1) осы Заңның 9-бабының 1-3-тармақтарында көзделген жағдайлар басталғанда;
2) елу бес жасқа толғанда және жинақталған зейнетақы қаражаты ең төмен зейнетақы мөлшерінен кем емес төлемді қамтамасыз ету үшін жеткілікті болғанда;
3) егер мүгедектігі мерзімсіз белгіленсе, I және ІІ-топтағы мүгедектердің;
4) осы Заңның 60-бабының 1-тармағында аталғандардың;
5) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететін немесе кеткен, кету ниетін немесе кету фактісін растайтын Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құжаттарды табыс еткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың жинақтаушы зейнетақы қорларынан міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар. Бұл орайда Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге кетер кезінде жинақталған зейнетақы қаражатын алып қойған адамға осы Заңның 5-бабы 2-тармағының нормасы қолданылмайды.
2. Жинақтаушы зейнетақы қорында міндетті зейнетақы жарналары есебінен жинақталған зейнетақы қаражаты бар адам қайтыс болған жағдайда олар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады.";
15) мынадай мазмұндағы 23-1, 23-2 және 23-3-баптармен толықтырылсын:
"23-1-бап. Ерікті зейнетақы жарналары есебінен төленетін зейнетақы төлемдері
1. Ерікті зейнетақы жарналары есебінен жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін зейнетақы төлемдеріне жинақтаушы зейнетақы қорларында жинақталған зейнетақы қаражаты бар мына адамдардың:
1) елу бес жасқа толған адамдардың;
2) мүгедектердің;
3) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететін немесе кеткен және кету ниетін немесе кету фактісін растайтын Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құжаттарды табыс еткен адамдардың құқығы пайда болады.
2. Ерікті зейнетақы жарналары есебінен жинақтаушы зейнетақы қорында жинақталған зейнетақы қаражаты бар адам қайтыс болған жағдайда олар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады.
23-2-бап. Ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен
төленетін зейнетақы төлемдері
1. Ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдеріне:
1) елу жасқа толған;
2) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететін немесе кеткен және кету ниетін немесе кету фактісін растайтын Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құжаттарды табыс еткен адамдардың құқығы пайда болады.
2. Ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен жинақтаушы зейнетақы қорында жинақталған зейнетақы қаражаты бар адам қайтыс болған жағдайда олар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады.
23-3 бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларынан жинақталған зейнетақы қаражатын төлеу
1. Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдері жеке зейнетақы шоттарында жинақталған зейнетақы қаражаты бар алушыларға оның жеке басын куәландыратын куәлігі болған жағдайда төленеді.
2. Осы Заңның 9-бабының 1-3-тармақтарында аталған адамдардың өз таңдауы бойынша жинақталған зейнетақы қаражатын жинақтаушы зейнетақы қорынан белгіленген кесте бойынша зейнетақы төлемдері түрінде не сақтандыру ұйымынан зейнетақы аннуитетінің шартына сәйкес жинақталған зейнетақы қаражаты есебінен сақтандыру төлемдері түрінде алуға құқығы бар.
3. Алушыға Орталықтан тағайындалған ай сайынғы зейнетақы төлемдерінің және кесте бойынша төленетін зейнетақы төлемдерінің сомасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерінен кем болмауы керек.
Егер Орталықтан төленетін зейнетақы телемдерінің мөлшері ең төмен зейнетақы мөлшерінен кем болса, кесте бойынаша төленетін зейнетақы төлемдері ең төмен зейнетақы мөлшері мен Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің сомасы арасындағы айырма ретінде жеке зейнетақы шотындағы жинақталған зейнетақы қаражаты таусылғанға дейін есептеледі.
4. Кесте бойынша төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. Кесте бойынша зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру кезеңділігі (ай сайынғы, тоқсан сайынғы, жыл сайынғы) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа сәйкес белгіленеді.
5. Міндетті зейнетақы жарналары, жинақтаушы зейнетақы қорларынан ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан жинақталған зейнетақы қаражатынан зейнетақы төлемдерін төлеуді жүзеге асыру ережесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
6. Ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан жинақтардан зейнетақы төлемдерін төлеуді жүзеге асырудың тәртібі мен алушы табыс ететін құжаттардың тізбесі ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың талаптарымен анықталады.";
16) 24-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"24-бап. Аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы мәліметтер беру
1. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, агенттер салық органдарына міндетті зейнетақы жарналарының есептеп, ұсталған (есептеп қосылған) және аударылған сомалары жөнінде есеп-қисапты тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың он бесіне дейінгі мерзімде табыс етіп отырады. Есеп-қисаптың нысанын және оны табыс етудің тәртібін мемлекет алдындағы салық міндеттемесінің орындалуына салықтық бақылауды қамтамасыз ететін уәкілетті органның келісімімен халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы орган белгілейді.
2. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, агенттер уәкілетті орган белгілеген нысандар бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларына салымшылардың аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы мәліметтерді тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың жиырмасынан кешіктірмей табыс етіп отыруға міндетті.
3. Агенттер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіпке сәйкес әрбір қызметкер бойынша есептелген, ұсталған (есептеп қосылған) және аударылған міндетті зейнетақы жарналарының бастапқы есебін жүргізуге міндетті.
4. Агент есептелген, ұсталған (есептеп қосылған) және аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы мәліметтерді салымшыларға ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың он бесінен кешікірмей табыс етіп отыруға міндетті.";
17) 25-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері: зейнетақы жарналары, инвестициялық кіріс, өсімпұл және жинақтаушы зейнетақы қорларының комиссиялық сыйақыларын шегеріп тастағандағы залалдарды өтеу ретінде түскен қаражат есебінен қалыптасады.";
2-тармақта:
"алушының" деген сөзден кейін "жинақтаушы" деген сөзбен толықтырылсын;
"таратылғанда және" деген сөздерден кейін "(немесе)" деген сөзбен толықтырылсын;
2-1 тармақта:
1) тармақшадағы "бағалы қағаздар рыногын реттеу жөніндегі" деген сөздер алып тасталсын;
3) тармақшадағы "заңдарға сәйкес" деген сөздер алып тасталсын және "зейнетақы қорына" деген сөздерден кейін "не зейнетақы аннуитеті бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен сақтандыру ұйымына" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зейнетақы төлемдерін төлеуді және жинақталған зейнетақы қаражатын аударуды жүзеге асыруға байланысты шығыстарды өтеуге.";
3-тармақ алып тасталсын;
18) 26-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Кастодиандық шарт кастодиан банк, жинақтаушы зейнетақы қоры және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым арасында жасалады. Егер зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жинақтаушы зейнетақы қоры дербес жүзеге асыратын болса, кастодиандық шарт кастодиан банк пен жинақтаушы зейнетақы қоры арасында жасалады.";
2-1 тармақтағы "бағалы қағаздар рыногын реттеу жөніндегі уәкілетті органмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісім бойынша" деген сөздер алып тасталсын;
3-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Кастодиан банк жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің нысаналы орналастырылуын бақылауды жүзеге асырады және олар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келмеген жағдайда, бұл туралы уәкілетті орган мен жинақтаушы зейнетақы қорын дереу хабардар ете отырып, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның немесе жинақтаушы зейнетақы қорының (егер зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жинақтаушы зейнетақы қоры дербес жүзеге асыратын болса) тапсырмаларына шектеу қоюға (орындамауға) міндетті.";
екінші бөліктегі "бағалы қағаздар рыногын реттеу жөніндегі" деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 6-8-тармақтармен толықтырылсын:
"6. Кастодиандық шарт жинақтаушы зейнетақы қоры атқарушы органының тиісті шешімі негізінде кастодиан банк пен зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым хабардар етіле отырып және зейнетақы активтерін жаңа кастодиан банкке және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымға беру рәсімі аяқталғаннан кейін шартты бұзудың белгіленген күніне дейін жиырма күн мерзімде жинақтаушы қордың талап етуімен біржақты тәртіппен бұзылуы мүмкін.
7. Жаңа кастодиан банкпен кастодиандық шарт және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын жаңа ұйыммен инвестициялық басқаруға шарт жасасқан кезден бастап отыз күн мерзімде жинақтаушы зейнетақы қоры бұл туралы мемлекеттік тілде және орыс тілінде екі баспасөз басылымында тиісті жарияланымдар арқылы өз салымшылары мен агенттерін хабардар етеді.
8. Жинақтаушы зейнетақы қорымен арадағы кастодиандық шарт бұзылған кезден бастап алты айға дейінгі мерзімде бұрынғы және жаңа кастодиан банктер арасында бұрынғы кастодиан банктің оған келіп түсетін зейнетақы жарналарын жаңа кастодиан банкке аударуы туралы тиісті шарт жасалады.";
19) 27-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"27-бап. Міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының, жинақтаушы зейнетақы қорларының алушылары мен агенттердің құқықтары мен міндеттері
1. Міндетті зейнетақы жарналарының салымшылары мен жинақтаушы зейнетақы қорлары алушыларының:
1) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу үшін жинақтаушы зейнетақы қорын тандауға;
2) жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары (акционерлері), зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым мен кастодиан банк туралы уәкілетті орган анықтайтын көлемде ақпарат алуға;
3) жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйі туралы ақпарат алуға;
4) жинақтаушы зейнетақы қорының іс-әрекетіне сот тәртібімен шағым жасауға;
5) жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін алуға;
6) өзінің жинақталған зейнетақы қаражатын бір жинақтаушы зейнетақы қорынан екіншісіне, бірақ жылына екі реттен асырмай аударуға;
7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзінің жинақталған зейнетақы қаражатына өсиетхат қалдыруға;
8) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрғылықты тұруға кеткен кезде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жинақталған зейнетақы қаражатын алуға;
9) жинақталған зейнетақы қаражатын жинақтаушы зейнетақы қорынан сақтандыру ұйымына аударуға;
10) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
2. Агенттердің қызметкерден міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың көшірмесін талап етуге құқығы бар.
3. Міндетті зейнетақы жарналарының салымшылары мен жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдерін алушылар:
1) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарына сәйкес бір мезгілде міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы бір шарттың ғана тарабы болуға және тек қана бір жинақтаушы зейнетақы қорында міндетті зейнетақы жарналары есебінен жинақталған зейнетақы қаражатының болуына;
2) жинақтаушы зейнетақы қорларына жинақтаушы зейнетақы қорының міндеттемелерін орындауға ықпал жасайтын барлық өзгерістер туралы осындай өзгерістер болған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде хабарлауға;
3) міндетті зейнетақы жарналарын аудару үшін міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың көшірмесін агентке табыс етуге;
4) осы Заңда көзделген жағдайларда зейнетақы аннуитеті шартын жасасуға;
5) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарына және зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт талаптарына сәйкес өзге де міндеттемелерді орындауға міндетті.
4. Агенттер жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын Қазақстан Республикасьшың Үкіметі белгілеген мерзім мен тәртіп бойынша уақтылы есептеуге, ұстауға (есептеп қосуға) және төлеуге міндетті.";
20) 28-бап алып тасталсын;
21) 29-бапта:
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Зейнетақы ережелерін акционерлердің жалпы жиналысы уәкілеттік берген жинақтаушы зейнетақы қорының органы бекітеді және уәкілетті органмен келісіледі.
3. Зейнетақы ережелері жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының (алушыларының) мүдделеріне қысым жасамауға және оған нұқсан келтірмеуге тиіс.";
22) 30-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жинақтаушы зейнетақы қоры мен салымшы арасында міндетті зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары, ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгі шарттарға сәйкес жазбаша түрде жасалады.";
2-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Міндетті зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары, ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгі шартты уәкілетті орган әзірлеп, бекітеді және онда мынадай мәліметтер мен талаптар қамтылады:";
1) тармақшадағы "заңды мекен-жайы" деген сөздер "орналасқан жері" деген сөздермен ауыстырылсын;
11) тармақша "жарналарының" деген сөзден кейін "немесе ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарының" деген сөздермен толықтырылсын;
11) тармақшадағы "болады" деген сөз алып тасталып, мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
"12) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де мәліметтер болады.";
23) 31-бапта:
баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"31-бап. Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт тараптарының және өзге де адамдардың жауапкершілігі";
мынадай мазмұндағы 3-5-тармақтармен толықтырылсын:
"3. Жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар мен кастодиан банктер жауапкершілігінің талаптары мен тәртібі Қазақстан Республикасының заң актілерімен және шарттармен белгіленеді.
4. Егер жинақталған зейнетақы қаражатын аудару немесе төлеу кезінде жеке зейнетақы шотындағы жинақталған зейнетақы қаражатының сомасы, инфляция деңгейі ескеріле отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының мөлшерінен аз болып қалса, ал жинақталған зейнетақы қаражатының кемуі жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның және (немесе) кастодиан банктің кінәсінен болса, жинақтаушы зейнетақы қоры инфляция деңгейін ескере отырып, өз капиталы есебінен, жинақталған зейнетақы қаражатының шығынын нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының мөлшеріне дейін қалпына келтіруге міндетті.
5. Жинақталған зейнетақы қаражатын аударуды және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды кешіктіруге кінәлі заңды тұлғалар құқықтары бұзылған адамның пайдасына Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ставкасының 1,5 еселенген мөлшерінде өсімпұл төлеуге міндетті.";
24) мынадай мазмұндағы 7-1-тараумен толықтырылсын:
"7-1-тарау. Сақтандыру ұйымдарынан зейнетақымен
қамсыздандыру
31-1-бап. Сақтандыру ұйымдарынан төленетін сақтандыру төлемдері
1. Осы Заңның 9-бабының 1-3-тармақтарында аталған адамдар сақтандыру ұйымымен міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан жинақталған зейнетақы қаражатын пайдалана отырып, сақтандыру төлемдерін өмір бойы жүзеге асыру туралы зейнетақы аннуитеті шартын жасасуға құқылы. Бұл орайда сақтандыру ұйымынан төленетін ай сайынғы сақтандыру төлемдері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерінен кем болмауы керек.
2. Осы Заңның 23-бабының 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында аталған адамдардың сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан жағдайда жинақталған зейнетақы қаражатын алуға құқығы бар.
Осы тармақта аталған адамдарға сақтандыру ұйымы зейнетақы аннуитеті шартына сәйкес сақтандыру төлемдерін өмір бойы төлейді. Сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шарты ай сайынғы сақтандыру төлемдерінің мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерінен кем болмаған жағдайда жасалады.
3. Осы Заңның 23-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында аталған адамдардың міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан өзінің жинақталған зейнетақы қаражатының елу процентінен аспайтынын пайдалана отырып, зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан жағдайда ғана осы Заңның 9-бабының 1-тармағында көрсетілген жасқа жеткенге дейінгі мерзімге жинақталған зейнетақы қаражатын алуға құқығы бар.
4. Осы Заңның 23-2-бабының 1-тармағында аталған адамдардың ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан жинақталған зейнетақы қаражатын пайдалана отырып, зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан жағдайда ғана осы Заңның 9-бабының 1-тармағында көрсетілген жасқа жеткенге дейінгі мерзімге жинақталған зейнетақы қаражатын алуға құқығы бар.
31-2-бап. Зейнетақы аннуитеті шартын жасасу
1. Зейнетақы аннуитетінің үлгі шартын уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.
2. Зейнетақы аннуитеті шарты сақтанушы (зейнетақы төлемдерін алушы) мен сақтандыру ұйымы арасында шарт тараптарының келісімімен белгіленген мерзімге жасалады.
3. Зейнетақы аннуитеті шартын жасасушы адам сақтандыру ұйымын таңдауға ерікті.
4. Зейнетақы аннуитеті шарты алушының жазбаша өтініші негізінде жасалады.
5. Зейнетақы аннуитеті шарты жинақтаушы зейнетақы қоры жинақталған зейнетақы қаражатының сомаларын сақтандыру ұйымына аударған кезден бастап күшіне енеді және тараптар үшін міндетті болады.
6. Зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан адамның оны жасасқан күннен бастап екі жыл ішінде бұзуға құқығы жоқ.
Басқа сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан жағдайда зейнетақы аннуитеті шартын мерзімінен бұрын тоқтатуға болады. Зейнетақы аннуитеті шарты мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда онда көзделген сатып алу сомасы, жүзеге асырылған сақтандыру төлемдері мен сақтандыру ұйымының іс жүргізуге жұмсаған шығыстары шегеріліп төленген сақтандыру сыйлықақы сомасынан кем болмауға тиіс.
31-3-бап. Зейнетақы аннуитеті шарты тараптарының құқықтары мен міндеттері
1. Сақтанушының:
1) сақтандыру ұйымы жүргізген сақтандыру төлемдері мөлшерінің есеп-қисабымен танысуға;
2) сақтандыру ұйымынан төленетін сақтандыру төлемдері мөлшерінің есеп-қисабын жүргізу үшін тәуелсіз сарапшылар тартуға;
3) сақтандыру полисі жоғалған жағдайда оның дубликатын алуға құқығы бар.
2. Сақтанушы:
1) зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде, осы шарттың түпнұсқасын табыс ете отырып, жинақтаушы зейнетақы қорын хабардар етуге;
2) басқа сақтандыру ұйымымен жаңа зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан кезде оны жасасқан күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде, бұрынғы сақтандыру ұйымына жаңа шарттың түпнұсқасын табыс ете отырып, бұрын жасасқан зейнетақы аннуитеті шарты бойынша міндеттемелерді орындаудан біржақты тәртіппен бас тартуға міндетті.
3. Сақтандыру ұйымының зейнетақы аннуитеті шартына сәйкес жинақталған зейнетақы қаражатының сомасын бір рет және толық көлемде алуға құқығы бар.
4. Сақтандыру ұйымы:
1) сақтанушыны сақтандыру ұйымынан төленетін сақтандыру төлемдері мөлшерінің есеп-қисабымен таныстыруға;
2) зейнетақы аннуитеті шартын үш дана етіп ресімдеуге міндетті, оның екеуі сақтанушыға беріледі;
3) осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген зейнетақы аннуитеті шартының түпнұсқасын алған кезден бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде зейнетақы аннуитеті шартында аталған сақтандыру ұйымына сатып алу сомасын аударуға;
4) сақтандыру ұйымынан зейнетақы аннуитеті шартында көзделген сақтандыру төлемдері уақытылы жүзеге асырылмаған жағдайда сақтанушыға кешіктірілген әр күн үшін төленбей қалған соманың 1,5 проценті мөлшерінде өсімпұл төлеуге;
5) сақтанушы қайтыс болған жағдайда отбасына, не қайтыс болған адамды жерлеуді жүзеге асырған адамға жерлеуге арналған жәрдемақы түрінде осы Заңда белгіленген мөлшерден кем болмайтын сақтандыру төлемін жүзеге асыруға міндетті.
31-4-бап. Жинақталған зейнетақы қаражатын сақтандыру ұйымына аударудың тәртібі
1. Жинақтаушы зейнетақы қоры хабарламаны алған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде алушының жинақталған зейнетақы қаражатын сақтандыру ұйымына аударуға міндетті.
2. Осы баптың 1-тармағында аталған міндеттемелердің орындалуын кешіктірген жағдайда жинақтаушы зейнетақы қоры алушы алдында осы Заңның 31-бабының 3-тармағына сәйкес жауапты болады.
31-5-бап. Зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша есеп-қисапты жүзеге асыру
1. Жинақталған зейнетақы қаражаты (сақтандыру сыйлықақысы) мен сақтандыру төлемдерінің есеп-қисабын уәкілетті орган белгілеген әдістемеге сәйкес сақтандыру ұйымы не тәуелсіз сарапшы жүзеге асырады.
2. Сақтандыру ұйымының жасалатын зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша іс жүргізуге арналған шығыстарының рұқсат етілетін деңгейін уәкілетті орган белгілейді.";
25) 32-бап алып тасталсын;
26) 33-бапта:
тақырыбындағы және 1-тармақтағы "Мемлекеттік емес" деген сөздер алып тасталып "жинақтаушы" деген сөз бас әріппен жазылсын;
3-тармақтағы "қордың" деген сөз "жинақтаушы зейнетақы қорының" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта:
"Алушының" деген сөз "Салымшының" (алушының)" деген сөздермен ауыстырылсын;
"зейнетақы шартын" деген сөздер "зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты" деген сөздермен ауыстырылсын;
"бұзуы" деген сөзден кейін ", осы Заңның 23-бабы 1-тармағының 1) 3) тармақшаларында көзделген талаптар туындаған кездегі еңбек шарты бұзылған жағдайлардан басқа реттерде," деген сөздермен толықтырылсын;
27) 34-баптың тақырыбындағы және мәтініндегі "Мемлекеттік емес" деген сөздер алып тасталып, "жинақтаушы" деген сөз бас әріппен жазылсын;
28) 36-бапта:
тақырыбындағы "Мемлекеттік емес" деген сөздер алып тасталып, "жинақтаушы" деген сөз бас әріппен жазылсын;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының резиденттері - заңды және жеке тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген талаптарды ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі ашық жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары мен акционерлері бола алады.";
мынадай мазмұндағы 1-1, 1-2, 1-3 және 1-4 тармақтармен толықтырылсын:
"1-1. Рейтинг агенттіктерінің бірінің белгілі бір рейтінгі бар Қазақстан Республикасының резидент емес заңды тұлғасы ашық жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшысы немесе акционері бола алады. Рейтинг агенттіктерінің тізбесі мен ең төмен рейтингті уәкілетті орган белгілейді.
Оффшорлық аймақта тіркелген коммерциялық ұйым мәртебесі бар заңды тұлғалар мен жарғылық капиталына оффшорлық аймақта тіркелген заңды тұлғалар тікелей немесе аффилиирленген тұлғалар арқылы қатысатын заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы қорларының құрылтайшылары немесе акционерлері бола алмайды. Оффшорлық аймақтардың тізбесін уәкілетті орган белгілейді.
1-2. Шет ел қатысатын ашық жинақтаушы зейнетақы қорларының жиынтық жарғылық капиталы Қазақстан Республикасының барлық ашық жинақтаушы зейнетақы қорларының жарияланған жиынтық жарғылық капиталының жиырма бес процентінен аспауы керек.
1-3. Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлға қатысатын ашық жинақтаушы зейнетақы қорының директорлар кеңесі мен басқарма мүшелерінің кемінде үштен бірі Қазақстан Республикасының азаматтары болуы керек. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының директорлар кеңесі мен басқармасының Қазақстан Республикасының резиденттері емес мүшелері қаржы рыногында қызметін жүзеге асырушы ұйымдарда үш жылдан кем емес басшылық жұмыста болған тәжірибесін куәландыратын құжаттарды табыс етуге міндетті.