Су ресурстарын басқару және жердi қалпына келтiру жобасын iске асыру жөніндегі ведомствоаралық үйлестiру кеңесiн құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 шілдедегі № 818 қаулысы
(2007.19.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 29 қыркүйектегі № 546 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкi арасындағы 1998 жылғы 25 наурыздағы Несие жөніндегі келісімдердi (Кәдiмгi операциялар және Арнайы операциялар) (Cy қорларына иелiк жасау және жердi қалпына келтiрудi басқару жобасы) iске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 20 мамырдағы № 541 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 2005.25.06. № 628 (бұр. ред. қара); 2007.19.07. № 612 (бұр.ред.қара) қаулылармен 1-тармақ өзгерді
1. Су ресурстарын басқару және жердi қалпына келтiру жобасын iске асыру жөніндегі ведомствоаралық үйлестiру кеңесi мынадай құрамда құрылсын:
Есімов Ахметжан Смағұлұлы | - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі, төраға |
Айтжанов Дулат Нулиұлы | - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрi, төрағаның орынбасары |
Ақшолақов Мейрам Төлеутайұлы | - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгі Сыртқы байланыстар және инвестициялар басқармасы бастығының орынбасары, хатшы |
Кеңес мүшелерi:
Ерғожин Дәулет Еділұлы | - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі |
Бірәлиев Әлжан Хамидолаұлы | - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі |
Құсайынов Марат Әпсеметұлы | - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі |
Қараманов Асқар Ұзақбайұлы | - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгі Құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық iстерi жөніндегі комитетi төрағасының орынбасары |
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |