Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау
министрлігінің жекелеген мемлекеттік мекемелерін тарату туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 5 наурыздағы № 272 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің мемлекеттік мекемелері (бұдан әрі - Мекемелер) таратылсын.
2. Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімияттарымен келісім бойынша Мекемелерді таратуды жүргізу жөніндегі тарату комиссияларын құрсын;
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, мекемелерді таратудан кейін қалған мүлікті Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің тиісті аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармаларына тапсыруды жүзеге асырсын.
3. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қоршаған ортаны қорғау қорлары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 1 сәуірдегі № 280 қаулысының 1, 2, 3, 4, 5 және 6-тармақтарының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 10, 74-құжат) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары К.Қ. Мәсімовке жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | И. Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 5 наурыздағы № 272 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны
қорғау министрлігінің таратылатын мемлекеттік мекемелерінің
тізбесі
"Республикалық қоршаған ортаны қорғау қоры" мемлекеттік қоры
"Ақмола облыстық қоршаған ортаны қорғау қоры" жергілікті мемлекеттік қоры
"Ақтөбе облыстық қоршаған ортаны қорғау қоры" жергілікті мемлекеттік қоры
"Алматы облыстық қоршаған ортаны қорғау қоры" жергілікті мемлекеттік қоры
"Атырау облыстық қоршаған ортаны қорғау қоры" жергілікті мемлекеттік қоры
"Шығыс Қазақстан облыстық қоршаған ортаны қорғау қоры" жергілікті мемлекеттік қоры
"Жамбыл облыстық қоршаған ортаны қорғау қоры" жергілікті мемлекеттік қоры
"Батыс Қазақстан облыстық қоршаған ортаны қорғау қоры" жергілікті мемлекеттік қоры
"Қарағанды облыстық қоршаған ортаны қорғау қоры" жергілікті мемлекеттік қоры
"Қызылорда облыстық қоршаған ортаны қорғау қоры" жергілікті мемлекеттік қоры
"Қостанай облыстық қоршаған ортаны қорғау қоры" жергілікті мемлекеттік қоры
"Маңғыстау облыстық қоршаған ортаны қорғау қоры" жергілікті мемлекеттік қоры
"Павлодар облыстық қоршаған ортаны қорғау қоры" жергілікті мемлекеттік қоры
"Солтүстік Қазақстан облыстық қоршаған ортаны қорғау қоры" жергілікті мемлекеттік қоры
"Оңтүстік Қазақстан облыстық қоршаған ортаны қорғау қоры" жергілікті мемлекеттік қоры
"Астана қалалық қоршаған ортаны қорғау мемлекеттік қоры" жергілікті мемлекеттік қоры
"Алматы қалалық қоршаған ортаны қорғау қоры" жергілікті мемлекеттік қоры