Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 20 ақпандағы № 811 Жарлығын iске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 25 ақпандағы № 248 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 25.09.02 ж. № 1051 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2010 жылғы 20 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Ел экономикасының мұнай-газ секторындағы мемлекеттiң мүдделерiн одан әрi қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» 2002 жылғы 20 ақпандағы № 811 Жарлығын (бұдан әрi - Жарлық) iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 25.09.02 ж. № 1051 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп, «Қазақойл» ұлттық мұнай-газ компаниясы» мен «Мұнай және газ тасымалдау» ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамдары (бұдан әрi - Жабық акционерлік қоғамдар) акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен өзге де мүлiктерiн беру жолымен «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» (бұдан әрi - «ҚазМұнайГаз» ҰК) жабық акционерлік қоғамының жарғылық капиталын қалыптастыруды;
2) «ҚазМұнайГаз» ҰК жарғысын бекiтудi және оны мемлекеттік тiркеудi;
3)
4) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігімен бiрлесiп, бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмдерiн Жарлыққа және осы қаулыға сәйкес келтiру жөнiнде ұсыныстар енгiзудi, сондай-ақ оларды iске асыру жөнiнде өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсiн.
2. «ҚазМұнайГаз» ҰК Аджип Каспиан Си Б.В., БГ Эксплорейшн Энд Продакшн Лимитед, БП Қазақстан Лимитед, Ден Норске Статс Ольесельскап а.с., Мобил Ойл Қазақстан Инк., Шелл Қазақстан Девелопмент Б.В., Тоталь Эксплорейшн Продакшн Қазақстан, «Қазақстанкаспийшельф» акционерлік қоғамы, Қазақстан Республикасы және «Қазақойл» ұлттық мұнай-газ компаниясы» жабық акционерлік қоғамы арасында жасалған ГКИ сериялы № 1016 лицензияға (мұнай) сәйкес мердiгерлiк учаскеде барлау мен өндiруге арналған 1997 жылғы 18 қарашадағы Солтүстiк Каспий бойынша өнiмдi бөлу туралы келісімде және Аджип Қарашығанақ Б.В., БГ Эксплорейшн Энд Продакшн Лимитед, Тексако Интернэшнл Петролеум Компани, «ЛУКОЙЛ» Мұнай Компаниясы» ашық акционерлік қоғамы, «Қазақойл» ұлттық мұнай-газ компаниясы» жабық акционерлік қоғамы және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң арасында жасалған 1997 жылғы 18 қарашадағы Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орнының мердiгерлiк учаскесiнде өнiмдi бөлу туралы түпкiлiктi келісімде мемлекеттiң мүдделерiн бiлдiру жөніндегі өкiлеттi орган болып белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) өнiмдi бөлу туралы жоғарыда аталған және басқа да келісімдерге және осы қаулыны iске асыруға бағытталған оларға iлеспе өзге де құжаттарға тиiстi өзгерістер енгiзудi қамтамасыз етсiн;
2) «ҚазМұнайГаз» ҰК-на өкiлеттi орган Функцияларын жүзеге асыру үшiн қажеттi, өнiмдi бөлу туралы жоғарыда аталған келісімдерге қатысты материалдарды беретiн болсын;
3) бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасының Үкіметіне:
«ҚазМұнайГаз» ҰК мұнай операцияларын жүзеге асыратын мердiгерлермен келісім-шарттарда келісім-шарттарға үлестiк қатысу арқылы мемлекеттік мүдделердi бiлдiруiнiң тәртібі туралы;
мемлекеттік органдар мен «ҚазМұнайГаз» ҰК арасында мұнай операцияларындағы өкiлеттiктердi дәл ажырату туралы қаулылардың жобаларын енгiзсiн.
4. «ҚазМұнайГаз» ҰК белгiленген тәртiппен:
1) Жабық акционерлік қоғамдардың мiндеттерiн, басқару функциялары мен құрылымын оңтайландыру мақсатында оларды қайта ұйымдастыру процесiн қамтамасыз ету;
2) ұйымдардың активтерiн, акцияларын және қайта ұйымдастырылатын Жабық акционерлік қоғамдардың меншiгіндегі және/немесе басқаруындағы жарғылық капиталдарындағы қатысу үлестерiн жұмылдыру жөнiнде шаралар қабылдасын.
5. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн.
6. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) «Қазақойл» ұлттық мұнай-газ компаниясы» жабық акционерлік қоғамының кейбір мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 13 қаңтардағы № 37 қаулысы;
2) «Қазақойл» ұлттық мұнай-газ компаниясы» жабық акционерлік қоғамының кейбір мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 9 тамыздағы № 1044 қаулысы.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары К.Қ.Мәсiмовке жүктелсiн.
8. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |
ҚР Үкіметінің 25.09.02 ж. № 1051 қаулысымен 1-қосымша алынып тасталды
Қазақстан Республикасы
Yкіметінің
2002 жылғы 25 ақпандағы
№ 248 қаулысына
1-қосымша
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» жабық акционерлік
қоғамы директорлар кеңесiнiң құрамы
Қарабалин Ұзақбай Сүлейменұлы - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрi;
Андрющенко Александр Иванович - Қазақстан Республикасының Экономика және сауда бiрiншi вице-министрi;
Нәлiбаев Әбдiхалық Зәкiрұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi Басшысының орынбасары;
Раханов Мақсұтбек Смағұлұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң төрағасы;
Қиынов Ләззат Кетебайүлы - «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамының президентi.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2002 жылғы 25 ақпандағы
№ 248 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне
енгiзiлетiн өзгерістер
1. «Акционерлік қоғамдар мен республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың (ұлттық компаниялардың) кейбір мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 22 тамыздағы № 1098 қаулысына:
1-тармақтағы «Қазақойл» ұлттық мұнай-газ компаниясы, «Мұнай мен Газ тасымалы» ұлттық компаниясы» деген сөздер алынып тасталсын.
2. «Кейбiр акционерлік қоғамдар мен республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың (ұлттық компаниялардың) қызметiн тиiмдi басқару мен бақылауды ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 28 ақпандағы № 290 қаулысына:
көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» ЖАҚ»;
2 және 3-тармақтар алынып тасталсын.
3. «Акциялардың мемлекеттік пакеттерiне мемлекеттік меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
Акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiне:
«Алматы қаласы» деген бөлiмде:
реттiк нөмiрi 95-жол алынып тасталсын;
реттiк нөмiрi 100-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«100. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» ЖАҚ».
«Атырау облысы» деген бөлiмде реттiк нөмiрi 145-2-жол алынып тасталсын.
4. «Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына:
көрсетiлген қаулыға қосымшада:
«Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне» деген бөлiмде:
реттiк нөмiрi 16-жол алынып тасталсын;
реттiк нөмiрi 17-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«17. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» ЖАҚ».
реттiк нөмiрi 45-жол алынып тасталсын.
5. «Жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттік меншiк объектiлерiнiң тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 24 қазандағы № 1587 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 43, 513-құжат):
көрсетiлген қаулыға 2-қосымшада:
реттiк нөмiрi 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» ЖАҚ (Астана қаласы) 100%";
реттiк нөмiрi 2-жол алынып тасталсын.