Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қоршаған ортаны қорғау қорлары туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 1 сәуірдегі № 280 қаулысы (ҚР Үкіметінің 05.03.02 ж. № 272 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
"Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шiлдедегi Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 17-18, 213-құжат) сәйкес және мемлекеттiң бiрыңғай экологиялық саясаты мен оны тұрақты дамытудың стратегиялық жоспарларын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
ҚР Үкіметінің 05.03.02 ж. № 272 қаулысымен 1-6-тармақтар күшін жойды
1 - 6.
7. Мыналардың:
"Қазақстан Республикасындағы табиғат қорғау қорлары туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 15 қазандағы № 1024 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., № 41, 482-құжат);
"Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 15 қазандағы № 1024 қаулысына толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 15 қазандағы № 1113 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 41, 448-құжат);
"Қазақстан Республикасында мемлекеттік экологиялық сараптама қаражатынан ақы төлеу және оны пайдалану тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 29 маусымдағы № 549 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң 1998 жылғы 1 сәуірдегі
№ 280 Қаулысына қосымша
ҚР Үкіметінің 05.03.02 ж. № 272 қаулысымен тізбе күшін жойды
Мемлекеттік қоршаған ортаны қорғау қорларының
ТIЗБЕСI
"Республикалық қоршаған ортаны қорғау" мемлекеттік қоры
"Ақмола облыстық қоршаған ортаны қорғау" жергiлiктi мемлекеттік қоры
"Ақтөбе облыстық қоршаған ортаны қорғау" жергiлiктi мемлекеттік қоры
"Алматы облыстық қоршаған ортаны қорғау" жергiлiктi мемлекеттік қоры
"Атырау облыстық қоршаған ортаны қорғау" жергiлiктi мемлекеттік қоры
"Шығыс Қазақстан облыстық қоршаған ортаны қорғау" жергiлiктi мемлекеттік қоры
"Жамбыл облыстық қоршаған ортаны қорғау" жергiлiктi мемлекеттік қоры
"Батыс Қазақстан облыстық қоршаған ортаны қорғау" жергiлiктi мемлекеттік қоры
"Қарағанды облыстық қоршаған ортаны қорғау" жергiлiктi мемлекеттік қоры
"Қызылорда облыстық қоршаған ортаны қорғау" жергiлiктi мемлекеттік қоры
"Қостанай облыстық қоршаған ортаны қорғау" жергiлiктi мемлекеттік қоры
"Маңғыстау облыстық қоршаған ортаны қорғау қоры" жергiлiктi мемлекеттік қоры
"Павлодар облыстық қоршаған ортаны қорғау" жергiлiктi мемлекеттік қоры
"Солтүстiк Қазақстан облыстық қоршаған ортаны қорғау" жергiлiктi мемлекеттік қоры
"Оңтүстiк Қазақстан облыстық қоршаған ортаны қорғау" жергiлiктi мемлекеттік қоры
"Ақмола қалалық қоршаған ортаны қорғау" жергiлiктi мемлекеттік қоры
"Алматы қалалық қоршаған ортаны қорғау" жергiлiктi мемлекеттік қоры
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1998 жылғы 1 сәуірдегі № 280 Қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 05.03.02 ж. № 272 қаулысымен ереже күшін жойды
"Республикалық қоршаған ортаны қорғау қоры"
мемлекеттік қоры туралы
ЕРЕЖЕ
Миссиясы
Мемлекеттiң бiрыңғай экологиялық саясатын iске асыруды қаржылық қолдау.
I. Жалпы ережелер
1. "Республикалық қоршаған ортаны қорғау" мемлекеттік қоры (бұдан әрi - Қор) мемлекеттiң экологиялық саясатын және оның қоршаған ортаны қорғау саласындағы стратегиялық жоспарларын iске асыру мақсатында құрылады.
2. Қор заңды тұлға болып табылады және осы Ережеде белгiленген құқықтарды пайдаланады. Қордың оқшауланған мүлкi, дербес балансы, бюджеттік және өзге де шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген, мемлекеттік тiлде атауы жазылған мөрi болады.
3. Қор өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметінiң актілеріне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Қор мемлекеттік тiркелген сәттен бастап заңды тұлға құқығын алады.
5. Қор мына мекен-жай бойынша орналасқан: Қазақстан Республикасы, Көкшетау қаласы, Карл Маркс көшесi, 81.
II. Басымдықтары
6. Қор өз қызметiнiң аясында мына басымдықтарды басшылыққа алады:
мемлекеттiң экологиялық саясаты мен оның қоршаған ортаны қорғау саласындағы стратегиялық жоспарларынан туындайтын жобаларды қаржыландыру;
экологиялық құрылымдарға, ағартуға, экологиялық туризмге және көгалдандыру жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға ықпал ету жолымен қоғамның экология проблемаларына оң қатынасын қалыптастыру;
халықаралық қаржы көмегiн қоса алғанда қоршаған ортаны қорғауға арналған қаражатты қамтамасыз ету және басқару.
III. Қордың негiзгi тапсырмалары және қызметiнiң нысанасы
7. Қордың негiзгi тапсырмалары:
қоршаған ортаны қорғауға және оның сапасын жақсартуға, сондай-ақ халықтың экологиялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған басым экологиялық республикалық және аймақтық бағдарламаларды қаржыландыру;
табиғат қорғау шаралары мен бағдарламаларын жүзеге асыруға арналған қаражатты қалыптастыру және бөлу;
табиғи ресурстарды ұқыпты және тиiмдi пайдалануды ынталандыру;
ресурс үнемдейтiн және экологиялық таза технологияларды енгізуге ықпал ету болып табылады.
8. Қор қызметiнiң нысанасы:
қаражатты осы Ережеде айқындалған мiндеттердi және басқа да кезек күттiрмейтiн экологиялық проблемаларды шешуге бағыттау;
тазарту құрылғыларын, табиғат қорғау объектiлерiн салуға және қайта жаңартуға қатысу;
экологиялық білім берудi, ағартуды, экологиялық туризмдi, сондай-ақ көгалдандыру жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруды дамытуға ықпал ету;
қоршаған ортаны қорғау жөніндегі нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеуге ықпал ету;
қолданылып жүрген заңдарға қайшы келмейтiн өзге де қызметтердi жүзеге асыру болып табылады.
IV. Қордың құқықтары мен мiндеттерi
9. Қордың өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес:
өз қызметi туралы ақпарат таратуға;
жергiлiктi мемлекеттік қоршаған ортаны қорғау қорларының қызметiн үйлестiруге және бақылауға;
қоршаған ортаны қорғау саласында халықаралық ұйымдардың тарапынан мақсатты жобалар мен бағдарламалардың қаржыландырылуын үйлестiруге;
шарттар мен келісім-шарттар жасасуға;
қоршаған ортаны қорғауды экономикалық ынталандыру шараларын қолдануға;
қоршаған ортаны қорғау саласында қолданылып жүрген заңдарға қайшы келмейтiн өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
10. Қор өз қызметiн жүзеге асыруы кезiнде:
уәкiлеттi мемлекеттік органдарға заңдарда көзделген Қорға алымдар мен төлемдердiң толықтығын қамтамасыз етуге жәрдем көрсетуге;
Қор қаражатының мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етуге;
қолданылып жүрген заңдарда көзделген басқа да мiндеттердi атқаруға мiндеттi.
V. Қордың басқару органдары
11. Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі Қордың басқару органы болып табылады.
12. Қордың жедел және ағымдағы мiндеттерiн шешу үшiн Қор Басқармасы құрылады.
VI. Қордың басқарушы органы
13. Басқарушы орган Қор қызметiнiң негiзгi бағыттарына қатысты шешiм қабылдайды.
14. Басқарушы органның құзыретiне:
Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен үлгiлiк Ереженiң негiзiнде жергiлiктi мемлекеттік қоршаған ортаны қорғау қорлары туралы ережелердi бекіту;
Қордың iшкi нормативтiк құжаттарын бекіту;
Қор мен жергiлiктi мемлекеттік қоршаған ортаны қорғау қорлары қызметiнiң жылдық жоспарын, жылдық есептерiн бекіту;
тәуелсiз аудиторларды шақыру арқылы Қордың қызметiне тексерулiк тексерiстер ұйымдастыру туралы шешiм қабылдау;
жергiлiктi мемлекеттік қоршаған ортаны қорғау қорлары басқармасының құрамын айқындау;
Қор қызметiнiң басқа да мәселелерi кiредi.
VII. Басқарма
15. Басқарма атқарушы орган болып табылады және Қордың қызметiн күнделiктi басқаруды жүзеге асырады. Қордың басқармасы заңдар мен осы Ереженiң талаптарына сәйкес Қордың мүлкiн басқарады, оның қаражатына билiк етедi. Басқарма Басқарманың төрағасынан - Қордың директорынан және Басқарманың 4 мүшесiнен тұрады. Басқарманың мүшелерiн Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрi тағайындайды. Қордың директорын Экология және табиғи ресурстар министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi тағайындайды.
16. Басқарманың қызметiне тiкелей басшылық жасауды Қордың директоры жүзеге асырады. Қордың директоры Басқармаға есептi, Басқарушы органның құзыретiне кiретiндердi қоспағанда Қор қызметiнiң барлық, оның iшiнде оған Басқарма жүктеген, мәселелерiн шешедi.
17. Қор Басқармасының өкiлеттiгi:
Қордың ағымдағы қызметiне басшылықты жүзеге асыру;
Қордың бухгалтерлiк балансы мен оның қызметiнiң жылдық есебiн Басқарушы органның бекітуiне ұсыну;
қызметтiң жылдық жоспарының жобасын дайындау және оның атқарылуына бақылау жасау;
Қордың ақша қаражатын қоса алғанда оның мүлкiне иелiк ету;
Қордың қызметкерлерiн қызметке қабылдау және қызметтен босату;
бюджеттік және өзге де шоттарды ашу, штаттық кестенi бекіту;
осы Ережеде белгiленген шектерде өзге де заңды және жеке тұлғалармен, сондай-ақ мемлекеттік органдармен қатынастарда Қорды бiлдiру;
Қордың атынан шарттар (келісім-шарттар) жасасу және олардың орындалуын қамтамасыз ету;
Қордың мiндеттемелерiнен туындайтын басқа да өкiлеттiктер болып табылады.
VIII. Қордың қаражатын қалыптастыру
18. Қордың қаражаты:
заңдарда көзделген мөлшерлерде жергiлiктi мемлекеттік қорлардың аударымдарының;
қоршаған ортаны қорғау саласындағы бағдарламалар мен жобаларды iске асыруға бағытталған халықаралық көмектiң;
заңдарға қайшы келмейтiн басқа да кiрiстер мен түсiмдердiң есебiнен қалыптастырылады.
IХ. Қордың қаражатын пайдалану
19. Қордың қаражаты Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн Қордың бюджетiне сәйкес пайдаланылады.
20. Қордың қаражаты қаржыландырудың басқа да көздерiн алмастырмастан:
қоршаған ортаны қорғаудың сапасын жақсартуға және халықтың экологиялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған бағдарламалар мен жобаларды әзiрлеуге және iске асыруға үлестiк қатысуға;
ғылыми-техникалық зерттеулерге, ресурс үнемдеушi және экологиялық таза технологияларды енгізуге жәрдемдесуге;
қоршаған ортаның сапасын жақсартуға бағытталған нормативтiк-әдiстемелiк құжаттарды әзiрлеуге қатысуға;
заңды тұлғалар - табиғатты пайдаланушылар жүзеге асыратын табиғатты қорғау объектiлерiн салу мен қайта жаңартуды қаржыландыруға қатысуға;
мемлекеттік экологиялық сараптауды қаржыландыруға;
айрықша қорғалатын табиғи аймақтарды құруға және жайластыруға, қоршаған ортаның ластануының нәтижесiнде залал келтiрген табиғи ресурстарды қайта қалпына келтiру жөніндегі шараларды жүзеге асыруға;
белгiленген тәртiппен азаматтарға қоршаған ортаның ластануына және оған өзге де қолайсыз әсер етiлуiне орай олардың денсаулығына келтiрiлген залалды өтеуге арналған өтемақы сомаларын төлеуге;
экологиялық тәрбие мен білім берудi дамытуға;
қоршаған ортаны қорғау саласындағы атқарушы органдардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға;
Қор Басқармасының аппараты мен оның материалдық-техникалық базасын ұстауға;
табиғи зiлзалалардың зардаптарын болдырмауға және жоюға және олар қоршаған ортаға тигiзген залалды өтеуге;
қоршаған ортаны қорғауға бағытталған және қолданылып жүрген заңдарға қайшы келмейтiн басқа да мақсаттарға пайдаланылады.
21. Қордың қаражатын қоршаған ортаны қорғауға байланысты емес мақсаттарға жұмсауға тыйым салынады.
22. Қордың кiрiстерi Қордың мiндеттерiн қаржыландыруға бағытталады.
Х. Қордың есебi және есептiлiгi
23. Қордың бухгалтерлiк есебi мен есептiлiгi қолданылып жүрген заңдарда белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
24. Қордың Басқармасы үш айда бiр рет басқарушы органға Қордың қаражатының жұмсалуы туралы қаржылық есеп ұсынады.
25. Қордың Басқармасы есептi жылдың қорытындылары бойынша, Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынуы үшiн, Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігіне Қордың және жергiлiктi мемлекеттік қоршаған ортаны қорғау қорларының қызметiнiң аяқталған жылғы нәтижелерi туралы баяндама жолдайды.
ХI. Жауапкершiлiгi
26. Қор өз қызметiнiң нәтижесi үшiн қолданылып жүрген заңдарда көзделген тәртiппен жауапкершiлiкте болады.
ХII. Қорды қайта ұйымдастыру және тарату
27. Қорды қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi бойынша жүргiзiледi.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1998 жылғы 1 сәуірдегі № 280 Қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 05.03.02 ж. № 272 қаулысымен ереже күшін жойды
"Облыстық (қалалық) қоршаған ортаны қорғау қоры"
жергiлiктi мемлекеттік қоры туралы үлгi
ЕРЕЖЕ
Миссиясы
Мемлекеттiң бiрыңғай экологиялық саясатын iске асыруды қаржылық қолдау.
I. Жалпы ережелер
1. "Облыстық (қалалық) қоршаған ортаны қорғау" жергiлiктi мемлекеттік қоры (бұдан әрi - Қор) мемлекеттiң экологиялық саясатын және оның қоршаған ортаны қорғау саласындағы стратегиялық жоспарларын iске асыру мақсатында құрылады.
2. Қор заңды тұлға болып табылады және осы Ережеде белгiленген құқықтарды пайдаланады. Қордың оқшауланған мүлкi, дербес балансы, бюджеттік және өзге де шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген, өз атауы мемлекеттік тiлде жазылған мөрi болады.
3. Қор өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметінiң актілеріне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Қор мемлекеттік тiркелген сәттен бастап заңды тұлға құқығын алады.
5. Қордың заңдық мекен-жайы:___________________________________
II. Басымдықтары
6. Қор өз қызметiнiң аясында мынадай басымдықтарды басшылыққа алады:
мемлекеттiң экологиялық саясаты мен оның қоршаған ортаны қорғау саласындағы стратегиялық жоспарларынан туындайтын жобаларды қаржыландыру;
экологиялық білімге, ағартуға, экологиялық туризмге және көгалдандыру жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға жәрдемдесу жолымен қоғамның экология проблемаларына оң қатынасын қалыптастыру;
халықаралық қаржы көмегiн қоса алғанда қоршаған ортаны қорғауға арналған қаражатты қамтамасыз ету және басқару.
III. Қордың негiзгi тапсырмалары және қызметiнiң нысаны
7. Қордың негiзгi тапсырмалары:
қоршаған ортаны қорғауға және оның сапасын жақсартуға, сондай-ақ халықтың экологиялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған басым экологиялық облыстық (қалалық) және аймақтық бағдарламаларды қаржыландыру;
табиғат қорғау шаралары мен бағдарламаларын жүзеге асыруға арналған қаражатты қалыптастыру және жұмсау;
табиғи ресурстарды ұқыпты және тиiмдi пайдалануды ынталандыру;
ресурс үнемдейтiн және экологиялық таза технологияларды енгізуге жәрдемдесу болып табылады.
8. Қор қызметiнiң нысанасы:
қаражатты осы Ережеде айқындалған мiндеттердi және басқа да кезек күттiрмейтiн экологиялық проблемаларды шешуге бағыттау;
тазарту құрылғыларын, табиғат қорғау объектiлерiн салуға және қайта жаңартуға қатысу;
экологиялық білім берудi, ағартуды, экологиялық туризмдi, сондай-ақ көгалдандыру жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруды дамытуға жәрдемдесу;
қоршаған ортаны қорғау жөніндегі нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеуге жәрдемдесу;
қолданылып жүрген заңдарға қайшы келмейтiн өзге де қызметтi жүзеге асыру болып табылады.
IV. Қордың құқықтары мен мiндеттерi
9. Қордың өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес:
өз қызметi туралы ақпарат таратуға;
қоршаған ортаны қорғау саласында халықаралық ұйымдардың тарапынан мақсатты жобалар мен бағдарламалардың қаржыландырылуын үйлестiруге;
шарттар мен келісім-шарттар жасасуға;
қоршаған ортаны қорғауды экономикалық ынталандыру шараларын қолдануға;
қоршаған ортаны қорғау саласында қолданылып жүрген заңдарға қайшы келмейтiн өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
10. Қор өз қызметiн жүзеге асыруы кезiнде:
уәкiлеттi мемлекеттік органдарға заңдарда көзделген Қорға алымдар мен төлемдердiң толықтығын қамтамасыз етуге жәрдем көрсетуге;
"Республикалық қоршаған ортаны қорғау қоры" мемлекеттік қорына заңдарда көзделген мөлшерлерде аударымдар жүргiзуге;
Қор қаражатының мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етуге;
қолданылып жүрген заңдарда көзделген басқа да мiндеттердi атқаруға мiндеттi.
V. Қордың басқару органдары
11. Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі Қордың басқару органы болып табылады.
12. Қордың жедел және ағымдағы мiндеттерiн шешу үшiн Қор Басқармасы құрылады.
VI. Қордың басқарушы органы
13. Басқарушы орган Қор қызметiнiң негiзгi бағыттарына қатысты шешiм қабылдайды.
14. Басқарушы органның құзыретiне:
осы Ереженiң негiзiнде Қор туралы ереженi бекіту;
Қордың iшкi нормативтiк құжаттарын бекіту;
Қор қызметiнiң жылдық жоспарын, жылдық есептерiн бекіту;
тәуелсiз аудиторларды шақыра отырып Қордың қызметiне тексерулiк тексерiстер ұйымдастыру туралы шешiмдер қабылдау;
Қордың Басқармасының құрамын айқындау;
Қор қызметiнiң басқа да мәселелерi кiредi.
VII. Басқарма
15. Басқарма атқарушы орган болып табылады және Қордың қызметiн күнделiктi басқаруды жүзеге асырады. Қордың басқармасы заңдар мен осы Ереженiң талаптарына сәйкес Қордың мүлкiн Басқарады, оның қаражатына билiк етедi. Басқарма 5 адамнан тұрады. Басқарманың мүшелерiн басқармашы орган тағайындайды.
16. Басқарманың қызметiне тiкелей басшылық жасауды Қордың директоры жүзеге асырады. Қордың директоры Басқармаға есептi, Басқарушы органның құзыретiне кiретiндердi қоспағанда Қор қызметiнiң барлық, оның iшiнде оған Басқарма жүктеген, мәселелердi шешедi.
17. Қор Басқармасының өкiлеттiктерi:
Қордың ағымдағы қызметiне басшылықты жүзеге асыру;
Қордың бухгалтерлiк балансы мен оның қызметiнiң жылдық есебiн басқарушы органның бекітуiне ұсыну;
қызметтiң жылдық жоспарының жобасын дайындау және оның атқарылуына бақылау жасау;
Қордың ақша қаражатын қоса алғанда, оның мүлкiне иелiк ету;
Қордың қызметкерлерiн қызметке қабылдау және қызметтен босату;
бюджеттік және өзге де шоттар ашу, штат кестесiн бекіту;
осы Ережеде белгiленген шектерде өзге де заңды және жеке тұлғалармен, сондай-ақ мемлекеттік органдармен қатынастарда Қорды бiлдiру;
Қордың атынан шарттар (келісім-шарттар) жасасу және олардың орындалуын қамтамасыз ету;
Қордың мiндеттемелерiнен туындайтын басқа да өкiлеттiктер болып табылады.
VIII. Қордың қаражатын қалыптастыру
18. Қордың қаражаты:
1) ластайтын заттарды тастағаны, өндiрiстiң қалдықтарын орналастырғаны және белгiленген лимиттердiң шектерiнде тұтынғаны үшiн;
белгiленген лимиттерден тыс қоршаған ортаны ластағаны үшiн;
қоршаған ортаға келтiрiлген зиянды өтеу туралы талап-арыздар бойынша алынған және қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды бұзғаны үшiн айыппұл;
тәркiленген аңшылық және балық аулау құралдарын, заңсыз өндiрiлген өнiмдi сатудан алынған төлемдердiң;
2) қоршаған ортаны қорғау саласындағы бағдарламалар мен жобаларды iске асыруға бағытталған халықаралық көмектiң;
3) заңдарға қайшы келмейтiн басқа да кiрiстер мен түсiмдердiң есебiнен қалыптастырылады.
IХ. Қордың қаражатын пайдалану
19. Қордың қаражаты басқарушы орган бекiтетiн Қордың бюджетiне сәйкес пайдаланылады.
20. Қордың қаражаты қаржыландырудың басқа да көздерiн алмастырмастан:
қоршаған ортаны қорғаудың сапасын жақсартуға және халықтың экологиялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған бағдарламалар мен жобаларды әзiрлеуге және iске асыруға үлестiк қатысуға;
ғылыми-техникалық зерттеулерге, ресурс үнемдеушi және экологиялық таза технологияларды енгізуге жәрдемдесуге;
қоршаған ортаның сапасын жақсартуға бағытталған нормативтiк-әдiстемелiк құжаттарды әзiрлеуге қатысуға;
заңды тұлғалар - табиғатты пайдаланушылар жүзеге асыратын табиғатты қорғау объектiлерiн салу мен қайта жаңартуды қаржыландыруға қатысуға;
мемлекеттік экологиялық сараптауды қаржыландыруға;
айрықша қорғалатын табиғи аймақтарды құруға және жайластыруға, қоршаған ортаның ластануының нәтижесiнде залал келтiрген табиғи ресурстарды қайта қалпына келтiру жөніндегі шараларды жүзеге асыруға;
белгiленген тәртiппен азаматтарға қоршаған ортаның ластануына және оған өзге де қолайсыз әсер етiлуiне орай олардың денсаулығына келтiрiлген залалды өтеуге арналған өтемақы сомаларын төлеуге;
экологиялық тәрбие мен білім берудi дамытуға;
қоршаған ортаны қорғау саласындағы атқарушы органдардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға;
Қор Басқармасының аппараты мен оның материалдық-техникалық базасын ұстауға;
табиғи зiлзалалардың зардаптарын болдырмауға және жоюға және олар қоршаған ортаға тигiзген залалды өтеуге;
қоршаған ортаны қорғауға бағытталған және қолданылып жүрген заңдарға қайшы келмейтiн басқа да мақсаттарға пайдаланылады.
21. Қордың қаражатын қоршаған ортаны қорғауға байланысты емес мақсаттарға жұмсауға тыйым салынады.
22. Қордың кiрiстерi Қордың мiндеттерiн қаржыландыруға бағытталады.
Х. Қордың есебi және есептiлiгi
23. Қордың бухгалтерлiк есебi мен есептiлiгi қолданылып жүрген заңдарда белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
24. Қордың Басқармасы үш айда бiр рет басқарушы органға Қордың қаражатының жұмсалуы туралы қаржылық есеп ұсынады.
25. Қордың Басқармасы есептi жылдың қорытындылары бойынша "Республикалық қоршаған ортаны қорғау қоры" мемлекеттік қорына қызметiнiң аяқталған жылғы нәтижелерi туралы баяндама жолдайды.