Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 мамырдағы № 592
және 1999 жылғы 3 қарашадағы № 1645 қаулыларына өзгерістер
енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001
жылғы 17 қаңтардағы № 58 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2002 ж. 11 қыркүйектегі № 993 қаулысымен осы қаулының күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 мамырдағы № 592 қаулысында:
3-тармақтың екінші абзацындағы "256" деген сан "272" деген санмен ауыстырылсын;
2) "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 қарашадағы № 1645 қаулысында:
аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің құрылымы жаңа редакцияда жазылсын:
"Басшылық
Премьер-Министрдің Хатшылығы
Үкіметтік ақпарат бөлімі
Үкіметтің Парламенттегі Өкілдігі
Заң бөлімі
Аймақтық даму бөлімі
Экономикалық бөлім
Өндірістік сала және инфрақұрылым бөлімі
Жиынтық талдау бөлімі
Әлеуметтік-мәдени даму бөлімі
Сыртқы байланыстар бөлімі
Қорғаныс және құқық тәртібі бөлімі
Кадр жұмысы бөлімі
Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі
Қаржы-шаруашылық бөлімі
Діни бірлестіктермен байланысты жөніндегі кеңестің Хатшылығы
Министр - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия төрайымының Хатшылығы".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі