Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң 2002 жылғы 20 ақпандағы № 229
қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 ж. 9 тамыздағы № 892 қаулысы
Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:
1. "2002 жылғы көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзудi ұйымдастыруға жергiлiктi бюджеттердi несиелендiрудiң кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 20 ақпандағы № 229 қаулысына мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
2-тармақтың 1) және 2) тармақшалары "гербицидтер," деген сөзден кейiн "тұқымды улағыштар," деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекітілген Көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзудi ұйымдастыруға жергiлiктi бюджеттердi несиелендiру ережесiне:
2 және 6-тармақтарда "гербицидтер," деген сөзден кейiн "тұқымды улағыштар," деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |