2) мемлекеттік органның атауы;
3) тексеру жүргізуге негіз болған тексеруді тағайындау туралы актінің күні мен нөмірі;
4) тексеру жүргізген адамдардың тегі, аты, əкесінің аты (егер олар жеке басты куəландыратын құжаттарда көрсетілсе) жəне лауазымы;
5) бақылау субъектісінің атауы, оның тұрған жері;
6) тағайындалған тексерудің нысанасы;
7) тексерудің түрі;
8) тексеру жүргізу кезеңі;
9) тексеру нəтижелері, оның ішінде анықталған бұзушылықтар туралы мəліметтер;
10) талаптарды орындау мерзімі көрсетіле отырып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптар;
11) бақылау субъектісінің бірінші басшысының (не оның міндетін атқарушы адамның) актімен танысқаны немесе танысудан бас тартқаны туралы мəліметтер;
12) тексеруді жүргізген лауазымды адамның қолтаңбасы.
24. Тексеру нəтижелері туралы актіге бақылау субъектісінің бірінші басшысы (не оның міндетін атқарушы адам) тарапынан қарсылықтар немесе ескертулер болған кезде оларға ескертпе жасалады жəне дəлелді жазбаша түсініктемелер мен ескертулер қоса беріледі.
Бақылау субъектісі тексеру нəтижелері туралы актіде көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, акт табыс етілген күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде қарсылықты жіберуге құқылы.
25. Əділет органының лауазымды адамы бақылау субъектісінің тексеру нəтижелері туралы актіге ескертулерін жəне (немесе) қарсылықтарын қарауға жəне отыз жұмыс күні ішінде уəжді жауап беруге тиіс.
26. Тексеру нəтижелері туралы актіні қабылдаудан бас тартылған жағдайда хаттама жасалады, оған тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адам жəне бақылау субъектісінің бірінші басшысы (не оның міндетін атқаратын адам) қол қояды.
Бақылау субъектісінің бірінші басшысы (не оның міндетін атқарушы адам) бас тарту себебі туралы жазбаша түсініктеме бере отырып, хаттамаға қол қоюдан бас тартуға құқылы.
27. Тексеру барысында жасалғаны үшін əкімшілік жауаптылық көзделген бұзушылықтар анықталған жағдайда, тексеру жүргізуге уəкілетті лауазымды адам Қазақстан Республикасының Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тəртіппен əкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасайды.
28. Бақылау субъектісінің бірінші басшысы (не оның міндетін атқарушы адам) тексеру нəтижелері туралы актіге қол қойған күннен бастап он жұмыс күні ішінде бақылау субъектісі тексеру нəтижелері туралы актіде көрсетілген бұзушылықтарды жоюға тиіс.
Тексеру нəтижелері туралы актіде көрсетілген анықталған бұзушылықтарды жою мерзімі өткеннен кейін бақылау субъектісі тексеру нəтижелері туралы актіде белгіленген мерзім ішінде əділет органына анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты ұсынуға міндетті. Бақылау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынылған ақпаратқа бұзушылықтардың жойылу фактісін дəлелдейтін материалдарды қоса береді.
29. Бақылау субъектісі тексеру нəтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды осы баптың 28-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзімде жоймаған жағдайда, əділет органы осы Заңның 14-бабына сəйкес бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізеді.
30. Егер тексерулерді əділет органы осы бапта белгіленген тексерулер жүргізу жөніндегі талаптарды бұза отырып жүргізсе, олар жарамсыз деп танылады.
2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 24-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
24-бап. Әдiлет органдары мен олардың лауазымды адамдарының құқықтары
Әдiлет органдары мен олардың лауазымды адамдары өз құзыретi шегiнде:
1) орталық және жергiлiктi мемлекеттік органдар, ұйымдар, лауазымды адамдар мен азаматтар мiндеттi түрде орындауға тиiстi нормативтiк құқықтық актiлер шығаруға;
2) өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша ведомствоаралық үйлестiру мен бақылауды жүзеге асыруға;
3) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштердегі қажетті ақпаратты және материалдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сұратуға және алуға;
4) 2021.12.03. № 15-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
5) Қазақстан Республикасы Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң 56-бабында белгiленген тәртiппен азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн, сондай-ақ қоғамдық немесе мемлекеттік мүдделердi қорғау үшiн сотқа талап қойып жүгiнуге;
6) өздерiне берiлген мүлiктi басқаруды жүзеге асыруға;
7) лицензиялауды және лицензиаттардың лицензиялық талаптарды сақтауы жөніндегі қызметiне бақылауды жүзеге асыруға;
8) бағынысты ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату мәселелерi бойынша ұсыныстар енгізуге;
2007.11.01. № 218-III ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды
8-1) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, электрондық қызметтер көрсетуге;
9) баспа қызметiн жүзеге асыруға;
10) 2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
11) 2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен 12) тармақша өзгерді (бұр. ред. қара)
12) заңда белгiленген жағдайлар мен тәртiп бойынша әкiмшілiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасап, iстердi қарауға, өз құзыретi шегiнде әкiмшiлiк жазалар қолдануға;
13) 2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 14) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
14) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.
24-1-бап. 2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
24-2-бап. 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен 4-тарау жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4-тарау. Әділет органдарының кадрлары және олардың құқықтық жағдайы
2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен 25-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
25-бап. Әдiлет органдарының кадрлары
Әдiлет органдарының кадрларын әдiлет органдарының мемлекеттiк қызметшiлер болып табылатын қызметкерлерi, сондай-ақ олармен еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттелетiн өзге де адамдар құрайды.
26-бап. 2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
27-бап. 2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
28-бап. 2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
29-бап. 2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
30-бап. Әдiлет органдары қызметкерлерiн материалдық және әлеуметтiк жағынан қамсыздандыру
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Әдiлет органдары қызметкерлерінің еңбегiне ақы төлеу Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетін мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын барлық органдар үшін қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесiне сәйкес жүзеге асырылады.
2. Әдiлет органдарының қызметкерлерiне ұзақтығы күнтiзбелiк отыз күн болатын жыл сайынғы ақылы еңбек демалыстары берiледi.
3. Әдiлет органдарының «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мемлекеттік қызметшiлер мәртебесiнен ерекшеленетiн құқықтық мәртебесi бар қызметкерлерiнiң материалдық қамтамасыз етiлуi мен әлеуметтiк қорғалуы Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленедi.
31-бап. 2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
5-тарау. Әділет органдарының ұйымдастырылуы мен қызметінің өзге де мәселелері
2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен 33-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 33-бап өзгертілді (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен 33-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
33-бап. Әдiлет органдарын қаржыландыру, материалдық-техникалық қамтамасыз ету
Әдiлет органдарын қаржыландыру, материалдық-техникалық қамтамасыз ету бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен 34-баппен толықтырылды
34-бап. Қорытынды және өтпелi ережелер
1. 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2. 2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының
Астана, Ақорда, 2002 жылғы наурыздың 18-і.
№ 304- ІІ