1-4. Дауыс беретін акцияларының жиырма бес процентінен астамы жиынтық түрінде:
1) Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғаның;
2) акцияларының (қатысушылары салымдарының) елу проценттен астамы Қазақстан Республикасының резиденттері емес тұлғалардың меншігінде және (немесе) басқаруында болған Қазақстан Республикасының резиденті-заңды тұлғаның;
3) Қазақстан Республикасының резиденттері емес тұлғалардың бағалы қағаздарын нақты ұстаушы болып табылатын Қазақстан Республикасы резиденттерінің меншігінде немесе басқаруында болған ашық жинақтаушы зейнетақы қоры Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлға қатысатын ашық жинақтаушы зейнетақы қоры болып табылады.".
2-тармақ "акцияларының" деген сөзден кейін "жалпы санының" деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Мемлекеттік кәсіпорын жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшысы немесе акционері бола алмайды.";
5-тармақтағы "құрылтайшысы" деген сөзден кейін "немесе акционері" деген сөзбен толықтырылсын;
29) 37-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"Жинақтаушы зейнетақы қорларын мемлекеттік тіркеуді, сондай-ақ олардың құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді уәкілетті органның рұқсаты болған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әділет органдары жүзеге асырады.";
30) 38-бапта:
тақырыбындағы және 1-тармақтағы "Мемлекеттік емес" деген сөздер алып тасталып "жинақтаушы" деген сөз бас әріппен жазылсын;
2-тармақта:
"Мемлекеттік емес" деген сөздер "Жинақтаушы" деген сөзбен ауыстырылсын;
"мемлекеттік" деген сөз алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
"Жарғылық капиталдың жүз проценті Қазақстан Республикасының Үкіметіне тиесілі болған жағдайда ғана жинақтаушы зейнетақы қорының атауында "мемлекеттік" деген сөз қолданыла алады.";
"алушының" деген сөз "салымшының (алушының)" деген сөздермен ауыстырылсын;
31) 39-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"39-бап. Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметгі лицензиялау
1. Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен уәкілетті орган лицензиялайды.
2. Лицензиат жинақтаушы зейнетақы қорларын қайта ұйымдастыру салдарынан пайда болған жинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақы жарналарын тартуға, зейнетақы төлемдерін және жинақталған зейнетақы қаражатын аударуды жүзеге асыруға, егер бұл оған құқықтық мирасқорлық тәртіппен ауысқан міндеттерден туындаса, лицензия алу үшін белгіленген мерзім ішінде уәкілетті орган уақытша рұқсат беруі мүмкін.";
32) 40-бапта:
2-тармақта:
үшінші абзацтағы "соттылығы" деген сөзден кейін "өтелмеген немесе" деген сөздермен толықтырылсын;
төртінші абзацқа түзету қазақша мәтінде өзгеріссіз қалады;
"санацияға" деген сөзден кейін ", консервацияға" деген сөзбен толықтырылсын;
төртінші абзацтағы "адам басшы қызметкер бола алмайды." деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы бесінші және алтыншы абзацтармен толықтырылсын:
", белгіленген тәртіппен біліктілік емтиханын тапсырмаған адам;
Қазақстан Республикасының азаматы емес адам басшы қызметкер бола алмайды.";
3-тармақ алып тасталсын;
33) 41-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) және 2-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"2-1) уәкілетті орган беретін лицензия негізінде зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті дербес жүзеге асыруға;
2-2) зейнетақымен қамсыздандыруға байланысты мәселелер бойынша сот органдарында салымшының жазбаша өтініші бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен оның мүдделерін білдіруге;";
2-тармақта:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6) салымшының (алушының) жинақталған зейнетақы қаражатын бір жинақтаушы зейнетақы қорынан екіншісіне немесе сақтандыру ұйымына осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен аударуға;";
7) тармақша "зейнетақы активтерін басқару жөніндегі" деген сөздердің алдынан "жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы болмаған жағдайда" деген сөздермен толықтырылсын;
10) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 11)-13) тармақшалармен толықтырылсын:
"11) салымшымен міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасуға;
12) салымшымен ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасуға;
13) әрбір жеке адамның тұратын жеріне қарамастан олармен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу кепілдігін қамтамасыз етуге міндетті.";
3-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) өз мұқтаждары үшін сатып алған мүлікті сатып алу-сату мен жалға беруді және уәкілетті орган белгілейтін қаржы құралдарымен мәмілелерді қоспағанда, мүлікті сатып алу-сатуды жүзеге асыруға;";
6) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 4 және 5-тармақтармен толықтырылсын:
"4. Жинақтаушы зейнетақы қорларының қаржылық орнықтылығын және төлем қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында сақталуы міндетті пруденциалдық нормативтер белгіленеді. Пруденциялдық нормативтердің тізбесін, олардың нормативтік мәнін, есеп-қисап әдістемесін, сондай-ақ тиісті есептілік нысандары мен оны табыс ету мерзімдерін уәкілетті орган белгілейді.
5. Жинақтаушы зейнетақы қорының, онымен және оның құрылтайшыларымен аффилиирленген, жинақтаушы зейнетақы қоры қатысатын консорциумдар мен қарапайым серіктестіктерге қатысушы тұлғалар мен ұйымдардың қызметін реттеу шоғырландырылған негізде жүзеге асырылуы мүмкін. Реттеуді шоғырландырылған негізде жүзеге асыру ережесін уәкілетті орган белгілейді.";
34) 42-бап мынадай мазмұндағы 1-1, 1-2, 1-3 және 1-4-тармақтармен толықтырылсын:
"1-1. Уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жарналарын тарту жөніндегі қызметке лицензиясының қолданылуын мынадай негіздердің:
1) лицензия берілгенде негізге алынған ақпараттың дұрыс болмауы;
2) лицензия берілген кезден бастап жинақтаушы зейнетақы қорының қызметін бастауды бір жылдан астам кідірту;
3) жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт бойынша міндеттемелерді үнемі (күнтізбелік он екі ай ішінде қатарынан үш және одан да көп рет) орындамауы немесе тиісінше орындамауы;
4) жинақтаушы зейнетақы қорының лицензиар белгілеген нормативтерді және орындалуы міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді үнемі (күнтізбелік он екі ай ішінде қатарынан үш және одан да көп рет) бұзуы;
5) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы ережесін және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерін бұзуы не уәкілетті органның жазбаша нұсқамаларын орындамауы;
6) есептілік пен мәліметтерді табыс етпеу немесе көрінеу дұрыс емес есептілік пен мәліметтерді табыс ету негіздерінің кез келгені бойынша алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруға құқылы.
1-2. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жарналарын тарту және бұрын тартылған салымшылар бойынша зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық қызметті жүзеге асыру құқығын сақтай отырып, жаңа салымшылар тартуына тыйым салуға әкеп соқтырады.
1-3. Уәкілетті органның жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жарналарын тарту жөніндегі қызметке лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру туралы қабылдаған шешімін жинақтаушы зейнетақы қоры екі баспасөз басылымында мемлекеттік тілде және орыс тілінде хабарландыру жариялау арқылы салымшылар мен алушылардың назарына жеткізеді.
1-4. Лицензияның қодданылуын тоқтата тұру себептерін жинақтаушы зейнетақы қорының белгіленген мерзімде жоймауы оны уәкілетті органның қайтарып алуына негіз болып табылады.";
35) 43-бапта:
тақырыбындағы "Мемлекеттік емес" деген сөздер алып тасталып "жинақтаушы" деген сөз бас әріппен жазылсын;
1-тармақта:
алтыншы абзацтағы "қордың корпоративтік түрінен ашық түрге қайта құрылуы, өзгеруі" деген сөздер алып тасталып, "бөліп шығару" деген сөздерден кейін "жинақтаушы зейнетақы қорының корпоративтік түрден ашық түрге қайта ұйымдастырылуы, өзгертілуі" деген сөздермен толықтырылсын;
"Мемлекеттік емес" деген сөздер алып тасталып "жинақтаушы" деген сөз бас әріппен жазылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қайта ұйымдастырылатын жинақтаушы зейнетақы қоры уәкілетті органның қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсатын алған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде екі баспасөз басылымында мемлекеттік тілде және орыс тілінде хабарландыру жариялау арқылы өзінің барлық салымшылары мен алушыларына алдағы өзгерістер туралы хабардар етуге міндетті.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің салымшылар мен алушыларды хабарландыруға қатысты талабы жинақтаушы зейнетақы қоры үшін оның атауы өзгерген жағдайда да міндетті болып табылады.";
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Қайта ұйымдастыру жағдайында:
қосылу нысанында - жаңадан қүрылған жинақтаушы зейнетақы қоры;
бөліну нысанында - жаңадан қүрылған жинақтаушы зейнетақы қорлары;
бөліп шығару нысанында - бөлініп шыққан жинақтаушы зейнетақы қорлары зейнетақы жарналарын тарту жөніндегі қызметті және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына жаңа лицензия алуға міндетті.
Қайта ұйымдастыру жағдайында мынадай жинақтаушы зейнетақы қорлары:
1) бөліп шығару нысанында қайта ұйымдастыру кезінде өзінен екі және одан да көп заңды тұлға бөлініп шыққан жинақтаушы зейнетақы қоры;
2) біріктіру нысанында қайта ұйымдастыру кезінде өзіне басқа жинақтаушы зейнетақы қорын қосып алған жинақтаушы зейнетақы қоры лицензиясының негізінде қайта ұйымдастырылған жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы жарналарын тарту жөніндегі қызметті және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті қолда бар лицензиясы негізінде жүзеге асыруға құқылы.
Жинақтаушы зейнетақы қорын корпоративтік қордан ашық қор етіп қайта ұйымдастыру жағдайында қайта ұйымдастырылған жинақтаушы зейнетақы қоры да жаңа лицензия алуға міндетті.";
36) 44-бапта:
тақырыбындағы және мәтініндегі "Мемлекеттік емес", "мемлекеттік емес" деген сөздер алып тасталып, тақырыбындағы "жинақтаушы" деген сөз бас әріппен жазылсын;
3) тармақшадағы "монополияға қарсы заңдар" деген сөздер "Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
37) 45-бапта:
тақырыбындағы және мәтініндегі "Мемлекеттік емес", "мемлекеттік емес" деген сөздер алып тасталып, тақырыбындағы және 1-тармағындағы "жинақтаушы" деген сөз бас әріппен жазылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Таратылатын жинақтаушы зейнетақы қоры уәкілетті органның таратуға рұқсатын алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде жинақтаушы зейнетақы қорының таратылатыны туралы мемлекеттік тілде және орыс тілінде екі баспасөз басылымында хабарландыру жариялау арқылы салымшылар мен алушыларды хабардар етуге міндетті.";
5-тармақта:
бірінші бөліктегі "зейнетақы шарттары" деген сөздер "зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі "қорды" деген сөз "жинақтаушы зейнетақы қорын" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
"8. Жинақтаушы зейнетақы қорын тарату комиссиясының қызметін бақылауды уәкілетті орган жүзеге асырады.";
38) 46-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"46-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының өз капиталын құру
1. Жинақтаушы зейнетақы қорының өз капиталы:
1) құрылтайшылар мен акционерлердің жарғылық капиталға салған салымдары;
2) комиссиялық сыйақылар;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де көздер есебінен құралады.
2. Жинақтаушы зейнетақы қорларының өз капиталы - жинақтаушы зейнетақы қоры міндеттемелерінің сомасын шегеріп тастағаннан кейінгі оның активтерінің құны.";
39) 47-бапта:
1-тармақ алып тасталсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Жинақтаушы зейнетақы қоры жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерін, оны қалыптастырудың тәртібі мен құрамын уәкілетті орган белгілейді.
Жинақтаушы зейнетақы қорының ең төмен жарғылық капиталының мөлшеріне талаптар өскен жағдайларда, жинақтаушы зейнетақы қоры залалдың болғанына қарамастан акцияларды қосымша шығаруды жүзеге асырады.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Құрылтайшылар немесе заңды тұлға акционерлер өз капиталының шегінде жарғылық капиталға ақша салады, жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларын төлейді.
Құрылтайшылар немесе жеке тұлға акционерлер Қазақстан Республикасының салық заңдарында табысы мен мүлкі туралы декларация беру бөлігінде белгіленген талаптарды ескере отырып, жарғылық капиталға ақша салады, жинақтаушы зейнетақы қорының акцияларын төлейді."
5-тармақта:
"Лицензия" деген сөз кіші әріппен жазылып, оның алдынан "Зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына" деген сөздермен толықтырылсын;
"жарғылық капитал" деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен" деген сөздермен толықтырылсын;.
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
"6. Уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары мен акционерлерінен құрылтай құжаттары мен қаржы есептілігін табыс етуді талап етуге, сондай-ақ мемлекеттік органдардан қажетті мәліметтерді сұратуға құқылы.";
40) 48-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Комиссиялық сыйақының шекті шамасын Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) инвестициялық кірістің он бес процентінен;
2) айына зейнетақы активтерінің 0,05 процентінен аспайтын шекте белгілейді.
Комиссиялық сыйақының шамасы жылына ең көбі бір рет өзгеруі және күнтізбелік жыл басталғанға дейін кемінде бір ай бұрын жариялануы мүмкін. Комиссиялық сыйақыны алудың тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.";
41) 49-баптың 2-тармағында:
"Алушылардың жеке шотында" деген сөздер "Салымшылардың (алушылардың) жеке шоттарыңдағы міндетті зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары және ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен" деген сөздермен ауыстырылсын, "тәртіппен" деген сөзден кейін "бөлек" деген сөзбен толықтырылсын;
"алушылардың" деген сөз тиісінше "салымшылардың (алушылардың)" деген сөздермен ауыстырылсын;
42) 50-бапта:
тақырыбындағы "Алушының" деген сөз алып тасталсын, "жинақталған" деген сөз бас әріппен жазылсын;
1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Жинақталған зейнетақы қаражаттарының құпиясы салымшылар (алушылар) туралы, салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы қалдықтар және ақша қозғалысы туралы мәліметтерді қамтиды.";
3-тармақ "алушының" деген сөзден кейін "Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес ресімделген" деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақта:
1) тармақша "жүргізіп отырған" деген сөздерден кейін "қылмыстық" деген сөзбен толықтырылсын;
3) тармақшадағы "берілуі мүмкін" деген сөздер алып тасталып, 4) тармақша "бойынша" деген сөзден кейін ", не олардың жинақтаушы зейнетақы қорына тексеру жүргізуіне байланысты;" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 5), 6) тармақшалармен толықтырылсын:
"5) прокурорға - оның қарауындағы материал бойынша өз құзыреті шегінде тексеру жүргізу туралы қаулы негізінде;
6) салымшының (алушының) өкілдеріне - нотариатпен куәландырылған сенімхат негізінде берілуі мүмкін.";
43) 11-тараудың тақырыбындағы "Мемлекеттік емес" деген сөздер алып тасталып "жинақтаушы" деген сөз бас әріппен жазылсын;
44) 51-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"51-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару тәртібі
Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйым не қызметтің осындай түрімен айналысу құқығына тиісті лицензиясы болған кезде жинақтаушы зейнетақы қоры дербес, уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырады.";
45) 52-бапта:
тақырыбындағы "Мемлекеттік емес" деген сөздер алып тасталып "жинақтаушы" деген сөз бас әріппен жазылсын;
1-тармақтағы "Мемлекеттік емес", "жабық" деген сөздер алып тасталып "жинақтаушы" деген сөз бас әріппен жазылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1, 1-2, 1-3, 1-4, 1-5-тармақтармен толықтырылсын:
"1-1. Қазақстан Республикасының резиденттері мен резидент емес жеке және заңды тұлғалары осы Заңда және уәкілетті органның өзге де нормативтік-құқықтық актілерінде белгіленген талаптарды ескере отырып, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның құрылтайшылары немесе акционерлері бола алады.
1-2. Рейтинг агенттіктерінің бірінің белгілі бір рейтінгін иеленген заңды тұлға қаржы ұйымы ғана Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайтын зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның құрылтайшысы немесе акционері бола алады. Рейтинг агенттіктерінің тізбесі мен ең төмен рейтингті уәкілетті орган белгілейді.
Оффшорлық аймақта тіркелген коммерциялық ұйым мәртебесі бар заңды тұлғалар мен жарғылық капиталына оффшорлық аймақта тіркелген заңды тұлғалар тікелей немесе аффилиирленген тұлғалар арқылы қатысатын заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың құрылтайшылары немесе акционерлері бола алмайды. Оффшорлық аймақтардың тізбесін уәкілетті орган белгілейді.
1-3. Шет ел қатысатын зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың жиынтық жарғылық қоры Қазақстан Ррспубликасының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын барлық ұйымдардың жарияланған жиынтық жарғылық капиталының елу процентінен аспауы керек.
1-4. Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлға қатысатын зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның директорлар кеңесі мен басқарма мүшелерінің кемінде үштен бірі Қазақстан Республикасының азаматтары болуы керек. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның директорлар кеңесі мен басқармасының Қазақстан Республикасының резиденті емес мүшелері қаржы рыногында қызметін жүзеге асырушы ұйымдарда үш жылдан кем емес басшылық жұмыста болған тәжірибесін куәландыратын құжаттарды табыс етуге міндетті.
1-5. Дауыс беретін акцияларының жиырма бес процентінен астамы жиынтық түрінде:
1) Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғаның;
2) акцияларының (қатысушылары салымдарының) елу проценттен астамы Қазақстан Республикасының резиденттері емес тұлғалардың меншігінде немесе басқаруында жүрген Қазақстан Республикасының резиденті-заңды тұлғаның;
3) Қазақстан Республикасының резиденттері емес тұлғалардың бағалы қағаздарын нақты ұстаушы болып табылатын Қазақстан Республикасы резиденттерінің меншігіндегі немесе басқаруындағы зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйым Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлға қатысатын зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым болып табылады.";
2-тармақтағы "Мемлекеттік емес" деген сөздер алып тасталып "жинақтаушы" деген сөз бас әріппен жазылсын;
3-тармақтағы "бағалы қағаздар рыногын реттеу жөніндегі" деген сөздер алып тасталсын;
4-тармақтағы "мемлекеттік емес" деген сөздер алып тасталсын;
46) 53-бапта:
2-тармақта:
төртінші абзацқа түзету қазақша мәтінде өзгеріссіз қалады;
төртінші абзацтағы "адам басшы қызметкер бола алмайды" деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
", уәкілетті орган белгілеген тәртіппен келісуден өтпеген адам басшы қызметкер бола алмайды";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның басшы қызметкерінің кандидатурасы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен уәкілетті органмен міндетті түрде келісілуге тиіс.
Уәкілетті орган зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзегеасыратын ұйымның басшы қызметкерін сайлауға (тағайындауға) берілген келісімді:
1) келісім берілгенде негізге алынған меліметтердің дұрыс еместігінің анықталуы;
2) зейнетақы активтерін басқару жөніндегі инвестициялық қызметке байланысты құқық бұзушылық үшін бір жыл ішінде екі және одан да көп рет әкімшілік жауаптылыққа тартылғандығы туралы деректердің болуы;
3) оcы баптың 2-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмеуінің анықталуы бойынша қайта қарауға құқылы.";
4-тармақта:
"берген" деген сөз "белгіленген тәртіппен беретін" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Бағалы қағаздар рыногын реттеу жөніндегі" деген сөздер алып тасталып, "уәкілетті" сөзі бас әріппен жазылсын;
47) 54-бапта:
тақырыбындағы "Мемлекеттік емес" деген сөздер алып тасталып "жинақтаушы" деген сөз бас әріппен жазылсын;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициялық басқару оның таңдауы бойынша зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын бір және одан да көп ұйымдармен шарт негізінде және (немесе) уәкілетті орган беретін, қызметтің осындай түрімен айналысу құқығына тиісті лицензиясы болған жағдайда жинақтаушы зейнетақы қорымен дербес жүзеге асырылады.";
2-тармақтағы "осы баптың 3-тармағының талаптарын орындаған кезде", "мемлекеттік емес" деген сөздер алып тасталсын;
3-тармақ алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
"6. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қорларының басқа жинақтаушы зейнетақы қорларымен олардың зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруға шарт жасасуға құқығы жоқ.";
48) 55-бапта:
мәтіндегі "мемлекеттік емес" деген сөздер алып тасталсын;
1-тармақта:
1), 4)-6) тармақшалардағы "бағалы қағаздар рыногын реттеу жөніндегі" деген сөздер алып тасталсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) уәкілетті орган белгілеген мерзімде және тәртіппен өз қызметі туралы есеп беруге;";
49) 56-баптағы "бағалы қағаздар рыногын реттеу жөніндегі" деген сөздер алып тасталсын;
50) 57-бап мынадай редакцияда жазылсын:
57-бап. Сақталуы міндетті пруденциалдық нормативтер
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның төлем қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылығы кепілдігін қамтамасыз ету үшін сақталуы міндетті пруденциалдық нормативтер белгіленеді.
Пруденциалдық нормативтердің тізбесін, олардың нормативтік мәндері мен есеп-қисап әдістемесін, сондай-ақ тиісті есептілік нысандары мен оны табыс ету мерзімдерін уәкілетті орган белгілейді.";
51) 58-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"58-бап. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті лицензиялау
Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен уәкілетті орган лицензиялайды.
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым тиісті лицензиялары болған жағдайда уәкілетті орган белгілеген тәртіппен бағалы қағаздар портфелін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға құқылы.";
52) 59-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы акгивтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйыммен жасалған шартты бұзу белгіленген күннен жиырма күн бұрын оған хабарлай отырып, бір жақты тәртіппен бұзуға, сондай-ақ зейнетақы активтерін тиісті басқармаудан туындаған залалдарды өтеуді талап етуге құқылы.";
53) 4-бөлімнің тақырыбындағы "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының және Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің әскери қызметшілерін," деген сөздер "Арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын әскери қызметшілердің, Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының және Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;