7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Аналар мен
балалардың қайтыс болуының, науқастануы мен мүгедектігінің көрсеткіштерін
төмендету.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2002 жылғы 31 қаңтардағы
№ 143 қаулысына
24 қосымша
ҚР Үкіметінің 19.08.02 ж. № 143б қаулысымен 24 қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
------------------------------------------------------
(бюджеттік бағдарламаның әкiмгері)
054 "Лабораториялық жабдықтар мен шығын материалдарын
орталықтандырылған сатып алу" республикалық бюджеттік бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
2002 жылға
(бюджеттік бағдарламаның атауы)
1. Құны: 244784 мың теңге (екi жүз қырық миллион жетi жүз сексен төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: 1998 жылғы 16 қарашадағы № 4153 "Халық денсаулығы Мемлекеттік бағдарламасы туралы" ҚР Президентінің Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қоры.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Аудандық, қалалық ауруханалар мен туберкулез диспансерлерiн жоғарғы тиiмдi диагностика жасау, аурудың алдын-алу, емдеу және медициналық көмек көрсету үшiн қазiргi кездегi жабдықтар және шығын материалдарымен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндетi: Аудандық, қалалық ауруханалар мен туберкулез диспансерлерiн қазiргi кездегi жабдықтар және шығын материалдарымен қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралардың жоспары:
N | Бағ- дар- лама коды | Ша- ғын бағ- дар- лама коды | Бағдарламаның (шағын бағ- дарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Iске асыру мерзiм- дері | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
054 Лабораториялық Келесi лабораториялық 2002 жыл Қазақстан жабдықтар мен жабдықтарды уақытында Республикасы шығын орталықтандырылған Денсаулық материалдарын сатып алу: Наркоздық- сақтау орталықтанды- дем алу аппараты - 24 министрлігі рылған сатып бірлiк, хирургиялық алу сорғыш - 56 бірлiк, электрокардиограф - 14 бірлiк, реанимациялық монитор - 24 бірлiк, кардиоскопты дефибриллятор - 14 бірлiк, КСЩ анализаторы - 3 бірлiк, гемотологиялық анализатор - 1 бірлiк, қан фракционаторы - 2 бірлiк, рефрижераторлы медициналық центрифуга - 3 бірлiк, жоғарғы жиiлiктi дем алу аппараты - 7 бірлiк, Амбу қабы - 18 бірлiк, реанимациялық төсектер - 19 бірлiк, ультрадыбысты ингалятор - 4 бірлiк, рентген аппараты - 3 бірлiк, фиброгастроскоп - 1, 2 арналы фиброгастроп - 1 бірлiк, операциялық жиынтық - 2 бірлiк, УЗИ - 1 бірлiк, стационарлық пленкалы флюорограф - 2 бірлік, портативті УЗИ - 3 бірлік, реограф - 1 бірлік, дербес компьютері бар үстел спирографы - 2 бірлік, медициналық шкаф - 11 бірлік наркоз аппараты - 2 бірлiк, сондай-ақ шығыс материалдарының 15 атауы- |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындауда күтiлетiн нәтижелер: Аудандық,
қалалық ауруханалар мен туберкулез диспансерлерiн 75%-ке дейiн
қамтамасыздығын арттыратын қазiргi кездегi лабораториялық жабдықтармен
және шығын материалдарымен жабдықтау жолдарымен диагностиканың деңгейiн
арттыру, туберкулез ауруын емдеу және осы негiзде ауруды, мүгедектiктi
және өлiмді төмендету.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2002 жылғы 31 қаңтардағы
№ 143 қаулысына
25 қосымша
ҚР Үкіметінің 19.08.02 ж. № 143б қаулысымен 25 қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
------------------------------------------------------
(бюджеттік бағдарламаның әкiмгері)
2002 жылға арналған 055 "ЖҚТБ індетiне қарсы iс-қимыл"
республикалық бюджеттік бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 29654 мың теңге (жиырма тоғыз миллион алты жүз елу төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 5 қазандағы "ЖҚТБ ауруларының алдын алу туралы" № 176-XIII Заңы; 1997 жылғы 19 мамырдағы "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" Заңының 17, 19-бабтары; Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2000 жылғы 5 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы ЖҚТБ iндетiне қарсы iс-қимыл жөніндегі мемлекеттік саясаттың тұжырымдамасы туралы" № 1808 қаулысы; 2001 жылғы 14 қыркүйектегi "Қазақстан Республикасында ЖҚТБ iндетiне қарсы iс-қимыл жөніндегi 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы" № 1207 қаулысы; 2000 жылғы 27 қаңтардағы "Халыққа тегiн медициналық көмек көрсетудiң кепiлдiк берiлген көлемiн бекіту туралы" № 135 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: адамның қорғаныш тапшылығы қоздырғышынан (АҚТҚ) туындаған жұқпалардың алдын алу, таралу қарқынын төмендету, адамның жұқтырылған қоздырғыш тапшылығының белгiсiнен (ЖҚТБ) науқастануды тұрақтандыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: АҚТҚ жұқпасы жағдайының диагностикасы; АҚТҚ-ын жұқтырғандарды емдеу; АҚТҚ-ын жұқтырудың алдын алу; халықтың арасында бұқаралық ағарту және білім беру жұмыстарын жүргiзу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралардың жоспары:
