Су ресурстарын басқару және жердi қалпына келтiру жобасын iске асыру
жөніндегі ведомствоаралық үйлестiру кеңесiн құру туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 шілдедегі № 818 қаулысы
Осы редакция 2005 ж. 25 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкi арасындағы 1998 жылғы 25 наурыздағы Несие жөніндегі келісімдердi (Кәдiмгi операциялар және Арнайы операциялар) (Cy қорларына иелiк жасау және жердi қалпына келтiрудi басқару жобасы) iске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 20 мамырдағы № 541 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:
1. Су ресурстарын басқару және жердi қалпына келтiру жобасын iске асыру жөніндегі ведомствоаралық үйлестiру кеңесi мынадай құрамда құрылсын:
Есiмов - Қазақстан Республикасы
Ахметжан Смағұлұлы Премьер-Министрінің орынбасары -
Қазақстан Республикасының Ауыл
шаруашылығы министрi, төраға
Кеңес мүшелерi:
Дунаев - Қазақстан Республикасының Қаржы
Арман Ғалиасқарұлы вице-министрi
Мусина - Қазақстан Республикасының Ауыл
Лилия Сәкенқызы шаруашылығы вице-министрi
Қынатов - Қазақстан Республикасының
Марат Полатұлы Табиғи ресурстар және қоршаған
ортаны қорғау вице-министрi
Құсайынов - Қазақстан Республикасының Экономика
Әбiлғазы Қалиақпарұлы және сауда вице-министрi
Құдайбергенұлы - Қазақстан Республикасы
Көпбосын Табиғи ресурстар және қоршаған
ортаны қорғау министрлігінiң
Су ресурстары жөніндегі комитетi
төрағасының орынбасары
Шардарбек Шәрiпбек - Қазақстан Республикасының
Экономика және сауда
министрлігі Құрылыс iстерi жөніндегі
комитетiнiң төрағасы.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |