"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан
Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2002 ж. 29 желтоқсандағы № 369-II Заңы
1-бап. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 437-құжат; 1999 ж., № 8, 237-құжат; № 23, 925-құжат; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат, 2002 ж., № 1, 1-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) Заңның бүкіл мәтіні бойынша:
бөлімдердің нөмірленуі араб цифрларымен белгіленсін;
"Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдар" деген сөздер "Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдары" деген сөздермен, "салық заңдарына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының салық заңдарына" деген сөздермен, "заңдарға" деген сөз "Қазақстан Республикасының заңдарына" деген сөздермен, "заңдарда" деген сөз "Қазақстан Республикасының заңдарында" деген сөздермен, "зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарға" деген сөздер "Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарына" деген сөздермен, "лицензиялау туралы заңдармен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарымен" деген сөздермен, "заңдарды" деген сөз "Қазақстан Республикасының заңдарын" деген сөздермен, "монополияға қарсы заңдар" деген сөздер "Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңдары" деген сөздермен "Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарды" деген сөздер "Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарын" деген сөздермен, "зейнетақы заңдары" деген сөздер "Қазақстан Республикасының зейнетақы заңдары" деген сөздермен, "заңдармен" деген сөз "Қазақстан Республикасының заңдарымен" деген сөздермен ауыстырылсын; "заң актісінде", "заң актілерімен" деген сөздердің алдынан "Қазақстан Республикасының" деген сөздермен толықтырылсын;
"басқару жөніндегі компания" деген сөздер "басқаруды жүзеге асыратын ұйым" деген сөздермен, "басқару жөніндегі компанияның" деген сөздер "басқаруды жүзеге асыратын ұйымның" деген сөздермен, "басқару жөніндегі компаниялар" деген сөздер "басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар" деген сөздермен, "басқару жөніндегі компанияларды" деген сөздер "басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарды" деген сөздермен, "басқару компанияларымен" деген сөздер "басқаруды жүзеге асыратын ұйымдармен" деген сөздермен, "басқару жөніндегі компанияларға" деген сөздер "басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға" деген сөздермен, "басқару жөніндегі компаниямен" деген сөздер "басқаруды жүзеге асыратын ұйыммен" деген сөздермен, "басқару жөніндегі аффилиирлендірілмеген компаниялармен" деген сөздер "басқаруды жүзеге асыратын аффилиирленбеген ұйымдармен" деген сөздермен, "басқару жөніндегі аффилиирлендірілген компанияларға" деген сөздер "басқаруды жүзеге асыратын аффилиирленген ұйымдарға" деген сөздермен ауыстырылсын;
"жинақтаушы зейнетақы активтерін басқару жөніндегі" деген сөздер "зейнетақы активтерін инвестициялық басқару" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агент (бұдан әрі - агент) - Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғаны қоса алғанда, жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен міндетті зейнетақы жарналарын есептеп шығаратын, ұстап қалатын (есептеп қосатын) және аударатын шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары, өкілдіктері;
2) осы тұлғаның аффилиирленген тұлғасы (аффилиирленген тұлға) - шешім белгілеуге және (немесе) осы тұлға қабылдайтын шешімге, соның ішінде шарт күшіне, ауызша шартты немесе өзге де мәмілені қоса алғанда, ықпал етуге тікелей және (немесе) жанама құқығы бар кез келген жеке немесе заңды тұлға (өздеріне берілген өкілеттіктер шегінде осы тұлғаның қызметіне бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды қоспағанда), сондай-ақ осы тұлғаға қатысты осындай құқыққа ие болған кез келген жеке немесе заңды тұлға. Акционерлік қоғамның лауазымды адамдары, оның дауыс беретін акцияларының он және одан да көп процентін (ашық халықтық акционерлік қоғамдар үшін бес және одан да көп процентін) иеленуші акционері міндетті түрде аффилиирленген тұлғалары деп танылады;
3) кастодиан банк - бағалы қағаздар жөніндегі құқықтарды тіркеу мен есепке алу, құжаттамалық бағалы қағаздарды сақтау және клиенттердің ақшасын есепке алу жөніндегі қызметті жүзеге асырушы банк;
4) ерікті зейнетақы жарналарының салымшысы - ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа сәйкес өзінің жеке қаражаты есебінен алушының пайдасына ерікті зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
5) ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарының салымшысы - ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа сәйкес өзінің жеке қаражаты есебінен қызметкердің пайдасына ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын салуды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
6) міндетті зейнетақы жарналарының салымшысы - міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан және жинақтаушы зейнетақы қорында жеке зейнетақы шоты бар жеке тұлға;
7) сатып алу сомасы - зейнетақы аннуитеті шарты мерзімінен бұрын бүзылган кезде сақтанушының (зейнетақы төлемдерін алушының) сақтандыру ұйымынан алуға құқығы бар ақша сомасы;
8) диверсификация - зейнетақы активтерінің жоғалып кету қатерін азайту мақсатында оларды уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкес қаржы құралдарына орналастыру;
9) ерікті зейнетақы жарналары - Қазақстан Республикасының заңдарында және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта белгіленетін төртіппен салымшылардың өз бастамасымен алушының пайдасына жинақтаушы зейнетақы қорларына салатын ақшасы;
10) ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары - Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін кәсіптер тізбесі бойынша және Қазақстан Республикасының заңдарында және ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта белгіленген тәртіппен салымшылардың өз бастамасымен қызметкерлердің пайдасына жинақтаушы зейнетақы қорларына салатын ақшасы;
11) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт - зейнетақы жарналарымен, жинақталған қаражаттарымен және төлемдер алумен байланысты құқықтық қатынастарды белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы, бір жағынан жинақтаушы зейнетақы қоры және екінші жағынан салымшы мен алушы жасасатын шарт (келісім);
12) зейнетақылық аннуитет шарты - сақтандыру шарты, оған сәйкес сақтанушы (зейнетақы төлемдерін алушы) сақтандыру ұйымына жинақталған зейнетақы қаражатының сомасын беруге міндеттенеді, ал сақтандыру ұйымы сақтанушының (зейнетақы төлемдерін алушының) пайдасына өмір бойына немесе белгілі бір уақыт кезеңі ішінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға міндеттенеді;
13) инвестициялық кіріс - жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялау нәтижесінде алынатын ақша;
14) жеке зейнетақы шоты - салымшының (алушының) жинақтаушы зейнетақы қорындағы жеке атаулы шоты, онда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оның міндетті не ерікті зейнетақы жарналары немесе ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары, инвестициялық кірісі, өсімпұл және өзге де түсімдер есепке алынады және содан зейнетақы төлемдері төленеді;
15) кастодиандық шарт - кастодиан банк пен оның клиенті жасасатын бағалы қағаздар мен ақшаны жауапкершілікпен сақтау және есепке алу туралы шарт;
16) жинақтаушы зейнетақы қоры - зейнетақы жарналарын тартуды және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
17) міндетті зейнетақы жарналары - осы Заңға сәйкес, жинақтаушы зейнетақы қорларына Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленетін тәртіппен салынатын ақша;
18) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым - жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлға;
19) Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындайтын органдар уәкілетті мемлекеттік органдар;
20) ресми трансферттер - бюджетке өтеусіз және қайтарылмайтын түсімдер мен бюджеттен жасалатын шығыстар;
21) зейнетақы активтері - зейнетақы төлемдері мен аударымдарын, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларынан аударымдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етуге және жүзеге асыруға арналған ақша, бағалы қағаздар, өзге де қаржы құралдары;
22) зейнетақы төлемдері:
Орталықтан - 1998 жылғы 1 қаңтардағы жай-күйі бойынша кемінде алты ай еңбек стажы бар жеке адамдарға заңдарда белгіленген тәртіппен еңбек стажына бара-бар түрде жүзеге асырылатын ақша қаражатын төлеу;
жинақтаушы зейнетақы қорларынан алушыларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын жинақталған зейнетақы қаражатын төлеу;
23) жинақталған зейнетақы қаражаты - міндетті зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын және ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын, инвестициялық кірісті, өсімпұлды және шарттарға, осы Заңға, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де түсімдерді қоса алғанда, салымшының (алушының) жеке зейнетақы шоттарында есептелетін ақша;
24) зейнетақы - Орталықтан, жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін зейнетақы төлемдерінің жиынтығы;
25) баспасөз басылымы - тізбесін уәкілетті орган белгілейтін мерзімді баспасөз басылымдары;
26) зейнетақы төлемдерін алушы (бұдан әрі - алушы) - Орталықтан зейнетақы төлемдері тағайындалған және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар жеке адам;
27) пруденциалдық норматив - жинақтаушы зейнетақы қорының және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленетін экономикалық талаптар;
28) жинақтаушы зейнетақы қорында бөлектеп есеп жүргізу - заңды тұлға ретінде жинақтаушы зейнетақы қорының бухгалтерлік балансына зейнетақы активтерін енгізбеу;
29) жинақталған зейнетақы қаражатының нақты құны - жинақталған зейнетақы қаражатының Қазақстан Республикасы мемлекеттік статистикасының уәкілетті органы есептен шығаратын тұтыну бағалары индексіне үйлестірілген нақты құны;
30) әлеуметтік жеке код - азаматқа, сондай-ақ осы Заңға сәйкес зейнетақымен қамсыздандыру құқығы қолданылатын адамдарға берілетін тұрақты жеке код;
31) ерікті зейнетақы жарналарының ставкасы - жинақтаушы зейнетақы қорына төленетін, ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта белгіленетін төлемнің мөлшері;
32) ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарының ставкасы - жинақтаушы зейнетақы қорына төленетін, ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта және осы Заңда белгіленген төлемнің мөлшері;
33) міндетті зейнетақы жарналарының ставкасы - салымшының зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын кірісіне проценттік қатынаспен көрсетілген жинақтаушы зейнетақы қорына төлем мөлшері;
34) сақтандыру ұйымы (сақтандырушы) - уәкілетті органның тиісті лицензиясы негізінде "өмірді сақтандыру" саласында сақтандыру шарттарының жасалуы мен орындалуы жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
35) уәкілетті ұйым (бұдан әрі Орталық) - осы Заңның талаптарындағы міндеттерді жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілдік берген заңды тұлға;
36) уәкілетті орган - жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың, кастодиан банктердің, сақтандыру ұйымдарының қызметін реттеу мен қадағалау жөніндегі функциялар мен өкілеттіктерді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.";
3) 4-бап алып тасталсын;
4) 6-бапта:
тақырыбы мен 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6-бап. Жинақталған зейнетақы қаражатының сақталуына кепілдік
1. Мемлекет алушыларға жинақтаушы зейнетақы қорларындағы міндетті зейнетақы жарналарының "Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен, осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерімен анықталған, алушының зейнетақы төлемдерін алу құқығы кезіндегі инфляция деңгейін ескере отырып, іс жүзінде енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуына кепілдік береді.";
2-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Жинақталған зейнетақы қаражатының сақталу кепілдігі, сондай-ақ:";
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар мен жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін пруденциалдық нормативтер белгілеу;";
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) жинақтаушы зейнетақы қорларының ақша мен бағалы қағаздарды жинақтаушы зейнетақы қорларымен және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдармен аффилиирленбеген кастодиан банкте ғана сақтау талабын белгілеу;";
8) тармақша алып тасталсын;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"9) диверсификация және зейнетақы активтерін орналастыру кезінде тәуекелді азайту жөніндегі талаптарды белгілеу;";
мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
"12-1) салымшы мен алушыға оның жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйі туралы жылына кемінде бір рет ақпарат беріп отыру;
14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын;
"14) жинақталған зейнетақы қаражатын алушының таңдауы бойынша толық көлемінде немесе ішінара ерікті сақтандыру;";
15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"15) зейнетақы активтерін сақтандыру жүйесін құру арқылы қамтамасыз етіледі.";
5) 8-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасындағы "еңбек стажына пропорционалды мөлшерде төленеді" деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар, арнайы атақтар берілген және Қазақстан Республикасының Заңдарымен ішкі істер органдары қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын әскери қызметшілерге, ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлеріне еңбек стажына бара-бар мөлшерде төленеді.";
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Ұлы Отан соғысының қатысушысы немесе мүгедегі болған зейнетақы төлемдерін алушы қайтыс болған жағдайда оның отбасына не оны жерлеуді жүзеге асырған жеке немесе заңды тұлғаға Орталықтан отыз бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жерлеуге арналған біржолғы төлем төленеді.";
6) 9-бапта:
4-тармақта:
1) тармақша "және осы Заңның 60-бабының 2-тармағында аталған адамдар арасынан еркектерге қызметінен босатылған кезінен бастап тағайындалады. Бұл ретте осы Заңның 60-бабының 2-тармағында аталған адамдар үшін еңбек стажына 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап қызметтен босатылған кезіне дейінгі қызметі осы кезеңде жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары жасалмаған жағдайда есептеледі;" деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақша "тағайындалады" деген сөз алып тасталып, "және осы Заңның 60-бабының 2-тармағында аталған адамдар арасынан әйелдерге қызметінен босатылған кезінен бастап тағайындалады. Бұл ретте осы Заңның 60-бабының 2) тармағында аталған адамдар үшін еңбек стажына 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап қызметтен босатылған кезіне дейінгі қызметі осы кезеңде жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары жасалмаған жағдайда есептеледі." деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақ "жағдайда" деген сөзден кейін "және осы Заңның 60-бабының 2-тармағында аталған адамдар үшін қызметтен босатылған кезінен бастап" деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Жасына байланысты зейнетақының толық емес көлемдегі төлемдері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен, толық зейнетақыдан 1998 жылғы 1 қаңтарда болған еңбек стажына бара-бар үлес ретінде есептеледі. Бұл орайда, осы Заңның 60-бабының 2-тармағында аталған адамдар үшін еңбек стажына 1998 жылғы 1 қащардан бастап қызметтен босатылған кезіне дейінгі қызметі осы кезенде жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары жасалмаған жағдайда есептеледі.";
7) 13-баптың 2-тармағының екінші бөлігі "белгіленеді" деген сөздің алдынан "халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы орган анықтайтын тәртіппен" деген сөздермен толықтырылсын;
8) 18-бап мынадай редакцияда жазылсын;
"18-бап. Орталықтың ұйымдық-құқықтық нысаны және оның қызметінің негізгі бағыттары
1. Орталық мемлекеттік кәсіпорын нысанында құрылады, оның уәкілетті органын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
2. Орталық:
1) осы Заңға сәйкес зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы бар азаматтарға республикалық бюджет қаражаты есебінен зейнетақы төлемдерін төлеуді;
2) азаматтарға әлеуметтік жеке кодтар беруді;
3) міндетті зейнетақы жарналарын дербес тұрғыдан есепке алуды;
4) міндетті зейнетақы жарналарын агенттерден жинақтаушы зейнетақы қорларына аударуды;
5) мемлекет алдындағы салықтық міндеттемелердің орындалуына салықтық бақылауды қамтамасыз ететін орталық атқарушы органға агенттердің Орталық есебіне аударған және Орталықтан агентке қайтарылған міндетті зейнетақы жарналарының сомалары бойынша тізілімдер мен төлем құжаттарын табыс етуді;
6) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады.";
9) 21-баптың 1-тармағы "жағдайлардан" деген сөзден кейін ", сондай-ақ сотталғандардың, бас бостандығынан айырылғандардың табысынан ұстап қалатын жағдайлардан" деген сөздермен толықтырылсын;
10) 3-бөлімнің тақырыбы "қорларынан" деген сөзден кейін "және сақтандыру ұйымдарынан" деген сөздермен толықтырылсын;
11) 7-тараудың тақырыбындағы "Зейнетақымен қамсыздандыруды ұйымдастыру" деген сөздер "Зейнетақымен қамсыздандыру" деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 22-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"22-бап. Міндетті зейнетақы жарналарын төлеу
1. Міндетті зейнетақы жарналарының салымшылары жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын осы Заңда белгіленген ставкалар бойынша төлеуге тиіс.
2. Міндетті зейнетақы жарналарының салымшысы міндетті зейнетақы жарналарын төлеу үшін бір ғана жинақтаушы зейнетақы қорын таңдап алуға және онымен міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасуға міндетті. Міндетті зейнетақы жарналарының салымшысына міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы бір мезгілде екі және одан да көп шарт жасасуға, сол сияқты салымшының міндетті зейнетақы жарналарын іс жүзінде екі және одан да көп жинақтаушы зейнетақы қорына енгізуіне, не жарнаны бір қорға төлеп, жинақталған зейнетақы қаражатының бір бөлігін басқа жинақтаушы зейнетақы қорында сақтауына жол берілмейді.
3. Осы Заңның 9-бабына сәйкес, зейнеткерлік жасқа жеткен адамдар жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатылады.
4. Міндетті зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен төленеді.
5. Міндетті зейнетақы жарналарының және осы Заңның 22-4-бабының 1-тармағына сәйкес есептелген өсімпұлдың толық және уақтылы төленуін бақылауды Қазақстан Республикасының заңдарына- сәйкес салық органдары жүзеге асырады.
6. Міндетті зейнетақы жарналарын басқа адамдардың пайдасына төлеуге болмайды.";
13) мынадай мазмұндағы 22-1, 22-2, 22-3 және 22-4-баптармен толықтырылсын:
"22-1-бап. Міндетті зейнетақы жарналарының ставкасы
1. Жинақтаушы зейнетақы қорларына төленуге тиісті міндетті зейнетақы жарналары қызметкердің төлем көзінде салық салынуға тиіс ай сайынғы табысының он проценті мөлшерінде белгіленеді. Бұл ретте міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын ай сайынғы кіріс ең төменгі айлық жалақының жетпіс бес еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.
2. Адвокаттар, жеке нотариустер мен жеке кәсіпкерлер үшін жинақтаушы зейнетақы қорларына өз пайдасына төлеуге жатқызылған міндетті зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленген кірістің он проценті мөлшерінде белгіленеді, бірақ ең төменгі айлық жалақьшың он процентінен кем болмауға және ең төменгі айлық жалақының жетпіс бес еселенген мөлшерінен жоғары болмауға тиіс.";
3. Міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың (есептеп қосудың) және аударудың тәртібі мен мерзімдерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
22-2-бап. Ерікті зейнетақы жарналарының ставкасы
1. Салымшы-жеке тұлғалар жинақтаушы зейнетақы қорларына ерікті зейнетақы жарналарын олармен ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жағдайда өз пайдасына өз табысы есебінен енгізеді.
2. Алушының пайдасына ерікті зейнетақы жарналарының салымшылары оларды салық салынғаннан кейінгі табыс есебінен жүзеге асырған жағдайда жеке және заңды тұлғалар болуы мүмкін.
3. Ерікті зейнетақы жарналарының ставкасы, оларды төлеу тәртібі, сондай-ақ зейнетақы төлемдерін төлеу тәртібі ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт тараптарының келісімі бойынша белгіленеді.
22-3-бап. Ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарының ставкасы
1. Ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуді кәсіптерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін қызметкердің пайдасына салымшылар өз қаражаты есебінен жүзеге асырады.
2. Ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарының ставкасы ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт тараптарының келісімі бойынша белгіленеді, бірақ ол қызметкердің ай сайынғы табысының он процентінен жоғары болмауға тиіс. Бұл орайда ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын ай сайынғы кіріс Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен анықталады.
22-4-бап. Міндетті зейнетақы жарналарының уақтылы ұсталмағаны және аударылмағаны үшін жауапкершілік
1. Міндетті зейнетақы жарналарының агент уақтылы ұстамаған (есептемеген) және (немесе) аудармаған сомасы салымшыға нақты төленген және салымшы табысты алған жағдайда, оларды салық органдары өндіріп алады немесе оны агенттер әрбір кешіктірілген күнге (Орталыққа төлейтін күнді қоса алғанда) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасының 1,5 еселенген мөлшерінде өсімпұл есептей отырып, міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының пайдасына аударуға тиіс.
2. Міндетті зейнетақы жарналары толық және (немесе) уақтылы аударылмаған жағдайда салық органдары жинақталып қалған берешектер шегіндегі ақшаны агенттердің банктегі шоттарынан өндіріп алуға құқылы. Бұл орайда агент қызмет көрсетуші банкке салық органдары ұсынған инкассалық өкімдер бойынша берешектер пайдасына өндіріліп алынатын жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының тізімін табыс етуге міндетті.
3. Салық органдарының шешімі бойынша, егер агент салық органдары ұсынған инкассалық өкімдер бойынша берешектер пайдасына өндіріліп алынатын жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының тізімін ұсынбаса, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешектері болса, банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асырушы ұйымдар агенттердің банк шоттарындағы барлық шығыс операцияларын тоқтатуға және міндетті зейнетақы жарналарын аударуға қатысты нұсқауларды Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіппен орындауға міндетті.
4. Банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар міндетті зейнетақы жарналарының сомасын осы сомаларды агенттердің банк шоттарынан есептен шығаратын күні Орталық арқылы аударуға міндетті.";
14) 23-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"23-бап. Міндетті зейнетақы жарналары есебінен төленетін зейнетақы төлемдері
1. Жинақтаушы зейнетақы қорында жинақталған зейнетақы қаражаты бар адамдардың: