Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 31 қаңтардағы № 143
қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 21 желтоқсандағы № 143ж қаулысы
Бюджет қаражатын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң республикалық бюджеттік бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 31 қаңтардағы № 143 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсiн:
көрсетiлген қаулыға 27-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "1. Құны: 291632 мың теңге (екi жүз тоқсан бiр миллион алты жүз отыз екi мың теңге).";
2-тармақ "; "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 27 желтоқсандағы № 1715 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 39 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 13 шiлдедегі № 775 қаулысы" деген сөздермен толықтырылсын;
"Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралардың жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң "Бағдарламаны iске асыру жөнiндегі iс-шаралар" деген 5-бағанындағы "159" деген сан "158" деген санмен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |