9) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы Қазақстан Республикасы заңдарын бұзу фактілерін қарау үшiн жеке адамдарды, лауазымды адамдарды, заңды тұлғаларды санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарына шақыруға;
10) халықтың декреттелген топтарына жататын, жұқпалы, паразиттiк аурулардың көздерi болып табылатын, сондай-ақ медициналық қараудан уақтылы өтпеген адамдарды жұмыстан уақытша шеттету туралы ұйғарымдар шығаруға;
11) шектеу шараларын, оның iшiнде жекелеген объектiлерде карантин белгiлеуге;
12) жұқпалы және паразиттiк аурулардың ықтимал таратушы көздерi болып табылатын, сондай-ақ жұқпалы аурулармен ауыратын науқастармен араласып жүрген адамдарды зертханалық тексеру нәтижелерi алынғанға дейiн оларды жұмыстан шеттете отырып, медициналық тексеруге жiберуге;
13) жұқпалы және паразиттiк аурулардың көздерi болып табылатын адамдарды мiндеттi түрде ауруханаға жатқызуға жiберуге;
14) халыққа мiндеттi түрде вакцина егудi, үй-жайларда және көлiк құралдарында, аумақтарда, жұқпалы және паразиттiк аурулар ошақтарында профилактикалық және ошақтық дезинфекция, дезинсекция мен дератизация жүргiзудi талап етуге;
15) санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтердiң бұзылуы жойылғанға дейiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жекелеген жұмыс түрлерiн, жұмыс iстеп тұрған, салынып жатқан немесе қайта жаңартылып жатқан объектiлердi пайдалануды тоқтата тұруға;
16) адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiптi деп танылған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шикiзаттың, өнiмнің, технологиялық жабдықтардың, процестердің, құрал-саймандардың жаңа түрлерiн өндiруге, қолдануға және сатуға тыйым салуға;
17) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға;
18) халықтың декреттелген тобына санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтердi бiлуiне аттестаттау жүргiзуге;
19) санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жасау үшiн өнiмнің құнын өтемей, сараптама жасауға жеткiлiктi және оған қажеттi көлемнен аспайтын мөлшерде өнiмнiң үлгiлерiн көруге және iрiктеу жүргiзуге құқылы.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен бап екінші бөлікпен толықтырылсын
Халықтың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін індет, жұқпалы аурулар мен тағамнан улану, сондай-ақ төтенше жағдайлар пайда болған жағдайларда алдын ала хабарландырылмай және тексеру тағайындау туралы акті құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында статистикалық қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органда тіркелмей, кейіннен тексеру жүргізу басталғаннан кейінгі келесі жұмыс күнінің ішінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында статистикалық қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органға тексеру тағайындау туралы актіні табыс ете отырып, объектілерге кезектен тыс тексеру жүргізіледі.
12-бап. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың мiндеттерi
Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды адамдары:
1) мемлекеттік органдарды санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың асқынуы, санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтердің бұзылуы туралы хабардар етуге;
2) кәсiби уланулар мен науқастанулардың, жұқпалы және паразиттiк аурулардың пайда болу себептерi мен жағдайларын анықтауға және оларға талдау жасауға;
3) жеке және заңды тұлғаларды санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтердiң бұзылу салдары туралы ескертуге;
4) халықтың иммунитетiн қамтамасыз етуге бағытталған iс-шаралардың орындалуын бақылауды жүзеге асыруға;
5) жеке және заңды тұлғалардың халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы мәселелерi жөніндегі өтiніштерiн қарауға және тиiстi шаралар қабылдауға;
6) өзiнің қызметтiк мiндеттерiн орындаған кезде белгiлi болған ақпаратқа қатысты дәрiгерлiк құпияны сақтауға мiндеттi.
13-бап. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың актілері
1. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы Қазақстан Республикасы заңдары талаптарының анықталған бұзылуына қарай мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау нәтижелерi бойынша құқықтық ықпал ету шараларын қабылдау мақсатында лауазымды адамдар мынадай актiлер:
1) санитарлық-эпидемиологиялық тексеру актiсiн;
2) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы Қазақстан Республикасы заңдары талаптарының бұзылуы туралы хаттаманы;
3) профилактикалық және iндетке қарсы iс-шараларды жүргiзу туралы бас мемлекеттік санитарлық дәрiгерлердiң қаулысын;
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
4) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы Қазақстан Республикасы заңдарының талаптары бұзылған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртiптiк жаза қолдану туралы, әкiмшiлiк жауапқа тарту, адамдарды жұмыстан уақытша шеттету, шаруашылық қызметтi тоқтата тұру , адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіпті деп танылған жағдайда халықтың, сондай-ақ шаруашылық қызметінде пайдалану мен қолдануға арналған өнімдерді әкелуге, өндіруге, қолдануға және сатуға тыйым салу, шикізаттың жаңа түрлерін, өнімдерді, технологиялық жабдықты, процестерді, аспаптарды өндіруге, қолдануға және сатуға тыйым салу туралы қаулысын;
5) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы және санитарлық-iндетке қарсы iс-шаралар жүргiзу туралы Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын бұзуды жою туралы ұйғарым шығарады.
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Актiлердің, хаттамалардың, қаулылардың, ұйғарымдардың нысандарын, оларды жасау және беру тәртібін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекiтедi.
3. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың актілері жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi.
4. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың қаулылары мен ұйғарымдарының орындалмауына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жауапты болады.
14-бап. Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды
адамдарының iс-әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану
Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың iс-әрекетiне (әрекетсiздiгiне) жеке немесе заңды тұлғалар жоғары тұрған мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарына не сотқа шағымдануы мүмкiн.
15-бап. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық нормалау
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық нормалау:
нормативтiк құқықтық актiлердiң негiздемесi бойынша бiрыңғай талаптарды әзiрлеудi және олардың әзiрленуiн бақылауды;
нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеудi (қайта әзiрлеудi), сараптауды, бекіту мен жариялауды;
нормативтiк құқықтық актiлердi зерделеудi, қолдану практикасын қорытындылауды, қолданылуын бақылауды;
халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң бiрыңғай деректер банкiн түзу мен жүргiзудi;
санитарлық-эпидемиологиялық нормалаудың мемлекеттік жүйесінің құжаттарын жалпыға бірдей қабылданған халықаралық талаптарымен үйлесімді етуді қамтиды.
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2. Санитарлық-эпидемиологиялық нормалаудың мемлекеттік жүйесінің құжаттары санитарлық ережелер, гигиеналық нормативтер, нұсқаулықтар, әдістемелік ұсынымдар, әдістемелік нұсқамалар, әдістемелер, бұйрықтар, регламенттер, ережелер мен стандарттар болып табылады.
3. Санитарлық ережелер, гигиеналық нормативтер Қазақстан Республикасының аумағында жүрген барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
4. Мемлекеттік органдар халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы мәселелерiне қатысты өздерiнiң нормативтiк құқықтық актілерін әзiрлеу мен бекіту кезiнде оларды халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келiсуге мiндеттi.
5. Нормативтiк-техникалық сипаттағы санитарлық ережелер, гигиеналық нормативтер мемлекеттік тiркеуге жатпайды.
16-бап. Адамның денсаулығына зиянды әсер ететiн өнiмдер мен заттардың жекелеген түрлерiн мемлекеттік тiркеу
1. Адамның денсаулығына зиянды әсер ететiн өнiмдер мен заттардың мынадай жекелеген түрлерi:
1) халық үшiн ықтимал қауiп төндiретiн, өндiрiске алғаш рет енгiзiлген және бұрын пайдаланылмаған заттар және олардың негiзiнде дайындалған материалдар мен препараттар (бұдан әрi - заттар);
2) Қазақстан Республикасының аумағына алғаш рет әкелiнген, сумен және тамақ өнiмдерiмен араласатын тағамдық қоспалар, бояғыштар, бұйымдар мен материалдар мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарында мемлекеттік тiркеуге жатады.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген заттар мен жекелеген өнiм түрлерiн мемлекеттік тiркеу:
1) заттар мен жекелеген өнiм түрлерiнің халық пен тiршiлiк ету ортасы үшiн қауiптiлiгiн сараптамалық бағалау;
2) заттар құрамының, өнiмдердің жекелеген компонентiнiң санитарлық ережелерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестiгiн белгiлеу;
3) заттар мен жекелеген өнiм түрлерiн халық пен қоршаған ортаға зиянды әсерiн болдырмау жөніндегі арнаулы шараларды, соның iшiнде оларды кәдеге асыру мен жою жағдайларын әзiрлеу негiзiнде жүргiзiледi.
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Осы баптың 1-тармағында аталған заттар мен жекелеген өнiм түрлерiн мемлекеттік тiркеу денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгiлеген тәртіппен жүргiзiледi.
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
4. Қазақстан Республикасында тіркелген және қолдануға рұқсат етiлген заттар мен өнiмдердiң тiзiлiмi мерзiмдi баспасөз басылымдарында жариялануға тиiс.
17-бап. Санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
Санитарлық ережелер, гигиеналық нормативтер:
1) өндiрiстiк, қоғамдық, тұрғын үй және басқа да үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды, жабдықтарды, көлiк құралдарын күтiп-ұстау мен пайдалануға және жолаушылар мен жүктердi тасымалдау шарттарына;
2) құрылыс салуға жер учаскесiн таңдауға;
3) объектiлердi жобалауға, салуға және пайдалануға беруге;
4) өндiрiстiк-техникалық мақсаттағы өнiмдерге;
5) жеке және тұрмыстық мұқтаждарға арналған тауарларға және оларды өндiру технологияларына;
6) тамақ өнiмдерiне, оларды өндiруге, тасымалдауға, сақтауға және сатуға;
7) Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн өнiмге;
8) халықтың қоғамдық тамақтануын ұйымдастыруға;
9) химиялық заттарды, биологиялық және дәрi-дәрмек заттары мен материалдарын қолдануға;
10) шаруашылық-ауыз суымен жабдықтауға және мәдени-тұрмыстық су пайдалану орындарына;
11) қалалық және селолық елдi мекендердегi, өнеркәсiп ұйымдары аумақтарындағы атмосфералық ауаға, өндiрiстiк, тұрғын үйдің және басқа да үй-жайлардың ауасына;
12) топыраққа, қалалық және селолық елдi мекендердiң, өнеркәсiп алаңдарының аумақтарын күтiп-ұстауға;
13) өндiрiс пен тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, зарарсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге;
14) еңбек, тұрмыстық қызмет көрсету, медициналық қамтамасыз ету арнайы және емдеу-профилактикалық тамақтану жағдайларына;
15) биологиялық заттармен, биологиялық және микробиологиялық организмдермен және олардың токсиндерiмен жұмыс iстеу жағдайларына;
16) адамға әсер етудiң физикалық факторларының көздерiмен жұмыс iстеу жағдайларына;
17) балалар мен жасөспiрiмдердi тәрбиелеу, оқыту және өндiрiстiк практика жағдайларына;
18) халықты гигиеналық тәрбиелеуге және оқытуға;
19) радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге;
20) жұмыстар мен қызметтердi ұйымдастыруға, шикiзаттың жаңа түрлерiне, технологиялық жабдықтар мен процестерге, құрал-саймандарға, азық-түлік шикізаты мен тамақ өнімдеріне, құрылыс материалдарына, ион сәулелерiнің көздерiне, ыдысқа, химиялық, биологиялық және дәрi-дәрмек заттарына, орайтын және полимерлiк материалдарға, парфюмерлiк-косметикалық, полиграфиялық өнiм мен кеңiнен тұтынылатын басқа да тауарларға әзiрленетiн нормативтiк-техникалық құжаттамаға (стандарттарға, техникалық шарттарға, рецептiлерге) қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды белгiлейдi.
3-тарау. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы
саласындағы жеке тұлғалардың, жеке кәсіпкерлердәі және
заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттері
18-бап. Жеке тұлғалардың халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы құқықтары мен мiндеттерi
1. Жеке тұлғалардың халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы:
1) адамның және оның келешек ұрпағының денсаулық жағдайына терiс әсер етпейтiн факторлары бар қолайлы тiршiлiк ету ортасына;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртіппен санитарлық-эпидемиологиялық ахуал туралы сенiмдi ақпаратты, соның iшiнде санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманың қорытындысын уақтылы алуға;
3) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы жөніндегі iс-шараларға қатысу және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы Қазақстан Республикасы заңдарының сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру үшiн қоғамдық бiрлестiктер құруға;
4) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы мәселелерi жөніндегі хаттармен, шағымдармен, өтiнiштермен мемлекеттік органдар мен ұйымдарға жүгінуге және олардың шешiлуін талап етуге;
5) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы Қазақстан Республикасының заңдарын бұзу салдарынан басқа жеке адамдардың, жеке кәсiпкерлердің және заңды тұлғалардың кінәсінен олардың денсаулығына немесе мүлкіне келтiрiлген зиянның орнын толтыруға;
6) денсаулығының нашарлау себептерiн анықтау үшiн қажеттi санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманың қорытындысын талап етуге және алуға құқықтары бар.
2. Жеке тұлғалардың халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мiндеттерi:
1) өзiнiң денсаулығын және айналасындағы адамдардың денсаулығын күту, өз балаларына гигиеналық тәрбие беру және оларды салауатты өмiр сүруге үйрету жөнiнде қамқорлық жасау;
2) басқа азаматтардың денсаулығын сақтау мен қолайлы тiршiлiк ету ортасына құқықтарын бұзуға әкеп соғатын iс-әрекеттердi жүзеге асырмау;
3) санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтердi, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы Қазақстан Республикасы заңдарын сақтау.
19-бап. Жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғалардың халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы құқықтары мен мiндеттерi
1. Қазақстан Республикасы аумағында қызметiн жүзеге асыратын жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар:
1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес аумақтың, объектiнің санитарлық-эпидемиологиялық жай-күйi туралы уақтылы сенiмдi ақпарат алуға;
2) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету жөніндегі iс-шараларды әзiрлеуге қатысуға;
3) санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында тексерулер жүргiзу жөнiнде мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің органдары мен ұйымдарына жүгінуге құқылы.
2. Жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар өздерi жүзеге асыратын қызметке сәйкес:
1) санитарлық-iндетке қарсы (профилактикалық) iс-шаралар жүргiзуге;
2) санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтердің, сондай-ақ мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың актілері мен санитарлық-эпидемиологиялық қорытындыларының талаптарын орындауға;
3) орындалатын жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердің және өнiмдердің өндiрiлуi, тасымалдануы, сақталуы және халыққа сатылуы кезiнде қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге;
4) өз құзыретi шегiнде өндiрiстiк бақылау жасауды, оның iшінде зертханалық зерттеулер мен сынақтарды жүргiзуге, жұмысты орындау мен қызмет көрсету кезiнде, сондай-ақ өнiмдi өндiру, тасымалдау, сақтау және сату кезiнде санитарлық ережелердің сақталуына бақылау жасауды жүзеге асыруға;
5) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығына қауiп төндiретiн авариялық жағдайлар, өндiрiстің тоқтауы, технологиялық процестердiң бұзылуы туралы жаппай және топтық жұқпалы, паразиттiк, кәсiби аурулар мен уланулар пайда болған жағдайда халықты, жергіліктi атқарушы органдарды, Қазақстан Республикасының санитарлық-эпидемиологиялық қызметiнің мемлекеттік органдарын уақтылы хабардар етуге;
6) қызметкерлердi кәсiби және гигиеналық оқытуды қамтамасыз етуге және кәсiби даярлығы бар мамандардың жұмыс iстеуiне рұқсат беруге;
7) зертханада зерттеулер жүргiзу үшiн санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң лауазымды тұлғаларына өнiмдердің, шикiзаттың, тауарлардың, өндiрiстiк ортаның сынамаларын iрiктеп алуға мүмкiндiк беруге;
8) халықтың декреттелген тобының қатарындағы адамдарды, жұқпалы аурулармен ауыратын науқастарды және түрлi ауру көздерiн таратушыларды, сондай-ақ алдын ала және мерзiмдi медициналық қараудан өтпегендердi жұмысқа жiбермеуге және жұмыстан шеттетуге;
9) тауарлардың, өнiмдердің, шикiзаттардың санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтерге сәйкес еместiгi анықталған жағдайда оларды сатуға рұқсат бермеуге, сондай-ақ оларды пайдалануға немесе кәдеге асыру мүмкiндiгi туралы шешiм қабылдауға;
10) санитарлық паспорты болуға;
11) санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдарына халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы мәселелерiне қатысты есепке алу және есептiлiк құжаттамасын тексеруге беруге;
12) шаруашылық және өзге де қызметтi, егер ол халықтың өмiрiне немесе денсаулығына қауiп төндiретiн болса, тоқтата тұруға мiндеттi.
20-бап. Өндiрiстiк бақылау
1. Өндiрiстiк бақылауды өндiрiсте және өзге де өндiрiстiк-шаруашылық қызмет саласында жұмыс iстейтiн адамдар жүргiзедi және ол өнiмдi өндiру, сақтау, тасымалдау мен сату жұмыстарды орындау мен қызмет көрсету процесiнде санитарлық ережелердiң сақталуы мен санитарлық-iндетке қарсы (профилактикалық) iс-шаралардың орындалуына зертханада зерттеулер мен сынақтар жүргiзудi қамтиды.
2. 2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
3. Өндiрiстiк бақылауды жүзеге асыратын адамдар оның уақтылы, толық және сенiмдi жүзеге асырылуына жауапты болады.
4-тарау. Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама
21-бап. Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама
Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығының құрамдас бөлiгi болып табылады, оны санитарлық-эпидемиологиялық қызмет жүргiзедi және:
1) тiршiлiк ету ортасы объектiлерiнің санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға, халық денсаулығына әсер етуiн кешендi түрде бағалау;
2) жұқпалы, паразиттiк аурулардың шығу және халықтың улану себептерi мен жағдайларын зерттеу;
3) шаруашылық немесе өзге де қызмет процесiнде қабылданған шешiмдердің санитарлық ережелерi мен гигиеналық нормативтерiнің талаптарына сәйкестiгiн бағалау мiндеттерiн шешедi.
22-бап. Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргiзу
1. Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды адамдарының қаулылары немесе ұйғарымдары бойынша әрi жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерi бойынша жүргiзiледi.
2. Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерi бойынша сараптама жүргiзу үшiн олар қаржыландыруды қамтамасыз етедi және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қажеттi құжаттама берiледi.
3. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
4. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары санитарлық-эпидемиологиялық сараптама нәтижелерi бойынша сапасы мен объективтiлiгi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болатын қорытынды бередi.
5. Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргiзу үшiн санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды адамдары сараптама объектiсiнiң қоршаған орта мен халықтың денсаулығына әсерiн бағалауды зерделеуге қажеттi материалдарды сұратып алуға құқығы бap.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 6- тармақпен толықтырылды
6. Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жарамсыздығы сөзсіз тамақ өнімдері, азық-түлік шикізаты болған жағдайда жүргізілмейді.
Халықтың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін індет, жұқпалы аурулар мен тағамнан улану, сондай-ақ төтенше жағдайлар пайда болған жағдайда алдын ала хабарландырылмай және тексеру тағайындау туралы акті құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында статистикалық қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органда тіркелмей, кейіннен тексеру жүргізу басталғаннан кейінгі келесі жұмыс күнінің ішінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында статистикалық қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органға тексеру тағайындау туралы актіні табыс ете отырып, объектілерге кезектен тыс тексеру жүргізіледі.
23-бап. Санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды
Санитарлық-эпидемиологиялық қорытындыны тексеру мен санитарлық-эпидемиологиялық сараптама нәтижелерiнiң негiзiнде санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң лауазымды адамдары бередi.
Санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды:
атом энергетикасы мен өнеркәсiбi, ғарыш қызметi және жер қойнауын пайдалану объектiлерiн, қоршаған ортаға химиялық және биологиялық заттардың шығарындылары, физикалық факторлары бар объектiлердi, экологиялық апат аймақтарындағы объектiлердi және баламалары жоқ жаңа технологиялық процестерi бар объектiлердi орналастыруға, қайта жаңғырту мен кеңейтуге;
өндiрiстiк күштердi, қалалар мен селолық елдi мекендер, курорттық аймақтар құрылысының бас жоспарларын орналастыруға, өнеркәсiптiк және азаматтық мақсаттағы объектiлердің техникалық-экономикалық негiздемелерiне, құрылыс пен қайта жаңғырту жобаларына;
функционалдық бағдарын (мақсатын) ауыстыра отырып, қайта жаңғыртылатын болжамды құрылыстар немесе объектiлер учаскесiнің санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы туралы материалдарға;
рұқсат етiлген шекте зиянды заттар мен физикалық факторлардың қоршаған ортаға шығару мен тастау, санитарлық қорғалатын аймақтар мен санитарлық-қорғаныш аймақтары, геологиялық зерттеулер, технологиялар бойынша техникалық-экономикалық негiздемелерге, жобаларға және басқа да нормативтiк құжаттамаға;
шикiзатқа, тамақ өнiмдерiне, тауарларға, бұйымдарға, заттарға, тетiктерге, машиналарға, жабдыққа, құрылыс материалдарына, сондай-ақ оқыту, тәрбиелеу, дене шынықтыру, еңбек ету, өмiр cүpy, демалу, тамақтану, сумен жабдықтау, халықтың әр түрлi тобына медициналық қызмет көрсету режимiнің нормативтiк-техникалық құжаттамасының жобаларына;
шикiзатты, тамақ өнiмдерiн, ауыз суды, құрылыс материалдарын, кең тұтынылатын тауарларды, уытты, радиоактивтi және биологиялық заттарды өндiру, тасымалдау, сақтау, қолдану және сату, сондай-ақ жұмыстар орындау мен қызмет көрсету жағдайларына;
халықтың әр түрлi топтарын оқыту, тәрбиелеу, дене шынықтыру, еңбек ету, өмiр сүру, демалу, тамақтану, сумен жабдықтау мен медициналық қызмет көрсету жағдайларына;
санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды, халық денсаулығының жай-күйiн сипаттайтын материалдарға, кәсiби, жұқпалы аурулар мен уланулар туралы мәлiметтерге;
топыраққа, су қоймаларына және атмосфералық ауаға химиялық, биологиялық, уытты, радиологиялық және пестицидтiк салмақ түсiру жөніндегі материалдарға;
жаңа өнiмдерге, технологияларға;
жобаланған, салынып жатқан және пайдаланылып отырған өнеркәсiптiк және азаматтық мақсаттағы объектiлерге, өнеркәсiп бұйымдары мен көлiкке, сондай-ақ халық денсаулығы үшiн қауiптiлiгi ықтимал және (немесе) маңызды басқа да объектiлерге берiледi.
5-тарау. Санитарлық-індетке қарсы (профилактикалық)
іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу
24-бап. Жұқпалы, паразиттiк аурулар таралуының және халықтың улануының алдын алу