жоғары сыныпты мемлекеттік әдiлет кеңесшiсi;
1-сыныпты мемлекеттік әдiлет кеңесшiсi, әдiлет генерал-полковнигі;
2-сыныпты мемлекеттік әдiлет кеңесшiсi, әдiлет генерал-лейтенанты;
3-сыныпты мемлекеттік әдiлет кеңесшiсi, әдiлет генерал-майоры;
аға әдiлет кеңесшiсi, әдiлет полковнигi;
әдiлет кеңесшiсi, әдiлет подполковнигi;
кiшi әдiлет кеңесшiсi, әдiлет майоры;
1-сыныпты заңгер, әдiлет капитаны;
2-сыныпты заңгер, әдiлет аға лейтенанты;
3-сыныпты заңгер, әдiлет лейтенанты;
кiшi заңгер, кiшi лейтенант, аға прапорщик, прапорщик.
2. Жоғары сыныпты мемлекеттік әдiлет кеңесшiсiнiң, 1, 2 және 3сыныпты мемлекеттік әдiлет кеңесшiлерiнiң сыныптық шендерiн, әдiлет генералдарының әскери атақтарын Қазақстан Республикасының Президентi бередi.
3. Прокуратура органдарының сыныптық шендер немесе әскери атақтар берiлген қызметкерлерi нысанды киiммен тегiн қамтамасыз етiледi.
4. Нысандары мен айырым белгiлерiнiң үлгiлерi, нысанды киiмдi киiп жүрудiң тәртібі және қамтамасыз ету нормасы, сондай-ақ сыныптық шендердi немесе әскери атақтар беру және олардан айыру тәртібі Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Прокуратура органдарында қызмет өткеру туралы ережемен белгiленедi.
5. Сыныптық шендерi немесе әскери атақтары бар адамдарға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сыныптық шендерi үшiн қосымша ақы немесе әскери атақтары бойынша айлықақы белгiленедi.".
6. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы № 2707 заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 23, 154-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 17-18, 225-құжат; № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233, 247-құжаттар; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 13-14, 174-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; № 23, 309-құжат):
10-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
"12-1) прокурордың азаматтар мен лауазымды адамдарды мәжбүрлеп жеткiзу (күштеп әкелу) туралы қаулыларын орындауға, сондай-ақ прокурордың өз құзыретi шегiнде шығарған өзге де жазбаша тапсырмалары мен талаптарын орындауға;".
7. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 24, 157-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 10, 108-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233-құжат; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 6, 72-құжат):
12-бапта 20) тармақшадағы "жүргiзуге" деген сөзден кейiн нүктелi үтiр қойылып, "мiндеттi." деген сөз алып тасталсын және мынадай мазмұндағы 21) тармақшамен толықтырылсын:
"21) өздерiнiң қадағалау функцияларын жүзеге асыруына байланысты прокурордың жазбаша талаптарын орындауға мiндеттi.".
8. Қазақстан Республикасы Президентінің "Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттік тiркеу туралы" 1995 жылғы 25 желтоқсандағы № 2727 заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 24, 168-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 21, 277-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат):
18-бап мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Құқықты тiркеу заң бұзушылық жойылғанға дейiн прокурорлық қадағалау актілерінiң негiзiнде тоқтатыла тұруы мүмкiн.".
9. "Өрт қауiпсiздiгi туралы" 1996 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 18, 368-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 1999 ж., № 20, 728-құжат; № 23, 931-құжат; 2000 ж., № 6, 142-құжат):
10-бапта:
төртiншi бөлiктiң сегiзiншi абзацы "орындамаған жағдайда" деген сөздердiң алдынан ", жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға мiндеттi түрде жазбаша хабарлай отырып," деген сөздермен толықтырылсын;
алтыншы бөлiк "аталған мерзiмге" деген сөздердiң алдынан "жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға мiндеттi түрде жазбаша хабарлай отырып," деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы жетiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Осы баптың төртiншi бөлiгiнiң сегiзiншi абзацы мен алтыншы бөлiгiнде көзделген хабарламаны алған соң, прокурор жасалған iс-әрекеттiң заңдылығын тексередi және олар заңсыз болған жағдайда өз қаулысымен тыйым салу-шектеу сипатындағы шаралардың күшiн жояды немесе оларды алып тастайды.".
10. "Банкроттық туралы" 1997 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 1-2, 7-құжат; № 13-14, 205-құжат; 1998 ж., № 14, 198-құжат; № 17-18, 225-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат):
1) 30-баптың бiрiншi абзацы "Кредитордың немесе" деген сөздерден кейiн "прокурордың не" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 31-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы "кредиторларға" деген сөзден кейiн ", прокурорға" деген сөзбен толықтырылсын.
11. "Қазақстан Республикасында бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеу туралы" 1997 жылғы 5 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 5, 53-құжат; № 13-14, 205-құжат; 1998 ж., № 17-18, 224-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 238-құжат):
28-бапта:
2-тармақ "кез келген үшiншi тұлғаға" деген сөздерден кейiн "не тексеру жүргiзу туралы қаулының негiзiнде прокурорға" деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақ "сот шешiмдерiнiң," деген сөздерден кейін "прокурордың," деген сөзбен толықтырылсын.
12. "Мемлекеттік статистика туралы" 1997 жылғы 7 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 9, 91-құжат; 2001 ж., № 4, 23-құжат; 2002 ж., № 1, 3-құжат):
11-бап мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
"прокурордың талап етуi бойынша сұратылған ақпаратты тегiн бepyгe;".
13. "Қоршаған ортаны қорғау туралы" 1997 жылғы 15 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 17-18, 213-құжат; 1998 ж., № 24, 443-құжат; 1999 ж., № 11, 357-құжат; № 23, 931-құжат; 2001 ж., № 13-14, 171-құжат; № 24, 338-құжат):
77-бапта:
3-тармақтың төртiншi бөлiгi "ерекше жағдайларда" деген сөздердiң алдынан "жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға мiндеттi түрде жазбаша хабарлай отырып," деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Осы баптың екiншi және үшiншi тармақтарында көзделген хабарламаларды алған соң, прокурор жасалған iс-әрекеттiң заңдылығын тексередi және олар заңсыз болған жағдайда тыйым салу-шектеу сипатындағы шаралардың күшiн өз қаулысымен жояды немесе оларды алып тастайды.".
14. 1997 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар):
мынадай мазмұндағы 321-1-баппен толықтырылсын:
"321-1-бап. Прокурордың қызметiне кедергi жасау және оның
заңды талаптарын орындамау
Прокурорлық қадағалау актілерін орындамау, сол сияқты оның қызметiне кедергi жасау, егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiне не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне елеулi зиян келтiруге әкеп соқса, -
бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан алты айға дейiнгі кезең iшіндегі жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.".
15. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 23, 335-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар):
1) 62-бап мынадай мазмұндағы бесiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"5. Бас Прокурор өз құзыретi шегiнде осы Кодекс нормаларының қолданылу мәселелерi бойынша анықтау және тергеу органдарының орындауы үшiн мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлер қабылдайды.
Анықтауды және тергеудi жүзеге асыратын органдардың нормативтiк құқықтық актілері олардың құзыретi шегiнде, Бас Прокурормен келісіле отырып, қабылданады.";
2) 190-баптың 1) тармақшасы "бас тартуға" деген сөздерден кейiн "немесе материалдарды қосымша тексepy үшiн iс жүргiзуге жiберуге" деген сөздермен толықтырылсын;
3) 466-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"466-бап. Сот үкімінiң, қаулысының орындалуын тоқтата тұру
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы, Бас Прокуроры және оның орынбасарлары өз құзыретi шегінде iстi сұратып алумен бiр мезгiлде сот үкімінiң, қаулысының орындалуын қадағалау тәртібімен тексеру үшiн үш айдан аспайтын мерзiмге тоқтата тұруға құқылы.".
16. "Атқарушылық iс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" 1998 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 13, 195-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 23, 922-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 142-құжат):
1) 5-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
"4-1) прокурордың өз талаптарын мәжбүрлеп орындату туралы қаулысы;"; 1) 7-баптың 1-тармағы 5) тармақшадағы "мәжбүрлеп орындатуға берiлуi мүмкiн." деген сөздер алып тасталып, "үш ай iшiнде" деген сөздерден кейiн нүктелi үтiр қойылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) прокурордың қаулылары - үш ай iшiнде мәжбүрлеп орындатуға берiлуi мүмкiн.".
17. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" 1998 жылғы 2 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 15, 209-құжат; 1999 ж., № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 5, 116-құжат; 2001 ж., № 13-14, 172-құжат; № 17-18, 241-құжат):
1) 6-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Осы баптың 2-тармағында аталған органдар өз өкiлеттiктерiнен туындайтын шараларды қолдануға және жауапты мемлекеттік қызмет атқаратын адамдар жасаған сыбайлас жемқорлық қылмыстар анықталған барлық жағдайлар туралы мәлiметтердi құқықтық статистика және ақпарат органдарына дереу жiберуге мiндетті.";
2) 16-баптың 1-тармағы "салық органдарына" деген сөздердiң алдынан "құқықтық статистика және ақпарат органдарына," деген сөздермен толықтырылсын.
18. 1999 жылғы 13 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 21-22, 281-құжат; № 24, 338-құжат):
396-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"396-бап. Сот актiсiнiң орындалуын тоқтата тұру
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы, Бас Прокуроры және оның орынбасарлары өз құзыретi шегiнде iстi сұратып алумен бiр мезгiлде қадағалау тәртібімен тексеру үшiн сот актiсiнiң орындалуын үш айдан аспайтын мерзiмге тоқтата тұруға құқылы.".
19. "Күзет қызметi туралы" 2000 жылғы 19 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2000 ж., № 14-15, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 34-құжат):
19-баптың 5-тармағы "прокуратураға" деген сөзден кейiн "жиырма төрт сағат iшiнде" деген сөздермен толықтырылсын.
20. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшілiк құқық бұзушылық туралы кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат):
62-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
1) құқыққа қарсы мiнез-құлықты, прокурордың заңды түсiндiргенiне және (немесе) оны тоқтату туралы оған уәкiлеттi адамдардың талап етуiне қарамастан оны жалғастыра беру;";
2) 69-бапта:
бiрiншi бөлiк "әкiмшiлiктiк жауаптылыққа" деген сөздердiң алдынан ", осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-1 бөлiкпен толықтырылсын:
"4-1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жаза қолдану мерзiмiнiң барысы iстi сот инстанцияларына немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi мемлекеттік органның лауазымды адамына жiберген кезден бастап тоқтатыла тұрады.
Бұл мерзімдерді есептеу әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қозғауға уәкiлеттi органға кемшiлiктердi жою үшiн іс қайтарылған жағдайларда қайтадан басталады.";
мынадай мазмұндағы 7-бөлiкпен толықтырылсын:
"7. Судьяның немесе уәкiлеттi органның әкiмшiлiк iс жүргiзудi тоқтату туралы қаулысы осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген мерзiмге қарамастан, ол заңды күшiне енген күнiнен бастап бiр жыл iшiнде прокурордың наразылығы бойынша қайта қаралуы мүмкiн.";
3) 355-баптың бiрiншi бөлiгіндегі "жүзге" деген сөз "бec жүзге" деген сөзбен ауыстырылсын;
4) мынадай мазмұндағы 521-1-баппен толықтырылсын:
"521-1-бап. Прокурорға хабарламау немесе дер кезiнде хабарламау Мемлекеттік органның заң актілеріне сәйкес хабарлау талап етiлетiн iс жүргiзу туралы прокурорға хабарламауы немесе дер кезiнде хабарламауы, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
5) 619-баптың бiрiншi бөлiгiнiң 6) тармақшасындағы "әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалғанда" деген сөздерден кейiн "прокурордың тиiстi тапсырмалары немесе" деген сөздермен толықтырылсын.
6) 637-баптың бiрiншi бөлiгi "513" деген цифрдан кейiн ", 521-1" деген цифрмен толықтырылсын;
7) 655-баптың екiншi бөлiгi "шағым берiлуi" деген сөздерден кейiн ", наразылық бiлдiрiлуi" деген сөздермен толықтырылсын.
8) 672-баптың екiншi сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын: "Соттың әкiмшiлiк жауапқа тартылған адамның не өзi жөнiнде әкiмшiлiк iс жүргiзу тоқтатылған адамның жағдайын нашарлататын жағына қарай қайта қарауына соттың немесе уәкiлеттi мемлекеттік органның қаулысы заңды күшiне енген күннен бастап бiр жыл iшiнде жол берiледi.";
9) 674-баптың бiрiншi бөлiгi "құқығы" деген сөзден кейiн "Бас Прокурорға, оның орынбасарларына," деген сөздермен толықтырылсын;
10) 676-бап "Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының" деген сөздерден кейiн "және оның орынбасарларының" деген сөздермен толықтырылсын.
Қазақстан Республикасының