2) бағалау парағында көрсетiлген арнаулы пәндердi бiлуi (4-қосымша);
3) осы үлгiдегi ӘК-нi ұшуда пайдалану жөніндегі басшылықта (бұдан әрi ҰПБ) көзделген бортинженердiң (бортмеханиктiң) мiндеттерiне сәйкес ӘК жерде және ұшуда пайдалана бiлуi тиiс.
44. Бортинженердiң үшiншi сыныбы:
дайындықтың бар бағдарламаларына сәйкес, осы Ереженiң талаптарына жауап беретiн және бортинженер ретiнде дербес жұмыс iстеуге рұқсат алған авиация персоналына берiледi.
45. «Бортинженер» мамандығы бойынша даярлықтан өткен жоғары оқу орындарының түлектерiне бортинженер куәлiгi (сертификаты) диплом алумен бiр мезгiлде және кейiннен тағлымдама бағдарламасынан өткеннен кейiн дербес жұмыс iстеуге жiберiлгеннен және азаматтық авиация ұйымдарының қатарына қосылғаннан кейiн берiледi.
46. Бортинженердiң үшiншi сыныбы берiлуге ұсынылатын үмiткерлердiң оң мiнездемесi және тренажерда жұмыс iстеуден, ұшудан практикалық жұмыс бойынша тексерiстен және бағалау парағында көрсетiлген пәндер бойынша «төрт» деген бағаға ие болуға тиiс (4-қосымша).
47. Бортинженердiң екiншi сыныбы:
1) кемiнде 1500 сағат авариясыз ұшуға ие бортинженерлерге;
2) бортинженер лауазымына тағайындалған, осы Ереженiң талаптарына сай келетiн және бортинженер ретiнде дербес ұшуға рұқсат алған, бортинженер ретiнде 200 сағат дербес ұшқан екiншi сыныпты бортмеханиктерге;
3) бортинженер лауазымындағы, бiрақ бортмеханик куәлiгi (сертификаты) бар және кемiнде 1500 сағат жалпы авариясыз ұшқан, «әуе кемесiн және авиақозғалтқыштарды пайдалану жөніндегі инженер-механик» мамандығы бойынша жоғары білімдi есептемегенде, осы Ереженiң талаптарына сай келетiн мамандарға берiледi.
Бортинженердiң екiншi сыныбын беруге ұсынылатын үмiткерлер, тренажерда жұмыс iстеуден және ұшудан практикалық жұмыс бойынша тексерiстен кемiнде «төрт» деген баға алуға, оң мiнездемесiнiң және бағалау парағының 4-тармағында көрсетiлген пән бойынша «бес» деген бағаға, ал қалған пәндер бойынша кемiнде»«төрт»«деген бағаға ие болуға тиiс (4-қосымша).
48. Бортинженердiң бiрiншi сыныбы:
1) кемiнде 3000 сағат жалпы авариясыз ұшқан бортинженер ретiнде 200 сағат дербес ұшқан 2-сыныпты бортмеханиктерге;
2) бортинженер лауазымына тағайындалған, осы Ереженiң талаптарына сай келетiн және бортинженер ретiнде дербес ұшуға рұқсат алған, бортинженер ретiнде 200 сағат дербес ұшқан бiрiншi сыныпты бортмеханиктерге;
3) бортинженер лауазымындағы, бiрақ бiрiншi немесе екiншi сыныпты бортмеханик куәлiгi бар және кемiнде 3000 сағат жалпы авариясыз ұшқан, 1610 мамандығы бойынша жоғары білімдi есептемегенде, осы Ереженiң талаптарына сай келетiн мамандарға берiледi.
Бортинженердiң бiрiншi сыныбын беруге ұсынылатын үмiткерлердiң оң мiнездемесi және тренажерда жұмыс iстеуден және ұшудан практикалық жұмыс бойынша тексерiстен, бағалау парағының 1, 2, 4, 6, 7, 10, 11-тармақтарында көрсетiлген пәндер бойынша «бес» деген бағаға, ал қалған пәндер бойынша «төрттен» төмен емес бағаға ие болуы тиiс (4-қосымша).
7. Бортмеханиктерге қойылатын талаптар
49. Бортмеханиктер аттестаттаудан өту үшiн мынадай талаптарға жауап беруi тиiс:
1) жоғары («Әуе кемелерiн және авиақозғалтқыштарды пайдалану жөніндегі инженер-механик» мамандығы) немесе арнаулы орта білімi («әуе кемелерiн және авиақозғалтқыштарды пайдалану жөніндегі техник-механик» мамандығы (бұдан әрi - 0579 мамандығы) болуы және бекітілген бағдарламалар бойынша арнайы дайындықтан өтуге;
2) бағалау парағында көрсетiлген арнайы пәндердi бiлуге (4-қосымша);
3) ӘК жерде және ұшу барысында, осы үлгiдегi әуе кемелерiн ӘК ҰПН-да көзделген бортмеханиктiң (бортинженердiң) мiндеттерiне сәйкес пайдалана бiлуге тиiс.
50. Бортмеханиктiң үшiншi сыныбы осы Ереженiң талаптарына сай келетiн, дайындықтың бар бағдарламаларына сәйкес бортмеханик ретiнде дербес жұмыс iстеуге рұқсат алған мамандарға берiледi.
51. Бортмеханиктiң 3-сыныбы берiлуге ұсынылатын үмiткерлердiң оң мiнездемесi және тренажерда жұмыс iстеуден, ұшудан практикалық жұмыс бойынша тексерiстен және бағалау парағында көрсетiлген пәндер бойынша «төрт» деген бағаға ие болуға тиiс (4-қосымша).
52. Екiншi сынып кемiнде 1500 сағат жалпы авариясыз ұшқан бортмеханиктерге берiледi.
53. Бортмеханиктiң екiншi сыныбын беруге ұсынылатын үмiткерлер тренажерда жұмыс iстеуден және ұшудан практикалық жұмыс бойынша тексерiстен «төрттен» төмен емес бағаға, оң мiнездемесiнiң болуы және бағалау парағының 4-тармағында көрсетiлген пән бойынша емтиханды «бec» деген бағаға тапсыруға, ал қалған пәндер бойынша - «төрттен» төмен емес бағаға ие болуға тиiс (4-қосымша).
54. Бортмеханиктiң бiрiншi сыныбы кемiнде 3500 сағат жалпы авариясыз ұшқан бортмеханиктерге берiледi.
55. Бортмеханиктiң бiрiншi сыныбын беруге ұсынылатын үмiткерлердiң оң мiнездемесi және тренажерда жұмыс iстеуден және ұшудан практикалық жұмыс бойынша тексерiстен және бағалау парағының 1, 2, 4, 6, 7, 10, 11-тармақтарында көрсетiлген арнаулы пәндер бойынша «бес» деген бағаға, ал қалған пәндер бойынша - «төрттен» төмен емес бағаға ие болуға тиiс (4-қосымша).
8. Бортрадистергу қойылатын талаптар
56. Бортрадистер аттестаттаудан өту үшiн мынадай талаптарға жауап беруi тиiс:
1) орта білімiнiң болуы және арнаулы бағдарламалар бойынша даярлықтан өтуге;
2) ұшу жұмыстарын реттеуде басшылыққа алынатын құжаттарды бiлуге;
3) «АА байланыс жөніндегі тәлiмдеменiң», «Азаматтық авиация әуе кемелерiнiң экипаждары мен әуе қозғалысын ұйымдастыру қызметiнiң диспетчерлары арасындағы радиоалмасу фразеологиясының ережелерiнiң» талаптарына сәйкес екi жақты радиобайланыс жүргiзе бiлуге, борттағы радиобайланыс пен электр жабдықтарды ҰПБ сәйкес пайдалана бiлуге, бортрадистердiң тиiстi сыныптары үшiн көзделген жылдамдықтағы Морзе әлiппесiнiң сигналдарын есту арқылы беруге және қабылдай бiлуге, кодтық хабарламаларды қабылдай бiлуге тиiс.
57. Бортрадистiң үшiншi сыныбы бортрадист ретiнде жеке жұмысқа рұқсат алған мамандарға берiледi.
Бортрадистiң үшiншi сыныбын беруге ұсынатын үмiткерлер, минутына кемiнде 80 белгi жылдамдықтағы телеграф белгiлерi бар радиограммаларды беруге және қабылдай бiлуге, практикалық жұмыста «төрттен» төмен емес бағамен тексеруден өтуге, оң мiнездемеге ие болуға және бағалау парағында көрсетiлген пәндер бойынша «төрттен» төмен емес бағаға емтихан тапсыруға тиiс (5-қосымша).
58. Бортрадистiң екiншi сыныбы кемiнде 1000 сағат жалпы авариясыз ұшқан бортрадистерге берiледi.
Бортрадистiң екiншi сыныбын беруге ұсынылатын үмiткерлер, минутына кемiнде 90 белгi жылдамдықтағы телеграф белгiлерi бар радиограммаларды беруге және қабылдай бiлуге ұшудағы практикалық жұмыста «төрттен» төмен емес бағамен тексеруден өтуге, оң мiнездемеге ие болуға және бағалау парағының 6, 9, 12-тармақтарында көрсетiлген басқа пәндер бойынша емтихандарды «бec» деген бағаға, ал басқа пәндер бойынша - «төрттен» төмен емес бағаға тапсыруға тиiс.
59. Бортрадистiң бiрiншi сыныбы кемiнде 2000 сағат жалпы авариясыз ұшқан мамандарға берiледi.
Бортрадистiң бiрiншi сыныбын беруге ұсынылатын үмiткерлер, минутына кемiнде 100 белгi жылдамдықтағы телеграф белгiлерi бар радиограммаларды беруге және қабылдай бiлуге, ұшудағы практикалық жұмыс бойынша тексерiстен «бес» деген бағамен өтуге, оң мiнездемеге ие болуға және бағалау парағының 1, 2, 4, 6, 9, 12-тармақтарында көрсетiлген пәндер бойынша емтихандар тапсыруға, ал қалған пәндер бойынша «төрттен» төмен емес баға алуы тиiс (5-қосымша).
9. Бортсеріктерге қойылатын талаптар
60. Бортсерiктер аттестаттаудан өтуi үшiн мынадай талаптарға жауап беруi тиiс:
1) орта білімi және AA оқу орнындағы арнаулы даярлығы болуы;
2) арнаулы пәндердi қажеттi көлемде бiлуi;
3) әуе көлiгiнде ұшуда қызмет көрсетудiң барлық түрлерiн қолдана отырып, әуе көлiгiнде жолаушылардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенiн нақты және уақтылы жүргiзе бiлуге, буфеттiк-ас үйлiк жабдықтарды және жалпы мақсаттағы жабдықтарды сауатты пайдалануға, бортсерiктiң рейстiк құжаттамаларын ресiмдеуi.
61. Бортсерiкке үшiншi сынып АА Академиясында бастапқы даярлықты аяқтағаннан және 30 сағат стажер болып ұшудан кейiн бортсерiк-нұсқаушының дербес жұмысқа жiберу туралы мiндеттi қорытындысымен берiледi.
62. Екiншi сынып кемiнде 500 сағат ұшқан, оң мiнездемеге ие және бағалау парағында көрсетiлген пәндер бойынша емтихандарды «төрттен» төмен емес бағаға тапсырған, жолаушыларға, соның iшiнде осы авиакәсiпорында немесе авиакомпанияда пайдаланылатын барлық үлгiдегi әуе кемелерiнiң бизнес сыныбындағы жолаушыларына қызмет көрсетудiң технологиясын меңгерген үшiншi сыныпты бортсерiкке берiледi.
63. Бiрiншi сынып кемiнде 1500 сағат ұшқан, оң мiнездемеге ие, жолаушыларға қызмет көрсетудiң технологиясын шебер меңгерген, бағалау парағының 5, 7, 9-тармақтарында көрсетiлген пәндер бойынша (6-қосымша) емтихандарды «бес» деген бағаға тапсырған және АА жоғары оқу орындары жанында Халықаралық әye желiлерiнде ұшу үшiн бортсерiктердi даярлаудың тиiстi бағдарламаларының көлемiнде шетел тiлдерiнiң бiрiн меңгерген екiншi сыныпты бортсерiкке берiлдi.
64. Аға бортсерiктер, бортсерiктер-нұсқаушылар міндетті түрде екінші сыныптан төмен емес бортсерік біліктілігiне ие болу керек.
10. Бортоператорларға қойылатын талаптар
65. Жүк ӘК бортоператорлары аттестаттаудан өтуi үшiн мынадай талаптарға жауап беруi тиiс:
1) орта білімi болуы және арнаулы бағдарлама бойынша арнайы дайындықтан өтуi;
2) ӘК жабдығын жерде және әуеде осы үлгiдегi ӘК ҰПБ көзделген бортоператор мiндеттерiне сәйкес пайдалана бiлуi.
66. Жүк ӘК бортоператорларына үшiншi сынып беруге ұсынылған үміткерлер, рейс жағдайындағы практикалық тeкcepуден «төрттен» төмен емес бағамен өтуге, оң мiнездемеге ие болуы және бағалау парағында көрсетiлген арнаулы пәндер бойынша (7-қосымша) емтихандарды «төрттен» төмен емес бағаға тапсыруға тиiс.
Теориялық білімi мен мамандығы бойынша практикалық жұмысы тексеруден өткiзiлгеннен кейiн, маманға жүк ӘК бортоператорының 3-сыныбы берiледi.
67. Жүк ӘК бортоператорының екiншi сыныбы жалпы алғанда 1500 сағат ұшқан бортоператорларға берiледi.
Екiншi сынып беруге үмiткерлер, рейс жағдайындағы практикалық тексеруден өтуi және «төрт» деген баға алуы, сондай-ақ оң мiнездемесi болуы, бағалау парағының 4, 7-тармақтарында көрсетiлген пәндер бойынша емтихандарды «бec» деген бағаға, ал қалған пәндер бойынша «төрттен» төмен емес бағаға емтихандар тапсыруы тиiс (7-қосымша).
68. Жүк ӘК бортоператорының бiрiншi сыныбы жалпы алғанда 2500 сағат ұшқан бортоператорларға берiледi.
Бiрiншi сынып беруге үмiткерлер рейс жағдайындағы практикалық тексеруден «бес» деген бағамен өтуi, оң мiнездемесiнiң болуы, бағалау парағының 2, 4, 7-тармақтарында көрсетiлген пәндер бойынша, ал қалған пәндер бойынша - «төрттен» төмен емес бағаға емтихандар тапсыруы тиiс (7-қосымша).
11. Әуе қозғалысын ұйымдастыру қызметтерінің диспетчерлеріне
қойылатын талаптар
69. ӘҚҰ қызметiнiң диспетчерi аттестаттаудан өту үшiн мынадай талаптарға жауап беруi тиiс:
1) арнаулы білімi болуы;
2) бекітілген бағдарламалар бойынша арнаулы даярлықтан уақытында өтуi;
3) әуе қозғалысына қызмет көрсетудi жұмыс технологиясының талаптарына, радиоалмасудың ережелерi мен фразеологиясына сәйкес қатаң жүзеге асыруы;
4) түрлi әуе және метеорологиялық жағдайларда дұрыс және уақтылы әрекет етуi;
5) жұмыс процесiнде ӘҚҰ радиотехникалық құралдарын және байланыс құралдарын сауатты пайдалануы;
6) сабақтас диспетчерлiк пункттермен, әуе кемесiнiң ұшуына қызмет көрсететiн және бақылайтын қызметтермен және органдармен өзара нақты iс-қимыл жасауы;
7) әуеайлақта және жауапкершiлiк ауданында апатқа ұшырау үстіндегі немесе ұшыраған әуе кемелерiне уақтылы көмек көрсетуi;
8) ӘҚҰ қызметiнiң диспетчерлерi денсаулығының жай-күйi бойынша белгiленген талаптарға сай келуi тиiс;
9) бағалау парағында (8-қосымша) көрсетiлген арнаулы пәндердi бiлуi тиiс.
70. ӘҚҰ қызметi диспетчерiнiң біліктілік сыныбы мынадай мамандарға:
1) ӘҚБ және ӘҚЖ диспетчерлерiне;
2) диспетчер-нұсқаушыға;
3) аға диспетчерге;
4) ұшуды басқарушыға;
5) диспетчерлiк пункттiң бастығына;
6) орталықтың бастығына;
7) ӘҚҰ басшы, инспекторлық және нұсқаушылық құрамына;
8) ҚР ӘҚЖ БО басшы мен диспетчерлiк құрамына;
9) ӘҚҰ бөлiмдерiнiң басшы, инспекторлық және нұсқаушылық құрамына, азаматтық авиация мекемелерi мен ұйымдарының әуе қозғалысы қауiпсiздiгi жөніндегі инспекцияларына берiледi.
71. ӘҚҰ қызметiнiң үшінші сыныпты диспетчерiнiң біліктілігi:
1) теориялық пәндерден, тренажерлық даярлық пен технологиялық практикадан емтихандарды ойдағыдай тапсырған AA оқу орындарының түлектерiне;
2) оқу орындарының жанындағы бастапқы диспетчерлiк даярлық курстарындағы даярлықтан, ӘҚБ пункттерiнде тағылымдамадан, тренажерлық даярлықтан өткен және дербес жұмыс iстеуге рұқсат алған авиациялық мамандар қатарынан ӘҚҰ қызметiне қабылданған тұлғаларға берiледi.
ӘҚҰ қызметiне жұмысқа қабылданған авиациялық персонал қатарынан ӘҚҰ қызметiнiң үшiншi сыныпты диспетчер біліктілігiн беруге ұсынылған үмiткерлер, осы Ережеде көрсетiлген мынадай талаптарға сай келуi тиiс:
оң мiнездемесi болуы;
тиiстi диспетчерлiк пункттен ӘҚҰ жөнiнде жақсы практикалық дағдыларды меңгеруi;
бағалау парағында көрсетiлген пәндер бойынша емтихандарды «төрттен» төмен емес бағаға тапсыруы (8-қосымша).
72. ӘҚҰ қызметiнiң диспетчерi біліктілігiнiң екiншi сыныбын беру үшiн:
1) оң мiнездемесi болуы;
2) ӘҚҰ қызметiнiң диспетчерi біліктілігiнiң үшiншi сыныбы берiлгеннен кейiн ӘҚҰ қызметi диспетчерiнiң лауазымында кемiнде 3 жыл жұмыс өтілі болуы;
3) диспетчерлiк тренажерда және тиiстi диспетчерлiк пунктте (жұмыс орнында) ӘҚҰ бойынша «төрт» деген бағаға практикалық дағдысын тексеруден өтуi;
4) бағалау парағының 2, 3, 4-тармақтарында көрсетiлген пәндер бойынша емтихандарды «бec» деген, ал қалған пәндер бойынша - «төрттен» кем емес (8-қосымша) бағаға тапсыру тиiс.
73. ӘҚҰ қызметiнiң диспетчерi біліктілігiнiң бiрiншi сыныбын беру үшiн:
1) ӘҚҰ қызметiнiң диспетчерi біліктілігiнiң екiншi сыныбы берiлгеннен кейiн ӘҚҰ қызметi диспетчерiнiң лауазымында кемiнде 3 жыл жұмыс өтілі болуы;
2) диспетчерлiк тренажерда және тиiстi диспетчерлiк пунктте (жұмыс орнында) ӘҚҰ бойынша «бес» деген бағаға практикалық дағдысын тексеруден өтуi;
3) бағалау парағының 1, 2, 3, 4, 5, 6-тармақтарында көрсетiлген пәндер бойынша емтихандарды «бес» деген, ал қалған пәндер бойынша «төрттен» кем емес (8-қосымша) бағаға тапсыру тиiс.
Ережеге
1-қосымша
Әуесқой ұшқыштың және коммерциялық авиация ұшқышының
куәлiгiн (сертификатын) алуға және қолданылу мерзiмiн ұзартуға
арналған арнаулы пәндер бойынша білімiн тексерудiң
БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ
Т.А.Ә.А.____________________________________________________
Ұйым _____________________________________________________
ӘК үлгiсi, лауазымы_________________________________________
p/ № | Пәндердiң атауы | Бағасы | Емтихан алушының Т.А.Ә.А. | | Күні |
1 | «Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Респуб- ликасының 15.12.2001 ж. Заңы | | | | |
2 | | | | | |
3 | | | | |
4 | Авиациялық техника | | | | |
5 | Аэродинамика негiздерi | | | | |
6 | Навигация | | | | |
7 | Авиациялық аэродинамика | | | | |
8 | Ерекше жағдайлардағы iс-қимылдар | | | | |
9 | Радиоалмасу фразеологиясы | | | | |
Ұшуға дайындық (күнi, уақыты)______________________________
тексерушiнiң Т.А.Ә.А., лауазымы ___________________________
Тексеру бағасы_____________________________________________
Медициналық анықтама_________________________ дейiн жарамды
Куәлiктiң (сертификаттың) қолданылу мерзiмi _______________
________________ дейiн ұзартылсын
Әуесқой ұшқыштың (коммерциялық авиация ұшқышының)
біліктілігi___________________________________сәйкес келедi
Төраға (АК)_______________________________
Ережеге
2-қосымша
___________сыныпты желiлiк ұшқыштың сыныбын көтеруге
(растауға) және куәлiгiнің (сертификатының) қолданылу мерзiмiн
ұзартуға арналған арнаулы пәндер бойынша білімiн тексерудiң
БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ
Т.А.Ә.А.____________________________________________________
Кәсіпорын___________________________________________________
ӘК үлгiсi, лауазымы_________________________________________
p/p № | Пәндердiң атауы | Бағасы | Емтихан алушының Т.А.Ә.А. | | Күні |
1 | «Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Респуб. ликасының 15.12.2001 ж. Заңы | | | | |
2 | | | | | |
3 | | | | |
4 | Ұшуды пайдалануға басшылық жасау | | | | |
5 | Практикалық аэродинамика | | | | |
6 | Ұшақ жүргiзу және АА ШҚT | | | | |
7 | Авиациялық метеорология | | | | |
| | | | |
9 | Двигательдiң конструкциясы, пайдалану | | | | |
10 | Аспаптық жабдықтар, пайдалану | | | | |
11 | Радио жабдықтары, пайдалану | | | | |
12 | Электр жабдықтары, пайдалану | | | | |
13 | Радиоалмасудың ағылшын тілін- дегі фразеологиясы | | | | |
14 | Халықаралық ұшулар eрежесi | | | | |
Кешенді тренажердағы жаттығу ______________________________
Ұшақ жүргізудің техникасын тексеру_________________________
(күні, уақыты, күндіз/түн)
тексерушiнiң Т.А.Ә.А., лауазымы ___________________________
Тексеру бағасы_____________________________________________
ДҰСК қорытынды жасаған күн ________________________________
Куәлiктiң (сертификаттың) қолданылу мерзiмi _______________
________________ дейiн ұзартылды
__________ сыныпты ұшқыштың біліктілігi мен лауазымы ______
______________________________сәйкес келедi
Куәлiктi (сертификатты) ұзарту: 1-9; 13-14.
Сыныпты көтеру: 1-14
Бағасы 5(бec): 1, 2, 3, 4, 5 (1-сынып); 3, 4 (2-сынып).
Қалған бағалары 4-тен (төрт) төмен емес.
ЖАК (АК) төрағасы ______________________
Ережеге
3-қосымша
____________сыныпты штурманның сыныбын көтеруге