N | Бағ- дар- лама коды | Ша- ғын бағ- дар- лама коды | Бағдарламаның (шағын бағ- дарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Iске асыру мерзiм- дері | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
055 ЖҚТБ iндетiне қарсы iс- қимыл 030 ЖҚТБ iндетiнің Осы мекемеге жүктелген 2002 жыл Қазақстан алдын алу функцияларды орындау Республикасы және оған үшiн бекітілген штат Денсаулық қарсы күрес санының 49 бірлiгi бар сақтау мини- жөніндегі ЖҚТБ iндетiнің алдын стрлігінің республикалық алу және оған қарсы ЖҚТБ індеті- орталық күрес жөніндегі нің алдын алу республикалық орталықты және оған ұстау- қарсы күрес жөніндегі республикалық орталық 031 АҚТҚ-ын ЖҚТБ-ның алдын алу 2002 жыл Қазақстан жұқтырудың жөніндегі санитарлық- Республикасы- алдын алу ағарту әдебиет басылымы- ның Денсаулық жөніндегі ның шығыстары- Жылына сақтау іс-шаралар басылып шығарылатын министрлігі әдебиеттердiң орташа есеппен алғандағы мөлшерi: 58637 - буклеттер, 50000 - жадынамалар, 11500 - плакаттар- |
7- Бюджеттік бағдарламадан күтiлетiн нәтижелер: мінез-құлықтары
қауiптi тобының 20%-iн алдын алу бағдарламаларымен қамту; халықтың
АҚТҚ/ЖҚТБ туралы хабардар болуының деңгейiн көтеру және АҚТҚ-жұқпасы
таралуының қарқынын төмендету.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2002 жылғы 31 қаңтардағы
№ 143 қаулысына
26 қосымша
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
------------------------------------------------------
(бюджеттік бағдарламаның әкiмгері)
065 "Халыққа республика деңгейiнде мамандандырылған
медициналық көмек" республикалық бюджеттік бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
2002 жылға
1. Құны: 1092625 мың теңге (бір миллиард тоқсан екi миллион алты жүз жиырма бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасы Президентiнің 1997 жылғы 19 мамырындағы № 111-1-ші "Азаматтардың денсаулығын қорғау туралы" Заңы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 27 қаңтардағы "Тегiн медициналық көмектің кепiлдемелiк көлемiн бекіту туралы" қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаның қаражат көзi: республикалық бюджет.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Өкiлеттiк органдардың бекітуiмен белгiленген үлеске сәйкес жоғарғы біліктi және мамандандырылған стационарлық, кеңестiк, емдiк-диагностикалық, оңалту және алдын-алу көмектерiн көрсету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндетi: Күрделi патологиялық науқастарға кеңестер өткізу, госпитальға жатқызу және жоғарғы біліктi және мамандандырылған медициналық көмек.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралардың жоспары:
N | Бағ- дар- лама коды | Ша- ғын бағ- дар- лама коды | Бағдарламаның (шағын бағ- дарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Iске асыру мерзiм- дері | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
065 Республика Халыққа біліктi және 2002 жыл деңгейiнде мамандандырылған халыққа медициналық көмек маманданды- көрсету қызметiне ақы рылған төлеу- Орташа жылдық медициналық науқастардың саны 26796 Қазақстан көмек және кеңес алуға Республикасы келгендер саны 117000- Денсаулық 031 Республика сақтау деңгейiнде министрлігі халыққа маманданды- рылған медициналық көмек көрсету. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындауда күтілетін нәтижелер: Халық
денсаулығының көрсеткішін жақсарту, сапалы, уақытылы және тиімді жоғарғы
білікті және мамандандырылған медициналық көмек көрсету жолымен аурудың
хроникасын азайту.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2002 жылғы 31 қаңтардағы
№ 143 қаулысына
27 қосымша
ҚР Үкіметінің 21.12.02 ж. № 143ж қаулысымен 27-қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
------------------------------------------------------
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшісі
2002 жылға арналған 001 "Әкiмшiлiк шығыны"
республикалық бюджеттік бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 291632 мың теңге (екi жүз тоқсан бір миллион алты жүз отыз екi мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызметi туралы" Заңы, Қазақстан Республикасының Президентiнің 2001 жылғы 25 наурыздағы № 100-шi "Мемлекеттік бюджет есебіндегі Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлерiне бірыңғай жүйеде еңбек ақы төлеу туралы" Жарлығы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 39 "Штат саны лимиттерiн бекіту туралы" қаулысы, Қазақстан Республикасының Президентінің 2001 жылғы 17 қазанындағы "Азаматтардың денсаулығын қорғау саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды жетiлдiру туралы" Жарлығы, Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2001 жылғы 16-шi қарашадағы "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәселелерi" қаулысы; "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 39 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 13 шiлдедегі № 775 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қоры.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігiнің орталық аппаратының және жүктелген мiндеттердi барынша тиiмдi орындалуына жету үшiн оның аумақтық бөлiмшелерiнiң қызметтерiн қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Денсаулық сақтау министрлігінің аппаратын және оның аумақтық бөлiмшелерiн ұстау.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралардың жоспары:
N | Бағ- дар- лама коды | Ша- ғын бағ- дар- лама коды | Бағдарламаның (шағын бағ- дарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Iске асыру мерзiм- дері | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
001 Әкiмшiлiк шығыны 001 Орталық Бекiтiлген лимиттің 2002 Қазақстан органдардың шегіндегі Штаттық саны жыл Республикасы аппараты 158 бірлiк болатын Денсаулық орталық аппаратты ұстау- сақтау министрлігі 002 Аумақтық Бекiтiлген лимиттің органдардың шегіндегі Штаттық саны аппаратты 513 бірлiк болатын ұстау- аумақтық бөлiмшелердi ұстау. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындауда күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан
Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне жүктелген мiндеттердi сапалы
және уақытында орындау.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2002 жылғы 31 қаңтардағы
№ 143 қаулысына
28 қосымша
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
------------------------------------------------------
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшісі
2002 жылға арналған 030 "Медицина және денсаулық сақтау саласында
қолданбалы ғылыми зерттеулер" республикалық бюджеттік бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 251658 мың теңге (Екi жүз елу бір миллион алты жүз елу сегiз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы № 273-ІІ "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Заңы; Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шiлдедегi № 226-II "Білім туралы" Заңының 26-бабы; Қазақстан Республикасы Президентiнің 1998 жылғы 18 мамырдағы № 3956 "Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау жөніндегі бірiншi кезектi шаралар туралы" Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қарашадағы № 41-53 "Халық денсаулығы" Мемлекеттік бағдарламасы туралы" Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 25 мамырдағы № 790 "Қазақстан Республикасында 2000-2005 жылдарда денсаулық сақтауды одан әрi дамыту Тұжырымдамасы туралы" қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 27 желтоқсандағы № 1715 "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көзi: республикалық бюджет қаражаттары.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: практикалық мақсаттарға қол жеткізу үшiн жаңаша білім алу әрi қолдану және денсаулық сақтау саласындағы нақты мiндеттердi шешу, сондай-ақ басымдық бағыттар бойынша медициналық ғылымды дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: қолданбалы ғылыми бағдарламаларды мына басымдық бағыттар бойынша орындау: туберкулездiң, басқа да жұқпалы аурулардың алдын алу және олармен күрес, ана мен баланың денсаулығын сақтау, жүрек-қан тамырлары аурулары, жыныстық қатынас аурулары, салауатты өмiр салты, қоршаған орта мен халық денсаулығы, қоғамдық денсаулық пен денсаулық сақтауды дамытудағы жаңа ұйымдастырушылық-құқықтық және экономикалық қадамдар жүйесiнiң ғылыми негiздемелерi және оны енгізу, травматологиялық патология ауруларын функционалдық емдеу жүйесiн жетiлдiру, онкологиялық патологияны алдын ала диагностикалау мен емдеудi жетiлдiру, халыққа офтальмологиялық көмектi жетiлдiру, жаңа медициналық-ұйымдастырушылық, диагностикалық және емдеу технологияларын әзiрлеу және жетiлдiру, есiрткiге тәуелдiлiк саласында алдын алудың, емдеудің және сауықтырудың тиiмдiлiгiн арттыруға ғылыми қадамдар жасау.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралардың жоспары:
N | Бағ- дар- лама коды | Ша- ғын бағ- дар- лама коды | Бағдарламаның (шағын бағ- дарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Iске асыру мерзiм- дері | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
030 Денсаулық Басым бағыттар бойынша 2002 жыл Қазақстан сақтау жиырма екi қолданбалы Республика- саласындағы ғылыми зерттеулердi сының қолданбалы орындау: Денсаулық ғылыми Ең көп таралған сақтау зерттеулер ауруларды алдын ала министрлігі диагностикалау, емдеу және сауықтыруда жаңа алдыңғы қатарлы технологиялар әзiрлеу және енгізу, салауатты өмiр салты саясатын iске асырудың оңтайлы әрi тиiмдi әдiстерiн iздестiру, есiрткiге тәуелдiлiк саласында алдын алудың, емдеу мен сауықтырудың тиiмдiлiгiн арттыру, медициналық практиканы ғылыми негiздеу, жаңа технологиялар енгізу және медициналық практиканы халықаралық стандартқа сәйкестендiру- Халықтың салауатты өмiр салтын қалыптастыру жөнiнде 4 ғылыми конференция өткізу- |
7- Бюджеттік бағдарламаның орындалуынан күтетiн нәтижелер: ауруды
диагностикалау мен емдеудi медициналық-экономикалық стандарттаудың жүйесiн
жасау, ауруды дифференциалдық диагностикалау мен емдеудiң сапасын
жақсарту, науқастарды медициналық және әлеуметтiк сауықтыруға бағытталған
шараларды жүзеге асыру, жаңа технологияны пайдалана отырып, емдеудiң
тиiмдiлiгi жоғары әдiстерiн әзiрлеу және клиникалық практикаға енгізу,
ауруды дер кезiнде анықтайтын жаңа диагностикалық технологияларды
жетілдiру және әзiрлеу, республика халқы арасында салауатты өмiр салтын
қалыптастыру және алғашқы медициналық көмек көрсету мекемелерiнiң
профилактикалық бағыттағы жұмыстарын жақсарту.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2002 жылғы 31 қаңтардағы
№ 143 қаулысына
29 қосымша
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
------------------------------------------------------
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшісі
2002 жылға арналған 032 "Көрсетiлетiн медициналық қызметтің
сапасын талдау және бағалау" республикалық бюджеттік бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 127824 мың теңге (жүз жиырма жетi миллион сегiз жүз жиырма төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 16 қыркүйектегi "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігiнiң "Денсаулық" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын құру туралы" № 1364 қаулысы, және 2000 жылғы 24 ақпандағы "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" № 286 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: емдеу-алдын алу ұйымдарында медициналық көмектің сапасын талдау мен бағалауды ұйымдастыру, денсаулық сақтау басқармасының аумақтық органдарына, олар медициналық көмек көрсетудi ұйымдастыру мен сапасын арттыруды жетiлдiру жөніндегі басқарушылық шешiмдердi қабылдау үшiн, ұсыныстар енгізу.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: халыққа көрсетiлген медициналық көмек пен халық денсаулығы индексiнiң сапасын, сондай-ақ кез-келген меншiк нысанындағы медициналық көмек көрсететiн емдеу-алдын алу ұйымдары қызметiнiң деңгейi мен тиiмдiлiгiн жақсарту.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралардың жоспары:
N | Бағ- дар- лама коды | Ша- ғын бағ- дар- лама коды | Бағдарламаның (шағын бағ- дарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Iске асыру мерзiм- дері | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
032 Берiлетiн Уәкiлеттi орган бекiткен 2002 жыл Қазақстан медициналық мынадай медициналық Республика- қызмет көмек сапасының сының көрсетудің индикаторлары негiзiнде Денсаулық сапасын науқастану тарихы мен сақтау талдау мен амбулаториялық министрлігі бағалау карталарды тексеру және талдау: емдеу сапасының деңгейi (ЕСД), бір жасқа толмаған нәрестелердiң өмiрiн қадағалау сапасының деңгейi (НҚСД), жүктi әйелдердi қадағалау сапасының деңгейi (ЖҚСД), медициналық көмек көрсету сапасының деңгейi (МКСД)- Медициналық көмектiң кепiлдік берілген көлемi шеңберiнде көрсетiлетiн медициналық көмек көрсетудің сапасын талдау мен бағалауды жүргiзу бойынша ақы төлеу- Сараптаманың 567 мың шартты бірлiктегi болжамды мөлшерi |