мемлекеттік авиациядан азаматтық және эксперименттiк авиацияға жұмысқа қабылданған кезде ЖБК-да аттестаттаудан өтедi. Оң аттестаттау кезiнде әуе кемелерiнiң игерiлген үлгiлерiнде жұмыс iстеу тәжiрибесiн ескере отырып, бiр жылдан кейiн сыныбын көтеруге ұсыныс жасау құқығымен, азаматтық авиацияның авиациялық персоналының бiр сынып төмен біліктілік сыныбы берiледi.
2. Аттестаттауды жүргізу тәртібі мен мерзімділігі
11. Кәсiби деңгейiн растау (біліктілік сыныбын растау) мақсатында авиациялық персоналды аттестаттау жыл сайын не авиациялық оқиға болған кезде жүргiзiледi.
12. Кезектi сыныпты алу мақсатында аттестаттаудан өтуге ниет бiлдiрген авиациялық персоналдың тұлғалары ЖБК мен AK өтiнiшiн бередi. ЖБК мен АК 10 күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзiмде өтiнiштi қарайды және авиациялық персоналға жататын тұлғаны аттестаттауға жiберу мүмкiндiгi туралы шешiм қабылдайды.
13. Жыл сайын, 1 желтоқсаннан кешiктiрмей, азаматтық авиация ұйымдары ЖБК-ға және АК-ға авиациялық персоналдың сыныбын көтеру мақсатында келесi жылға арналған аттестаттау үшiн өтінімдер ұсынады. Өтiнiмдер әуе кемелерiнiң үлгiлерi, мамандықтары бойынша және тоқсандар бойынша аттестаттаудың мерзiмiн көрсете отырып жасалады. Алынған өтiнiмдердiң негiзiнде ЖБК және АК сыныпты көтеру үшiн аттестаттау жоспар-кестелерiн жасайды, олар азаматтық авиация ұйымдарының танысуына жатады.
14. Кезектi сыныпты беру мақсатында авиациялық персоналды аттестаттау үшiн азаматтық авиацияның ұйымдары ЖБК мен АК-қа мынадай құжаттарды жібереді:
1) 2 данада ұсыным;
2) біліктілік сыныбын беруге арналған қолдаухат;
3) ұшу кiтабынан ұшу сағаттары туралы, ӘКК берiлген минимумы туралар (ұшу құрамының қалған тұлғалары үшiн өзіндік жұмысқа рұқсат қағаздар) үзiндi көшiрмелер, азаматтық авиация ұйымының мөрiмен және оның уәкiлеттi лауазымды тұлғасының қолымен расталған медициналық анықтаманың көшiрмесi;
4) ұшуды тексеру актілері (ұшу, ұшақты жүргiзу және ұшудағы практикалық жұмыс техникасы);
5) диспетчерлiк құрам үшiн практикалық дағдыларды тексеру актілері.
15. Аттестаттаудан өту үшiн ЖБК-ға (AK-ғa) келген адамдардың өзiмен бiрге:
1) авиациялық персоналдың қолданыстағы куәлiгi (сертификаты);
2) ұшу кiтапшасы (ұшқыштар құрамының адамдары үшiн);
3) мамандығы бойынша оқу орнын бiтiргенi туралы диплом;
4) медициналық анықтама;
5) пiшiндi киiмде бас киiмсiз түскен 3,5x4,5 см. мөлшеріндегі үш фотосуретi (куәлiктi бастапқыда берген немесе ауыстырған кезде) болуы тиiс.
16. Кезектi сыныпты алу мақсатында аттестаттауға ЖБК-ға (АК-ға) табыс етiлген құжаттар кандидатты аттестаттауға жiберу туралы комиссия шешiмi қабылданғаннан кейiн үш ай iшiнде жарамды.
17. Кезектi сынып алуға құжаттарды табыс еткеннен кейiн кандидат кәсiптiк даярлықтан тексеруден өтедi. Ол кәсiптiк теориялық білім мен практикалық дағдыларды тексерудi қамтиды.
18. Бiр емтиханды тапсыру уақыты 20 минуттан аспайтын уақытты құрайды: бiр күнде ЖАК екiден аспайтын, AK - үштен аспайтын емтихан өткiзедi.
19. ЖБК-да (АК-та) арнаулы пәндер немесе практикалық жұмыс бойынша талап етiлгеннен төмен баға алған кандидаттардың сыныбы көтерiлмейдi.
20. Арнаулы пәндер немесе практикалық жұмыс бойынша білімiн тексерген кезде білім деңгейi осы Ереженiң талаптарына сай келмейтiнiн көрсеткен кандидаттар, сыныбын көтеру үшiн қайта тексеруге 3 айдан кейiн жiберiлуi мүмкiн.
21. Сыныбын көтерген кезде алынған бағалар дербес жұмысқа жiберу және куәлiктiң қолданылу мерзiмiн бiр жылға ұзарту мақсатында авиациялық персоналды қатарға енгізу үшiн жарамды болады.
22. Кандидаттардың практикалық жұмысын тексеру уәкiлеттi орган бекiтетiн бағдарламалар бойынша жүргiзiледi.
Сыныбын көтеруге ұсынылған авиациялық персоналдың ұшқыштар құрамының ұшудағы практикалық жұмысын тексерудi ЖБК (АК) мүшелерi жүргізеді.
23. Екiншi сыныпқа көтеруге ұсынылған авиациялық персоналдың ұшқыштар құрамының ұшудағы практикалық жұмысын тексерудi АК төрағасының нұсқауы бойынша азаматтық авиация ұйымының ұшқыштар бөлімшелерінің командалық-ұшу құрамы жүргізуі мүмкін.
24. Сыныбын көтеру кезiнде ұшуда практикалық жұмысты тексеру нәтижелерi 3 ай iшiнде жарамды.
25. Кандидаттардың практикалық жұмысын бағалау бес баллдық жүйе бойынша жүргiзiледi, сонан соң практикалық тексеру актiсiнде «берiлген сыныпқа сәйкес (сәйкес емес)», «сыныбын көтеруге лайықты (лайықты емес)»деп көрсетiледi.
26. Сыныбын көтеруге кандидаттардың әуеде басқарып ұшу, ұшақ жүргiзу және практикалық жұмыс техникасын тексерудi кандидат сыныбынан жоғары сыныбы бар мамандар жүргiзедi.
27. Сынып беруге арналған теориялық білімдi, ұшудағы практикалық жұмысты тексергеннен және кандидаттармен әңгiмелескеннен кейiн ЖБК (АК) мүшелерi тиiстi шешiм қабылдайды.
28. Ұшу жұмысын регламенттейтiн құжаттардың талаптарын бұзған авиациялық персонал уәкiлеттi орган бұйрық шығарған күннен бастап бiр ай iшiнде берiлген сыныбын ЖБК-ға растауға мiндеттi.
Уәкiлеттi орган сыныбын растауға арналған аттестаттаудан өтпеген тұлғалардың куәлiгiнiң (сертификатының) әрекет етуiн тоқтатады.
Сыныбы төмендетiлген авиациялық персонал тұлғалары келесi сыныпты беруге аттестаттауға мамандығы бойынша жұмыс iстегеннен кейiн кемiнде бiр жылдан кейiн жiберiледi.
Тәртiптiк жазасы бар авиациялық персонал тұлғалары кезектi сыныпты алуға аттестаттауға ол белгiленген тәртiппен алынғаннан кейiн жiберiледi. Аса жеңiл авиацияның авиациялық персоналы ұшу ережелерiн және әуе кеңiстiгiн пайдалану тәртібін бұзған жағдайда куәлiктiң (сертификаттың) әрекет етуiн уәкiлеттi орган кезектi аттестацияға дейiн тоқтатуы мүмкiн.
29. Авиациялық оқиғаның туындауына кiнәлi авиациялық персонал тұлғалары кезектi сыныпты беруге әуе кемесiнiң осы үлгiсiнде авиациялық оқиғадан кейiн кемiнде үш жылдан және кемiнде 500 сағат ұшқаннан кейiн аттестаттауға жiберiлуi мүмкiн.
30. Авиациялық персонал денсаулығының жай-күйi бойынша жарамдылыққа қойылатын медициналық талаптарға сәйкес келуi тиiс.
31. Авиациялық персоналды аттестаттаудың қорытындылары бойынша ЖБК (AK):
1) берiлген сыныпты растау және куәлiктiң (сертификаттың) қолданылу мерзiмiн ұзарту туралы;
2) кезектi сыныпты беру және куәлiкке (сертификатқа) тиiстi өзгерістер енгізу туралы;
3) сыныбын төмендету және куәлiкке (сертификатқа) тиiстi өзгерістер енгізу туралы;
4) сыныбын растамау және куәлiктiң (сертификаттың) қолданылуын тоқтату туралы шешiмдердiң бiрiн шығарады.
32. Шешiм ЖАК (AK) хаттамасымен ресiмделедi. ЖБК (АК) мәжілісi, егер оған ЖАК (АК) жалпы мүшелерiнiң кемiнде үштен екiсi қатысса заңды деп саналады. Шешiм ЖАК (АК) мүшелерiнiң мәжілісiнде қатысқандар санының қарапайым көпшiлiк даусымен қабылданады; ЖАК (АК) мүшелерiнiң берiлген дауыстары тең болған кезде ЖАК (АК) төрағасы дауыс берген шешiм қабылданған деп саналады.
3. Аса жеңіл авиацияның авиациялық персоналына
қойылатын талаптар
33. Ұшқыш-кәсiпқойлар аттестаттаудан өту үшiн мынадай талаптарға жауап беруi тиiс:
1) жасы 17-ден кем емес;
2) оқыту процесiн қамтамасыз ететiн кез келген меншiк нысанындағы оқу ұйымдарында, сондай-ақ аса жеңiл авиацияның әуе кемелерiнде әуе спорты бойынша оқу-жаттығу жиындары мен жарыстарының шеңберiнде алынған теориялық дайындығының болуы;
3) бағалау парағында көрсетiлген арнайы пәндердi бiлуi (1-қосымша);
4) кәсiби даярлық деңгейiне сәйкес әуе кемесiн басқара бiлуге, метеорологиялық жағдайларды талдай бiлуi және ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде дұрыс шешiм қабылдай бiлуi.
34. Коммерциялық авиацияның ұшқышы аттестаттаудан өту үшiн мынадай талаптарға жауап беруi тиiс:
1) жасы 18-ден кем емес;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұшу мамандарының кәсiби білім алуын, біліктілігiн көтеруiн қамтамасыз ететiн аккредиттелген авиациялық оқу орындарында алған теориялық дайындығының болуы;
3) бағалау парағында көрсетiлген арнайы пәндердi бiлуi (1-қосымша);
4) кемiнде 12 ай ұшқыш-кәсiпқой ретiнде практикалық қызметiнiң болуы;
5) қосымша ұшу дайындығының болуы;
6) кәсiби даярлық деңгейiне сәйкес әуе кемесiн басқара, метеорологиялық жағдайы талдай және ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде дұрыс шешiм қабылдай бiлуi.
4. Желілік ұшқыштарға қойылатын талаптар
35. Желiлiк ұшқыштар аттестаттаудан өтуi үшiн мынадай талаптарға жауап беруi тиiс:
1) «Ұшқыш» мамандығы бойынша авиациялық оқу орнының көлемiнде арнаулы білімi болуы;
2) бағалау парағында көрсетiлген арнаулы пәндердi бiлуi (2-қосымша);
3) кәсiби даярлық деңгейiне сәйкес әуе кемесiн басқара бiлуi, борт жүйелерiн, пилотаждық-навигациялық кешендердi пайдалана, метеорологиялық жағдайды талдай және ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде дұрыс шешiм қабылдай бiлуi.
36. Желiлiк ұшқыштың үшiншi сыныбы «Ұшқыш» мамандығы бойынша ұшқыштық оқу орындарында оқудың толық курсын бiтiрген адамдарға, Мемлекеттік емтихан комиссиясы шешiмiнiң негiзiнде оқу орны бастығының бұйрығымен беріледі.
37. Желiлiк ұшқыштың екiншi сыныбы:
1) ұшуға жiберiлген екiншi сыныпты ұшақтарда ИКАО I-санатының метеорологиялық минимумы бойынша, ал 3-сыныпты ұшақтарда - ауа-райының шектi минимумы бойынша кемiнде 2300 сағат жалпы авариясыз ұшуға, оның 100 сағатын түнде ұшуға, ӘКК ретiнде 500 сағат дербес ұшуға ие 2 және 3-сыныпты ӘӘК;
2) кемiнде 2000 сағат жалпы авариясыз ұшуға, оның 50 сағатын түнде ұшуға, оның iшiнде ӘКК ретiнде кемiнде 500 сағат дербес ұшуға ие 4-сыныпты ұшақтардың, тікұшақтардың ұшқыштарына;
3) кемiнде 2300 сағат жалпы авариясыз ұшуға, олардың 200 сағатын түнде ұшуға, оның iшiнде басқа үлгiлердегi ӘК-де ӘКК ретiнде кемiнде 500 сағат дербес ұшуға ие және ӘК командирiнiң қатарына енгізуге кандидат болып табылатын 1 және 2-сыныпты ұшақтардың екiншi ұшқыштарына;
4) жоғары ұшқыштық оқу орнын бiтiрген және 1 және 2-сыныпты әуе кемелерiне қайта оқытылған, кемiнде 2500 сағат авариясыз ұшуға, оның 300 сағатын түнде ұшуға ие, әуе кемелерi командирлерiнiң қатарына қосылуға үмiткер болып табылатын екiншi ұшқыштарға;
5) 1-сыныпты тiкұшақтарда ұшу оқу орнын бiтiрген, 1-сыныпты тiкұшақтарда кемiнде 2500 сағат авариясыз ұшуға ие, ӘК командирiнiң қатарына қосылуға үмiткер болып табылатын 1-сыныпты тiкұшақтардың екiншi ұшқыштарына;
6) кемiнде 2000 сағат авариясыз ұшуға, оның iшiнде басқа сыныптардағы тiкұшақтарда 500 сағат дербес ұшуға ие және 1-сыныпты тікұшақтарда әуе кемелерi командирлерiнiң қатарына табысты өткен 1-сыныпты тiкұшақтардың екiншi ұшқыштарына;
7) 2000 сағат жалпы авариясыз ұшуға, оның 50 сағатын түнде ұшуға ие 3-сыныпты ұшақтардың екiншi ұшқыштарына берiледi.
Екiншi сынып беруге ұсынылған үмiткерлер кемiнде 3 жыл ұшқыш ретiнде ұшқыштық жұмысы өтілі, оң мiнездемесi және ұшу мен ұшақты жүргiзу техникасы бойынша, бағалау парағының 3, 4-тармақтарында көрсетiлген пәндер бойынша «Бec» деген, ал қалған пәндер бойынша кемiнде «Төрт» деген бағалары болуы тиiс (2-қосымша).
38. Желiлiк ұшқыштың бiрiншi сыныбы:
1) кемiнде 3500 сағат жалпы авариясыз ұшуға, олардың 200 сағатын түнде ұшуға, 1000 сағат дербес ұшуға, оның iшiнде 1-сыныптағы ұшақтарда 500 сағат дербес ұшуға ие және ИКАО-ның 1-санаттағы метеорологиялық минимумы бойынша ұшуға жiберiлген 1-сыныпты ұшақтардың командирлерiне (Ил-86, Ил-96, Ту-204-тен басқа);
2) кемiнде 3500 сағат жалпы авариясыз ұшуға, оның 200 сағатын түнде ұшуға, кемiнде 1500 сағат дербес ұшуға оның iшiнде 2-сыныпты ұшақтарда 500 сағат дербес ұшуға ие және 1-санаттағы бойынша ұшақтарда ұшуға жiберiлген 2-сыныпты ұшақтардың командирлерiне;
3) кемiнде 3500 сағат жалпы авариясыз ұшуға, оның 200 сағатын түнде ұшуға, кемiнде 1500 сағат дербес ұшуға, оның iшiнде 3-сыныпты ұшақтарда 500 сағат дербес ұшуға ие және ең шектi ауа райы бойынша ұшуға жiберiлген 3-сыныпты ұшақтардың командирлерiне;
4) кемiнде 4000 сағат жалпы авариясыз ұшуға, оның 200 сағатын түнде ұшуға, кемiнде 500 сағат дербес ұшуға және 1-сыныпты ұшақтарда екiншi ұшқыш ретiнде кемiнде 500 сағат ұшуға ие 1-сыныпты ұшақтардың екiншi ұшқыштарына;
5) жоғары ұшқыштық оқу орнын бiтiрген және 1-сыныпты ӘК-ге қайта оқыған, кемiнде 4500 сағат авариясыз ұшуға, оның 200 сағатын түнде ұшуға ие, әуе кемесi командирiнiң қатарына қосылуға үміткep болып табылатын екiншi ұшқышқа;
6) кемiнде 3000 сағат жалпы авариясыз ұшуға, олардың 50 сағатын түнде ұшуға, кемiнде 1000 сағат дербес ұшуға ие және авиабөлiмше орналасқан жердегi ауа райының ең шектi минимумы бойынша ұшуға жiберiлген 4-сыныпты ұшақтардың командирлерiне;
7) кемiнде 3500 сағат жалпы авариясыз ұшуға олардың 50 сағатын түнде ұшуға, кемiнде 1500 сағат дербес ұшуға ие және авиабөлiмше орналасқан жердегi ауа райының ең шектi минимумы бойынша ұшуға жiберiлген 1 және 2-сыныпты тiкұшақтардың командирлерiне берiледi.
Бiрiншi сынып беруге ұсынылған үмiткерлердiң кемiнде 3 жыл 2-сыныпты пилот ретiнде ұшқыштық жұмыс өтілі, оң мiнездемесi және басқарып ұшу мен ұшақ жүргiзу техникасынан, бағалау парағының 1, 2, 3, 4, 5-тармақтарында көрсетiлген пәндер бойынша «Бес» деген, ал қалған пәндер бойынша - кемiнде «Төрт» деген бағалары ие болуға тиiс (2-қосымша).
5. Штурмандарға қойылатын талаптар
39. Штурмандар аттестаттаудан өту үшiн мынадай талаптарға жауап беруi:
1) штурмандық оқу орнының көлемiнде «штурман» мамандығы бойынша арнаулы білімiнiң болуы немесе ұшқыштардың қатарынан арнаулы бағдарламалар бойынша даярлықтан өтуi;
2) бағалау парағында көрсетiлген арнаулы пәндердi бiлуi (3-қосымша);
3) ұшақ жүргiзудiң осы заманғы әдiстерiн меңгеруi, жерде және ұшуда навигациялық жабдықтарды пайдалана білуі, ұшақ жүргiзу мақсатында борттағы радионавигациялық аппаратураларды пайдалануы, екi жақты радиобайланыс жүргiзуi, метеорологиялық жағдайды талдауы, ұшу карталарын оқуы және ұшу барысында оларды пайдалануы, естуi бойынша жеткізушi радиостанцияның сигналдарын қабылдай бiлуi тиiс.
40. Штурманның үшiншi сыныбы:
1) «штурман» мамандығы бойынша авиациялық оқу орнының түлектерiне;
2) арнайы бағдарламалар бойынша қайта даярлаудан өткен ұшқыштарға берiледi.
41. Штурманның екiншi сыныбы штурман лауазымында жалпы авариясыз ұшу кезiнде:
1) 4, 3, 2, 1-сыныпты ұшақтар мен тiкұшақтарда кемiнде 1500 сағат ұшқан штурмандарға, ал ұшқыштар қатарынан қайта оқытылғандарға штурман ретiнде кемiнде 50% ұшқан кезде;
2) 4, 3-сыныпты ұшақтар мен тiкұшақтарда ұшатын, штурман-нұсқаушы лауазымында үздiксiз және кемiнде 3 жылдан жоғары жұмыс өтілі бар, кемiнде 1200 сағат, олардың 50 сағатын түнде ұшқан, АА ұшқыштық жоғары оқу орындарының штурмандық құрамының адамдарына берiледi.
Штурманның екiншi сыныбын беруге ұсынылған үмiткерлердiң оң мiнездемесi және бағалау парағының 6-тармағында көрсетiлген пәндер бойынша «бес» деген, қалған пәндер бойынша және ұшақты жүргiзу техникасы бойынша кемiнде «төрт» деген бағаларға ие болуға тиiс (3-қосымша).
42. Штурманның бiрiншi сыныбы штурман лауазымында жалпы авариясыз ұшу барысында:
1) 2500 сағат, олардың 400 сағатын түнде ұшқан 1-сыныпты ұшақтардың штурмандарына;
2) кемiнде 3000 сағат, олардың 400 сағатын түнде ұшқан, ал пилоттар қатарынан қайта оқытылғандар штурман ретiнде кемiнде 50% ұшқан 2 және 3-шi сыныпты ұшақтардың штурмандарына;
3) ұшу отрядының (бұдан әрi ҰО) штурманы лауазымында үздiксiз және кемiнде 3 жылдан жоғары жұмыс стажы бар, кемiнде 2500 сағат, соның iшiнде 100 сағатын түнде ұшқан, АА ұшқыштық жоғары оқу орындарының штурмандық құрамының адамдарына берiледi.
АА штурманының бiрiншi сыныбын беруге ұсынылған үмiткерлердiң оң мiнездемесi және ұшақ жүргiзу техникасы бойынша, бағалар парағының 1, 2, 3, 6, 8, 10, 11-тармақтарында көрсетiлген пәндер бойынша «бес» деген және қалған пәндер бойынша кемiнде «төрт» деген бағалары болуға тиiс (3-қосымша).
6. Бортинженерлерге қойылатын талаптар
43. Бортинженерлер аттестаттаудан өту үшiн мынадай талаптарға жауап беруi:
1) жоғары білімнiң болуы (1610 мамандығы - «Әуе кемелерiн және авиақозғалтқыштарды пайдалану жөніндегі инженер-механик») және бекітілген бағдарламалар бойынша арнайы дайындықтан өтуi;