Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 қарашадағы № 1645
қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2000 ж. 29 маусымдағы № 971 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2002 ж. 11 қыркүйектегі № 993 қаулысымен осы қаулының күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 қарашадағы № 1645 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің құрылымында:
"Заңдар, қорғаныс және құқық тәртібі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Заң бөлімі";
"Заң бөлімі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қорғаныс және құқық тәртібі бөлімі".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі