Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 39 және
2002 жылғы 7 қазандағы № 1096 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 15 қарашадағы
№ 1216 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 01.04.03 ж. № 314 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының ?кіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 01.04.03 ж. № 314 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзілсін:
1) "Штат санының лимиттерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 39 қаулысына:
көрсетiлген қаулымен бекітілген министрлiктердің, агенттiктердің және ведомстволардың қызметкерлерi штат санының лимиттерінде:
"Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгі" деген реттiк нөмiрi 7-жолда:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi 31";
көрсетілген қаулымен бекiтілген министрліктердің, агенттіктердің және ведомстволардың аумақтық органдары қызметкерлерi штат санының лимиттерінде:
"Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі" деген реттiк нөмiрi 5-жолда:
"5657" деген сан "5682" деген санмен ауыстырылсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi 280";
2) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбір мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 7 қазандағы № 1096 қаулысына:
2-тармақта:
2) тармақшада "Ауыл шаруашылығы министрлігiнің Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетi" деген сөздер "Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшада "Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң" деген сөздер "Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:
3-тармақтың екiншi абзацында ", балық" деген сөз алынып тасталсын;
10-тармақ мынадай мазмұндағы 79-1), 79-2), 79-3), 79-4) тармақшалармен толықтырылсын:
"79-1) балық аулауды, балық өсіру-өсiмiн молайту қызметiн мемлекеттік реттеудi, балық ресурстарын қорғауды жүзеге асырады, балық жiберу, жаңа балық түрлерiн бейімдеу, мелиорациялық-техникалық және балық шаруашылығы саласындағы басқа да iс-шаралар бойынша жұмыс кешенiн ұйымдастырады;
79-2) балық ресурстарын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды;
79-3) Қазақстан Республикасының Үкіметіне балық ресурстарын пайдалану лимиттерi мен квоталары жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
79-4) тиiстi мемлекеттік органдарға балықты, басқа да су жануарларын кәсіптiк аулауға құқық беру және балық шаруашылығы су қоймаларын бекіту жөнiнде ұсыныстар енгiзеді";
11-тармақтың 12) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"балық ресурстарын қорғауға, өсiмiн молайтуға, пайдалануға және балық шаруашылығын жүргiзуге".
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |