"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөніндегі агенттiгiнiң
Республикалық қатаң бақылаудағы психиатриялық ауруханасы" мемлекеттік
мекемесiн қайта атау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 ж. 17 шілдедегі № 795 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 604; 28.10.04 ж. № 1117 қаулыларымен
енгізілген өзгерістерімен)
Бұрынғы редакцияларды қара
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөніндегі агенттiгiнiң Республикалық қатаң бақылаудағы психиатриялық ауруханасы" мемлекеттік мекемесi "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң Республикалық жiтi бақыланатын мамандандырылған үлгiдегi психиатриялық ауруханасы" мемлекеттік мекемесi (бұдан әрi - Мекеме) болып қайта аталсын.
2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) Мекеменiң жарғысына тиiстi өзгерістер мен толықтырулар енгiзсiн және оның әдiлет органдарында қайта тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер бекітілсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
2002 жылғы 17 шілдедегі
№ 795 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер
ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 604 қаулысымен 1-тармақтың күші жойылды
1. "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 12 ақпандағы № 229 қаулысына:
көрсетiлген қаулымен бекітілген республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерiнде:
"Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөніндегі агенттiгi" деген 8-бөлiмнiң "Қатаң байқаудағы республикалық психиатриялық аурухана 750" деген жолындағы "Қатаң байқаудағы республикалық" деген сөздер "Республикалық жiтi бақыланатын мамандандырылған үлгiдегi" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 27 желтоқсандағы № 1715 қаулысына:
көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
IV "Шығындар" бөлiмiнде:
5 "Денсаулық сақтау" функционалдық тобында:
3 "Мамандандырылған медициналық көмек" iшкi функциясында:
226 "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі" әкiмшiсi бойынша:
036 "Мамандандырылған медициналық көмек көрсету" бағдарламасында:
036-кiшi бағдарламасында "Республикалық қатаң бақылаудағы психиатриялық аурухана" деген сөздер "Республикалық жiтi бақыланатын мамандандырылған үлгiдегi психиатриялық аурухана" деген сөздермен ауыстырылсын.
3. ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1117 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
4. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң республикалық бюджеттік бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 31 қаңтардағы № 143 қаулысына:
көрсетiлген қаулыға 19-қосымшада:
6-тармақтың 036-бағдарлама 036-кiші бағдарламасының 4, 5, 7-бағандарында "қатаң бақылаудағы" деген сөздер алынып тасталып, "республикалық" деген сөзден кейiн "жiтi бақыланатын мамандандырылған үлгiдегi" деген сөздермен толықтырылсын.