3) Премьер-Министрге Үкімет құрамына кіретін мемлекеттік органдардың басшы кадр құрамын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы ұсыныстар енгізуге;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдардың иелігіндегі кез келген, оның ішінде құпия, ақпараттық дерекқорларды пайдалануға;
5) Үкімет Аппаратының қарауына жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен қызметтік хат алмасуды, оның ішінде арнайы байланысты және деректерді беру жүйесін пайдалана отырып, құпия хат алмасуды жүргізуге;
6) Премьер-Министрдің және оның орынбасарларының, Үкімет Аппараты Басшысының тапсырмалары бойынша Үкімет қаулыларының және Премьер-Министр өкімдерінің жобаларын әзірлеуге;
7) мемлекеттік органдар дайындаған заңдардың, Президент актілерінің, Үкімет қаулыларының және Премьер-Министр өкімдерінің жобалары бойынша қаржылық-экономикалық, құқықтық сараптаманы және қорытындылар дайындауды жүзеге асыруға;
8) Президенттің, Президент Әкімшілігі басшылығының, Үкіметтің, Премьер-Министрдің және оның орынбасарларының тапсырмаларын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін министрліктер, ведомстволар және өзге де мемлекеттік органдар басшылығының жауаптылығы туралы ұсыныстар енгізуге;
9) орталық және жергілікті атқарушы органдардың аппарат басшыларының қызметіне мониторингті жүзеге асыруға және анықталған мәселелер мен тәуекелдердің қорытындысы бойынша оларға тағылымдама не оқытуды ұйымдастыруға;
10) Президент пен Үкімет жанындағы Премьер-Министр мен оның орынбасарлары басқаратын консультативтік-кеңесші органдардың жұмысына, сондай-ақ мемлекеттік органдар алқаларының отырыстарына қатысуға;
11) орталық және жергілікті атқарушы органдарды тексеру қорытындылары бойынша Үкімет Аппараты құзыреті шегінде орындалуы міндетті актілер енгізуге;
12) өндірістік қажеттілік болған жағдайда мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларын және өзге ұйымдардың өкілдерін шақыруға немесе іссапарға қабылдауға, оның ішінде Үкімет Аппаратында ғылыми жұмыскерлер, докторанттар, магистранттар мен өзге тұлғалардың тағылымдамасын ұйымдастыруға;
13) Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы, азаматтардың әл-ауқатының өсуі және ел қауіпсіздігін нығайту мәселелері бойынша ғылыми ұйымдар үшін тақырыптық зерттеулер жоспарына ұсыныстар қалыптастыруға, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктерден, ғылыми ұйымдардан, ғалымдар мен сарапшылардан ақпараттық-талдамалық сипаттағы материалдар алуға;
14) Үкімет қызметінің мәселелері бойынша отандық және шетелдік сарапшылар мен консультанттар көрсететін қызметтерді пайдалануға;
15) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының және өзге де тексеруші мемлекеттік органдардың бірлескен кешенді тексерулеріне қатысуға;
16) Үкімет Аппаратының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша, оның ішінде тәжірибе алмасу үшін халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға;
17) орталық және жергілікті атқарушы органдардан, басқа да ұйымдардан Үкімет Аппаратының міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру үшін ақпарат пен материалдар сұратуға;
18) Президенттің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеңесшісінің, Президент Әкімшілігі Басшысының, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі хатшысының, Үкіметтің, Премьер-Министрдің, оның орынбасарлары мен Үкімет Аппараты Басшысының актілері мен тапсырмаларын, бағдарламалық құжаттарды мемлекеттік органдардың іске асыруын бақылауды, оның ішінде инспекциялау шеңберінде жүзеге асыруға;
19) әкімдер мен Үкімет мүшелерінің өңірлердің тұрғындарымен есеп беру кездесулеріне, жергілікті бюджеттерді қалыптастыру кезінде мәслихаттар сессияларына қатысуға;
20) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
25. Мемлекеттік органдардың қажетті материалдарды, мәліметтерді ұсынуы, сондай-ақ Үкімет пен Премьер-Министр шешімдерінің жобаларын пысықтау жөніндегі Үкімет Аппаратының талаптары Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының және Үкімет Аппараты Басшысының тапсырмаларында белгіленген мерзімдерде міндетті түрде орындалуға тиіс.
26. Премьер-Министр, Үкімет Аппаратының Басшысы қол қойған қызметтік куәліктер олардың иелеріне «Үкімет үйі», «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараттарына, орталық және жергілікті атқарушы органдардың ғимараттарына, сондай-ақ Президентке есеп беретін мемлекеттік органдар мен мекемелерді, режимдік объектілерді, сондай-ақ күзетуді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімшелері немесе арнаулы мемлекеттік органдар жүзеге асыратын объектілерді қоспағанда, өзге де мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындарға кіруге құқық береді.
5-тарау. Үкімет Аппаратының мүлкі
27. Үкімет Аппаратының жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
Үкімет Аппаратының мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен құралады және негізгі қорлар мен айналым қаражатынан, сондай-ақ құны Үкімет Аппаратының балансында көрсетілетін өзге де мүліктен тұрады.
28. Үкімет Аппаратына бекітіп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
29. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, Үкімет Аппаратының өзіне бекітіп берілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті дербес иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
6-тарау. Үкімет Аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату
30. Үкімет Аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Үкімет Аппаратының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фельдъегерлік қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Қазақстан Республикасы Үкiметінiң
2002 ж. 11 қыркүйектегi
№ 993 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күшi жойылған кейбір шешімдерiнiң
ТIЗБЕСI
1. «Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 20 мамырдағы № 592 қаулысы.
2. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі агенттiгiнiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 29 маусымдағы № 892 қаулысы.
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 3 қыркүйектегi № 1301 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістердiң 18-тармағы.
4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 20 мамырдағы № 592 қаулысына өзгерiс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 9 қыркүйектегi № 1353 қаулысы.
5. «Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 3 қарашадағы № 1645 қаулысы.
6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 20 мамырдағы № 592 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 6 қарашадағы № 1667 қаулысы.
7. «Қазақстан Республикасының жекелеген мемлекеттік органдары штат санының лимиттерін өзгерту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 30 қарашадағы № 1815 қаулысы.
8. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 20 мамырдағы № 592 және 1999 жылғы 3 қарашадағы № 1645 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 8 желтоқсандағы № 1878 қаулысы.
9. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 20 мамырдағы № 592 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 2 наурыздағы № 345 қаулысы.
10. «Дiни бiрлестiктермен байланыстар жөніндегі кеңестi құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 6 мамырдағы № 683 қаулысы 7-тармағының 2) тармақшасы.
11. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 қарашадағы № 1645 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 15 мамырдағы № 708а қаулысы.
12. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 3 қарашадағы № 1645 қаулысына өзгерiс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 29 маусымдағы № 971 қаулысы.
13. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 20 мамырдағы № 592 және 1999 жылғы 3 қарашадағы № 1645 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң 2001 жылғы 17 қаңтардағы № 58 қаулысы.
14. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 қарашадағы № 1645 қаулысына өзгерiс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 31 қаңтардағы № 145 қаулысы.
ҚР Үкіметінің 2009.09.09. № 1328 Қаулысымен 2-қосымшамен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2012.16.03. № 338 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.21.06. № 814 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.02.11. № 1396 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 2-қосымша жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2014.21.02. № 124 Қаулысымен 2-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2017.29.11. № 793 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2018.21.09. № 585 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2022.30.06. № 451 Қаулысымен (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-қосымша жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2023.06.01. № 9 Қаулысымен 2-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2024.14.06. № 469 Қаулысымен штат санының лимиті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 11 қыркүйектегі
№ 993 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының оған ведомстволық
бағыныстағы мемлекеттік мекеменің адам санын ескере отырып,
штат санының лимиті
Атауы | Штат санының лимиті |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемені ескере отырып, оның ішінде: | 593 |
Қазақстан Республикасының мемлекеттік фельдъегерлік қызметі | 336 |