«Отель Астана» Қазақстан-түрiк бiрлескен кәсiпорны» ашық акционерлік қоғамы тартқан мемлекет
кепiлдiк берген қарыздардың кейбiр мәселелерi туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 19 тамыздағы № 923 Қаулысы
(2003.18.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 жылғы 29 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұрынғы редакцияларды қара
ҚР Үкіметінің 25.12.02 ж. № 1366 қаулысымен мәтіндегі «Қазақстанның Даму Банкi» деген сөздер «Қазақстан Эксимбанкi» деген сөздермен ауыстырылды (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 18.12.03 ж. № 1267 қаулысымен мәтіндегі «Қазақстан Эксимбанкi» деген сөздер «Медетшi қop» деген сөздермен ауыстырылды
Мемлекеттік кепiлдiктер бойынша мiндеттемелердi орындау және қаражаттың республикалық бюджетке қайтарылуын қамтамасыз ету мақсатында «Отель Астана» Қазақстан-түрiк бiрлескен кәсiпорны» ашық акционерлік қоғамының (бұдан әрi - «Отель Астана» ААҚ) төмен төлем қабiлеттiлiгiн назарға ала отырып Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен «Медетшi қор» жабық акционерлік қоғамымен (бұдан әрi - «Медетшi қор» ЖАҚ) (келiсiм бойынша) және «Отель Астана» AAҚ-пен (келiсiм бойынша) бiрлесiп, келiсiмге (бұдан әрi - келiсiм) қол қоюды қамтамасыз етсiн, онда мемлекеттік кепiлдiктер бойынша мiндеттемелердi орындауға республикалық бюджеттен бағытталатын қаражатты «Отель Астана» ААҚ-тың қайтару тәртiбiн, оның iшiнде:
2005 жылдан бастап 2022 жылды қоса алғанда негiзгi борыштың және сыйақының қайтарылуын;
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 25 шiлдедегi № 832 қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттік бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшiн бюджеттiң атқарылуы және есептiлiк (мерзiмдiк және жылдық) нысандарын жүргiзу жөніндегі қаржылық рәсiмдердiң ережесiне сәйкес сыйақы есептеудi, бұл ретте 2004 жылды қоса алғанда есептелген сыйақыны негiзгi борышқа капиталдандыруды;
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен акциялардың жыл сайынғы қосымша эмиссиясын жүргiзу және оларды мемлекеттік меншiкке беру жолымен «Отель Астана» AAҚ-тың жарғылық капиталын арттыруды;
акциялардың мемлекеттік пакетiн «Отель Астана» ААҚ-тың бас директорына сенiмгерлiк басқаруға берудi;
«Отель Астана» ААҚ-тың қаржы-шаруашылық қызметiнен түсетiн таза кiрiстi тек қана келiсiмдi орындауға жiберудi;
«Отель Астана» ААҚ-тың республикалық бюджет алдындағы мiндеттемелерiн орындауын қамтамасыз ету мақсатында тиiстi кепiл келiсiмiн ресiмдеудi;
қарыз алушы - «Отель Астана» ААҚ-тың қаражаты есебiнен «Медетшi қор» ЖАҚ-қа агенттiк сыйақы төлеудi көздесiн.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрi А.С.Павловқа жүктелсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |