2002 жылғы көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзудi
ұйымдастыруға жергiлiктi бюджеттердi несиелендiрудiң кейбір
мәселелерi туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 ж. 20 ақпандағы № 229 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 09.08.02 ж. № 892 қаулысымен
енгізілген өзгерістерімен)
"2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын орындау үшiн Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған 2002 жылғы көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзудi ұйымдастыруға жергiлiктi бюджеттердi несиелендiру ережесi бекітілсiн.
ҚР Үкіметінің 09.08.02 ж. № 892 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді
2. Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Павлодар, Солтүстiк Қазақстан, Оңтүстiк Қазақстан облыстарының әкiмдерi (бұдан әрi - облыс әкiмдерi):
1) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне 2002 жылға арналған облыстық бюджеттерде осы қаулының 6-тармағына сәйкес алынған несиелер бойынша түсiм, өтем және сыйақы көзделген тиiстi мәслихаттардың шешiмдерiн, сондай-ақ жанар-жағар май материалдарын, тұқымдар, тыңайтқыштар, гербицидтер, тұқымды улағыштар, ауыл шаруашылығы машиналары үшiн босалқы бөлшектер алуға және ауыл шаруашылығы техникасын жалдауға немесе сатып алуға арнап ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердi несиелендiру жөніндегі бюджеттік бағдарламаларды тапсырсын;
2) жанар-жағар май материалдарын, тұқымдар, тыңайтқыштар, гербицидтер, тұқымды улағыштар, ауыл шаруашылығы машиналары үшiн босалқы бөлшектер алуға және ауыл шаруашылығы техникасын жалдауға немесе сатып алуға арнап ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердi несиелендiру амалын көздейтiн iшкi ереженi әзiрлесiн және бекiтсiн.
3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі 2002 жылғы 1 наурызға дейiн 2002 жылға арналған республикалық бюджетте 46 "Көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзудi ұйымдастыруға жергiлiктi бюджеттердi несиелендiру бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеу" бағдарламасы бойынша бекітілген сома шегiнде көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзудi ұйымдастыруға жергiлiктi бюджеттердi несиелендiру бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеу сомаларын облыстар қимасында анықтасын және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен облыстардың әкiмдерiне жеткiзсiн.
4. Облыстардың әкiмдерi 2002 жылға облыстық бюджетте осы қаулының 3-тармағына сәйкес Ауыл шаруашылығы министрлігі жеткiзген сомалар шегiнде көктемгі егіс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзудi ұйымдастыруға жергiлiктi бюджеттердi несиелендiру бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеу сомасының республикалық бюджеттен түсуiн көздесiн.
5. Көрсетiлген облыстардың әкiмдерiне осы қаулының 6-тармағына сәйкес көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшiн ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердi несиелендiруге арнап республикалық бюджеттен бөлiнетiн қаражатты қарызға алуына рұқсат етiлсiн.
6. Осы қаулының 2-тармағын орындаған жағдайда Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі көрсетiлген облыстардың әкiмдерiне көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзудi ұйымдастыруға арнап бұл мақсатқа 2002 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне көзделген қаражаттан осы қаулымен бекітілген ережеде белгiленген шарттарда 4 000 000 000 (төрт миллиард) теңге сомасында несие, оның iшiнде әкiмдерге:
Ақмола облысының - 837 000 000 теңге;
Ақтөбе облысының - 152 000 000 теңге;
Алматы облысының - 230 000 000 теңге;
Шығыс Қазақстан облысының - 200 000 000 теңге;
Жамбыл облысының - 110 000 000 теңге;
Батыс Қазақстан облысының - 160 000 000 теңге;
Қарағанды облысының - 186 000 000 теңге;
Қостанай облысының - 900 000 000 теңге;
Қызылорда облысының - 45 000 000 теңге;
Павлодар облысының - 200 000 000 теңге;
Солтүстік Қазақстан облысының - 900 000 000 теңге;
Оңтүстік Қазақстан облысының - 80 000 000 теңге бөлсін.
7. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
8. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары К.Қ.Мәсімовке жүктелсін.
9. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2002 жылғы 20 ақпандағы
№ 229 қаулысымен
бекітілген
Көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзудi
ұйымдастыруға жергiлiктi бюджеттердi несиелендiру ережесi
1. Осы ереже "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Заңымен көзделген 212 "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі" әкiмшiсiнiң 84 "Көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзудi ұйымдастыруға жергiлiктi бюджеттердi несиелендiру" бюджеттік бағдарламасы бойынша 4 000 000 000 (төрт миллиард) теңге сомадағы несиенi (бұдан әрi - Несие) беру тәртібі мен шарттарын анықтайды.
ҚР Үкіметінің 09.08.02 ж. № 892 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді
2. 4 000 000 000 (төрт миллиард) теңге сомадағы несие жанар-жағар май материалдарын, тұқымдар, тыңайтқыштар, гербицидтер, тұқымды улағыштар, ауыл шаруашылығы машиналары үшiн босалқы бөлшектер алуға, ауыл шаруашылығы техникасын жалдауға немесе сатып алуға арнап ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердi сыйақының нөлдiк ставкасы бойынша одан әрi несиелендiру үшiн облыстардың бюджеттерiне қайтарым, төлем, мерзiмдi және қамтамасыз ету шартымен сыйақы 4,9 пайыз жылдық ставка бойынша 2002 жылғы 1 желтоқсанға дейiнгi мерзiмге бөлiнедi.
3. Тиiстi облыстардың әкiмдерi бөлiнген Несиенiң мақсатты пайдаланылуы мен оның республикалық бюджетке уақтылы қайтарылуын қамтамасыз етедi.
4. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі әкiмдермен тиiстi несиелiк келісімдер (бұдан әрi - Несиелiк келісімдер) жасасады.
5. 84 "Көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзудi ұйымдастыруға жергiлiктi бюджеттердi несиелендiру" бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебiнен облыстық бюджеттерге несие бөлудi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі жоспарланған мақсаттарды көрсетiлген бағдарламадан бюджет кiрiсiнiң жiктелуi "Республикалық бюджеттен несиелер" 601601 кодына тиiстi облыстардың облыстық бюджетiне көрсетiлген қаражатты есепке алып, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі әкiмшiсi болып белгiленетiн жергiлiктi бюджеттердi несиелендiру тиiстi бағдарламаларына аудару жолымен жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 09.08.02 ж. № 892 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді
6. Несиелiк келісімдер бойынша мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз етудiң тәсiлi ретiнде облыстар әкiмдерi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне 2002 жылдың iшiнде қысқартылмайтын тиiстi жергiлiктi бағдарламаларды айқындай отырып, 2002 жылға арналған облыстық бюджеттерде Несие бойынша түсiм, өтем және сыйақы төлеу көзделген тиiстi мәслихаттардың шешiмдерiн, сондай-ақ жанар-жағар май материалдарын, тұқымдар, тыңайтқыштар, гербицидтер, тұқымды улағыштар, ауыл шаруашылығы машиналары үшiн босалқы бөлшектер алуға, ауыл шаруашылығы техникасын жалдауға немесе сатып алуға арнап ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердi несиелендiру жөніндегі бюджеттік бағдарламаларды тапсырады.
7. Несие белгiленген мерзiмде қайтарылмаған жағдайда Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі айқындаған тәртiппен өтелмеген қарыз сомасын шығарып алуды жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі тиiстi облыстық бюджеттiң ағымдағы есеп-шоттары бойынша барлық шығыс операциясын тоқтатып тастайды.
8. Несиенiң мақсатты пайдаланылуын бақылауды Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі жүзеге асырады.
9. Несиенiң республикалық бюджетке уақтылы қайтарылуын бақылауды Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі жүзеге асырады.
10. Әкiмдердiң Несиенi мақсатсыз пайдаланғаны анықталған жағдайда оларға заңнамамен белгiленген тәртiппен жаза қолданылады.
11. Несиенi республикалық бюджетке қайтаруды әкiмдер белгiленген мерзiмде жүргiзедi.