14) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы мәселелерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер мен бағдарламаларды Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы заңнамасына сәйкес келтіру туралы талап қояды;
15) өз құзыреті шегінде лицензиялауға жататын қызмет түрлеріне лицензия беруге байланысты қызметті жүзеге асырады және лицензиаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз етеді;
16) Қазақстан Республикасында қолдануға тыйым салынған, ықтимал қауіп төндіретін химиялық, биологиялық заттардың және Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген заттар мен өнімдердің мемлекеттік тізілімін жасайды және жүргізеді;
17) өнімге, тауарларға, процестерге, қызмет көрсетулерге және жобалау нормаларына мемлекеттік стандарттар жобаларын келіседі;
18) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында ғылыми-зерттеу және ғылыми-практикалық тақырыптар әзірлеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ғылыми-зерттеу ұйымдарының және өзге де ұйымдардың қызметін үйлестіреді, олардың орындалуына қатысады, ғылыми жетістіктерді практикалық қызметке енгізеді;
19) салауатты өмір салтын насихаттауға қатысады және халықты аурулар, тіршілік ету ортасының жай-күйі және өткізілетін санитарлық-індетке қарсы (профилактикалық) іс-шаралар туралы уақтылы хабардар ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады;
20) балалар тағамы өнімін, тамаққа тағамдық және биологиялық жұғымды қоспаларды (нутрицевтиктерді), генетикалық түрлендірілген көздерді, бояғыштарды, сумен және тамақ өнімдерімен араласатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы шешімдерді кері қайтарып алу жөнінде сараптамалық комиссиялар құрады;
21) балалар тағамы өнімін, тамаққа тағамдық және биологиялық жұғымды қоспаларды (нутрицевтиктерді), генетикалық түрлендірілген көздерді, бояғыштарды, сумен және тамақ өнімдерімен араласатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы шешімдерді кері қайтарып алу тәртібін белгілейді, Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген заттар мен өнімдердің Мемлекеттік тізілімін мерзімді баспа басылымдарында жариялайды;
22) 2007.27.07. № 315-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
23) гигиеналық оқытуды және салауатты өмір салтын насихаттауды ұйымдастырады;
24) санитарлық-эпидемиологиялық және әлеуметтік-гигиеналық мониторингі ұйымдастырады және жүргізеді;
25) жұқпалы, паразиттік, кәсіби және басқа да аурулар мен улануларды тіркеуді жүзеге асырады;
26) тәуекелдерді бағалаудың халықаралық практикада жалпыға бірдей қабылданған әдістерін ескере отырып, тәуекелдерді бағалауға құқығы бар барлық ұйымдар үшін бірыңғай әдіснаманы айқындайды және тәуекелдерге бағалау жүргізу тәртібін белгілейді;
27) егер осы іс-шаралар Қазақстан Республикасы аумағында халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығының тиісті деңгейін қамтамасыз ететін болса, басқа елдердің санитарлық-індетке қарсы (профилактикалық) іс-шараларын баламалы ретінде таниды;
28) аурулардан таза немесе аурулардың таралу деңгейі төмен аумақтарды немесе олардың бөліктерін айқындайды;
29) жобаларға санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізеді;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 7-1-баппен толықтырылды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 7-1-баптың тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 7-2-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 7-2-бап өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
7-2-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасындағы,
көліктегі және тиісті аумақтардағы халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы
саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлiмшелерiнiң құзыретi
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасындағы және көлiктeгі халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлiмшелерi:
2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакция (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
1) мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асырады;
2) санитарлық-эпидемиологиялық сараптама ұйымдастырады;
3) Қазақстан Республикасының аумағын жұқпалы, паразиттiк аурулардың әкелiнуiнен және таралуынан санитарлық қорғау жөнiнде iс-шаралар ұйымдастырады;
2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
4) жұқпалы, паразиттiк аурулар, сондай-ақ адам денсаулығына қауiптiлiгi ықтимал заттар мен өнiмдер әкелiнген және таралған жағдайда, автомобиль, теңіз, темір жол және әуе жолдарында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерiнде санитарлық-карантиндiк бақылауды жүзеге асырады және санитарлық-iндетке қарсы (профилактикалық) iс-шаралар жүргiзедi;
5) өз құзыретi шегiнде улану, жұқпалы, паразиттiк және басқа да аурулар, оның iшiнде этиологиясы белгiсiз аурулар кезiнде санитарлық-iндетке қарсы (профилактикалық) iс-шаралар кешенiн ұйымдастырады және жүзеге асырады;
2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
6) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы мәселелерi жөніндегі бағдарламаларды іске асырады;
7) тиiстi деректер қорын қалыптастыра отырып, санитарлық-эпидемиологиялық және әлеуметтiк-гигиеналық мониторингтi жүзеге асырады, есепке алуды және статистиканы жүргiзедi;
8) адамдарды, тамақ өнiмдерiн, азық-түлiк шикiзатын, шаруашылық-ауыз суын, химиялық, уытты және радиациялық заттарды тасымалдау үшiн пайдаланылатын көлiк құралдарының санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтерге сәйкестiгiн тексерудi жүзеге асырады, сондай-ақ оларды пайдалануға келісім бередi;
9) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында өзге де мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара iс-қимыл жасайды;
10) халықты аурулар, тiршiлiк ету ортасының жай-күйi және жүргiзiлiп жатқан санитарлық-iндетке қарсы (профилактикалық) iс-шаралар туралы уақтылы хабардар ету жөніндегі iс-шараларды жүзеге асырады;
11) халықтың декреттелген тобын санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтерге оқытуды ұйымдастырады және салауатты өмiр салтын насихаттауға қатысады;
12) өз құзыретi шегiнде жобалау алдындағы және жобалық құжаттаманы қарайды және келiседi;
13) дезинфекциялауды, дезинсекциялау мен дератизациялауды ұйымдастырады және объектiлер мен ошақтарда дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау iс-шараларының жүргiзiлуiн бақылауды жүзеге асырады.
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 14) тармақшамен толықтырылды
14) жобаларға санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізеді;
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 15) тармақшамен толықтырылды
15) тәуекелді бағалауды жүзеге асыруды ұйымдастырады.
2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 16) тармақшамен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді)
16) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету жөнінде шешімдер қабылдайды және тиісті аумақта олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 17) тармақшамен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді)
17) тиісті аумақта жұқпалы аурулардың профилактикасы жөнінде іс-шаралар ұйымдастыру мен өткізуді бақылауды жүзеге асырады;
2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 18) тармақшамен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді)
18) өнімге, тауарларға, процестерге және көрсетілетін қызметтерге өңірлік стандарттарды қарайды және келіседі, сондай-ақ өз құзыреті шегінде тиісті аумақта міндетті лицензиялануға жататын қызмет түрлеріне қорытындылар береді;
2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 19) тармақшамен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді)
19) тиісті аумақта санитарлық-эпидемиологиялық нормалаудың мемлекеттік жүйесі құжаттарының, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, есепке алудың және есептілік нысандарының жобаларын әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізеді;
2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 20) тармақшамен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді)
20) тиісті аумақта санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары зертханаларының санитарлық ережелерге сәйкестігін аттестаттауды жүргізеді;
2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 21) тармақшамен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді)
21) тиісті аумақта халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады;
2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 22) тармақшамен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді)
22) тиісті аумақта профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялайтын) препараттардың сақталуын, тасымалдануын және пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ; 2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 8-бап өзгерді (бұр. ред. қара)
8-бап. 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен алып тасталды (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
9-бап. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдарының құзыретi
1. Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станция:
1) санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң мемлекеттік органдары мен ұйымдарына халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мәселелерi жөнiнде ұйымдастырушылық-әдiстемелiк көмек көрсетедi;
2) санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң мемлекеттік органдары мен ұйымдарына Қазақстан Республикасының аумағына жұқпалы, паразиттiк аурулар әкелiнген және таратылған және улану болған жағдайда, iндетке қарсы (профилактикалық) iс-шаралар ұйымдастыруда практикалық көмек көрсетедi;
3) республикалық деректер қорын құра отырып, санитарлық-эпидемиологиялық және әлеуметтiк-гигиеналық мониторингтi жүзеге асырады, есепке алуды және статистиканы жүргiзедi;
4) санитарлық-эпидемиологиялық нормалаудың мемлекеттік жүйесiнiң құжаттарын әзiрлейді;
5) жұқпалы және паразиттiк аурулардың диагностикасына қатысады;
6) санитарлық-химиялық, бактериологиялық, вирусологиялық, паразитологиялық, радиологиялық және уыттылық зертханалық зерттеулердi, шуыл мен вибрация, электромагниттiк өрiстердi және адамның тiршілік ету ортасының өзге де факторларын өлшеудi орындайды;
7) санитарлық ережелерге сәйкестiгiне санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары зертханаларын аттестаттауды және сынақ орталықтары мен зертханаларын аккредиттеудi жүргiзуге қатысады;
8) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында жаңа аспаптар мен жабдықтарды, зертханалық зерттеулер және өлшеу әдiстемелерiн сынақтан өткiзедi және енгiзедi;
9) азаматтар мен заңды тұлғалардың арызы бойынша шарт негiзiнде сертификаттық зерттеулер жүргiзуге қатысады;
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
10) зертханалық зерттеулер мен тіршілік ету ортасы факторларын өлшеу бөлігінде санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргiзедi;
11) санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң мемлекеттік органдары мен ұйымдарының материалдық-техникалық қамтамасыз етiлу жағдайын зерделейдi;
12) жоба алдындағы және жобалық құжаттаманы, өнiмдерге, тауарларға, процестерге және қызмет көрсетулерге стандарттарды қарайды.
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды
13) тәуекелді бағалауды жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында, аумақтарда, көлiкте санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы жүзеге асыратын мемлекеттік ұйым және мемлекеттiң лауазымды тұлғаларының қатысуымен ресми iс-шаралар өткізу кезiнде санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы жүзеге асыратын мемлекеттік ұйым өз құзыретi шегiнде:
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
1) зертханалық зерттеулер мен тіршілік ету ортасы факторларын өлшеу бөлігінде санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргiзедi;
2) санитарлық-химиялық, бактериологиялық, вирусологиялық, паразитологиялық, радиологиялық және уыттылық зертханалық зерттеулердi, шуыл мен вибрация, электромагниттiк өрiстер мен адамның тiршiлiк ету ортасының өзге де факторларын өлшеудi орындайды;
3) дезинфекциялық iс-шаралар жүргiзедi;
4) санитарлық-эпидемиологиялық және әлеуметтiк-гигиеналық мониторинг жүргiзуге қатысады;
5) жұқпалы және паразиттiк аурулардың диагностикасына қатысады;
6) шарт негiзiнде азаматтар мен заңды тұлғалардың өтiнiшi бойынша сертификаттық зерттеулер және сараптама жүргiзуге қатысады;
7) жаңа аспаптар мен жабдықтарды, зертханалық зерттеулердi және өлшеу әдiстемелерiн сынақтан өткiзедi және енгiзедi;
8) профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялаушы) препараттарды сақтауды жүзеге асырады.
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды
9) тәуекелді бағалауды жүзеге асырады.
3. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыратын республикалық ғылыми-зерттеу ұйымдары:
1) республиканың түрлi өңiрлеріндегі жұқпалы және паразиттiк аурулардың эпидемиялық процестерiнiң ерекшелiктерiн зерттеудi, бағалауды және болжауды жүргiзедi, олардың алдын алу бойынша ғылыми негiздеген бағдарламалар әзiрлейдi;
2) жұқпалы, паразиттiк аурулар және улану кезiнде санитарлық-iндетке қарсы (профилактикалық) iс-шараларды жүзеге асырады;
3) иммунобиологиялық препараттар шығарады, жаңа вакциналар, қоректiк орта және диагностикумдар шығаруды игередi;
4) санитарлық-эпидемиологиялық нормалау жүйесiнiң құжаттарын әзiрлейдi және олардың ғылыми негiздемесiн жүргiзедi;
5) халықтың және оның жекелеген топтарының денсаулық жағдайын тiршiлiк ету ортасының қолайсыз факторларымен байланыста зерттейдi, тиiстi ұсынымдар әзiрлейдi;
6) санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң мемлекеттік органдары мен ұйымдарына Қазақстан Республикасының аумағында санитарлық-iндетке қарсы (профилактикалық) iс-шаралар кешенiн жүргiзуде практикалық көмек көрсетедi;
7) санитарлық-эпидемиологиялық және әлеуметтiк-гигиеналық мониторинг жүргiзуге қатысады;
8) санитарлық-химиялық, бактериологиялық, вирусологиялық, паразитологиялық, радиологиялық және уыттылық зертханалық зерттеулердi, шуыл мен вибрация, электромагниттiк өрiстердi және адамның тiршiлiк ету ортасының өзге де факторларын өлшеудi орындайды.
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды
9) тәуекелді бағалауды жүзеге асырады.
4. Обаға қарсы мемлекеттік мекемелер:
1) оба бойынша эпидемиялық салауаттылықты қамтамасыз ету жөнiнде профилактикалық iс-шаралар кешенiн ұйымдастырады және жүргiзедi;
2) медицина ұйымдарының iндетке қарсы тұрақты дайындығын қамтамасыз етедi;
3) оба, тырысқақ және басқа да аса қауiптi жұқпалы аурулардың ошағын оқшаулау және жою жөніндегі iндетке қарсы iс-шаралар ұйымдастыруға және жүргiзуге қатысады;
4) меншiк нысанына қарамастан 1-2 топтағы аса қауiптi жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын анықтайтын зерттеулердi жүзеге асыратын зертханаларда iндетке қарсы режимдi қамтамасыз етедi;
5) санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг жүргiзуге қатысады.
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды
6) тәуекелді бағалауды жүзеге асырады.
10-бап. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалар
2004.20.12. № 13-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 171-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 1-тармақ өзгертілді; 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
1. Осы Заңға сәйкес мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының санитарлық-эпидемиологиялық қызметiнің лауазымды адамдары:
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрiгерi және оның орынбасарлары;
халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы мен мамандары;
халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары - Мемлекеттік шекарадағы, көліктегі және тиісті аумақтардағы бас мемлекеттік санитарлық дәрiгерлер, олардың орынбасарлары мен мамандар;
халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың бөлімшелерінің басшылары мен мамандары уәкілетті болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрiгерiн халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi орган басшысының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен алып тасталды (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
4. Мемлекеттік шекарадағы, көліктегі және тиісті аумақтардағы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлерді Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарының басшылары қызметiне Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, санитарлық-эпидемиологиялық саладағы жоғары медициналық білімi бар Қазақстан Республикасының азаматтары тағайындалады.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 10-1-баппен толықтырылды
10-1-бап. Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің
лауазымды адамдарының мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық бақылау
объектілеріне тексеру жүргізуi
1. Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды адамдары мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау объектісінде тексерудің мынадай түрлерін жүргізеді:
1) жоспарлы - мемлекеттік орган жоспарлаған, алдыңғы тексерулерге қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген уақыт аралығы ескеріліп жүргізілетін тексеру;
2) жоспардан тыс - жеке адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға төнген қауіпті дереу жоюды талап ететін қалыптасқан әлеуметтік экономикалық жағдайға, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы туралы жолданымдарда және өзге де ақпараттарда жазылған фактілер бойынша, Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылу белгілерінің тікелей анықталуына байланысты, сондай-ақ жоспарлы тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптардың орындалуына бақылау жасау мақсатында тағайындалатын тексеру;
3) рейдтік - Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша бірнеше кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін бір мезгілде қамтитын тексеру.
2. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау объектісін тексеру жүргізу мерзімі, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, актіні табыс еткен кезден бастап отыз күнтізбелік күннен аспауға тиіс.
3. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау объектісін тексеруге:
1) мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органының Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы заңнамасы нормаларының сақталуын тексеру жөніндегі жұмыс жоспары;
2) Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы заңнамасы талаптарын бұзушылықтарды жою және санитарлық-індетке қарсы іс-шараларды жүргізу туралы нұсқамалардың орындалуына бақылау жасау;
3) объектінің халықтың денсаулығына және санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығына қауіп төндіруі және жұқпалы, паразиттік, кәсіби аурулар мен уланулардың пайда болуына әкеп соқтыруы мүмкін қызметіне байланысты авариялық жағдайлар;
4) халық арасында жұқпалы, паразиттік, кәсіби аурулар мен уланулардың туындауы және таралуы;
5) топтық және жаппай жұқпалы, паразиттік, кәсіби аурулар мен уланулардың, оның ішінде этиологиясы белгісіз аурулардың туындауы мен таралуы;
6) объектіні пайдалануға, қолайсыз санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға және сапасы төмен өнімді анықтауға байланысты өтініштер негіздеме болуы мүмкін.
4. Осы Заңның 10-бабы 1-тармағының екінші және үшінші абзацтарында көрсетілген санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды адамдары мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау объектілерін тексеруді осы баптың 3-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген негіздемелер бойынша жүргізеді.
5. Осы Заңның 10-бабы 1-тармағының төртінші, бесінші және алтыншы абзацтарында көрсетілген санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды адамдары мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау объектілерін тексеруді осы баптың 3-тармағында көзделген негіздемелер бойынша жүргізеді.
11-бап. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құқықтары Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар:
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
1) Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы заңнамасы нормаларының орындалуын тексеру мақсатында кәсіпкерлік субъектілерін - тоқсанына бір рет, объектінің эпидемиологиялық маңыздылығына қарай - айына бір рет, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілері болып табылмайтын мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау объектілерін халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган белгілеген бару жиілігіне сәйкес кедергісіз (қызмет куәлігін көрсетіп) тексеруге;
2) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы Қазақстан Республикасының заңдарын бұзуды жою туралы жеке және заңды тұлғаларға ұйғарымдар беруге;
3) Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдарынан, жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғалардан халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы мәселелерi бойынша ақпарат сұратуға және алуға;
4) халықтың пайдалануы мен қолдануына арналған өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ шаруашылық қызметте Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн тәртiппен әкелуге, сондай-ақ өндiруге, қолдануға және сатуға тыйым салуға;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мерзiмдерде:
елдi мекендер құрылысын, өнеркәсiптiк және азаматтық мақсаттағы объектiлердi орналастыруды,салуды және қайта жаңғыртуды жоспарлауға;
жер қойнауын пайдалануға, санитарлық-қорғау аймақтарының, суды пайдалану мен сарқынды суларды бөлiп тастау жағдайларына, уытты, радиоактивтiк және басқа да зиянды заттарды кәдеге асыру мен көмуге жасалған келісім-шарттар;
шикiзаттың, технологиялық жабдықтың, тамақ өнiмдерi өндiрiсi процестерінің, азық-түлiк шикiзатының, өнеркәсiп бұйымдарының, құрылыс материалдарының, иондандырушы сәулелену көздерінің, химиялық заттар мен өнiмдердің, биологиялық, дәрi-дәрмектiк, дезинфекциялаушы, дезинсекциялаушы және дератизациялаушы құралдардың және азық-түлiк шикiзаты, тамақ өнiмдерi мен ауыз су құйылып, салынатын орауыш және полимерлiк материалдардың, парфюмерлiк-косметикалық және басқа да кең тұтынылатын тауарлардың, медициналық иммунобиологиялық препараттардың, жабдықтардың, аспаптар мен жұмыс құралдарының жаңа түрлерiне арналған стандарттар мен техникалық шарттардың жобалары бойынша санитарлық-эпидемиологиялық қорытындыны қарауға және беруге;
6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын жұқпалы және паразиттiк аурулар әкелу мен таратудан, адамның денсаулығына қауіптілігi ықтимал өнiмдi, химиялық, уытты, радиациялық және биологиялық заттарды әкелуден санитарлық қорғау жөніндегі бақылау функцияларын жүзеге асыруға;
7) балаларға арналған тауарларға, тамақ қоспаларына олардың халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келетiндiгiн қарауға және қорытындылар беруге;
8) білім беру ұйымдарындағы оқу-еңбек жүктемелерi мен оқу режимдерiн қарауға және ол жөнiнде қорытындылар беруге;