Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 шілдедегі № 818 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 шілдедегі № 612 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 29 қыркүйектегі № 546 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Су ресурстарын басқару және жерді қалпына келтіру жобасын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық үйлестіру кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 шілдедегі № 818 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақта:
Су ресурстарын басқару және жерді қалпына келтіру жобасын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық үйлестіру кеңесінің құрамына мыналар енгізілсін:
Есімов Ахметжан Смағұлұлы | - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі, төраға |
Ерғожин Дәулет Еділұлы | - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі |
Құсайынов Марат Әпсеметұлы | - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі |
Бірәлиев Әлжан Хамидолаұлы | - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі |
көрсетілген құрамнан Үмбетов Серік Әбікенұлы, Әріпханов Айдар Әбдіразақұлы, Бекжанов Жамбыл Лесбекұлы, Коржова Наталья Артемовна шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |