"Эйр Қазақстан" жабық акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 13 қыркүйектегі № 1004 қаулысы
Ұлттық тасымалдаушының қызметiне тиiмдi басшылықты қамтамасыз ету және ұлттық тасымалдаушы жүзеге асыратын ұшулардың қауіпсiздiгін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі белгiленген тәртіппен:
1) "Эйр Қазақстан" жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) мен "Қазаэронавигация" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі Кәсіпорын) арасында 2002 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қоғамның Кәсiпорын алдындағы берешегін өтеу мерзiмiн 2011 жылғы 1 қаңтарға дейiн ұзарту туралы келісімді, Келiсімде мыналарды:
берешек сомасынан айыппұлдар мен өсімдерді алып тастауды;
Қоғамды айыппұлдар мен өсімдер салудан босатуды;
Қоғамға көрсетiлген берешектi өтеу жөніндегi жеңілдiктi кезеңді - 5 (бес) жылға берудi көздей отырып;
2) "Қазкоммерцбанк" ашық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Банк) мен Қоғамның арасында, Қоғамның Банк пен Қоғам арасында бұрын жасасқан 5402500000 (бec миллиард төрт жүз екі миллион бес жүз мың) теңге мөлшеріндегі барлық кредиттік келісімдерi бойынша негiзгi қарызды, сыйақыны (мүдде), айыппұлдар мен өсімдерді қоса алғандағы қарызды кешіруді көздейтiн келісім жасасуды қамтамасыз етсiн.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Салық комитеті белгiленген тәртіппен Қоғамның мүлкіне иелік етудi және мүлкін сатуды шектеу жөніндегi шараларды қолданбай, осы берешек сомасына Қоғам акцияларының қосымша эмиссиясын мәжбүрлі шығару жолымен салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндетті төлемдер бойынша Қоғамның берешегiн мәжбүр түрде өндіріп алу шараларын қолдансын.
3. Банктің мынадай ұсыныстары қабылдансын:
1) осы қаулының 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген Келiсімді жасасқан жағдайда Банкке тиесілі 150000 (жүз елу мың) Қоғамның акцияларын мемлекеттің 2390700000 (екi миллиард үш жүз тоқсан миллион жетi жүз мың) теңгеге сатып алуы туралы;
2) меншiк құқығында Банкке тиесiлі Қоғамның 150000 (жүз елу мың) акциясын мемлекетке сенімгерлік басқаруға берудi көздейтiн Банк пен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетінің арасында Банкке тиесілі Қоғамның саны 150000 (жүз елу мың) дана акциясын сенімгерлік басқару шартын жасасу туралы.
4. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгі мен Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегі агенттiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендіру комитетіне Алматы қаласы, Жiбек жолы көшесi, № 111 мекен-жайы бойынша орналасқан Кәсiпорынға тиесiлi аэровокзалдың ғимаратын (бұдан әрі - аэровокзалдың ғимараты) белгiленген тәртiппен берудi қамтамасыз етсiн.
5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендіру комитеті белгіленген тәртіппен аэровокзалдың ғимаратын Қоғамның жарғылық капиталына оның жарғылық капиталдағы төленбеген бөлігінiң есебiне берсiн.
6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қоғамның жарғылық капиталына А 310-300 (сериялық нөмiрлерi 399 және 412) екі әуе кемесiн беру қамтамасыз етсiн.
7. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі белгiленген тәртiппен оған "Ертіс Авиа" авиакомпаниясы" ашық акционерлік қоғамын қосу жолымен Қоғамды қайта ұйымдастыру туралы шешiмді Акционерлердің жалпы жиналысына енгiзсiн.
8. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі және Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестіктi қорғау жөніндегі агенттiгi осы қаулыны орындау жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
9. "ҚазАвиаЛизинг" жабық акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 31 мамырдағы № 601 қаулысына мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
2-тармақ алынып тасталсын.
10. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары К.Қ.Мәсiмовке жүктелсін.
11. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |