Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу
және кейбір шешiмдерiнiң күші жойылды деп тану туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 25 желтоқсандағы № 1366 қаулысы
Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
1) "Отель Астана" қазақстан-түрiк бiрлескен кәсiпорны" ашық акционерлік қоғамы тартқан мемлекет кепiлдiк берген қарыздардың кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 19 тамыздағы № 923 қаулысына:
мәтiндегi "Қазақстанның Даму Банкi" деген сөздер "Қазақстан Эксимбанкi" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) "Айт-Отель" қазақстан-түрiк бiрлескен кәсiпорны" ашық акционерлік қоғамы тартқан мемлекет кепiлдiк берген қарыздардың кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 20 тамыздағы № 927 қаулысына:
мәтiндегi "Қазақстанның Даму Банкi", "Қазақстанның Даму Банкiне" деген сөздер тиiсiнше "Қазақстан Эксимбанкi", "Қазақстан Эксимбанкiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) "Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгі Қылмыстық-атқару жүйесiнiң департаментi тартқан мемлекет кепiлдiк берген заемдарға қызмет көрсету туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 3 қыркүйектегi № 969 қаулысына:
мәтiндегi "Қазақстанның Даму Банкi" деген сөздер "Қазақстан Эксимбанкi" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) "Қазақстан Эксимбанкi" жабық акционерлік қоғамының кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 8 қазандағы № 1294 қаулысы;
2) "Қазақстан Эксимбанкі" жабық акционерлік қоғамының қызметін оңтайландырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 сәуірдегі № 460 қаулысы.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |